Об утверждении Правил передачи во владение и пользование концессионеру объектов концессии, находящихся в государственной собственности Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік меншікте тұрған концессия объектілерін концессионерге иеленуге және пайдалануға беру қағидаларын бекіту туралы «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 10-бабы 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік меншікте тұрған концессия объектілерін концессионерге иеленуге және пайдалануға беру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті (К.Б. Ақжанов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Мемлекеттік меншікте тұрған концессия объектілерін концессионерге иеленуге және пайдалануға беру қағидалары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік меншікте тұрған концессия объектілерін концессионерге иеленуге және пайдалануға беру қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік меншікте тұрған концессия объектілерін концессионерге иеленуге және пайдалануға беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы 10-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік меншікте тұрған концессия объектілерін концессионерге иеленуге және пайдалануға берудің тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Концессия объектілерін концессионерге иеленуге және пайдалануға беру талаптары концессия шартында көзделеді.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
Тармақша 2
2) концессионер – концессия шартын жасасқан, оның ішінде өз қызметін бірлескен қызмет (жай серіктестік) туралы шарт негізінде жүзеге асыратын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға (мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда);
Тармақша 3
3) концессия – концессия объектілерін құруға (реконструкциялауға) және пайдалануға бағытталған, концессионердiң қаражаты есебiнен немесе концеденттiң қоса қаржыландыруы шарттарымен жүзеге асырылатын қызмет;
Тармақша 4
4) концессия объектiсi – концессия шарты бойынша құрылатын (реконструкцияланатын) және пайдаланылатын, тізбеге енгізілген әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;
Тармақша 5
5) концессия шарты – концедент пен концессионер арасында жасалатын, тараптардың құқықтарын, мiндеттерiн және жауапкершiлiгiн, концессияны iске асыру шарттарын айқындайтын жазбаша келiсiм;
Тармақша 6
6) концессионерге иеленуге және пайдалануға беруге жататын концессия объектілері – мемлекеттік меншікке қабылданған концессия объектілері;
Тармақша 7
7) республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган – экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында (аясында) республикалық меншiк объектiлерiн басқару, меншiктi жекешелендiру және оның мемлекеттiк мониторингi аясында өз құзыретi шегiнде арнайы атқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
Тармақша 8
8) тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органы – мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 9
9) іске қосылатын кешен – мемлекеттік меншікке қабылдауға, кейін концессионерге иеленуге және пайдалануға жататын концессия объектісінің аяқталған бөлігі.
Тармақ 4
4. Концессия объектісін мемлекеттік меншікке қабылдағаннан кейін тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органы немесе жергілікті атқарушы орган (әкімдік) концессия объектісін концессионерге иеленуге және пайдалануға беруді жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік меншікте тұрған концессия объектілерін концессионерге иеленуге және пайдалануға беруді:
Тармақша 1
1) республикалық меншікке қатысты – республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi органды хабардар ете отырып тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органы;
Тармақша 2
2) коммуналдық меншікке қатысты – жергілікті атқарушы орган (әкімдік) жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Концессия объектісі іске қосу кешендеріне бөлініп мемлекеттік меншікке қабылданған жағдайда концессия объектісін концессионерге иеленуге және пайдалануға беру концессия шарты тараптарының келісімімен әрбір іске қосу кешенінің аяқталуы бойынша бөлек жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік меншікте тұрған концессия объектілерін концессионерге иеленуге және пайдалануға беру тәртібі
2. Мемлекеттік меншікте тұрған концессия объектілерін концессионерге иеленуге және пайдалануға беру тәртібі
Тармақ 7
7. Концессия объектісі мемлекеттік меншікке қабылданғаннан кейін концессионер тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына – республикалық меншiкке жататын концессия объектiлерiне қатысты, жергілікті атқарушы органға (әкімдік) – коммуналдық меншікке жататын концессия объектілеріне қатысты, концессия шартына сәйкес концессия объектісін концессионерге иеленуге және пайдалануға беру туралы өтінішпен жүгінеді.
Тармақ 8
8. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы немесе жергілікті атқарушы орган (әкімдік) өтініш түскен күннен бастап 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы немесе жергілікті атқарушы орган (әкімдік), концессионер және концессия объектісі бекітілген мемлекеттік заңды тұлға арасында концессия объектісін концессионерге иеленуге және пайдалануға қабылдап алу-беру актісін ресімдейді. Концессия объектісін концессионерге иеленуге және пайдалануға қабылдап алу-беру актісінде:
Тармақша 1
1) қабылдап алу-беру актісі жасалған орын және күні;
Тармақша 2
2) өкiлдері оларға сәйкес тараптардың мүдделерiн бiлдiруге уәкiлеттi құжаттардың атауы мен деректемелері;
Тармақша 3
3) концессия объектісін беру оған сәйкес жүргізілетін концессия шартының нөмiрi мен қол қойылған күнi;
Тармақша 4
4) берiлетiн концессия объектiсінiң құны;
Тармақша 5
5) тараптардың қолтаңбалары мен мөрлерi көрсетіледі. Республикалық меншiкке жататын концессия объектiсiне қатысты қабылдап алу-беру актісі қабылдап алу-беру актісін ресімдеуге қатысатын тараптардың әрқайсысы үшін, сондай-ақ мәліметтерді мемлекеттік мүлік тізіліміне енгізу мақсатында республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган үшін бір-бір данадан қазақ және орыс тілдерінде жасалады. Коммуналдық меншікке жататын концессия объектісіне қатысты қабылдап алу-беру актісі ресімдеуге қатысатын тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан қазақ және орыс тілдерінде жасалады.
Тарау 3. 3. Қорытынды ережелер
3. Қорытынды ережелер
Тармақ 9
9. Мемлекеттік меншікте тұрған концессия объектілерін концессионерге иеленуге және пайдалануға беру кезінде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында және концессия шартында белгіленген тәртіппен қарастырылады.