О реорганизации Высшей аттестационной комиссии Министерства образования и науки Республики Казахстан Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комиссиясын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комиссиясының мәртебесін қолданылып жүрген нормативтік құқықтық кесімдермен сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комиссиясы мемлекеттік орган болып табылатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комитеті мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) болып қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Комитеттің негізгі міндеті жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогтік кадрларды аттестаттау болып айқындалсын.
Тармақ 3
3. Комитеттің штат саны 45 бірлік болып белгіленсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бір айлық мерзімде Комитет туралы Ережені және оның құрылымын Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынсын.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі N 1433 қаулысына : көрсетілген қаулымен бекітілген, 2000 жылдың 1 қаңтарынан қолданылатын Министрліктер, агенттіктер мен ведомстволар қызметкерлерінің штат санының лимиттеріндегі реттік нөмірі 6-жолда: "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 208" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Білім 251 және ғылым министрлігі, оның ішінде: 45"; Жоғары аттестациялық комитет деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) тармаққа күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111
Тармақша 3
3) тармаққа күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.