О создании государственного учреждения "Республиканский кризисный центр Агентства Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям" Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттігінің Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы Авариялық-құтқару күштерi мен құралдарын басқару жүйелерiн жетілдiру, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпаратты қабылдау және өңдеу қызметiн құру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгiнiң Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.
Тармақ 2
2. Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi болып мыналар айқындалсын: табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпаратты қабылдау және өңдеу; тұрақты дайындық күштерiн орнықты және үздiксiз басқаруды және оларды төтенше жағдайларды жоюға арналған құралдармен қамтамасыз ету.
Тармақ 3
3. Мекеменi қаржыландыру Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiне тиiстi қаржылық жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi заңнамада белгіленген тәртiппен: Мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Тармаққа күші жойды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы  N 214  қаулысымен.
Тармақ 6
6. Осы қаулы 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.