О создании Межведомственной авиационной патрульной инспекции Восточно-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысының Ведомствоаралық авиациялық-патруль инспекциясын құру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2006 ж. 28 наурыздағы N 23 шешімімен.
Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік өртке қарсы қызметінің авиациялық техникасын тиімді пайдалану мақсатында және өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына бақылау жасауда мүдделі ведомстволардың жұмысын үйлестіру, орман шаруашылық жұмыстарын жүргізу, кәсіпқой және әуесқой балық аулау және аң аулау, санитарлық және су заңдылықтарын орындау, Қазақстан Республикасы мен Шығыс Қазақстан облысының өкілетті және орындаушы органдарының экология, қоршаған ортаны қорғау, биоресурстар және жер қойнауын қолдану мәселелері жөніндегі актілердің орындалуы үшін ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. "Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы басқармасының өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі жедел отряды" мемлекеттік мекемесінің құрамында Шығыс Қазақстан облысының Ведомствоаралық авиациялық-патруль инспекциясы құрылсын. <*>
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді ШҚО әкімінің 2004.03.09 N 69 шешімімен.
Тармақ 2
2. "Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы басқармасының өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі жедел отряды" мемлекеттік мекемесінің құрамындағы Шығыс Қазақстан облысының Ведомствоаралық авиациялық-патруль инспекциясының ережесі бекітілсін (көрсетілген). <*>
📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді ШҚО әкімінің 2004.03.09 N 69 шешімімен.
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы басқармасының бастығы (В.Р.Колесников), Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік өртке қарсы қызметі (Дырин С.Ю.), Шығыс Қазақстан облысының аймақтық орман және биоресурстар жөніндегі басқармасы (Сопов Г.Н.), Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (Якупов В.С.), Шығыс Қазақстан облысының аймақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (Адамов Р.Ж.), Мемлекеттік жер қойнауын қорғау және пайдалану басқармасымен (Келеманов С.И.) бірлесе бекітілген ережеге сәйкес Ведомствоаралық авиациялық-патруль инспекциясының жұмысын ұйымдастырсын. <*>
📌 Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді ШҚО әкімінің 2004.03.09 N 69 шешімімен.
Тармақ 4
4. <*>
📌 Ескерту. 4-тармақ алып тасталды - ШҚО әкімінің 2004.03.09 N 69 шешімімен.
Тармақ 5
5. Шешімнің орындалуына бақылау жасау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Д.М.Селихановқа жүктелсін. <*>
📌 Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді ШҚО әкімінің 2004.03.09 N 69 шешімімен.
Тармақ 6
6. Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығының басқармасы (В.Р.Колесников), Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік өртке қарсы қызметі (С.Ю.Дырин), Шығыс Қазақстан облыстық коммуналдық меншік басқармасы (Ж.К.Егізбаев) осы шешімді іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын. <*>
📌 Ескерту. 6-тармақпен толықтырылды - ШҚО әкімінің 2004.03.09 N 69 шешімімен.
Тармақ 7
7. Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы (А.А.Курмангалиев) бюджеттік комиссияның қарауына тиісті бюджеттік бағдарламаларды анықтау бойынша ұсыныстар енгізсін.<*>
📌 Ескерту. 7-тармақпен толықтырылды - ШҚО әкімінің 2004.03.09 N 69 шешімімен.
Басқа 8. Шығыс Қазақстан облысының
Ведомствоаралық авиациялық-патруль инспекциясы туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің
2000 жылғы 4 желтоқсандағы N 955
шешіміне қосымша
Шығыс Қазақстан облысының
Ведомствоаралық авиациялық-патруль инспекциясы туралы
ереже
Тармақ i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. "Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы басқармасының өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі жедел отряды" мемлекеттік мекемесінің құрамындағы Шығыс Қазақстан облысының Ведомствоаралық авиациялық-патруль инспекциясы (бұдан былай ВАПИ) - Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығының басқармасы, Шығыс Қазақстан облысының аймақтық орман және биоресурстар жөніндегі басқармасы, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, аймақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы, аймақтық жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі комитет, Мемлекеттік өрт қауіпсіздігін қадағалау жақтарынан бұзушылықтар жөнінде алғашқы құжаттарды жасау құзырында бар облыстық орган. ВАПИ өрт қауіпсіздігін қадағалауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының санитарлық және су заңдылықтарының сақталуына, орман шаруашылығын жүргізудің қолданылып жүрген ережелерінің орындалуына бақылау жасау, облыстың балық және аң аулау ресурстарының, биоресурстары мен жер қойнауының пайдаланылуына бақылау жасау қамтамасыз ету міндеттері жүктеледі. <*>
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді ШҚО әкімінің 2004.03.09 N 69 шешімімен.
Тармақ 2
2. ВАПИ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын K951000_, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Їкіметінің қаулыларын, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының қаулыларын, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің шешімдерін, басқа да ережелерге сай құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Тармақ ii. II. ВАПИ басты міндеттері
II. ВАПИ басты міндеттері
Тармақ 3
3. ВАПИ басты міндеттері:
қолданылып жүрген өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларының сақталуына;
орман шаруашылығы жұмыстарын жүргізу ережелерінің сақталуына;
кәсіпқой және әуесқой балық және аң аулау ережелерінің сақталуына;
заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының санитарлық және су заңдылықтарын сақтауына;
Қазақстан Республикасы мен Шығыс Қазақстан облысының өкілетті және орындаушы органдарының экология және қоршаған ортаны қорғау, биоресурстар және жер қойнауын қолдану мәселелері бойынша актілерінің орындалуына бақылау жасау.
Тармақ iii. III. ВАПИ қызметтері
III. ВАПИ қызметтері
Тармақ 4
4. ВАПИ жүктелген міндеттерге, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдылықтарына, Шығыс Қазақстан облысының өкілетті және орындаушы органдарының актілеріне сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы аумағында авиациялық патруль арқылы:
Тармақша 1
1) Табиғат ресурстарын қорғау және пайдалану аумағында, сонымен қатар:
cтационарлық және жылжымалы ластану көздерінен нормадан артық және рұқсат етілмеген тастамаларды айқындауға;
апаттық жағдай туғызатын тұрмыстық қалдықтар мен өндіріс қалдықтарын анықтауға;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда табиғатты қорғаудың айқындалған тәртіптерінің сақталуына;
заңды, жеке тұлғалардың суды қорғау заңдылықтарын сақтауы, олардың суды қорғау шараларын уақтылы орындауына;
су шаруашылығы жүйесін, су қоймаларын, ірі су тораптарын пайдалану ережелерінің сақталуына;
ауыр әсер ететін заттарды, өсімдіктерді қорғаудың химиялық, биологиялық құралдарын, өсімдіктер мен жануарлар санының көбеюіне әсер ететін қоздырғыштарды пайдалануда және сақтауда қолданып жүрген нормалар мен ережелердің сақталуына;
карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың әкелінуін және таралуын алдын алу үшін айқындалған санитарлық бақылауды ұйымдастыру сапасына;
орманның санкциясыз кесілуін айқындауға;
орман шаруашылығы жұмыстарын дайындау және жүргізуде айқындалған ережелердің сақталуына;
балық және аң аулаудың кәсіпқой, әуесқой түрлеріне айқындалған ережелердің сақталуына;
балықтардың уықтану қоймаларын және су құстарының құнды тұқымдарының ұялайтын жерлерін қорғауды ұйымдастыруға;
биоресурстарды, жер қойнауларын пайдалануда айқындалған ережелердің сақталуына бақылау жасайды.
Тармақша 2
2) Өртке қарсы қорғау аумағында, сонымен қатар:
теміржол, автомобиль жолдары, электр желілері бойында, жас қылқан жапырақты ағаштар, құнды орман алқаптары, сондай-ақ, орманды жерлерде орналасқан тұрғын үй, демалыс, сауықтыру және өндіріс объектілерінің айналасында нормативке сай минералдандырылған қорғаныс жолақтарының орнатылуына;
ормандарда нормативпен айқындалған өртке қарсы су қоймалары, кедергілері мен жолдардың орнатылуына;
ормандарда жұмыс жүргізетін кәсіпорындар мен ұйымдардың өрт қауіпсіздігі ережелеріндегі талаптарды орындауларына;
тұрғындардың орман алқаптарына рұқсатсыз баруларын алдын алу үшін қалқандардың орнатылуына;
азаматтардың ормандарда және тұрғындардың көпшілік демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі ережелеріндегі талаптардың сақтауларына бақылау жасайды. <*>
📌 Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді ШҚО әкімінің 2004.03.09 N 69 шешімімен.
Тармақ iv. IV. ВАПИ құқықтары
IV. ВАПИ құқықтары
Тармақ 5
5. ВАПИ өз өкілеттігі шегінде:
өрт қауіпсіздігі ережелері, Қазақстан Республикасының суды, табиғатты қорғау және санитарлық заңдылықтарын, балық және аң аулау ережелерін, жер қойнаулары мен биоресурстарды пайдалану ережелерін бұзғандарға соңынан әкімшілік, қылмыстық шаралар қолдану үшін мүдделі ведомстволарға жіберетін алғашқы құжаттар жасауға;
Қазақстан Республикасының табиғатты, суды қорғау және санитарлық заңдылықтарын, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған кәсіпорындар, құрылыстар мен объектілердің меншіктік түрлеріне қарамастан, жұмыстарын шектеу немесе тоқтату туралы мүдделі ведомстволарға ұсыныс жасауға;
Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалған тәртіпте көліктерді тоқтатуға және тексеруге. Бұзушылық, заңсыз алынған өнім құралдары, сонымен қатар, балық өнімі болып табылатын заттарды алуға, алғашқы құжаттарды жасап, оларды тиісті қызметтер өкілдерінің қатысуымен мүдделі ведомстволарға жіберуге құқылы.
Тармақ v. V. ВАПИ құрылымы
V. ВАПИ құрылымы
Тармақ 6
6. ВАПИ "Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы басқармасының өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі жедел отряды" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. <*>
📌 Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ШҚО әкімінің 2004.03.09 N 69 шешімімен.
Тармақ 7
7. ВАПИ бастығын Шығыс Қазақстан облысы әкімінің келісімімен Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы басқармасының бастығы қызметке тағайындайды және босатады.
📌 Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ШҚО әкімінің 2004.03.09 N 69 шешімімен.
Тармақ 8
8. Бастық ВАПИ жұмысын Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы басқармасының бастығы бекіткен жоспарға сәйкес ұйымдастырып, оған басшылық жасайды.
📌 Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ШҚО әкімінің 2004.03.09 N 69 шешімімен.
Тармақ 9
9. Бастық ВАПИ жүктелген міндеттердің орындалуына жеке жауапкершілік тартады.
Тармақ 10
10. ВАПИ бастығы өз қызметтік өкілеттігінде:
ВАПИ қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
қызметкерлердің алдына қойылған міндеттердің орындалуына бақылау жасайды;
ВАПИ қызметкерлерінің жұмысында заңдылықтардың орындалуына бақылау жасайды;
ВАПИ қызметкерлерін көтермелеуге және оларға тәртіптік шара қолдануға ұсыныстар дайындайды.
Тармақ 11
11. ВАПИ Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары бекіткен бағдарларға сәйкес және облыс әкімі аппаратының басшысы қол қойған тапсырыс-жоспарлар бойынша патруль жүргізеді.
Тармақ 12
12. ВАПИ құрылымы мен штаттық саны Шығыс Қазақстан облысы әкімінің келісімі бойынша Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы басқармасының бастығымен белгіленеді. <*>
📌 Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ШҚО әкімінің 2004.03.09 N 69 шешімімен.
Тармақ 13
13. ВАПИ шыққан шығындарды қаржыландыру және патрульдік ұшуларды ұйымдастыру Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығының басқармасына облыстық бюджеттен алдын ала бөлінген қаражат есебінен жүреді. <*>
📌 Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді ШҚО әкімінің 2004.03.09 N 69 шешімімен.
Тармақ 14
14. ВАПИ қайта ұйымдастыру және жою Шығыс Қазақстан облысының әкімі шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. ВАПИ қызметкерлерін аттестациялауды Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімі орынбасарының төрағалығымен Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығының басқармасы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Шығыс Қазақстан облысының аймақтық орман және биоресурстар жөніндегі басқарма, Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, Шығыс Қазақстан облысының аймақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы, аймақтық жер қойнауын қорғау және пайдалану басқармасы мамандарынан құрылған аттестациялық комиссия жүргізеді. <*>
📌 Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді ШҚО әкімінің 2004.03.09 N 69 шешімімен.
Тармақ 16
16. ВАПИ басқа мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы айқындалған тәртіппен бекітілген, бірлесе әзірленген ережелердің негізінде жүзеге асырылады.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің
аппарат басшысы