Об установлении режима ожидания к удовлетворению заявок на покупку и продажу акций в торговой системе ЗАО "Казахстанская фондовая биржа" Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның сауда жүйесiнде акцияларды сатып алуға және сатуға өтiнiмдердi қанағаттандыруға күту режимiн белгiлеу туралы "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның сауда жүйесiнде акциялармен мәмiлелер жасау кезiнде бағалармен айла-шарғы жасау мүмкiндiгiн төмендету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен бекітiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағы 36) тармақшасының негiзiнде Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Осы Қаулыда қолданылған ұғымдардың мыналарды бiлдiретiндiгi белгіленсiн:
Тармақша 1
1) "Биржа" - "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ы;
Тармақша 2
2) "сауда-саттық" - Биржа өткiзетiн сауда-саттықтар;
Тармақша 3
3) "өтiнiм" - сауда-саттыққа қатысушының қандай да болмасын бағалы қағаздарды не Биржаның сауда жүйесiнде айналыстағы өзге де қаржы құралдарын сатып алуға немесе сатуға өтiнiмi;
Тармақша 4
4) "үзiлiссiз қарама-қарсы аукцион әдiсi" - Биржаның сауда жүйесi оған енгiзiлген өтiнiмдердi қарама-қарсы бағыттар өтiнiмдерiнде көрсетiлген бағалар мен көлемдердiң үйлесiмдiгіне сүйене отырып, оған бұрын енгізiлген өтiнiмнiң құрамында сондай баға бар ұқсас бағыттың оған енгiзiлген өтiнiмдерiнiң алдында артықшылығын ескерумен қанағаттандыратын сауда-саттық өткiзу әдiсi;
Тармақша 5
5) "франкфурт аукционы әдiсi" - белгiлi бiр уақыт iшiнде оның аяқталуы бойынша кесiп тастау бағасы бойынша барлық немесе жекелеген осы өтiнiмдердi қанағаттандыру жүргізiлетiн, Биржаның сауда жүйесiне өтiнiмдер енгізу жүзеге асырылатын сауда-саттық өткiзу әдiсi;
Тармақша 6
6) "өтiнiмдi қанағаттандыру" - өтiнiмнiң негізiнде мәмiле жасау;
Тармақша 7
7) "кесiп тастау бағасы" - мәмiлелер жасасудың ең жоғары көлемi қамтамасыз етiлетiн баға.
Тармақ 2
2. Егер, үзiлiссiз қарама-қарсы аукцион акцияларымен сауда-саттық өткiзу кезiнде негiзiнде осы акциялармен мәмiлелер жасалуы мүмкiн, өзара үйлесiмдi өтiнiмдер анықталатын жағдайда:
Тармақша 1
1) бұл өтiнiмдердiң өзiн қанағаттандырудың бес минуттық күту режимiне өздiгiнен өтетiндiгi;
Тармақша 2
2) аталған режимнiң қолданылуы кезiнде өткiзу барысында сауда-саттыққа қатысушылар Биржаның сауда жүйесiне өзiн қанағаттандырудың күту режимiнде тұрған өтiнiмдерге қатысты бәсекелес болатын өтiнiмдер енгізуге құқылы болатын франкфурт аукционы әдiсiмен осы акциялармен сауда-саттық өткiзiлетiндiгi;
Тармақша 3
3) аталған режимдi қолданудың аяқталуы бойынша өтiнiмдердi (өзiн қанағаттандырудың күту режимiнде тұрған да және осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес Биржаның сауда-саттық жүйесiне енгiзiлген де) қанағаттандыру кесiп тастау бағасы бойынша жүргiзiлетiндiгi;
Тармақша 4
4) осы тармақтың 3) тармақшасына сәйкес өтiнiмдер қанағаттандырылғаннан кейiн үзiлiссiз қарама-қарсы аукцион әдiсiмен осы акциялармен сауда-саттық өткiзудiң жаңаратындығы белгiленсiн. Бұл ретте қанағаттандырылмай қалған өтiнiмдердiң (өзiн қанағаттандырудың күту режимiнде тұрған да және осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес Биржаның сауда-саттық жүйесiне енгiзiлген де) осындай сауда-саттықтарға өзiнiң Биржаның сауда-саттық жүйесiне қайталап енгiзу қажеттiлiгiнсiз немесе өзiн растамай-ақ қатысуын жалғастыратындығы;
Тармақша 5
5) егер, үзiлiссiз қарама-қарсы аукцион әдiсiмен осы акциялармен сауда-саттық өткiзу кезiнде негiзiнде осы акциялармен мәмiлелер жасалуы мүмкiн, өзара үйлесiмдi өтiнiмдер анықталса, онда осы тармақтың 1)-5) тармақшаларында көрсетiлген рәсiмдердiң орындалатындығы белгiленсiн;
Тармақша 6
6) осы тармақтың 1)-5) тармақшаларында көрсетiлген рәсiмдер мына оқиғалардың бiреуi басталғанға дейiн орындалуға жатады: Биржаның сауда-саттық жүйесiне енгізiлген және осы акциялар мән-мағынасы болып табылатын барлық өтiнiмдердi қанағаттандыру; Биржаның сауда-саттық жүйесiне енгiзiлген және осы акциялар мән-мағынасы болып табылатын барлық өтiнiмдердi осы өтiнiмдердi берген сауда-саттық қатысушының бастамасы бойынша қайтарып алу; Биржаның сауда-саттық жүйесiне бұрын енгiзiлген және осы акциялар мән-мағынасы болып табылатын барлық қанағаттандырылмаған өтiнiмдердi жою көзделетiн, осы акциялармен сауда-саттық жасауды аяқтау.
Тармақ 3
3. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енгiзiлетiндiгi белгiленсiн.
Тармақ 4
4. Биржа осы Қаулы күшiне енгiзiлген күннен бастап екi айдың iшiнде:
Тармақша 1
1) өзiнiң iшкi құжаттарын (олар Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 19 қаулысымен бекiтiлген Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметiн жүзеге асыру қағидаларының 1-тармағы 2) тармақшасында айқындалған) осы Қаулыға сәйкес келтiруге;
Тармақша 2
2) осы Қаулының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес акциялармен сауда-саттықтар өткiзуге кiрiсуге мiндеттелсiн.
Тармақ 5
5. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.