О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.11.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 507 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мына шешімдеріне өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) тармаққа күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.11.06. N 1173;
Тармақша 2
2) тармаққа күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.11.06. N 1173;
Тармақша 3
3) "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті мен оның қарауындағы жекелеген ұйымдардың мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 ақпандағы N 198 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 74-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінен: "Қазгеоақпарат" республикалық геологиялық ақпарат орталығы РГАО" мемлекеттік мекемесі; Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мамандандырылған гравиметрикалық кәсіпорны" республикалық мемлекеттік кәсіпорны" деген жолдар алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.