О дорожном движении Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жол жүрісі туралы
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесі (бұдан әрі – шұғыл шақыру жүйесі) – навигациялық спутниктік жүйелердің сигналдары мен деректерін пайдалана отырып жұмыс істейтін, шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерге Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары және өзге де төтенше жағдайлар туралы қалыпқа түсірілген ақпарат беруді қамтамасыз ететін мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйе;
Тармақша 2
2) автомагистраль – көлік құралдарының жүруі үшін жобаға сәйкес арнайы салынған немесе реконструкцияланған, жол бойындағы иеліктерге қызмет көрсетпейтін жол. Оған тек басқа жолдардан ғана әртүрлі деңгейлердегі жол айрықтары арқылы өтуге болады. Бұл жолдың: бiр-бiрiнен жүруге арналмаған бөлу жолағымен бөлінген, әртүрлі бағытта жүру үшін бөлек жүру бөлiктерi бар; басқа жолдармен, темiржолдармен және трамвай жолдарымен және жаяу жүргінші жолдарымен бiр деңгейде қиылыстары жоқ; автомагистраль ретінде арнайы белгіленген;
Тармақша 3
3) автомобиль – жолдарда жүруге және олармен адамдарды, жүктерді немесе үстіне орнатылған жабдықты тасымалдауға немесе адамдарды, жүктерді немесе үстіне орнатылған жабдықты тасымалдауға арналған көлік құралдарын жолдарда сүйретуге арналған, оның ішінде троллейбустарды қоса алғандағы механикалық көлік құралы. Бұл ұғым тракторлар мен өздігінен жүретін машиналарға қолданылмайды;
Тармақша 4
4) айрықша мақсаттағы автомобиль – күзетілетін адамдарды тасымалдау және (немесе) олармен бірге ілесіп жүруге арналған көлік құралы;
Тармақша 5
5) аялдау – көлiк құралының жүрісін бес минутқа дейiн не, егер бұл жолаушыларды отырғызу немесе түсiру, көлiк құралын тиеу немесе түсiру үшiн қажет болса, одан да көбiрек уақытқа әдейі тоқтату;
Тармақша 6
6) велосипед – екі немесе одан көп дөңгелегі бар және үстінде отырған адамдардың дене күшімен, оның ішінде қозғалтқыш пайдаланыла отырып, қозғалысқа келтірілетін көлік құралы;
Тармақша 7
7) велосипед жолы – велосипедтердің жүруіне арналған және тиісті белгімен белгіленген жеке жол немесе жолдың бір бөлігі. Велосипед жолы басқа жолдардан немесе нақ сол жолдың басқа элементтерінен конструктивтік түрде бөлінеді;
Тармақша 8
8) велосипед жүретін жолақ – жолдың жүру бөлігінің велосипедтер жүруге арналған жолағы. Велосипед жүретін жолақ жолдың басқа жүру бөлігінен ұзына бойындағы жол таңбасы және арнайы белгілер арқылы бөлінеді;
Тармақша 9
9) елді мекен – кіретін және шығатын жерлері тиісті белгілермен белгіленген, құрылыс салынған аумақ;
Тармақша 10
10) жаяу жүргінші – жолда көлiк құралынан тыс жерде тұрған және онда жұмыс жүргізіп жатпаған адам. Мүгедектігі бар адамдарға арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын, велосипедті, электр самокатты, шағын электр көлігі құралын, мопедті, мотоциклді жетелеп әкеле жатқан, шана, арба, балалар арбасын сүйретіп келе жатқан жеке адамдар жаяу жүргiншiлерге теңестіріледі;
Тармақша 10-1
10-1) жеке бөлінген жол – тек қана қоғамдық көліктің, оның ішінде жеңіл рельсті көліктің жүрісіне арналған жолақ. Жеке бөлінген жол қалған жүру бөліктерінен көлденең жол таңбаларының және жол белгілерінің көмегімен бөлінеді;
Тармақша 11
11) жол – осы Заңда белгіленген тәртіппен көлiк құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүруі үшін жайластырылған немесе ыңғайластырылған және пайдаланылатын жердің барлық бөлінген жолағы не жасанды құрылыстың үстi. Жол бiр немесе бiрнеше жүру бөлiктерiн, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиектерiн және олар болған кезде бөлу жолақтарын қамтиды;
Тармақша 12
12) жолаушы – көлiк құралының үстiнде (ішінде) отыратын және оны басқармайтын адам;
Тармақша 13
13) жол жүрісі – жолдар шегінде адамдар мен жүктердi көлiк құралдары арқылы немесе оларсыз тасымалдау процесінде туындайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы;
Тармақша 14
14) жол жүрісі қағидалары – Қазақстан Республикасының аумағында жол жүрісінің бірыңғай тәртібін, жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық және басқа да құралдарының мақсаты мен қолданысын белгілейтін нормативтік құқықтық акт;
Тармақша 15
15) жол жүрісіне қатысушы – жол жүрісі процесiне жаяу жүргiншi, жолаушы немесе жүргiзушi ретiнде тiкелей қатысатын адам;
Тармақша 16
16) жол жүрісі қауiпсiздiгi – қатысушыларының жол-көлiк оқиғалары мен олардың зардаптарынан, сондай-ақ жол жүрісінің экологиялық жағдайға, халықтың денсаулығына теріс әсерінен қорғалу дәрежесiн көрсететiн жол жүрiсiнiң жай-күйi;
Тармақша 17
17) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету – жол-көлік оқиғаларын, жол жүрісінің экологиялық жағдайға, халықтың денсаулығына теріс әсерін болғызбауға, олардың зардаптарының ауырлығын азайтуға, сондай-ақ осындай зардаптарды жоюға бағытталған қызмет;
Тармақша 18
18) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында басшылықты өз құзыреті шегінде және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган және оның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аумақтық бөлімшелері;
Тармақша 19
Тармақша 20
20) жол жүрiсiн ұйымдастыру – жол жүрiсін басқару жөніндегі ұйымдық-құқықтық, нормативтік-әдістемелік, жобалау-іздестіру, ұйымдық-техникалық, бақылау-қадағалау, өкімдік және басқа да іс-шаралар кешенi;
Тармақша 20-1
20-1) жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдары – жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолдың өткізу қабілетін арттыру үшін жолдарда қолданылатын құрылғылар, құрылысжайлар және бейнелер кешені;
Тармақша 21
21) жол жүрісі саласындағы тәуекелдерді басқару жүйесі – тиімді жоспарлауды және бақылау іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ететін, бақылау қызметінің неғұрлым басым бағыттарына ресурстарды іріктеп алу, оңтайлы бөлу қағидаттарына негізделетін әкімшілік ету жүйесі;
Тармақша 22
22) жолдың жүру бөлігі – көлік құралдарының жүруі үшін пайдаланылатын жолдың бір бөлігі;
Тармақша 23
23) жол иелері – жолдың меншік иелері болып табылатын немесе шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында жолдарды басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;
Тармақша 24
24) жол-көлiк оқиғасы – көлiк құралының жолда жүруі процесiнде және оның қатысуымен туындаған, адамның денсаулығына зиян келтіруге, өліміне, көлік құралдарының, құрылыстардың, жүктердің бүлінуіне не өзге де материалдық залалға әкеп соққан оқиға;
Тармақша 24-1
24-1) жол-көлік оқиғасын оңайлатылған ресімдеу – «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда жол-көлік оқиғасы туралы құжаттарды Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысуынсыз ресімдеу;
Тармақша 25
25) жүргізуші – көлік құралын басқаратын адам, жол бойымен малды, табынды, жүк артылған, жегілген малды немесе мініс малын айдаушы. Білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері жүргізушіге теңестіріледі;
Тармақша 26
26) жүргізуші куәлігі – тиісті санаттағы көлік құралын басқару құқығын растайтын құжат. Жүргізуші куәлігі иесінің жеке басын куәландыратын құжат болған кезде, алып қойылған немесе жоғалған құжаттың орнына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімге берілетін құжат та жүргізуші куәлігі болып есептеледі;
Тармақша 26-1
26-1) интеллектуалды көлік жүйесі – жол жүрісі мен жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті басқаруды, мониторингтеу мен бақылауды қамтамасыз ететін өзара байланысты автоматтандырылған жүйелердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы және автомобиль көлігі туралы заңнамасын бұзушылықтарды анықтайтын немесе тіркеп-белгілейтін, автоматты режимде жұмыс істейтін техникалық құралдар кешені;
Тармақша 27
27) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі – Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен автомобиль көлігі саласындағы жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметпен байланысты құжаттарды тіркеуді, есепке алуды, өңдеу мен сақтауды және осындай құжаттар туралы қалыпқа түсірілген ақпаратты тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар мен тасымалдау процесіне қатысушыларға беруді қамтамасыз ететін цифрлық жүйе;
Тармақша 27-1
27-1) көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің әкімшісі (бұдан әрі – электрондық паспорттар жүйелерінің әкімшісі) – көлік құралдары электрондық паспорттарының (көлік құралдарының шассилері паспорттарының) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарының жүйелерін пайдалануға беруді, пайдалануды, өнімділігін оңтайландыруды, қол жеткізуді қамтамасыз ету мен бақылауды, қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, техникалық қамтамасыз ету мәселелерін қадағалауды, жүйелерге қатысушылармен және билік органдарымен өзара іс-қимыл жасауды, осы жүйелерге жаңа қатысушыларды қосуды, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің осы жүйелердің функциялары саласындағы заңнамасын үндестіру үшін қажет шараларға бастамашылық жасауды қоса алғанда, осы жүйелерді жобалау жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру функциясы жүктелген, Еуразиялық экономикалық комиссия айқындайтын ұйым;
Тармақша 27-2
27-2) көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесі (бұдан әрі – электрондық паспорттар жүйесі) – есептеуіш және коммуникациялық жабдықты, бағдарламалық қамтылымды, лингвистикалық құралдарды, цифрлық ресурстарды, жүйелік персоналды және осы жүйеде белгіленген қағидалар бойынша өзара іс-қимыл жасайтын қатысушылар мен пайдаланушыларды қамтитын, сондай-ақ осы жүйенің белгіленген функцияларын орындаудың цифрлық технологиясын іске асыратын құрылымдалған кешен;
Тармақша 27-3
27-3) көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесінің ұлттық операторы (ұлттық әкімшісі) (бұдан әрі – электрондық паспорттар жүйесінің ұлттық операторы (ұлттық әкімшісі) – қауіпсіздікті және электрондық паспорттар жүйесіне қатысушылармен және билік органдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ете отырып, электрондық паспорттар жүйелерінің әкімшісімен жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 28
28) көлік құралы – адамдарды, жүктерді немесе үстіне орнатылған жабдықты жолдармен тасымалдауға арналған құрылғы;
Тармақша 28-1
28-1) көлік құралын бастапқы тіркеу – Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет жүзеге асырылатын, көлік құралын мемлекеттік тіркеу;
Тармақша 29-1
29-1) көлік құралының орташа жүру жылдамдығы – көлік құралы жүріп өткен халықаралық, республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдар учаскесінің ұзындығын осы қашықтықты жүріп өткен уақыт аралығына бөлу арқылы айқындалатын жылдамдық;
Тармақша 29-2
29-2) көлік құралының паспорты (көлік құралы шассиінің паспорты) – жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен жол жүруге арналған, жұмыс көлемі елу текше сантиметрден жоғары іштен жану қозғалтқышы немесе ең жоғары (жиынтық) қуаты төрт киловаттан асатын электр қозғалтқышы (электр қозғалтқыштары) бар және (немесе) ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден асатын автомотокөлік құралдарына және олардың тіркемелеріне берілетін паспорт (шасси тұтынушыларға жеткізіп берілетін жағдайда көлік құралының шассиіне берілетін паспорт);
Тармақша 29-2
29-2) көлік құралының электрондық паспорты (көлік құралы шассиінің паспорты) – көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің паспорттары) жүйесінде ресімделген көлік құралының паспорты (көлік құралы шассиінің паспорты);
Тармақша 29-3
29-3) көлік құралының электрондық паспорты (көлік құралы шассиінің паспорты) – көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің паспорттары) жүйесінде ресімделген көлік құралының паспорты (көлік құралы шассиінің паспорты);
Тармақша 30
30) көлік құралын мемлекеттік тіркеу – құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексергеннен, көлік құралының сәйкестендіру нөмірлерін салыстырып тексергеннен кейін көлік құралын тіркеу туралы куәлікті бере отырып және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін бере отырып уәкілетті орган жүзеге асыратын, көлік құралының жол жүрісіне қатысуына рұқсат беру рәсімі;
Тармақша 31
31) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – көлік құралының жол жүрісіне қатысуына рұқсат берілгенін растайтын құжат;
Тармақша 32
32) көлік құралдарының белсенді қауіпсіздігі – көлік құралдарының жол-көлік оқиғаларын болғызбауға және олардың көлік құралының конструктивтік ерекшеліктерімен байланысты туындайтын алғышарттарын жоюға бағытталған конструктивтік және пайдалану қасиеттерінің жиынтығы;
Тармақша 33
33) көлік құралдарының бәсең қауіпсіздігі – көлік құралдарының жол-көлік оқиғаларының ауырлығын азайтуға бағытталған конструктивтік және пайдалану сипаттамаларының жиынтығы;
Тармақша 34
34) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган – автомобиль көлігі саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 35
35) қызмет өңірі – көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган айқындаған, техникалық қарап-тексерудің стационарлық желілері жоқ аумақ;
Тармақша 36
36) мемлекеттік баяндама – жол жүрісі қауіпсіздігінің жай-күйі туралы жыл сайынғы есеп;
Тармақша 37
37) мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі – мемлекет меншігі болып табылатын және механикалық көлік құралына берілетін жеке-дара әріптік-цифрлық белгіден тұратын және ұлттық стандарт талаптарына сәйкес жасалған бұйым. Бұл ұғым "Транзит" нөмірлік белгілеріне қолданылады;
Тармақша 38
38) механикалық көлік құралы – электр самокаттарды, шағын электр көлігі құралдарын және рельстік көлік құралдарын қоспағанда, қозғалтқышпен қозғалысқа келтірілетін, өздігінен жүретін жол көлік құралы. Ұғым тракторлар мен өздігінен жүретін машиналар жол жүрісіне қатысқан кезде оларға да қолданылады;
Тармақша 39
39) механикалық көлік құралын пайдалану – механикалық көлік құралы мемлекеттік тіркелген кезден бастап кәдеге жаратылған кезге дейін оның мақсаты бойынша пайдаланылуын қамтитын өмірлік цикл сатысы;
Тармақша 40
40) механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап тексерудің бiрыңғай цифрлық жүйесі – механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiнің иелері, механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерi, мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу нәтижелерi туралы мәліметтер қамтылатын цифрлық дерекқор;
Тармақша 40-1
40-1) механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесінің операторы – көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган айқындаған және механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесін жүргізуді, дамытуды, интеграциялауды және қолдап отыруды жүзеге асыратын акционерлік қоғам;
Тармақша 41
41) мопед – қозғалтқышының көлемі елу текше сантиметрден аспайтын іштен жану қозғалтқышымен не электр қозғалтқышпен жабдықталған және ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден аспайтын екі немесе үш дөңгелекті механикалық көлік құралы. Мопедтерге мокиктер, скутерлер және осыған ұқсас сипаттамалары бар басқа да механикалық көлік құралдары теңестіріледі;
Тармақша 42
42) мотоцикл – қозғалтқышы бар, бүйiр тiркемесiмен немесе онсыз екі дөңгелекті механикалық көлiк құралы. Мотоциклдерге жүктемесіз салмағы төрт жүз килограмнан аспайтын үш және төрт дөңгелекті көлiк құралдары, цилиндрінің көлемі елу текше сантиметрден асатын скутерлер және осыған ұқсас сипаттамалары бар басқа да көлік құралдары теңестіріледі;
Тармақша 43
43) міндетті техникалық қарап тексеру – механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін диагностикалаудың мерзімдік процесі;
Тармақша 44
44) орынтұрақ – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ұйымдастырылған жол учаскесі болып табылатын, көлік құралы қойылатын орын;
Тармақша 44-1
44-1) орынтұрақ кеңістігі – көлік құралының аялдауы және (немесе) тоқтап тұруы үшін, оның ішінде автомобиль жолдарынан тыс жерде арнайы бөлінген аумақ немесе орын;
Тармақша 44-2
44-2) өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің паспорты – жұмыс көлемі елу текше сантиметрден жоғары іштен жану қозғалтқышы немесе ең жоғары (жиынтық) қуаты төрт киловаттан асатын электрлі қозғалтқышы (электрлі қозғалтқыштары) бар тракторларға, өздігінен жүретін жол-құрылыс, коммуналдық, ауыл шаруашылығы машиналары мен жер үстінде рельссіз жүретін басқа да механикалық көлік құралдарына (жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен жол жүруге арналған, ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден асатын автомотокөлік құралдарын қоспағанда) және олардың тіркемелеріне берілетін паспорт;
Тармақша 44-3
44-3) өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорты – өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесінде ресімделген өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің паспорты;
Тармақша 45
45) паркинг – көлік құралдарын сақтауға (қоюға) арналған және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ұйымдастырылған, бір немесе көп деңгейлі инженерлік құрылысты немесе арнайы ашық алаңды қоса алғанда, арнайы жабдықталған ғимаратты (ғимараттың бір бөлігін), құрылысты (құрылыстың бір бөлігін) білдіретін аумақ;
Тармақша 46
Тармақша 47
47) техникалық қарап тексеру операторы – мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын және техникалық қарап тексеру операторларының қызметіне арналған рұқсатты алған заңды тұлға немесе дара кәсiпкер;
Тармақша 48
48) техникалық қарап тексеру орталығы – механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiнің техникалық жай-күйін диагностикалау жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған, осы мақсаттар үшiн техникалық қарап тексерудің стационарлық және (немесе) ұтқыр желiсi бар кешен;
Тармақша 49
49) техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасы – механикалық көлiк құралы мен оның тiркемелерiнiң техникалық жай-күйi параметрлерiнiң тiзбесiмен бірге иесi және механикалық көлiк құралы мен оның тiркемелерi және мiндеттi техникалық қарап тексеру нәтижелерi туралы мәлiметтер қамтылатын құжат;
Тармақша 50
50) техникалық қарап тексерудің стационарлық желiсi – механикалық көлiк құралдары мен олардың тіркемелерін мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу үшiн диагностикалау құралдарымен жарақтандырылған, ғимаратта немесе құрылыста орналасқан кешен;
Тармақша 51
51) техникалық қарап тексерудің ұтқыр желiсi – мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу үшiн механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн диагностикалау құралдарымен жарақтандырылған арнайы көлiк құралынан не ұтқыр құрылыстан (контейнер типіндегі) тұратын жылжымалы кешен;
Тармақша 52
52) тоқтап тұру – көлiк құралының жүрісін жолаушыларды отырғызуға немесе түсiруге не көлiк құралын тиеуге немесе түсiруге байланысты емес себептер бойынша бес минуттан асатын уақытқа әдейі тоқтату;
Тармақша 53
53) тiркеме – қозғалтқышпен жабдықталмаған және механикалық көлiк құралының құрамында жүруге арналған көлiк құралы. Ұғым жартылай тiркемелер мен ұзартылмалы тiркемелерге де қолданылады;
Тармақша 53-1
53-1) шағын электр көлігі құралы – электр самокаттар мен электр қозғалтқышы бар велосипедтерді қоспағанда, электр қозғалтқышпен жарақталған, жеке жүріп-тұруға арналған, бір немесе бірнеше дөңгелегі бар көлік құралы;
Тармақша 54
54) шұғыл қимылдайтын жедел қызметтер – Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары және өзге де төтенше жағдайлар кезінде шұғыл көмек көрсететін қызметтер;
Тармақша 55
55) шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғысы – жұмыс істеп тұрған кемінде екі жаһандық навигациялық спутниктік жүйе сигналдарының көмегімен көлік құралының координаттарын, жылдамдығын және қозғалыс бағытын айқындауды, жол-көлік оқиғасы және өзге де төтенше жағдай кезінде көлік құралы туралы хабарлама беруді, сондай-ақ жылжымалы радиотелефон байланысы желілері арқылы шұғыл қимылдайтын жедел қызметтермен екіжақты дауыс байланысын жүзеге асыратын және қамтамасыз ететін құрылғы;
Тармақша 56
56) шұғыл шақыру жүйесінің операторы – шұғыл шақыру жүйесін басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті ұйым;
Тармақша 56-1
56-1) электрмобиль – аккумулятор батареяларынан, сыйымдылықты жинақтауыштардан және (немесе) отын элементтерінен энергия алатын электр қозғалтқышпен жарақтандырылған және қозғалысқа келтірілетін және тек қана электр энергиясының сыртқы көзінің көмегімен қуатталатын механикалық көлік құралы;
Тармақша 57
57) электр самокат – екі немесе үш дөңгелегі бар, электр қозғалтқышты (электр қозғалтқыштарды) пайдалану арқылы бір адамның жүріп-тұруына арналған, орындығы жоқ, ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына жиырма бес километрден аспайтын жеке мобильді көлік құралы.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының жол жүрiсi туралы заңнамасы
2-бап. Қазақстан Республикасының жол жүрiсi туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жол жүрiсi туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасында реттелген құқықтық қатынастарға жүргізуші куәліктерін, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін дайындауға арналған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
Бап 3. 3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында жол жүрісінің жұмыс істеуінің және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздері мен жалпы шарттарын белгілеу осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.
Тармақ 2
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) жол жүрісі саласындағы мемлекеттік басқару;
Тармақша 2
2) жол жүрісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың құзыретін айқындау;
Тармақша 3
3) жол жүрісі саласындағы мемлекеттік бақылау;
Тармақша 4
4) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғаларының салдарын жоюға бағытталған қызметті басқару;
Тармақша 5
5) жолдардың қауіпсіздігін және өткізу қабілетін қамтамасыз етуге бағытталған қызметті басқару;
Тармақша 6
6) көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қызметті басқару;
Тармақша 7
7) көлік құралдарының жол жүрісіне қатысуына және адамдардың көлік құралдарын басқаруына рұқсат беруді жүзеге асыру.
Тармақ 3
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) жол жүрісіне қатысушылардың өмірі мен денсаулығының шаруашылық қызметтің экономикалық нәтижелерінен басымдығы;
Тармақша 2
2) жол жүрісі қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі үшін мемлекет жауапкершілігінің жол жүрісіне қатысушылардың жауапкершілігінен басымдығы;
Тармақша 3
3) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде жол жүрісіне қатысушылардың, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуы;
Тармақша 4
4) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жүйелі көзқарас.
Бап 4. 4-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi
4-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi жол жүрісі саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру құралы болып табылады және жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың, қоғамдық бірлестіктердің, жол жүрiсiне қатысушылардың, жол жүрiсi қауiпсiздiгiн және жол-көлiк оқиғаларының зардаптарын жоюды қамтамасыз ететiн құралдар мен шаралардың жиынтығын қамтиды.
Тарау 2. 2-тарау. ЖОЛ ЖҮРІСІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ САЯСАТ
2-тарау. ЖОЛ ЖҮРІСІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ САЯСАТ
Бап 5. 5-бап. Жол жүрісі саласындағы мемлекеттік басқару
5-бап. Жол жүрісі саласындағы мемлекеттік басқару Жол жүрісі саласындағы мемлекеттік басқару:
Тармақша 1
1) жол жүрісі саласындағы мемлекеттік саясатты айқындауды, әзірлеуді, іске асыруды;
Тармақша 2
2) жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қызметті қаржыландыруды;
Тармақша 3
3) көлік құралдары иелерінің – үшінші тұлғалар алдындағы, сондай-ақ тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауаптылығын міндетті сақтандыруды қамтамасыз етуді;
Тармақша 4
4) жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жай-күйінің негізгі нысаналы көрсеткіштерінің статистикалық есептілігін және мемлекеттік есепке алынуын жүргізуді;
Тармақша 5
5) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілерді белгіленген тәртіппен әзірлеуді, қабылдауды, бекітуді және іске асыруды;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, орталық, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдардың құзыретін белгiлеуді;
Тармақша 7
7) жол-көлiк оқиғаларының алдын алу және олардың зардаптарының ауырлығын азайту мақсатында орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн үйлестiруді;
Тармақша 8
8) жол жүрісі саласындағы тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді;
Тармақша 9
9) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және жол-көлік оқиғаларының зардаптарын жоюды;
Тармақша 10
10) жолдардың қауіпсіздігі мен олардың өткізу қабілетін қамтамасыз етуді;
Тармақша 11
11) көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;
Тармақша 12
12) жол пайдаланушылардың қауіпсіз жүріп-тұруын қамтамасыз етуді;
Тармақша 13
13) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруды;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік басқарудың өзге де нысандарын қамтиды.
Бап 6. 6-бап. Жол жүрісі саласындағы мемлекеттік саясат
6-бап. Жол жүрісі саласындағы мемлекеттік саясат
Тармақ 1
1. Жол жүрісі саласындағы мемлекеттік саясат жол жүрісіне қатысушыларға қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге, жол-көлік оқиғаларын болғызбауға және олардың зардаптарының ауырлығын азайтуға бағытталған.
Тармақ 2
2. Жол жүрісі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары:
Тармақша 1
1) жол жүрісі қауіпсіздігі мен қолжетімділігін, оған қатысушыларға қолайлылық пен сервисті қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) орнықты көлік жүйесін қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) жол жүрісіндегі тәуекелдерді азайту;
Тармақша 4
4) қауіпсіз көлік құралдарына көшу;
Тармақша 5
5) қоғамдық көлікті пайдалануды ынталандыру және көтермелеу;
Тармақша 6
6) жол жүрісі қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) жол-көлік оқиғаларының салдарынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету жүйесін жетілдіру;
Тармақша 8
8) жол жүрісі саласында қоршаған ортаны қорғау;
Тармақша 9
9) Конституцияға, осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы өзге де бағыттар болып табылады.
Бап 7. 7-бап. Жол жүрісі саласындағы қызметті қаржыландыру
7-бап. Жол жүрісі саласындағы қызметті қаржыландыру Жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қызметті қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
Бап 8. 8-бап. Жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жай-күйінің көрсеткіштерін есепке алудың мемлекеттік жүйесі
8-бап. Жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жай-күйінің көрсеткіштерін есепке алудың мемлекеттік жүйесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жай-күйінің көрсеткіштерін есепке алудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі жүзеге асырылады, бұл адамдар қайтыс болған және (немесе) жарақаттанған, көлік құралдары, құрылыстар, жүктер бүлінген не өзге де материалдық залал келтірілген жол-көлік оқиғалары, сондай-ақ жол жүрісі саласындағы құқық бұзушылықтар, жол жүрісінің жай-күйін және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті көрсететін басқа да көрсеткіштер туралы мәліметтерді қамтиды.
Тармақ 2
2. Жол жүрісінің жай-күйін және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті көрсететін көрсеткіштер туралы ақпарат уәкілетті органның ресми сайтында орналастырылады.
Тарау 3. 3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ, ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ ӨКІЛДІ ЖӘНЕ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ЖОЛ ЖҮРІСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ
3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ, ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ ӨКІЛДІ ЖӘНЕ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ЖОЛ ЖҮРІСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ
Бап 9. 9-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
9-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкiметi:
Тармақша 1
1) жол жүрiсi саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлейді;
Тармақша 2
Тармақша 3
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 5
5) алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 6
6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 7
Тармақша 8
Тармақша 9
9) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 10
Тармақша 11
11) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 12
12) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 12-1
12-1) электрондық паспорттар жүйесінің ұлттық операторын (ұлттық әкімшісін) айқындайды;
Тармақша 12-2
Тармақша 13
Бап 10. 10-бап. Уәкілетті органның құзыреті
10-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) жол жүрісі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
Тармақша 2
Тармақша 3
3) халықты жол жүрісі қауіпсіздігі мәселелері бойынша құқықтық сауаттандыруды және оларға ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, емтихан қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 5
5) жол жүрісі қағидаларын, көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнаулы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнаулы түсті-графикалық схемалармен боялуға жататын жедел және арнаулы қызметтер тізбесін бекітеді;
Тармақша 6
6) жол жүрiсi мен оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады әрі жүзеге асырады;
Тармақша 6-1
Тармақша 6-2
6-2) мемлекеттік бақылау мақсатында тәуекелдерді бағалау жүйесін және тексеру парақтарын әзірлейді;
Тармақша 7
Тармақша 8
8) мемлекеттік органдардың жол жүрiсi және оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 9
Тармақша 10
10) жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық әзірлемелерді ұйымдастырады;
Тармақша 11
Тармақша 12
Тармақша 13
13) масаң күйді куәландыруға жіберу, масаң күйді куәландыру және оның нәтижелерін ресімдеу қағидаларын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 14
14) мүгедектігі бар адамдарға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында олардың қажеттіліктерін ескере отырып, жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келіседі;
Тармақша 14-1
Тармақша 15
15) аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманы белгіленген тәртіппен келіседі;
Тармақша 16
Тармақша 17
Тармақша 18
18) жол жүрісін реттейді;
Тармақша 19
19) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсу бойынша банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мiндеттердi орындауы үшiн оларға көлiк құралының сәйкестендiру нөмiрi бойынша деректердi ұсыну тәртiбiн және ұсынуды айқындайды;
Тармақша 21
21) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 22
22) біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру қағидаларын, көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша оқытушыға кандидаттарды, өндірістік оқыту шеберін және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберін аттестаттаудан өткізу тәртібін, кәсіптік бірлестіктердің өз қызметі туралы есептілігінің нысаны мен оны ұсыну мерзімділігін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 23
23) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 24
24-3) осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 24-1
24-1) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 24-2
24-2) жол жүрісі саласындағы цифрлық жүйелерді интеграциялауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады. Жол жүрісі саласындағы цифрлық жүйелерді интеграциялауға бірыңғай цифрлық кеңістіктегі цифрландыру объектілерінің цифрлық жүйелері арасындағы өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жатады;
Тармақша 24-3
24-3) осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 24-4
24-4) электр самокаттарды жалға беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің электр самокатты есепке алуды жүргізу және оған тіркеу нөмірін беру тәртібін, сондай-ақ оның нысаны мен үлгісін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 25
25) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Бап 11. 11-бап. Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
11-бап. Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган:
Тармақша 1
1) техникалық қарап тексеру операторларының механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап тексеруді ұйымдастыру мен одан өткiзу тәртiбiн сақтауына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасының нысанын әзірлейді;
Тармақша 3
3) жолаушылар мен багаждың тұрақты емес тасымалдарымен айналысатын заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің жолаушылар мен багажды тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ұйымдастыруы және жүзеге асыруы тәртібін әзірлейді;
Тармақша 3-1
3-1) жолдарда көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу тәртібін бекітеді;
Тармақша 4
Тармақша 5
5) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 5-1
5-1) міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекітеді;
Тармақша 5-2
5-2) шұғыл шақыру жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын бекітеді;
Тармақша 5-3
5-3) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекітеді;
Тармақша 5-4
5-4) шұғыл шақыру жүйесі операторының функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындайды;
Тармақша 5-5
5-5) механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесімен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарға қойылатын талаптарды бекітеді;
Тармақша 6
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Бап 12. 12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) жол жүрісі қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын үйлестіреді;
Тармақша 2
2) көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруден өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 3
3) көлік құралдары жүргізушілерін міндетті рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық қарап тексеруден өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 4
4) автомобильдегі алғашқы көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарының тізбесін бекітеді;
Тармақша 5
5) адамдардың көлік құралдарын басқаруына тыйым салатын медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекітеді;
Тармақша 6
6) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендерге уақтылы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 13. 13-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
13-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті Білім беру саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) жалпы білім беретін мектеп оқушыларының жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы білім деңгейін арттыру бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын үйлестіреді;
Тармақша 2
2) балаларды жол жүрісі қағидаларына оқыту бойынша үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекітеді;
Тармақша 3
Тармақша 4
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 14. 14-бап. Сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті органның құзыреті
14-бап. Сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Тармақ 1
1. Сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен және мемлекеттермен қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің автокөлік құралдарына мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің үлгілерін, көлік құралдарының және олардың жүргізушілерінің халықаралық жол жүрісіне қатысуына рұқсат беру үшін қажетті басқа да арнайы өнімді әзірлеуде уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 3
3) шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің көлік құралдары жүргізушілері арасында жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуде уәкілетті органға жәрдем көрсетеді;
Тармақша 4
4) механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеуден өткізуде, емтихан қабылдауда және жүргізуші куәліктерін беруде, сондай-ақ тиісті құқықтық көмек көрсетуде шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерімен, консулдық мекемелерімен, халықаралық ұйымдар өкілдіктерімен уәкілетті органның өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруден өткізуге жәрдемдеседі;
Тармақша 6
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті орган осы баптың 1-тармағының 2) – 6) тармақшаларында көрсетілген функцияларды дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымға жүктейді.
Бап 15. 15-бап. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
15-бап. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) жол-көлік оқиғалары зардаптарының салдарынан туындаған төтенше жағдайларды жою кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын үйлестіруді ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға жол-көлік оқиғалары зардаптарының салдарынан туындаған төтенше жағдайларды жою жөнінде нұсқамалар береді;
Тармақша 3
3) жол-көлік оқиғалары зардаптарының салдарынан туындаған төтенше жағдайларды жою кезінде материалдық-техникалық ресурстарды жұмылдырады;
Тармақша 4
4) жол-көлік оқиғалары зардаптарының салдарынан туындаған төтенше жағдайларды жоюға тартылған авариялық-құтқару қызметтерінің (оның ішінде аэроұтқыр жасақтардың) жұмысын қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) трассалық медициналық-құтқару пункттерін құрады, олардың қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Бап 15-1. 15-1-бап. Индустриялық даму саласындағы уәкілетті органның құзыреті
15-1-бап. Индустриялық даму саласындағы уәкілетті органның құзыреті Индустриялық даму саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру бөлігінде Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімді іске асырады;
Тармақша 2
2) көлік құралдарының паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің паспорттарын ресімдеуді, оның ішінде көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарын ресімдеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдардың (ұйымдардың) және көлік құралдарын (көлік құралдарының шассилерін), өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерін жасаушы ұйымдардың бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігін қалыптастырады және жүргізеді;
Тармақша 3
3) электрондық паспорттар жүйесінің ұлттық операторын (ұлттық әкімшісін) айқындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну береді;
Тармақша 4
4) көлік құралдарының паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің паспорттарын ресімдеу, оның ішінде көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарын ресімдеу жөніндегі өкілеттіктерді ұйымдарға беру туралы немесе өкілеттіктерді беруден бас тарту туралы қорытынды беру тәртібі мен шарттарын айқындайды;
Тармақша 5
5) көлік құралының паспортын (көлік құралы шассиінің паспортын) және өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің паспортын қорғау элементтеріне қойылатын талаптарды бекітеді;
Тармақша 6
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 16. 16-бап. Әскери полиция органдарының құзыреті
16-бап. Әскери полиция органдарының құзыреті Әскери полиция органдары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары, Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін, тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бере отырып, мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады. 2-1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Ерекше мақсаттағы күштерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиесілі көлік құралдарын басқару құқығын беретін әскери қызметшілердің жүргізуші куәліктерін (бұдан әрі – әскери қызметшілердің жүргізуші куәліктері) беруді жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізуді ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс және ішкі істер саласындағы орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралдары колонналарымен ілесіп жүруді ұйымдастырады әрі қамтамасыз етеді және осы колонналардың өтуі кезінде жолдар мен көшелерде жол жүрісін реттеуді жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс салаларындағы уәкілетті органдардың бірінші басшысы бекітетін, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының механикалық көлік құралдары мен олардың тiркемелерiн мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 6
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 16-1. 16-1-бап. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың құзыреті
16-1-бап. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың құзыреті Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың көлік құралдарын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді.
Бап 17. 17-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) өкiлдi және атқарушы органдарының құзыретi
17-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) өкiлдi және атқарушы органдарының құзыретi
Тармақ 1
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) өкiлдi органдары:
Тармақша 1
1) жергілікті бюджетті бекіткен кезде жол жүрісін ұйымдастыру және аумақтық-көліктік жоспарлау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемдерін айқындайды;
Тармақша 2
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдары басшыларының жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi есептерiн қарайды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету бойынша өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Тармақ 1-1
1-1. Астана және Алматы қалаларының жергілікті өкілді органдары:
Тармақша 1
1) мыналарды: көлік құралдарының аялдау немесе тоқтап тұру, оның ішінде орынтұрақ кеңістіктерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі қағидаларын; Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес ұсталған көлік құралдарын арнаулы алаңдар мен тұрақтарға жеткізуді (эвакуациялауды), оларды уақытша сақтауды, көлік құралдарын жеткізу (эвакуациялау) және сақтау, қайтару құнын төлеуді; Астана және Алматы қалаларында қорғаныш конструкциялары мен реттеуші элементтерді (шлагбаумдар және басқа да қоршаулар) орнатуды қоса алғанда, жол жүрісі қағидаларында реттелмеген бөлікте Астана және Алматы қалаларында жол жүрісін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 2
2) коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарға, тұрақтарға көлік құралдарын жеткізгені (эвакуациялағаны) және уақытша сақтағаны үшін төлемақы мөлшерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдары өз құзыреті және өңір шегінде:
Тармақша 1
1) тиiстi аумақта жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) жол жүрiсi қауiпсiздiгiн медициналық қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар кешенiн ұйымдастырады әрі өткізеді және олардың орындалуын бақылайды;
Тармақша 3
3) облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда, елдi мекендердiң көшелерiнде жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, енгiзу және күтiп-ұстау жөнiндегi барлық жұмыс түрлерінің орындалуын және оларды бақылауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) жолдарда жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;
Тармақша 5
5) қала құрылысы құжаттамасында аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру бөлімінің болуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) интеллектуалды көлік жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге маманданушы ұйымдар құрады;
Тармақша 7
7) жол-көлік оқиғаларынан болған ысыраптың және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бюджет шығындарының, сондай-ақ жолдардағы авариялылық деңгейін азайту үшін қолданылатын шаралар тиімділігінің мониторингін жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) мыналар: қоғамдық көлікті дамытуды және жол жүрісін ұйымдастыруды ескере отырып, елді мекендердің бас жоспарын әзірлеу, қабылдау және орындау; қаланың жекелеген аумақтарына көлік құралдарының кіруіне әртүрлі шектеулер енгізу арқылы жол жүрісін ұйымдастырудың арнайы аймақтарын белгілеу; елді мекендерде жол жүрісін ақпараттық жағынан қамтамасыз ету арқылы елді мекендерге көліктік жүктемені азайту жөнінде шаралар қолданады;
Тармақша 9
9) жолдарда жол жүрісін қалпына келтіру үшін жол-көлік оқиғаларының зардаптарын жояды;
Тармақша 10
10) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 11
11) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы:
Тармақша 1
1) ақылы тұрақтарды (орынтұрақтарды) ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 2
2) ақылы тұрақтарды (орынтұрақтарды) ұйымдастырады.
Бап 18. 18-бап. Жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қызметті үйлестіру
18-бап. Жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қызметті үйлестіру
Тармақ 1
1. Жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қызметті үйлестіру дер кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу, олардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою және олардың зардаптарының ауырлығын азайту бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың келісілген іс-қимылдарды әзірлеуі және жүзеге асыруы арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Үйлестіру қызметінің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар қызметінің тиімділігін бағалау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 3
3) басшылар мен лауазымды адамдардың жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында жүргізген жұмысы туралы есептерін тыңдау және олардың осы саладағы қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 4
4) жол жүрісін ұйымдастыру және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданбағаны үшін лауазымды адамдарды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстарды мемлекеттік органдар мен ұйымдарға енгізу болып табылады.
Тарау 4. 4-тарау. ЖОЛ ЖҮРІСІ САЛАСЫНДАҒЫ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ
4-тарау. ЖОЛ ЖҮРІСІ САЛАСЫНДАҒЫ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ
Бап 19. 19-бап. Жол жүрісі саласындағы тәуекелдер
19-бап. Жол жүрісі саласындағы тәуекелдер
Тармақ 1
1. Жол-көлік оқиғаларының орын алуы мен олардың зардаптары жол жүрісі саласында мына бағыттар бойынша қызметті жүзеге асыруға байланысты тәуекелдер салдарынан болуы мүмкін:
Тармақша 1
1) жүк және жолаушы тасымалын жүзеге асыратын ұйымдардың тәуекелі. Бұған техникалық ақауы бар механикалық көлік құралын пайдалануға шығару, сондай-ақ денсаулық жағдайы көлік құралдарын қауіпсіз басқаруды қамтамасыз етпейтін адамдардың басқаруына рұқсат беру тәуекелі жатады;
Тармақша 2
2) автомобиль жолдарын, теміржол өтпелерін және басқа да жол құрылыстарын басқарушылардың тәуекелі. Бұған жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да жол құрылыстарын пайдалану талаптарын бұза отырып, оларды күтіп-ұстау тәуекелі жатады;
Тармақша 3
3) медициналық ұйымдар тәуекелi. Бұған: жол-көлiк оқиғасы салдарынан зардап шеккендерге дер кезінде медициналық көмек көрсетпеу; көлік құралдарын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдері немесе шектеулері бар адамдарды жол жүрісіне қатысуға жіберу тәуекелi жатады;
Тармақша 4
4) оқу ұйымдарының тәуекелі. Бұған механикалық көлік құралдары жүргізушісі болуға кандидаттарды және балаларды жол жүрісі қағидаларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу салдарынан сапасыз оқыту тәуекелі жатады;
Тармақша 5
5) жобалау және құрылыс ұйымдарының тәуекелі. Бұған жолдар және жол инфрақұрылымы объектілерін жол жүрісі қауіпсіздігінің талаптарын ескермей жобалау, салу, жөндеу және реконструкциялау тәуекелі жатады;
Тармақша 6
6) көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жұмыстарын орындайтын және қызметтерін көрсететін ұйымдардың тәуекелі. Бұған көлік құралдарын жасаушы зауыттар белгілеген нормалар мен қағидаларды, дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы техникалық регламенттердің талаптарын және көлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптарды бұза отырып, көлік құралдарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді жүргізу тәуекелі жатады;
Тармақша 7
7) көлік құралдарын жобалау мен жасап шығаруды жүзеге асыратын ұйымдардың тәуекелі. Бұған: көлік құралдарын олардың жол жүрісі жағдайларындағы қауіпсіздігі талаптарын ескермей жобалау және жасап шығару; жасап шығарылатын көлік құралдары мен олардың құрауыштарына қатысты қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтін конструкцияның, технологиялық процестердің немесе сериялы және жаппай жасап шығару өнімдерін бақылау жүйелерінің жетілдірілмеу тәуекелі жатады;
Тармақша 8
8) сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және сынақ зертханаларының тәуекелі. Бұған: көлік құралдарының қауіпсіздігін техникалық реттеу саласында көзделген талаптарды бұза отырып, көлік құралдарының, оларға орнатылатын және (немесе) пайдаланылатын жабдықтау заттары мен қосалқы бөлшектердің сәйкестігін растау; жаңа көлік құралы конструкциясының жекелеген элементтерінің жетілдірілмеуі, болмауы немесе техникалық ақауы салдарынан жол-көлік оқиғасын жасау; пайдалануға енгізілетін жаңа көлік құралдары мен олардың компоненттеріне қатысты қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтін технологиялық процестердің немесе сериялы және жаппай жасап шығару өнімдерін бақылау жүйелерінің жетілдірілмеу тәуекелі жатады;
Тармақша 9
9) техникалық қарап тексеруді жүзеге асыратын ұйымдардың тәуекелі. Бұған: пайдаланылатын көлік құралдары мен олардың құрауыштарына қатысты қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтін технологиялық процестердің немесе көлік құралдарын техникалық қарап тексеру желілерін бақылау жүйелерінің жетілдірілмеуі; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу салдарынан механикалық көлік құралдарын техникалық қарап тексеруден сапасыз өткізу жатады;
Тармақша 10
10) сауда жасаушы ұйымдардың тәуекелі. Бұған көлік құралдары қауіпсіздігінің техникалық талаптарына сай келмейтін көлік құралдарын, көлік құралдарына орнатылуы және (немесе) пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен қосалқы бөлшектерді сату тәуекелі жатады;
Тармақша 11
11) жолдар мен көлік құралдары иелерінің тәуекелі. Бұған жол-көлік оқиғаларын жасаудың жоғары қаупін туғызатын шарттармен қоса жолдар мен көлік құралдарын пайдалану тәуекелі жатады.
Тармақ 2
2. Жол жүрісі саласындағы тәуекелдерді басқару жүйесі осы Заңда белгіленеді.
Бап 20. 20-бап. Жол жүрісі саласындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі
20-бап. Жол жүрісі саласындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі
Тармақ 1
1. Жол жүрісі саласындағы тәуекелдерді басқару жүйесі жол-көлік оқиғаларының орын алу ықтималдығын, сондай-ақ жол-көлік оқиғалары салдарынан болатын ауыр зардаптарды (адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын) азайтуға бағытталады.
Тармақ 2
2. Жол жүрісі саласындағы тәуекелдерді басқару жүйесі – жол жүрісі қауіпсіздігінің жай-күйіне әсер ететін тәуекелдерді және олардың зардаптарын анықтау, бағалау, мониторингілеу, азайту үшін жол жүрісі саласында мемлекеттік органдар жүзеге асыратын, ұдайы құрылымдалған процесс.
Тармақ 3
3. Тәуекелдерді басқару процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) тәуекелдерді айқындау: тәуекелдерді және тәуекел түзетін факторларды бағалау (жол-көлік оқиғаларының барлық ықтимал себептерін жүйелі түрде және ұдайы бақылау, талдау, олардың ықтималдығы мен мөлшерлерін сапалы бағалау); тәуекелдерді сыныптау (тәуекелдер және олардың туындауына әкеп соғатын, дамуына әсер ететін факторлар ерекшелігін зерттеу, тарихи деректерді сараптамалық бағалау, тәуекелдер картасы);
Тармақша 2
2) тәуекелдерді өлшеу (бағалау), олардың өткізілу мерзімділігі тәуекелдің маңыздылығына қарай, бірақ жылына кемінде екі рет болып белгіленеді;
Тармақша 3
3) тәуекелдерді талдауды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) тәуекелдерді басқару әдісін таңдау және қолдану;
Тармақша 5
5) жол жүрісі саласындағы тәуекелдерді басқару жүйесін түзету;
Тармақша 6
6) бақылау іс-шараларын жоспарлау және жүргізу.
Тармақ 4
4. Жол жүрісі саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жол жүрісі саласындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады, онда мыналар қамтылуға тиіс:
Тармақша 1
1) орталық және жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттері, олардың жауапкершілігі;
Тармақша 2
2) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау рәсімдері;
Тармақша 3
3) тәуекелдердің жол берілетін мөлшеріне олардың жол жүрісі саласындағы сыныпталуы бойынша жеке-жеке лимиттер;
Тармақша 4
4) уәкілетті органға, орталық және жергілікті атқарушы органдарға тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі есептілікті табыс етудің ішкі рәсімдері;
Тармақша 5
5) жол жүрісі саласындағы тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі критерийлері. Жол жүрісі саласындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін орталық және жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде белгілейді.
Тармақ 5
5. Жол жүрісі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері бақылау және қадағалау органдары мен уәкілетті органның бірлескен бұйрығымен бекітіледі және мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік органдардың бақылау қызметін жоспарлауы осы Заңда белгіленген жол жүрісі саласындағы тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде жүзеге асырылады.
Бап 21. 21-бап. Жол жүрісі саласындағы мемлекеттік бақылау
21-бап. Жол жүрісі саласындағы мемлекеттік бақылау
Тармақ 1
1. Жол жүрісі саласындағы мемлекеттік бақылауды уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабының 4-тармағында көзделген мемлекеттік бақылау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 22. 22-бап. Жол жүрісі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
22-бап. Жол жүрісі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі құрылымдық бөлімшесі басшысының орынбасарлары;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік инспекторлары – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің мемлекеттік бақылау жөніндегі қызметкерлері;
Тармақша 4
4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің басшылары;
Тармақша 5
5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бас мемлекеттік инспекторларының орынбасарлары – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары;
Тармақша 6
6) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік инспекторлары – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік бақылау жөніндегі қызметкерлері жатады.
Бап 23. 23-бап. Уәкілетті органның жол жүрісі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері
23-бап. Уәкілетті органның жол жүрісі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Уәкілетті органның жол жүрісі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарының:
Тармақша 1
1) заңды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге және лауазымды адамдарға жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар беруге, ал мұндай нұсқамалар бойынша қажетті шаралар қолданылмаған жағдайда, кінәлі адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тартуға құқығы бар. Нұсқамаларды қолданылатын шаралар туралы ақпарат ұсыну мерзімдерін көрсете отырып, өз құзыретіне сәйкес жазбаша нысанда береді;
Тармақша 2
2) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың зардаптарының алдын алу және (немесе) жою, қолайсыз жол-климат жағдайлары кезінде; көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіз жүруі үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде не егер көлік құралдарын пайдалану жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса; егер теміржол өтпелері оларды жол жүрісі үшін қауіпсіз жағдайда күтіп-ұстау қағидаларына сай келмесе; жолдарда жөндеу-құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу кезінде; терроризмге қарсы операциялар және (немесе) күзет іс-шараларын жүргізу кезінде жекелеген жол учаскелерінде жол жүрісін уақытша шектеуге немесе оған тыйым салуға, оның ұйымдастырылуын өзгертуге;
Тармақша 3
3) жолдарда жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұза отырып жүзеге асырылатын жөндеу-құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізуді шектеуге немесе оларға тыйым салуға;
Тармақша 4
4) көлік құралдары мен олардың тіркемелерін, тракторларды және басқа да өздігінен жүретін машиналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, оның ішінде мұндай тыйым салуға негіз болған себептер жойылғанға дейін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін алып қоя отырып, сондай-ақ тізбесін уәкілетті орган бекітетін ақаулар және жағдайлар болған кезде пайдалануға тыйым салуға, ал тиісті техникалық пайдалану қағидаларында көзделген ақаулар болған кезде троллейбустар мен трамвайларды пайдалануға тыйым салуға; тораптарының және агрегаттарының нөмірлері не мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жасырын, қолдан жасалған, өзгертілген, сол сияқты көлік құралдарының таңбалануы тіркеу құжаттарында көрсетілген деректерге сәйкес келмеген кезде көлік құралдарын пайдалануға тыйым салуға;
Тармақша 5
5) іс жүргізуде жатқан істер мен материалдар бойынша жеке тұлғаларды және лауазымды адамдарды Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен шақыртуға, олардан қажетті түсініктемелер, анықтамалар және құжаттар (олардың көшірмелерін) алуға;
Тармақша 6
6) шұғыл медициналық көмекке мұқтаж жеке тұлғаларды медициналық ұйымға жеткізу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайларда, шет мемлекеттердің дипломатиялық, консулдық және өзге де өкілдіктеріне, халықаралық ұйымдарға тиесілі көлік құралдарынан және арнайы мақсаттағы көлік құралдарынан басқа, жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен шығындарды өтей отырып пайдалануға;
Тармақша 7
7) жол жүрісі қағидаларының сақталуын техникалық бақылау құралдарын, жол-көлік оқиғасы орнында оның зардаптарының ауырлығын азайту мақсатында қолданылатын авариялық-құтқару жабдығын, сондай-ақ жол жүрісі қауіпсіздігін арттыруға ықпал ететін өзге де техникалық құралдарды, автоматтандырылған жүйелер мен аспаптарды әзірлеу және жасау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс берушінің уәкілетті органға жүктелген функцияларын орындауға қатысуға;
Тармақша 8
8) іздестірудегі көлік құралдарын ұстауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға;
Тармақша 9
9) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы уақтылы орындалмаған қаулысы және (немесе) ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамасы бар адамға оларды орындағанға дейін мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартуға;
Тармақша 10
10) ішкі істер органы қызметкерінің өміріне немесе денсаулығына жүргізуші тарапынан қауіп-қатер (құқыққа қарсы мінез-құлық, іздеудегі адаммен ұқсастық, масаң күйде деген күдік) болмаған жағдайларда, оған көлік құралының кабинасын (салонын) тастап кетуге рұқсат беруге құқығы бар.
Тармақ 2
2. Уәкілетті органның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
Бап 24. 24-бап. Жол жүрісі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
24-бап. Жол жүрісі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша:
Тармақша 1
1) жол жүрісі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын тұжырымдауға және іске асыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіруге қатысуға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Үкіметімен, орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара қарым-қатынастарда уәкілетті органның атынан өкілдік етуге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарына және ұйымдарға Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар (қаулылар, ұсынулар) енгізуге;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық ұйымдарда және шет мемлекеттермен өзара қарым-қатынастарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіруге;
Тармақша 5
5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бас мемлекеттік инспекторларының қызметіне басшылықты жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік инспекторлар жүргізілген мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша мынадай актілер шығарады:
Тармақша 1
1) тексеру жүргізу нәтижелері бойынша акт;
Тармақша 1-1
1-1) автомобиль жолдарына, жол құрылыстарына, жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарына және теміржол өтпелеріне зерттеп-қарау жүргізу нәтижелері бойынша акт;
Тармақша 2
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасы бұзылған жағдайда, кінәлі адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулы.
Тармақ 3
3. Жеке және заңды тұлғалар жол жүрісі саласындағы нормалардың, қағидалардың, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың сақталуы тұрғысынан бақылауға жатады.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар береді, ал осы нұсқамалар бойынша қажетті шаралар қолданылмаған жағдайда, кінәлі адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартады.
Тармақ 4
Тарау 5. 5-тарау. ЖОЛ ЖҮРІСІ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ЖӘНЕ ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ ЗАРДАПТАРЫН ЖОЮҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУ
5-тарау. ЖОЛ ЖҮРІСІ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ЖӘНЕ ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ ЗАРДАПТАРЫН ЖОЮҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУ
Бап 25. 25-бап. Жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар
25-бап. Жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар
Тармақ 1
1. Көлiк және коммуникация саласындағы уәкілетті орган, жергiлiктi атқарушы органдар, қарамағында жолдар бар жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ уәкілетті органның аумақтық бөлiмшелерi жол жүрiсiн ұйымдастыру жөнiндегi iс-шараларды оның қауiпсiздiгi мен жолдардың өткiзу қабiлетiн арттыру мақсатында жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Жолдардың өткізу қабілетінің жоғары болуын және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол иелері:
Тармақша 1
1) жол жүрісін ұйымдастыру және аумақтық-көліктік жоспарлау жөніндегі құжаттама негізінде жол жүрісін ұйымдастыру және көліктік жоспарлау жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын тәулік бойы пайдалануды және жедел жөндеуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) жолдарда жүріс жолағының ені мен саны тек қоғамдық көліктің, оның ішінде жеңіл рельсті көліктің жүрісін ғана қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жеке бөлінген жолдарды ұйымдастырады.
Тармақ 3
3. Аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманы әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) жобаларды келісуді және қаржыландыру көздерін айқындауды қоса алғанда, аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру саласында бірлескен жобалауды және іс-шараларды іске асыруды өңіраралық және өңірлік үйлестіруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) адамдар жаппай келетін объектілер салуды жоспарлау кезінде аумақтық көлік жүйелерінің тасымалдау және өткізу мүмкіндіктерін есепке алуға қойылатын талаптарды белгілейді;
Тармақша 4
4) елді мекендердің көлік жүйелерінің тасымалдау және өткізу қабылетін есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында күрделі құрылыс объектілерін орналастыру және оларды көше-жол желісіне қосу тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді;
Тармақша 5
5) көліктік жоспарлау, көліктік инфрақұрылым объектілерін дамыту және орналастыру кезінде елді мекендердегі автомобильдендірудің қазіргі бар және перспективалық деңгейін есепке алуға қойылатын талаптарды белгілейді;
Тармақша 6
6) қызыл сызықтарды орнату және жаңартып отыру, олардың шекарасындағы аумақтарды пайдалану регламентін міндетті түрде сақтау, сондай-ақ көліктік инфрақұрылым объектілерінің жоспарлы орналастырылуы үшін аумақтарды резервке қою жөніндегі талаптарды енгізеді;
Тармақша 7
7) аумақтардың көліктік байланыстылығын және қолжетімділігін бағалаудың құқықтық критерийлерін және оған қойылатын нормативтік талаптарды белгілейді;
Тармақша 8
8) аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі қызметтің өзара байланысын қамтамасыз етеді;
Тармақша 9
9) қолданылуы стандарттау жөніндегі құжаттарда регламенттелген және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттамада көзделген техникалық құралдарды, құрылғылар мен конструкцияларды пайдаланады;
Тармақша 10
10) жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын орнатуға және пайдалануға қойылатын негізгі нормативтік құқықтық талаптарды белгілейді;
Тармақша 11
11) елді мекендерде және оларға іргелес аумақтарда көлік жүйелерінің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін көлік жүйелеріне, жол жүрісін ұйымдастыруға және көліктік инфрақұрылымға қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де талаптарды белгілейді.
Тармақ 4
4. Орталық және жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде көлік ағынының нормативтен тыс жүктемесімен және қоршаған ортаға антропогендік жүктемемен сипатталатын, жекелеген қала аумақтарына көлік құралдарының кіруіне әртүрлі шектеулер енгізу арқылы жол жүрісін арнайы ұйымдастыру аймақтарын құруға құқылы.
Тармақ 5
5. Көше-жол желісінің көліктік-пайдалану сипаттамаларының көлік жүйесінің қажеттіліктеріне сәйкес келуін бақылау мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде жолдарда, елді мекендердің көшелерінде, олардың жекелеген учаскелерінде, көлік тораптарында, көше-жол желісіне тән учаскелерінде көлік құралдары жүрісінің параметрлері (қозғалыс жылдамдығы, қарқындылық, жүктеме деңгейі, жүру аралығы, жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарының орналасуы мен жай-күйі) туралы деректерді жинау, өңдеу және жинақтау арқылы жол жүрісіне мониторингті жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Айрықша мақсаттағы автомобильдердің жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана және Алматы қалаларында – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі, ал басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктерде ұлттық қауіпсіздік органдары автомобиль жолдары немесе автомобиль жолдарының жекелеген учаскелері (арнайы трассалар) бойынша олардың жүру жылдамдығы мен маршруттарын айқындауға және осы жолдарда көлік құралдарының жүруіне, аялдауына және тоқтап тұруына шектеу енгізуге, жол жүрісінің бағытын уақытша өзгертуге құқылы. Күзет іс-шараларын жүргізу кезінде арнайы трассалардағы және оларға іргелес жатқан аумақтар мен акваториялардағы жөндеу, құрылыс, монтаж және өзге де жұмыстардың барлық түрлерінің жүргізілуі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісу бойынша жүзеге асырылады. Күзет іс-шараларын жүргізу кезеңінде арнайы трассалардағы жөндеу, құрылыс, монтаж және өзге де жұмыстардың барлық түрлері тоқтатыла тұруы мүмкін.
Бап 26. 26-бап. Жол жүрiсiн ұйымдастыру процесiнде оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi негiзгi талаптар
26-бап. Жол жүрiсiн ұйымдастыру процесiнде оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi негiзгi талаптар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарының оң жақпен жүруі белгіленген.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жол жүрісінің бірыңғай тәртібі, жол жүрісін реттеудің техникалық және басқа да құралдарының мақсаты мен қолданылуы жол жүрісі қағидаларында белгіленеді. Қазақстан Республикасының жолдарында орнатылған жол белгілері мен сигналдар, жарық жол сигналдары және жолдардың таңбалануы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 3
3. Жол жүрiсiн ұйымдастыру жөнiндегi қызмет қолданылуы техникалық регламенттерде регламенттелген және жол жүрiсiн ұйымдастырудың жобалары мен схемаларында көзделген техникалық құралдар мен конструкцияларды кешендi пайдалану негiзiнде қауiпсiздiк талаптарына сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.
Бап 27. 27-бап. Жол жүрісін ұйымдастыруды өзгерту
27-бап. Жол жүрісін ұйымдастыруды өзгерту
Тармақ 1
1. Жол жүрісін ұйымдастыруды өзгерту жолдарда жаяу жүргіншілердің, көлік құралдарының және өздігінен жүретін машиналардың жүру бағыттарын өзгерту, жүруіне уақытша тыйым салу немесе уақытша шектеу енгізу, оның ішінде көлік құралдары, өздігінен жүретін машиналар қозғалысының жылдамдығын, олардың массасын, білікке түсетін жүктемені, габариттік мөлшерлерін шектеу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Жолдарда немесе жекелеген жол учаскелерінде жол жүрісін уақытша шектеу немесе оған тыйым салу, оны ұйымдастыруды өзгерту:
Тармақша 1
1) жол жүрісі қауіпсіздігіне, оның ішінде жеке адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына қатер төнген;
Тармақша 2
2) жолдардың сақталуына қатер төнген;
Тармақша 3
3) жол-көлік оқиғалары;
Тармақша 4
4) атмосфералық ауа химиялық және өзге де заттар концентраттарының жол берілетін шекті нормативтерінен артық ластанған;
Тармақша 5
5) дүлей зілзалалар, қолайсыз жол-климат жағдайлары;
Тармақша 6
6) бұқаралық, спорттық және өзге де іс-шаралар өткізгенде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіз жүруі үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында не көлік құралдарын пайдалану жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндірген;
Тармақша 7
7) егер теміржол өтпелері жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сай келмеген;
Тармақша 8
8) жолдарда жөндеу-құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізілген;
Тармақша 9
9) терроризмге қарсы операциялар және (немесе) күзет іс-шаралары жүргізілген;
Тармақша 10
10) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың зардаптарын алдын алу және (немесе) жою жөніндегі іс-шаралар жүргізілген;
Тармақша 11
11) жолдардың конструктивтік элементтері жай-күйінің көрсеткіштері жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің техникалық нормаларына сәйкес келмеген;
Тармақша 12
12) мыналар: жолдардың нормативтік өткізу қабілетін қамтамасыз ету мақсатында ақылы қолжетімділікті қамтамасыз ету; белгіленген уақытта көлік құралдарының белгілі бір санаттарының кіруіне шектеу қою немесе тыйым салу; жүк және транзиттік көлік құралдарының жүруін шектеу арқылы нормативтен артық жүктеме болған;
Тармақша 13
13) мынадай: айрықша мақсаттағы автомобильдермен ілесіп жүрген кезде; ұйымдастырылған автобус колонналарының; әскери колонналардың жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүргізілген жағдайларда енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде жолдарда көлік құралдарының жүруіне уақытша тыйым салу немесе оған уақытша шектеу енгізу туралы шешімді жол иелері уәкілетті органдармен бірлесе отырып, өз құзыреті шегінде қабылдайды.
Тармақ 4
4. Жол иелері осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде бұл туралы жол жүрісіне қатысушыларға бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлай отырып, жолдарда немесе жекелеген жол учаскелерінде жол жүрісін уақытша шектеу немесе оған тыйым салу, оны ұйымдастыруды өзгерту жөнінде шұғыл шаралар қолданады.
Тармақ 5
5. Көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган жолдарда жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұза отырып жүзеге асырылатын жөндеу-құрылыс және басқа да жұмыстардың жүргізілуін шектеу немесе оған тыйым салу жөнінде шаралар қолдануға құқылы.
Бап 28. 28-бап. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қойылатын талаптар
28-бап. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Көлік құралдарын пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер:
Тармақша 1
1) жүргізушілердің жұмысын жол жүрісі процесінде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптарға сәйкес ұйымдастыруға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасында белгіленген жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауға;
Тармақша 3
3) автомобиль және қалалық жерүсті электр көлігі жүргізушілерінің және басқа да қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға;
Тармақша 4
4) жол-көлік оқиғаларының және осы Заңды бұзушылықтардың себептерін талдауға және жоюға;
Тармақша 5
5) көлік құралдарының техникалық жай-күйін, жарамды күйде пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етуге;
Тармақша 6
6) жүргізушілерді рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық қарап тексеруден өткізуді қамтамасыз етуге;
Тармақша 7
7) жүргізушілердің жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету дағдыларын жетілдіру жөнінде іс-шараларды ұйымдастыруға міндетті.
Тармақ 2
2. Автомобиль және қалалық жерүсті электр көлігімен тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған кәсіпорындар жүктердің түрлерін, оларды тасымалдау ерекшеліктерін ескере отырып, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған арнайы қағидаларды белгілейді және көлік құралдары жүргізушілеріне талаптар қояды.
Тармақ 3
3. Электр самокаттарды жалға беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер:
Тармақша 1
1) ақауы бар электр самокаттарға техникалық қызмет көрсетуді және оларды пайдаланудан алып тастауды жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) уәкілетті органдардың цифрлық жүйелерімен интеграциялауды іске асыру арқылы пайдаланушыларды сәйкестендіруді, оларды кез келген санаттағы көлік құралын басқару құқығына жарамды жүргізуші куәлігінің болуы және көлік құралдарын басқару құқығынан айыру туралы мәліметтердің болмауы тұрғысынан тексеруді қамтамасыз етуге міндетті. Он сегіз жасқа толмаған және көлік құралдарын басқару құқығы жоқ немесе одан айырылған адамдардың электр самокаттарды жалға алуына және жолдың жүру бөлігінде басқаруына жол бермеуге;
Тармақша 3
3) пайдаланушыларды пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін ықтимал айыппұлдар немесе салдары туралы ескертуге;
Тармақша 4
4) жол жүру кезінде пайдаланушылардың мінез-құлқын электр самокаттардың тұрған жері мен қозғалыс жылдамдығын қадағалауға арналған технологиялардың көмегімен бақылауға;
Тармақша 5
5) электр самокаттарға арналған әртүрлі жылдамдық режимдері бар аймақтарда электр самокаттар қозғалысының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең жоғары рұқсат етілген жылдамдығын автоматты түрде шектеуге;
Тармақша 6
6) электр самокаттарды жаяу жүргіншілер мен көлікке кедергі келтіруі мүмкін жерлерде қалдыруға жол бермеуге;
Тармақша 7
7) әрбір электр самокатқа көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуға;
Тармақша 8
8) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен электр самокатқа тіркеу нөмірін беріп және орната отырып, оны есепке алуды жүргізуге;
Тармақша 9
9) қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органға электр самокаттардың тұрған жері туралы деректерді беруге міндетті.
Бап 29. 29-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн медициналық қамтамасыз ету
29-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн медициналық қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн медициналық қамтамасыз ету:
Тармақша 1
1) көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруден, жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты оны ауыстырған кезде механикалық көлік құралдары жүргізушісін медициналық қарап тексеруден өткізу;
Тармақша 2
2) көлік құралдары жүргізушілерін рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық қарап тексеруден өткізу;
Тармақша 3
3) жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендерге уақтылы медициналық көмек көрсету;
Тармақша 4
4) жол жүрiсiне қатысушыларға, парамедиктерге, уәкілетті органның және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қызметкерлеріне жол-көлiк оқиғаларында зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету тәсілдеріне оқыту болып табылады.
Тармақ 2
2. Медициналық қарап тексерудің мақсаты көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамның және механикалық көлік құралдары жүргізушісінің жүргізуші қызметіне медициналық қарсы көрсетілімдері немесе шектеулерін айқындау болып табылады.
Тармақ 3
3. Жол жүрісі қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган медициналық көрсетілімдері бойынша механикалық көлік құралын басқаруға рұқсат берілген адамдарды өз құзыреті шегінде уәкілетті органдардың пайдаланушылары қол жеткізе алатын автоматтандырылған дерекқорға енгізеді.
Тармақ 4
4. Медициналық көрсетілімдер бойынша механикалық көлік құралын басқаруға рұқсат берілген адамдарды автоматтандырылған тіркеу мен есепке алу және уәкілетті органдар пайдаланушыларының автоматтандырылған дерекқорына қол жеткізу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Тармақ 5
5. Қайта медициналық қарап тексеру мынадай мерзімдерде өткізіледі:
Тармақша 1
1) жолаушылар, қауіпті жүктер тасымалдауды орындайтын механикалық көлік құралдарының жүргізушілері – әрбір үш жыл сайын, ал елу жасқа толғандар – жыл сайын;
Тармақша 2
2) механикалық көлік құралдарының алпыс бес жасқа толған жүргізушілері және мүгедектігі бар жүргізушілер – әрбір екі жыл сайын.
Тармақ 6
6. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған жағдайларда медициналық көрсетілімдері болған кезде қайта медициналық қарап тексеруден өту қысқартылады, бірақ кемінде бір жылға дейін қысқартылады.
Тармақ 7
7. Механикалық көлік құралдарын масаң күйде басқарғаны үшін не осындай күйдегі адамның басқаруына механикалық көлік құралын бергені үшін не жүргізушінің масаң күйде екенін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуден жалтарғаны үшін механикалық көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамдар осындай құқығын қалпына келтіру алдында, бірақ механикалық көлік құралдарын басқару құқығынан айыру мерзімі өткенге дейін бір айдан ерте емес мерзімде қайта медициналық қарап тексеруден өтуге тиіс.
Тармақ 8
8. Механикалық көлік құралдары жүргізушілерін себептерін көрсете отырып, қайта медициналық қарап тексеруге мерзімінен бұрын жіберуге:
Тармақша 1
1) адамдардың механикалық көлік құралдарын, өздігінен жүретін машиналарды басқаруына рұқсат беруге тыйым салатын немесе оларды басқару құқығына шектеу белгілейтін аурулар мен қарсы айғақтар тізбесіне енгізілген ауру белгілері пайда болған кезде – уәкілетті орган, механикалық көлік құралының жүргізушісі жалданып жұмыс істейтін жалдаушы;
Тармақша 2
2) механикалық көлік құралының жүргізушісінен адамдардың механикалық көлік құралдарын басқаруына рұқсат беруге тыйым салатын немесе оларды басқару құқығына шектеу белгілейтін аурулар мен қарсы көрсетілімдер тізбесіне енгізілген ауру анықталған кезде – денсаулық сақтау ұйымы бастамашы болуы мүмкін.
Тармақ 9
9. Механикалық көлік құралдары жүргізушілерінің қайта медициналық қарап тексеруден уақтылы өтуіне бақылау:
Тармақша 1
1) жүргізуші куәлігін беру және ауыстыру, сондай-ақ ол алып қойылғаннан кейін қайтарылған кезінде;
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 3
3) механикалық көлік құралдары жүргізушілерін жұмысқа қабылдау кезінде және олармен еңбек қатынастары кезеңінде жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Механикалық көлік құралдары жүргізушілерін рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық қарап тексеруден:
Тармақша 1
1) көлік құралдарын пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер;
Тармақша 2
2) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдары өткізеді.
Тармақ 11
11. Жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендерге медициналық көмек:
Тармақша 1
1) алғашқы сағат ішінде жол-көлік оқиғасы болған жерде және медициналық ұйымға бара жатқан жолда алғашқы көмек;
Тармақша 2
2) жол-көлік оқиғасы болған жерде, медициналық ұйымға бара жатқан жолда және медициналық ұйымда шұғыл медициналық көмек;
Тармақша 3
3) жол-көлік оқиғасында зардап шеккендерге медициналық ұйымдарда амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтиды.
Бап 30. 30-бап. Орнықты көлік
30-бап. Орнықты көлік
Тармақ 1
1. Жол жүрісі процесінде қоршаған ортаға келеңсіз әсер ету деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретін көлік құралдары орнықты көлік болып табылады.
Тармақ 2
2. Орнықты көлік:
Тармақша 1
1) көліктерді пайдаланушылардың көлік қажеттіліктерін аз шығын жұмсай отырып, барынша қанағаттандыру, сондай-ақ экономиканың бәсекеге қабілеттілігі және өңірлік дамудың теңгерімділігі үшін барлық көлік түрлерінің қолжетімділігін, ұтқырлығын және жұмыс істеуін;
Тармақша 2
2) шығарындылар мен қалдықтарды азайтуды, сондай-ақ алып жатқан аумаққа барынша аз әсер етуді және шуды азайту шараларын қамтамасыз етуге тиіс.
Тармақ 3
3. Орнықты көлікке велосипедтер және экологиялық көлік құралдары жатады.
Тармақ 4
4. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) орнықты көлікті ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 2
2) орнықты көліктің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 5
5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары орнықты көлікті дамытуды ескере отырып, көліктік жоспарлауды қамтамасыз етеді.
Бап 31. 31-бап. Интеллектуалды көлік жүйесі
31-бап. Интеллектуалды көлік жүйесі
Тармақ 1
1. Интеллектуалды көлік жүйесі өзара байланысты автоматтандырылған жүйелер кешені негізінде:
Тармақша 1
1) жол жүрісін және барлық көлік түрлерінің жұмысын басқарады;
Тармақша 2
2) жол жүрісі қауіпсіздігін және мониторингін қамтамасыз етеді;
Тармақша 2-1
2-1) жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметке мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) жол жүрісіне қатысушыларға көліктік қызмет етудің ұйымдастырылуы туралы ақпарат береді;
Тармақша 4
4) көліктік ахуалды бағалау үшін бастапқы деректерді жинайды;
Тармақша 5
5) жол-көлік ахуалы туралы ақпаратты қалыптастырады;
Тармақша 6
6) криминалдық және төтенше жағдайлар туындаған жағдайда және Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы және автомобиль көлігі туралы заңнамасын құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты тиісті уәкілетті органдарға жедел түрде береді;
Тармақ 2
2. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) интеллектуалды көлік жүйелерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 2
2) көлік жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 3
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары:
Тармақша 1
1) жол жүрісін ұйымдастыру және жедел басқару мақсатында жергілікті атқарушы органдар құрамында мамандандырылған құрылымдар құруды;
Тармақша 2
2) жол жүрісін және қалалық жолаушылар көлігін басқарудың қазіргі заманғы интеллектуалды жүйелерін енгізуді;
Тармақша 3
3) кептеліс жағдайларында жол-пайдалану қызметтерінің жұмысына қойылатын талаптарды белгілеуді;
Тармақша 4
4) жол жүрісі саласындағы мемлекеттік бақылау шараларын күшейтуді;
Тармақша 5
5) көліктік жоспарлау мен жол жүрісін ұйымдастыруды жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Бап 32. 32-бап. Жол-көлік оқиғаларында зардап шеккен адамдарға көмек көрсету және олардың зардаптарын жою
32-бап. Жол-көлік оқиғаларында зардап шеккен адамдарға көмек көрсету және олардың зардаптарын жою
Тармақ 1
1. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган азаматтық қорғау саласындағы, көлік және коммуникация саласындағы органдармен, уәкілетті органмен бірлесіп, жол-көлік оқиғаларына жедел ден қою және онда зардап шеккен адамдарға уақтылы кешенді көмек көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Жол-көлік оқиғалары кезінде жедел ден қою және зардап шеккен адамдарға уақтылы кешенді көмек көрсету:
Тармақша 1
1) жол-көлік оқиғаларында зардап шеккен адамдарға алғашқы және келесі сағаттарда көмек көрсету жүйесін әзірлеу және бекіту негізінде қамтамасыз етіледі. Жүйенің міндетті элементтері: шұғыл шақыру жүйесін енгізу; денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту қағидаларына сәйкес адамдарды алғашқы көмек көрсету дағдыларына жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, сондай-ақ көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамдарды даярлау шеңберінде оқыту; жол-көлік оқиғаларының төтенше жағдайлары туралы хабарлау, сондай-ақ уәкілетті органдардың тиісті бөлімшелеріне ақпаратты жедел және бір-ақ рет беру үшін бірыңғай жалпыұлттық телефон нөмірін енгізу; тиісті уәкілетті органдар лауазымды адамдарының ақпарат алу, оқиға орнына шығу және келу, зардап шеккендерге білікті көмек көрсетудің басталу уақыттарын тіркеу; зардап шеккендерді көлік құралынан және басқа да обьектілерден жедел шығарып алуды қамтамасыз ету; жол-көлік оқиғаларының салдарынан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету; төтенше жағдайлардың салдарын жою; тиісті уәкілетті органдармен жол-көлік оқиғаларында зардап шеккен адамдарға көмек көрсету бойынша бірлескен жоспарлы оқу-жаттығулар өткізу болып табылады;
Тармақша 2
2) алғашқы көмек көрсету және көрсетілетін алғашқы көмектің сапасын бағалау жүйесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 3
3) дене жарақаттарын, сондай-ақ психологиялық жарақаттарды барынша азайту мақсатында жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендерді және жол-көлік оқиғалары салдарынан қаза тапқандардың туыстарын ерте кезеңде оңалтуды және қолдауды қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) жол-көлік оқиғаларына ұшырағандарды оңалту үшін: үшінші тұлғалар алдында міндетті жауапкершілікті белгілеу; көлік құралдары иелерінің үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруды халықаралық өзара тану арқылы жол жүрісіне қатысушылардың сақтандыру жүйесін құру;
Тармақша 5
5) кінәлі тұлғаларды жауаптылыққа тарту және зардап шеккендерге құқықтық көмек көрсету мақсатында жол-көлік оқиғаларының мұқият тексерілуін қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) жол-көлік оқиғаларына байланысты себептер мен зардаптарды жою жөніндегі шараларды жетілдіру саласындағы зерттеулер мен әзірлемелерді көтермелеу негізінде қамтамасыз етіледі.
Бап 33. 33-бап. Шұғыл шақыру жүйесінің операторы
33-бап. Шұғыл шақыру жүйесінің операторы Шұғыл шақыру жүйесінің операторы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) шұғыл шақыру жүйесін пайдалану;
Тармақша 2
2) шұғыл шақыру жүйесін құру және дамыту жөніндегі жобаны басқару;
Тармақша 3
3) шұғыл шақыру жүйесінің аппараттық-бағдарламалық кешеніне жүйелі-техникалық қызмет көрсету;
Тармақша 4
4) шұғыл шақыру жүйесіндегі ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету;
Тармақша 5
Тармақша 6
6) шұғыл шақыру жүйесіндегі шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғыларын тіркеу және есепке алу;
Тармақша 7
7) абоненттерді сәйкестендіру карталарын шығару.
Бап 34. 34-бап. Пайдаланылып жүрген көлік құралдарын шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғыларымен жарақтандыру
34-бап. Пайдаланылып жүрген көлік құралдарын шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғыларымен жарақтандыру
Бап 35. 35-бап. Қоғамдық бірлестіктердің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға қатысуы
35-бап. Қоғамдық бірлестіктердің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға қатысуы
Тармақ 1
1. Жол жүрісіне қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құрылған қоғамдық бірлестіктер жол-көлік оқиғаларын болғызбау мақсатында өздерінің жарғыларына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен: уәкілетті органдарға стандарттау жөніндегі құжаттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар, сондай-ақ ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды, жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық нормалар мен басқа да нормативтік құжаттарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар енгізуге; қоғамдық бірлестіктер мүшелерінің өтініші бойынша жол-көлік оқиғаларының себептері мен мән-жайларына зерттеу жүргізуге, материалдарды прокуратураға беруге және сотта өз мүшелерінің мүдделерін білдіруге; авариялардың профилактикасы жөнінде іс-шаралар жүргізуге; Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган қоғамдық бірлестіктердің келісуімен оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүргізуге тартуға құқылы.
Тарау 6. 6-тарау. ЖОЛДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨТКІЗУ ҚАБІЛЕТІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУ
6-тарау. ЖОЛДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨТКІЗУ ҚАБІЛЕТІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУ
Бап 36. 36-бап. Жолдарды жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау және оларды басқару кезінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі талаптар
36-бап. Жолдарды жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау және оларды басқару кезінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі талаптар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында жолдарды жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау және оларды басқару сы Заңда, автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген жол жүрісі қауiпсiздiгі талаптары негізінде және оларды сақтай отырып орындалуға тиіс. Жолдарды жобалау, салу және реконструкциялау кезінде жол жүрісі қауіпсіздігіне теріс әсер ететін инженерлік шешімдер есебінен күрделі шығындарды азайтуға жол берілмейді.
Тармақ 2
2. Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оны жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттама уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен келісуге және бекітуге жатады.
Тармақ 3
3. Жолдардың жай-күйінің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде белгіленген талаптарға сай келуі үшін жауапкершілік жобалау кезеңінде – тапсырыс беруші мен жобаны орындаушыға, ал реконструкциялау және салу кезеңдерінде тапсырыс беруші мен жұмыстарды орындаушыға жүктеледі.
Тармақ 4
4. Пайдалану процесінде жолдардың жай-күйінің осы Заңның белгіленген талаптарына, қағидаларға, техникалық регламенттерге сай келуін қамтамасыз ету жөніндегі міндет иелігінде (қарамағында) жолдар бар жеке және заңды тұлғаларға жүктеледі.
Тармақ 5
5. Халықаралық автомагистральдар мен азиялық автомобиль жолдары желілеріне кіретін жолдар халықаралық келісімдердің талаптарына сай болуға тиіс.
Бап 37. 37-бап. Жолдардың, теміржол өтпелерінің және басқа да жол құрылыстарының жай-күйіне жауапты лауазымды адамдарға және өзге де тұлғаларға қойылатын негізгі талаптар
37-бап. Жолдардың, теміржол өтпелерінің және басқа да жол құрылыстарының жай-күйіне жауапты лауазымды адамдарға және өзге де тұлғаларға қойылатын негізгі талаптар
Тармақ 1
1. Жолдардың, теміржол өтпелерінің және басқа да жол құрылыстарының жай-күйіне жауапты лауазымды адамдар және өзге де тұлғалар:
Тармақша 1
1) жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да жол құрылысжайларын ұлттық стандарттардың, нормалар мен қағидалардың талаптарына сәйкес жол жүрісіне қауіпсіз күйде күтіп-ұстауға;
Тармақша 2
2) жекелеген жол учаскелерін пайдалану жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндірсе, олардағы жол жүрісіне кедергіні дер кезінде жою, жол жүрісіне тыйым салу немесе оны шектеу шараларын қолдануға міндетті.
Тармақ 2
2. Жолдарда жұмыстардың жүргізілуіне жауапты лауазымды адамдар және өзге де тұлғалар жұмыс жүргізілетін жерлерде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Осы жерлер, сондай-ақ жұмыс істемейтін жол машиналары, жұмыс аяқталғаннан кейін қалған, жол шегінен тысқары жерге шығарылуға болмайтын құрылыс материалдары, конструкциялар белгіленген нормаларға сәйкес келетін бағыттау және қоршау құрылғыларымен, жол белгілерімен, ал тәуліктің қараңғы мезгілінде және көріну жеткіліксіз жағдайларда қосымша қызыл немесе сары сигнал оттарымен белгіленуге тиіс. Жолдағы жұмыстар аяқталғаннан кейін көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіз жол жүрісі жағдайлары қамтамасыз етілуге тиіс.
Тармақ 3
3. Тиісті лауазымды адамдар және өзге де тұлғалар:
Тармақша 1
1) түрлі санаттағы мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып, қалаларда және жолдарда жол жүрісін ұйымдастыру және көліктік жоспарлау жөніндегі құжаттаманы, жолдарды жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарымен жабдықтауды; жолдарды, жол құрылыстарын салу, реконструкциялау жобаларын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен;
Тармақша 2
2) жолдарда бұқаралық, спорттық және өзге де іс-шаралар өткізудің схемалары мен маршруттарын уәкілетті органмен келіседі.
Бап 38. 38-бап. Жолдың жүру бөлігінде жол жұмыстарын және басқа да жұмыстарды орындайтын субьектілерге қойылатын талаптар
38-бап. Жолдың жүру бөлігінде жол жұмыстарын және басқа да жұмыстарды орындайтын субьектілерге қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Жолдардың жүру бөлігіндегі жол және басқа да жұмыстар, оның ішінде авариялық-құтқару жұмыстары уәкілетті орган мен автомобиль жолдарын басқарушыға хабарлама берілгеннен кейін жүзеге асырылуға тиіс. Жол және басқа да жұмыстардың, оның ішінде авариялық-құтқару жұмыстарының жүргізілетіні туралы хабарламаны жұмыстарды жүргізуші жұмыстар жүргізілетін учаске, жұмыстардың мерзімдері және байланыс деректері (мекенжай мен телефон) туралы ақпаратты көрсете отырып жібереді. Көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысын өзгерту не шектеу қажеттілігі жоқ жолдың жүру бөлігінің астында электрмен жабдықтау желілерін салу кезінде уәкілетті органға хабарлау талап етілмейді.
Тармақ 2
2. Жолдарда жұмыстардың жүргізілуіне жауапты лауазымды адамдар және өзге де тұлғалар жол жұмыстары және басқа да жұмыстар жүргізілетін жерлерде қозғалыс қауіпсіздігін:
Тармақша 1
1) елді мекендерде жол жұмыстары және басқа да жұмыстар жүргізілетін жерден кемінде елу метр және елді мекендерден тысқары жерлерде үш жүз метр қашықтықта жол жүрісіне қатысушыларды аталған жұмыстардың жүргізіліп жатқаны туралы ескертетін ақпарат қалқандары мен қажетті жол белгілерін орнату;
Тармақша 2
2) елді мекендерде жол жұмыстары және басқа да жұмыстар аймағында көлік құралдары қозғалысының ең жоғары рұқсат етілген жылдамдығын сағатына отыз километрден аспайтын, елді мекендерден тысқары жерлерде сағатына алпыс километрден аспайтын етіп белгілеу арқылы қамтамасыз етуге міндетті. Ұзақ қашықтықтағы жол жұмыстары және басқа да жұмыстар аймақтарында жылдамдықты шектеу тиісті белгілерді орнату арқылы жүйелі мерзімділікпен қайталанып отыруы қажет;
Тармақша 3
3) көлік құралдарының жол жүрісі жүзеге асырылуы қажет жолақтарды тиісті және анық көрінетін тігінен және көлденеңінен жол таңбаларымен белгілеу;
Тармақша 4
4) уәкілетті органмен бірлесіп, жол жұмыстары және басқа да жұмыстар аймағында көлік құралдары қозғалысының шектеулі жылдамдығының сақталуын бақылау жөніндегі іс-шараларды жүйелі жүргізу;
Тармақша 5
5) жолдың жүру бөлігінде жол жұмыстарымен және басқа да жұмыстармен айналысып жатқан адамдарды тәуліктің кез келген уақытында олардың алыс қашықтықтан көрінуін қамтамасыз ететін, халықаралық және ұлттық стандарттардың талаптарына сай келетін сигналдық қорғаныш киіммен жарақтандыру арқылы қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 3
3. Жолдың бұру жолақтарының шекараларында:
Тармақша 1
1) жолдарды салуға, реконструкциялауға, күрделі жөндеуге, жөндеуге және күтіп-ұстауға, сондай-ақ жол сервисі, жол қызметі, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін, полиция, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, кедендік, шекаралық, көліктік бақылау бекеттерін, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттерін орналастыруға, көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысын өзгерту не шектеу қажеттілігі жоқ жолдың жүру бөлігінің астында электрмен жабдықтау желілерін салуға байланысты емес жұмыстарды орындауға;
Тармақша 2
2) жолға күтім жасауға, оны салуға, реконструкциялауға, күрделі жөндеуге, жөндеуге және күтіп-ұстауға арналмаған және жол сервисі, жол қызметі, сыртқы (көрнекі) жарнама обьектілеріне, полиция, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, кедендік, шекаралық, көліктік бақылау бекеттеріне, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттеріне жатпайтын үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды және басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 3
3) жолдың бұру жолағын күтіп-ұстау немесе жолды жөндеу жөніндегі жұмыстарды қоспағанда, жер учаскелерін жыртуға, шөп шабуға, ағаш кесуді жүзеге асыруға және орман екпелері мен өзге де көпжылдық екпелерді зақымдауға, шым қабатты және топырақты ойып алуға тыйым салынады.
Бап 39. 39-бап. Жол пайдаланушыларға қатысты жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету
39-бап. Жол пайдаланушыларға қатысты жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Жолдарда тек мемлекеттік тіркеуден өткен және жарамды техникалық күйдегі көлік құралдарының жүруіне рұқсат етіледі.
Тармақ 2
2. Көлік құралдары жолдың жүру бөлігімен тек осы Заңның талаптарына және жол жүрісі қағидаларына сәйкес қозғалады.
Тармақ 3
3. Жолдарда:
Тармақша 1
1) жолдың жүру бөлігінде және тротуарда материалдарды жинап қоюға, оларды және заттарды сақтауға;
Тармақша 2
2) тұрақты және уақытша кіретін және шығатын жерлерді, басқа жолдармен қосылыстар және қиылыстар жасауға;
Тармақша 3
3) жолдың жүру бөлігіне кедергілер, шлагбаумдар орнатуға және басқа да тәсілдермен көлік құралдарының жол жүрісіне бөгет жасауға;
Тармақша 4
4) жол қызметінің, сыртқы (көрнекі) жарнаманың, полиция, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, кедендік, шекаралық, көліктік бақылау бекеттерінің, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттерінің нұсқағыштарын қоспағанда, бұру жолағында жол жүрісіне жатпайтын белгілер, нұсқағыштар орнатуға;
Тармақша 5
5) әрбір бағытта көлік құралдарының жол жүрісі үшін жолдың бөлек жүру бөліктері болмаған және әртүрлі деңгейлерде жолдардың қиылыстары жайластырылмаған кезде көлік құралы қозғалысының жылдамдығын сағатына бір жүз километрден асатын етіп белгілеуге;
Тармақша 6
6) автомобильдердің, тракторлардың, басқа да өздігінен жүретін және тіркемелі көлік құралдарының зауыттық сынақтарын жүргізуге;
Тармақша 7
Тармақша 8
8) схемалар мен маршруттарды уәкілетті органмен келіспей бұқаралық, спорттық және өзге де іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.
Тармақ 4
4. Автомагистральдарда жаяу жүргіншілердің, сондай-ақ көлiк құралынан тыс жерде үй жануарларының болуына тыйым салынады.
Бап 40. 40-бап. Жаяу жүргіншілердің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі шаралары
40-бап. Жаяу жүргіншілердің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі шаралары
Тармақ 1
1. Жаяу жүргіншілердің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызмет:
Тармақша 1
1) көлік құралдарының бәсең қауіпсіздігін жақсартуға;
Тармақша 2
2) жолдарды пайдаланудың қауіпсіз жағдайларын жасауға, оның ішінде жылдамдықты басқаруға, жаяу жүргіншілер мен көлік құралдарының көрінуін арттыруға, көлік құралдарының инженерлік-техникалық сипаттамаларын жақсартуға;
Тармақша 3
3) жүргізушілерге ақпарат беру, оларды оқыту және олардың жол жүрісі қағидаларын сақтау міндеттілігі арқылы олардың заңға мойынсынушылық мінез-құлқын қалыптастыруға;
Тармақша 4
4) жаяу жүргіншілердің мүдделерінде жасалатын өзгерістер туралы оларға консультация мен ақпарат беруге және жаяу жүргіншінің жол-көлік оқиғасында зардап шегушіге айналу тәуекелін азайтуға ықпал ететін шараларды жүзеге асыруға;
Тармақша 5
5) жаяу жүргіншілерге жол жүрісін ұйымдастыруда болатын және болған өзгерістер туралы ақпарат беруге және жаяу жүргіншінің жол-көлік оқиғаларында зардап шегушіге айналу тәуекелін азайтуға ықпал ететін шараларды жүзеге асыруға бағытталуға тиіс.
Тармақ 2
2. Жаяу жүргіншілердің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттамада:
Тармақша 1
1) жаяу жүргіншілер жүретін уақытта олар пайдаланатын қауіпсіз өзара байланысты және қозғалысқа қолайлы маршруттар жасау арқылы тәуекелдерді болғызбауды ескере отырып, жер пайдалануды жоспарлау;
Тармақша 2
2) жасанды жарықтары бар, қауіпсіз, қолайлы, өзара жалғасқан жаяу жүргінші жолдарын салу;
Тармақша 3
3) жолдарды жобалау және салу кезеңінде жаяу жүргінші мен көлік ағындары қозғалысын аварияға қарсы бөлу кедергілерімен және қоршауларымен бөлу көзделуге тиіс.
Бап 41. 41-бап. Елді мекендерді жоспарлау шеңберінде жол пайдаланушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету
41-бап. Елді мекендерді жоспарлау шеңберінде жол пайдаланушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Елді мекендердің жолдарын жоспарлау кезінде барлық жол пайдаланушылардың қажеттіліктері орнықты қалалық жоспарлау, көлік қызметтеріне сұранысты басқару және жер ресурстарын пайдалану шеңберінде:
Тармақша 1
1) қоғамдық көліктің басымдығы мен артықшылығын қамтамасыз ете отырып, халықтың жол жүруге сұранысын реттеу;
Тармақша 2
2) межелі орындарға апаратын көлік құралдарының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) елді мекендердің жолдары мен көшелерінде жол жүрісі қауіпсіздігін және олардың үздіксіз өткізу қабілетін қамтамасыз етуді ескере отырып, базарларды, адамдар жаппай жиналатын объектілерді жоспарлау мен орналастыру;
Тармақша 4
4) географиялық және демографиялық жағдайларды ескеру;
Тармақша 5
5) интеллектуалды көлік жүйесін енгізу;
Тармақша 6
6) елді мекендерді, көліктік инфрақұрылымды жоспарлау және елді мекендер жерлерін пайдалану жөніндегі функцияларға жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды енгізу негізінде қамтамасыз етіледі.
Тармақ 2
2. Елді мекендердің аумақтық-көліктік жоспарлау схемаларында, бас жоспарларында:
Тармақша 1
1) жол жүрісінің қауіпсіз және үздіксіз ұйымдастырылуы;
Тармақша 2
2) бекітілген техникалық сипаттамаларға сәйкес жол жүрісіне қатысушылардың жол-көлік оқиғаларының әсерінен жоғары қорғалу деңгейі;
Тармақша 3
3) жерасты және жерүсті жаяу жүргінші өткелдерін салу арқылы көлік және жаяу жүргінші ағындарын бөлу;
Тармақша 4
4) орынтұрақтардың, паркингтердiң, велосипед жүретiн жолақтың не велосипед жолдарының, сондай-ақ қоғамдық көлiкке, оның ішінде жеке бөлінген жол бойынша жүретін жеңіл рельсті көлікке және жедел медициналық жәрдем және өртке қарсы қызмет ұйымдарының арнайы көлiк құралдарына арналған жүру жолағының болуы;
Тармақша 4-1
4-1) электр қозғалтқыштармен жарақтандырылған механикалық көлік құралдарының тоқтап тұруы үшін, электрқуаттау станцияларымен жабдықтауға арналған, жол белгілерімен және жол таңбасымен белгіленетін, оның ішінде автожанармай құю станцияларында арнайы бөлінген орындардың болуы;
Тармақша 5
5) көлік құралдарының қарсы ағындарын қарсы жүру жолағына шығып кетуді шектейтін жол қоршауларымен бөлу;
Тармақша 6
6) көлік құралдарының қиылысатын ағындарын әртүрлі деңгейлердегі көлік айрықтарымен бөлу;
Тармақша 7
7) көлік құралдарының, халық пен өндірістің шектен тыс шоғырлануын болғызбау;
Тармақша 8
8) көлік және инженерлік ифрақұрылымды қоса алғанда, елді мекеннің аумағын болжамды демографиялық, автомобиль, жол және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сәйкес келетін жол жүрісін ұйымдастыруды ескере отырып дамыту;
Тармақша 9
9) жолдардың өткізу қабілетінің, көлік айрықтарының, көлік құралдарының орынтұрақтары мен паркингтерінің көлік құралдары шоғырлануына және елді мекендер аумақтарының құрылысына арақатынасы;
Тармақша 10
10) елді мекендерді орнықты дамыту кезінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де шаралар көзделуге тиіс.
Бап 42. 42-бап. Жол инфрақұрылымының қауіпсіз жұмыс істеуін, оны ұстап тұруды және жетілдіруді қамтамасыз ету
42-бап. Жол инфрақұрылымының қауіпсіз жұмыс істеуін, оны ұстап тұруды және жетілдіруді қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар, жол иелері мыналардың негізінде қолда бар жол инфрақұрылымының қауіпсіз жұмыс істеуін, оны ұстап тұруды және жақсартуды қамтамасыз етуге міндетті:
Тармақша 1
1) жол пайдаланушыларды санаттары бойынша бөле отырып, зардабы ауыр жол-көлік оқиғаларының санын, сондай-ақ пайдаланушылардың әрбір тобы үшін көліктік инфрақұрылымның тәуекелге әсер ететін негізгі факторларын анықтау;
Тармақша 2
2) жол-көлік оқиғаларының саны немесе ауырлығы шектен тыс болатын қауіпті жерлерді немесе жол учаскелерін анықтау және тиісті түзету шараларын қолдану;
Тармақша 3
3) қолда бар жол инфрақұрылымының қауіпсіздігіне бағалау жүргізу және қауіпсіздік көрсеткіштерін жақсарту үшін өзін-өзі ақтаған инженерлік тәсілдерді пайдалану;
Тармақша 4
4) жол желісін жобалау және пайдалану кезеңінде көлік құралдары қозғалысының есепті жылдамдығын реттеуді жүзеге асыру. Көлік құралдары қозғалысының сағатына бір жүз километрден асатын есепті жылдамдығы әрбір бағытта көлік құралдарының жол жүрісі үшін жолдың бөлек жүру бөліктері болған кезде және әртүрлі деңгейлердегі жолдардың қиылыстары жайластырылған жағдайда ғана белгіленеді;
Тармақша 5
5) қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдарын жобалау, қауіпсіздікті тексеру және жолдарды бағалау процесінде жол жүрісі қауіпсіздігі саласында кадрларды қайта даярлауға және оқытуға жәрдемдесу;
Тармақша 6
6) адам факторлары мен көлік құралдарының конструкциясын ескеріп және интеграциялай отырып, қауіпсіз жолдарды жобалау мен пайдалануға қатысты ұлттық стандарттарды әзірлеу және пайдалануға жәрдемдесу;
Тармақша 7
7) жол жұмыстары жүргізілетін жерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Тармақ 2
2. Жол инфрақұрылымының қауіпсіз жұмыс істеуін, оны ұстап тұруды және жақсартуды қамтамасыз ету жолдардағы авариялық-қауіпті жерлер мен учаскелерді жою жөніндегі іс-шараларды орындау негізінде жүзеге асырылады.
Бап 42-1. 42-1-бап. Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары ақылы коммуналдық тұрақтар ретінде айқындаған орындарда орынтұраққа қою
42-1-бап. Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары ақылы коммуналдық тұрақтар ретінде айқындаған орындарда орынтұраққа қою
Тармақ 1
1. Ақылы коммуналдық орынтұрақтарды орналастыру орындарын Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген орындарда орынтұраққа қою жол жүрісі қағидаларында реттелмеген бөлікте жол жүрісін ұйымдастыру қағидаларына және Астана, Алматы қалаларының жергілікті өкілді органдары бекітетін тарифтеуге сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
Тармақ 4
4. Осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде және жол жүрісі қағидаларында реттелмеген бөлікте жол жүрісін ұйымдастыру қағидаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, ақылы коммуналдық орынтұрақтарға ақы төлемей қоюға тыйым салынады. Тиісті растаушы құжаттың негізінде:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің, еңбек ардагерлерінің;
Тармақша 2
2) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың, мүгедектігі бар баланың заңды өкілдерінің;
Тармақша 3
3) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І немесе ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналардың;
Тармақша 4
4) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтардың;
Тармақша 5
5) электрмобильдер иелерінің көлік құралдары осы баптың 1-тармағында көзделген орындарда орынтұрақты пайдаланғаны үшін төлемақыдан босатылады. Жедел және арнаулы қызметтердің көк және (немесе) қызыл түсті жарқылдауық маяктары қосылған көлік құралдары да осы баптың 1-тармағында көзделген орындарда орынтұрақты пайдаланғаны үшін төлемақыдан босатылады.
Тармақ 5
5. Жол жүрісі қағидаларында реттелмеген бөлікте жол жүрісін ұйымдастыру қағидаларының сақталуын бақылауды Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
Бап 42-2. 42-2-бап. Электрқуаттау станцияларымен жабдықталған орындарда тоқтап тұру
42-2-бап. Электрқуаттау станцияларымен жабдықталған орындарда тоқтап тұру
Тармақ 1
1. Электр қозғалтқыштармен жарақтандырылған механикалық көлік құралдарын жүргізушілер электрқуаттау станцияларымен жабдықталған орындарда тоқтап тұруды электрқуаттау станцияларының көмегімен оларды қуаттау үшін жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Көлік құралдарын жүргізушілердің электрқуаттау станцияларымен жабдықталған орындарда оларды қуаттамай тоқтап тұруды жүзеге асыруына тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша электр қозғалтқыштармен жарақтандырылған механикалық көлік құралдарының тоқтап тұруы үшін, электрқуаттау станцияларымен жабдықтауға арналған, жол белгілерімен және жол таңбасымен белгіленетін арнайы бөлінген орындарды ұйымдастыруға міндетті.
Бап 43. 43-бап. Жол пайдаланушылардың ұтқырлыққа және қолжетімділікке қажеттіліктерін қамтамасыз ететін қауіпсіз жол инфрақұрылымын әзірлеу
43-бап. Жол пайдаланушылардың ұтқырлыққа және қолжетімділікке қажеттіліктерін қамтамасыз ететін қауіпсіз жол инфрақұрылымын әзірлеу Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар, жол иелері жол пайдаланушылардың ұтқырлыққа және қолжетімділікке қажеттіліктерін қамтамасыз ететін қауіпсіз жол инфрақұрылымын:
Тармақша 1
1) жаңа инфрақұрылымды салу кезiнде көлiк құралдарының барлық түрлерiн есепке алу, оның iшiнде жолдар мен көшелердi интеллектуалды көлiк жүйелерiмен, велосипед жүретiн жолақтармен не велосипед жолдарымен, қоғамдық көлiкке, оның ішінде жеке бөлінген жол бойынша жүретін жеңіл рельсті көлікке арналған жүру жолақтарымен қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) жаңа жобалардың техникалық сипаттамаларында барлық жол пайдаланушылардың жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қажеттіліктерінің көрініс табуын қамтамасыз ететін жаңа жобалар мен жолдарға салынатын инвестициялар үшін ең төменгі қауіпсіздік рейтингілерін белгілеу және бекіту негізінде әзірлеуге міндетті.
Бап 44. 44-бап. Жолдарда жол сервисі объектілерін жайластыру
44-бап. Жолдарда жол сервисі объектілерін жайластыру
Тармақ 1
1. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар, жол иелері жолдарды жобалау, реконструкциялау, салу және пайдалану кезеңінде:
Тармақша 1
1) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын және мүгедектігі бар адамдарға келуіне басқа азаматтармен тең жағдайлар жасайтын арнайы техникалық құралдармен, бейімдемелермен жабдықтауды ескере отырып, жол сервисі объектілерін жобалау нормаларына, салу жоспарларына және оларды орналастырудың бас схемаларына сәйкес жолдарды көрсетілген объектілермен жайластыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) жол жүрісіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ескере отырып, жол сервисі объектілерінің жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) жол жүрісіне қатысушыларға жол сервисі объектілерінің бар-жоғы және жақын жерде денсаулық сақтау және байланыс ұйымдарының орналасуы туралы ақпарат, сол сияқты тиісті жол учаскелерінде жүрудің қауіпсіз жағдайлары туралы ақпарат береді.
Тармақ 2
2. Жол сервисінің объектілері мен инженерлік коммуникацияларды жолдардың және жол құрылыстарының шегінде орналастыру жолдағы көру мүмкіндігін және Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасында көзделген жол жүрісі қауіпсіздігінің басқа да жағдайларын нашарлатпауға тиіс.
Бап 45. 45-бап. Жол жүрісі қағидаларына оқыту
45-бап. Жол жүрісі қағидаларына оқыту
Тармақ 1
1. Жол жүрісі қағидаларына оқыту үлгілік бағдарламалар мен әдістемелік ұсынымдардың негізінде жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Жол жүрісі қағидаларын оқыту меншік нысанына қарамастан, білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүргізіледі.
Бап 46. 46-бап. Қауіпсіз жолдар және ұтқырлықты қамтамасыз ету саласындағы ғылыми зерттеулер және әзірлемелер
46-бап. Қауіпсіз жолдар және ұтқырлықты қамтамасыз ету саласындағы ғылыми зерттеулер және әзірлемелер Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган, жол иелері қауіпсіз жолдарды және ұтқырлықты қамтамасыз ету мақсатында:
Тармақша 1
1) қауіпсіз жолдар және ұтқырлықты қамтамасыз ету саласында ғылыми зерттеулер жүргізу және әзірлемелер үшін қажетті жағдайлар жасау;
Тармақша 2
2) неғұрлым қауіпсіз жол инфрақұрылымының әзірлемесіне енгізу және қажетті инвестицияларды бөлу үшін ғылыми зерттеулердің экономикалық негіздемелері негізінде олардың нәтижелеріне қол жеткізу;
Тармақша 3
3) қауіпсіздікті, әсіресе осал жол пайдаланушылар үшін арттыру саласындағы инновацияларды бағалау бойынша көрсетілімдік жобаларды жүзеге асыру арқылы жобалау мен құрылыс салудың қазіргі заманғы инновациялық технологияларын енгізеді.
Тарау 7. 7-тарау. КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУ
7-тарау. КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУ
Бап 47. 47-бап. Көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
47-бап. Көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жол жүрісі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының және халықаралық шарттардың талаптары негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Тұтынушылар үшін көлік құралдарының қауіпсіздік көрсеткіштері туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган жыл сайын жаңа көлік құралдарының бәсең және белсенді қауіпсіздігін бағалаудың халықаралық рейтингтік жүйелеріне мониторинг жүргізеді. Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарын жобалау және жасау Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген талаптар ескеріле отырып жүргізіледі.
Бап 48. 48-бап. Көлік құралдарының техникалық жай-күйі мен пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдар және өзге де тұлғаларға қойылатын негізгі талаптар
48-бап. Көлік құралдарының техникалық жай-күйі мен пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдар және өзге де тұлғаларға қойылатын негізгі талаптар Көлік құралдарының техникалық жай-күйі мен пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдарға және өзге де тұлғаларға:
Тармақша 1
1) ақауларының болуынан пайдалануға тыйым салынған немесе тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған немесе белгіленген тәртіппен тіркелмеген немесе міндетті техникалық қарап тексеруден өтпеген, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаспаған иелердің көлік құралдарын желіге шығаруына;
Тармақша 2
2) көлік құралдарын басқаруға: масаң күйдегі (алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық); реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсеріндегі; жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін сырқат немесе шаршаулы күйдегі; осы санаттағы көлік құралын басқару құқығы жоқ жүргізушілерге рұқсат беруіне;
Тармақша 3
3) шынжыр табанды тракторлар мен өздігінен жүретін машиналарды асфальтты- және цемент-бетонды жабын жолдармен жүруге жіберуіне тыйым салынады.
Бап 49. 49-бап. Көлік құралдарын пайдалану кезінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі талаптар
49-бап. Көлік құралдарын пайдалану кезінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі талаптар
Тармақ 1
1. Жол жүрісіне қатысатын көлік құралдарының техникалық жай-күйі және жабдықталуы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс.
Тармақ 2
2. Жол жүрісіне қатысатын көлік құралдарын техникалық жарамды күйде ұстау жөніндегі міндет көлік құралдарының иелеріне жүктеледі.
Тармақ 3
3. Егер көлік құралы үшін рұқсат етілген ең жоғары масса белгіленсе, онда көлік құралының жүктемесімен қоса массасы рұқсат етілген ең жоғары массадан аспауға тиіс.
Тармақ 4
4. Кез келген жүк:
Тармақша 1
1) адамдарға қауіп төндірмейтіндей және мемлекеттік және жеке меншікке залал келтірмейтіндей;
Тармақша 2
2) көруді және шолуды шектемейтіндей, көлік құралының орнықтылығын бұзбайтындай және оны басқаруды қиындатпайтындай;
Тармақша 3
3) көлік құралында болуға тиіс тоқтау сигналы мен бұрылу нұсқағыштарын, жарық шағылыстыратын бейімдемелерді, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін және тіркеу мемлекетінің айырым белгісін қоса алғанда, сыртқы жарық беру аспаптарын көлегейлемейтіндей немесе қолмен берілетін сигналдарды көлегейлемейтіндей;
Тармақша 4
4) алдын алуға болатын қолайсыздықтар жасамайтындай етіп көлік құралында орналастырылуға және қажет болған жағдайда бекітілуге тиіс.
Тармақ 5
5. Тіркелген көлік құралының конструкциясына, оның ішінде оның құрамдас бөліктерінің конструкциясына, жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін қосымша жабдықтау заттарына, қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтарға өзгерістер енгізілгеннен кейін Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті қайта растауды жүргізу қажет.
Тармақ 6
6. Жол жүрісіне қатысатын көлік құралдарының конструкциясы, техникалық жай-күйі және жабдығы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жататын мынадай негізгі талаптарға сай келуге тиіс:
Тармақша 1
1) көлік құралында жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тежегіш жүйесінің, рульмен басқарудың, артқы көрініс айналарының, дыбыс сигналының, шассидің, жарық беру аспаптарының болуы;
Тармақша 2
2) көлік құралын қауіпсіз басқаруға мүмкіндік беретін жеткілікті түрде шолуды және көруді қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) көлік құралының адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіру тәуекелін болғызбайтын механизмдерінің, қосымша жабдықтау заттары мен бейімдемелердің болуы;
Тармақша 4
4) жол-көлік оқиғасы жағдайында жолаушылар және жол жүрісіне басқа да қатысушылар үшін қауіптілікті азайтуды қамтамасыз ету.
Тармақ 7
7. Көлік құралдарын пайдалану кезінде олардың қоршаған ортаға шығаратын шығарындылары қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген жол берілетін деңгейден аспауға тиіс.
Бап 50. 50-бап. Көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу кезінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі талаптар
50-бап. Көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу кезінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі талаптар
Тармақ 1
1. Көлік құралдарын жарамды күйде күтіп-ұстау мақсатында оларға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс.
Тармақ 2
2. Көлік құралдарын жасаушы зауыттар көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу нормаларын, қағидаларын және рәсімдерін оларды пайдалану шарттарын ескере отырып, белгілейді.
Тармақ 3
3. Көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөніндегі жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер оларды көлік құралдарын жасаушы зауыттар белгілеген нормалар мен қағидаларға, дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы техникалық регламенттердің талаптарына және көлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттары шығарындыларына қойылатын талаптарға сәйкес жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 4
4. Техникалық қызмет көрсетуден және жөндеуден өткен көлік құралдары жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жататын бөлікте жол жүрісіне қатысатын көлік құралдарының техникалық жай-күйі мен жабдықталуын регламенттейтін талаптарға сай болуға тиіс.
Тармақ 5
5. Көлік құралдарына техникалық қызмет көрсетудің және оларды жөндеудің жүргізілу фактісі аталған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді орындаушының қолымен және мөрімен, сондай-ақ:
Тармақша 1
1) көлік құралының сервистік кітапшасына атқарылған жұмыс және көлік құралының құрамдас бөліктерінің ауыстырылғаны туралы;
Тармақша 2
2) көлік құралының иесіне берілетін, көлік құралына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жүргізілгені туралы кепілдік талонға;
Тармақша 3
3) көлік құралын кепілдік есепке қою туралы белгі қоя отырып, көлік құралына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жүргізілген күні қойылып куәландырылады.
Тармақ 6
6. Көлік құралы иесінің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен кепілдіктің жалпы мерзімі ішінде кепілдікпен қызмет көрсетілуіне және жөндетуге құқығы бар.
Тармақ 7
7. Егер көлік құралының ақауы жасаушы зауыттың не жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді орындаушының кінәсінен туындаса, көлік құралына кепілдікпен қызмет көрсету және оны жөндеу жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Кепілдік міндеттемелер көлік құралына, оның құрамдас бөліктеріне көлік құралының иесі және жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді орындаушының арасындағы шартта ескеріліп жүргізілген жұмыстар шегінде қолданылады.
Бап 51. 51-бап. Көлік құралдарын пайдалануға тыйым салу негіздері және тәртібі
51-бап. Көлік құралдарын пайдалануға тыйым салу негіздері және тәртібі
Тармақ 1
1. Мынадай:
Тармақша 1
1) жол жүрісі қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға қатер төндіретін, тізбесін уәкілетті орган бекітетін техникалық ақаулар мен жағдайлар болған;
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 3
3) көлік құралына орнатылған тораптар мен агрегаттардың нөмірлері көлік құралының тіркеу құжаттарындағы енгізілген деректерге сәйкес келмеген, сондай-ақ егер көлік құралына орнатылған тораптар мен агрегаттарда жасырын, қолдан жасалған және өзгертілген нөмірлер болған;
Тармақша 4
4) тіркеу құжаттары болмаған;
Тармақша 5
5) шыққан жылын қоса алғанда, шығарылғанына жеті жылдан аспаған, автомобиль көлiгi саласындағы кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын М1 санатындағы көлiк құралдарын қоспағанда, мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген;
Тармақша 6
6) мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері болмаған немесе олар белгіленген талаптарға және тіркеу құжаттарына сәйкес келмеген;
Тармақша 7
7) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасасылмаған;
Тармақша 8
8) алып тасталды - ҚР 03.07.2017 № 83-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 9
9) егер олардың техникалық жай-күйі мен жабдықталуы уәкілетті орган бекіткен көлік құралдарын пайдалануға тыйым салатын ақаулар мен жағдайлар тізбесінің талаптарына сай болмаған;
Тармақша 10
10) өзімен бір құрамда жүруге арналмаған тіркемелері бар автомобильдерді басқарған;
Тармақша 11
11) рельстік көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін техникалық ақаулары болған, сондай-ақ, егер олардың техникалық жай-күйі мен жабдықталуы көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган бекіткен рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларының талаптарына сай болмаған;
Тармақша 12
12) уәкілетті орган бекіткен, көлігі арнаулы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнаулы түсті-графикалық схемалармен боялуға жататын жедел және арнаулы қызметтердің тізбесіне кірмейтін көлік құралдары арнаулы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталған және арнаулы түсті-графикалық схемалармен боялған;
Тармақша 13
13) көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері Қазақстан Республикасының жол жүрісі саласындағы заңнамасының талаптарында көзделмеген орындарға орнатылған;
Тармақша 14
14) қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралдарының алдыңғы және артқы жақтарында "Қауіпті жүк" белгісі болмаған жағдайларда көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Жол жүрісіне қатысатын көлік құралын пайдалануға тыйым салу осындай тыйым салуға негіз болған себептерді жойғанға дейін жүзеге асырылады.
Бап 52. 52-бап. Көлік құралын тоқтату негіздері мен тәртібі
52-бап. Көлік құралын тоқтату негіздері мен тәртібі
Тармақ 1
1. Ішкі істер органдары қызметкерінің талабы бойынша көлік құралын тоқтатуға мыналар негіздер болып табылады:
Тармақша 1
1) көлік құралы жүргізушісінің осы Заңның талаптарын және (немесе) жол жүрісі қағидаларын бұзуы, оның ішінде автоматты режимде анықталған немесе тіркеп-белгіленген жол жүрісі қағидаларын бұзуы;
Тармақша 2
2) айдап әкетілген, ұрланған көлік құралдарын, сондай-ақ жүргізушілері жол-көлік оқиғалары, көлік құралдарын пайдаланумен байланысты өзге де қылмыстар болған жерден қашып кеткен көлік құралдарын іздестіру жөніндегі жұмыс;
Тармақша 3
3) осы Заңның 54-бабы 3-тармағының 7) тармақшасында көзделген жағдайларда көлік құралын беру қажеттігі;
Тармақша 4
4) стационарлық полиция бекеттерінде, сондай-ақ жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде жүргізушінің осы Заңның 54-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген құжаттарын тексеру;
Тармақша 5
5) полиция бекеттерінде және бақылау-өткізу пункттерінде тасымалданатын жүк құжаттарын тексеру. Арнайы іс-шараларды жүргізу кезеңінде тасымалданатын жүк құжаттарын тексеру мақсатымен көлік құралдарын полиция бекеттерінен тыс жерде тоқтатуға жол беріледі;
Тармақша 6
6) уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың қозғалысты шектеу немесе оған тыйым салу туралы шешімдерін орындау;
Тармақша 7
7) жүргізушіге және (немесе) жолаушыға (жолаушыларға) өздері куә болып табылатын жол-көлік оқиғаларының, әкімшілік құқық бұзушылықтың, қылмыстың жасалу мән-жайлары туралы сауал қою қажеттігі;
Тармақша 8
8) жол жүрісін реттеу;
Тармақша 9
9) басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген көлік құралының осы Заңның 65-бабының 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін тексеру.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көзделмеген негіздермен ішкі істер органдары қызметкерінің талабы бойынша көлік құралын тоқтатуға тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Көлік құралын осы баптың 1-тармағына сәйкес тоқтатқан жағдайда, ішкі істер органдарының қызметкері мынадай әрекеттерді дәйектілікпен жасауға:
Тармақша 1
1) көлік құралына кідірмей жақын келуге;
Тармақша 2
2) өзін таныстыруға және жүргізушінің талап етуі бойынша қызметтік куәлігін танысу және тегі мен лауазымын анықтау үшін көрсетуге;
Тармақша 3
3) көлік құралын тоқтату себебін түсіндіруге;
Тармақша 4
4) егер көлік құралы жүргізушісінің осы Заңның талаптарын және (немесе) жол жүрісі қағидаларын бұзуы автоматты режимде анықталса немесе тіркеп-белгіленсе, жүргізушіге тиісті материалдарды танысу үшін көрсетуге міндетті.
Тармақ 4
4. Көлік құралын тоқтатуға негіздер болған кезде және ішкі істер органдарының қызметкері осы баптың 3-тармағында белгіленген барлық әрекетті орындағаннан кейін жүргізуші ішкі істер органдары қызметкерінің заңды талаптарын орындауға міндетті. 📌 Ескерту. Осы бапта арнайы іс-шаралар деп құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар жүргізетін жедел-профилактикалық, жедел-іздестіру, күзет іс-шаралары және терроризмге қарсы операциялар түсініледі.
Тарау 8. 8-тарау. ЖОЛ ЖҮРІСІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
8-тарау. ЖОЛ ЖҮРІСІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Бап 53. 53-бап. Жол жүрісіне қатысушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері
53-бап. Жол жүрісіне қатысушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Жол жүрісіне қатысушылардың жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдармен қауіпсіз жүру жағдайы құқығына мемлекет кепілдік береді және ол осы Заңның орындалуымен, осы саладағы Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілерінің және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың сақталуымен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 2
2. Жол жүрісіне қатысушылардың бірінің құқықтарын іске асыру жол жүрісіне басқа қатысушылардың құқықтарын бұзбауға тиіс.
Тармақ 3
3. Жол жүрісіне қатысушылардың:
Тармақша 1
1) жолдарда жүру үшін қауіпсіз және қолайлы жағдайларға, жолдардың, көшелердің, алаңдардың және теміржол өтпелерінің жол жүрісі қауіпсіздігінің талаптарына сай келмеуі салдарынан өздеріне келтірілген залалды өтеттіруге;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдардан және уәкілетті лауазымды адамдардан жол жүрісі жағдайлары туралы, жолдардағы бағыттың өзгеру, жүруге уақытша тыйым салудың немесе уақытша шектеудің енгізілу себептері туралы, өнімдердің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы, жол жүрісі саласындағы лауазымды адамдардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі туралы анық ақпарат алуға;
Тармақша 3
3) жол-көлік оқиғасы кезінде қызметі жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ұйымдардан және лауазымды адамдардан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, құтқару жұмыстарын және басқа да қажетті көмекті алуға;
Тармақша 4
4) жол жүрісі саласында мемлекеттік реттеуді, басқаруды және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға;
Тармақша 5
5) жол-көлік оқиғасы салдарынан өздеріне дене жарақаттары келтірілген жағдайларда, сондай-ақ көлік құралы және (немесе) жүк бүлінген не өзге де материалдық залал келтірілген жағдайларда Қазақстан Республикасының сақтандыру не азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен залалды өтеттіруге құқығы бар. Жол жүрісіне қатысушылардың жол жүрісі саласында Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары бар.
Тармақ 4
4. Жол жүрісіне қатысушылар:
Тармақша 1
1) жол жүрісі қағидаларын, осы Заңның талаптарын білуге және сақтауға;
Тармақша 2
2) реттеушінің және бағдаршам сигналдарының, жол жүрісін реттеу үшін қолданылатын жол белгілерінің, жол таңбаларының, жол жұмыстары кезінде пайдаланылатын дыбыс және жарық сигналдарының, жедел және арнаулы қызметтердің көлік құралдарының арнайы жарық және дыбыс сигналдарының талаптарын орындауға;
Тармақша 3
3) жол жүрісі үшін қауіпсіз жағдайлар жасауға, өз әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен жол жүрісіне басқа қатысушыларға, олардың көлік құралдары мен өзге де мүлкіне зиян келтірмеуге;
Тармақша 4
4) жол жабынын бүлдірмеуге және ластамауға, жол белгілерін алып тастамауға, оларды көлегейлемеуге және бүлдірмеуге, жол белгілерін, бағдаршамдарды және жол жүрісін ұйымдастырудың басқа да техникалық құралдарын өз бетімен орнатпауға;
Тармақша 5
5) жол жүрісін қиындатпауға немесе жол жүрісіне кедергі келтіретін заттарды немесе материалдарды жолға лақтыру, түсіріп кету немесе қалдыру арқылы оның қауіпсіздігіне қатер төндірмеуге, жол жүрісі үшін бөгет жасауы, адамдарға қауіп төндіруі немесе мүлікке залал келтіруі мүмкін кез келген әрекеттерден тартынуға;
Тармақша 6
6) жолда жол жүрісі үшін кедергі анықталған немесе келтірілген жағдайда осы кедергіні жою жөнінде шаралар қолдануға, ал, егер бұл мүмкін болмаса – осы Заңның талаптарына сәйкес немесе жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өзге де тәсілмен осы кедергіні белгілеуге және уәкілетті органға немесе жол иелеріне кедергі туралы хабарлауға;
Тармақша 7
7) адал, әдепті әрекет етуге, мұқият және өзара сыпайы болуға, жол жүрісі үшін кедергілер мен қауіп келтірмеуге;
Тармақша 8
8) жолдарды ластауға жол бермеуге, оның ішінде арнайы бөлінген орындардан тыс жерге қоқыстарды, жол жүрісі үшін қауіп келтіретін заттарды және өзге де заттарды тастамауға;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жол жүрісі саласындағы өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Тармақ 5
5. Жол жүрісіне қатысушыларға:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, жолдың жүру бөлігінде көлік құралын жөндеуге және оған қызмет көрсетуге;
Тармақша 2
2) жол жүрісі үшін кедергі немесе қозғалыс үшін қауіп келтіруге;
Тармақша 3
3) жолдарды және жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын бүлдіруге;
Тармақша 4
4) қоршаған ортаның ластануына жол беруге тыйым салынады.
Бап 54. 54-бап. Механикалық көлік құралы меншік иесінің және жүргізушісінің құқықтары мен міндеттері
54-бап. Механикалық көлік құралы меншік иесінің және жүргізушісінің құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Механикалық көлік құралының меншік иесі уәкілетті органның лауазымды адамының талабы бойынша көрсетілген мерзімде өзінің механикалық көлік құралын жүргізу құқығын берген адамның жеке басын куәландыратын деректерді хабарлауға, сондай-ақ міндетті техникалық қарап тексеру үшін механикалық көлік құралы мен оның тiркемесiн уақтылы ұсынуға міндетті.
Тармақ 2
2. Механикалық көлік құралы жүргізушісінің:
Тармақша 1
1) тиісті санаттағы механикалық көлік құралын басқаруға, жолдарда жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға;
Тармақша 2
2) өзінің жеке меншігіндегі көлік құралын басқару және пайдалану құқығын тиісті санаттағы механикалық көлік құралын басқару құқығы бар басқа адамдарға беруге;
Тармақша 3
3) жүргізушінің құжаттарын тексеруге құқығы бар лауазымды адамнан көлік құралын тоқтату себебіне түсіндірме алуға, бұл ретте фото- және бейнетүсірілім жүргізуге;
Тармақша 4
4) жүргізушінің құжаттарын тексеруге немесе көлік құралын пайдалануға құқығы бар адамның тегі мен лауазымын жүргізушіге қызметтік куәлігін берместен онымен танысу арқылы анықтауға;
Тармақша 5
5) жол-көлік оқиғасы болған жағдайда, егер зардап шеккендер болмаса, болған оқиғаның мән-жайларын бағалауда жүргізушілер өзара келіскен кезде және жол-көлік оқиғасын оңайлатылған ресімдеу жүзеге асырылмаған кезде оқиғаның схемасын алдын ала жасап және оған қол қойып, оқиғаны ресімдеу үшін ішкі істер органдарының жақын бөлімшесіне келуге;
Тармақша 5-1
5-1) жол-көлік оқиғасын оңайлатылған ресімдеуді жүзеге асыруға;
Тармақша 6
6) аса қажет болған кезде, егер мән-жайларға байланысты туындаған қатердің алдын алу басқаша мүмкін болмаса, жол-көлік оқиғасының алдын алу, басқа да адамдардың өмірі мен денсаулығына төнетін қатерді болғызбау үшін бұл қажет болатын жағдайларда, Қазақстан Республикасы заңнамасының тиісті талаптарын орындаудан тартына тұруға құқығы бар.
Тармақ 3
3. Механикалық көлік құралының жүргізушісі:
Тармақша 1
1) мыналарды: жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжаты болған кезде, Қазақстан Республикасында берілгендерін қоспағанда, көлік құралын басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігін не жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлігін; Қазақстан Республикасында берілгенін қоспағанда, көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін не көлік құралына меншік құқығын куәландыратын құжатын; жол парағын, алып жүретін жүкке арналған құжатты (тауар-көлік жүкқұжатын), сондай-ақ көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркелгендерді қоспағанда, көлік құралына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжаттарды өзімен бірге алып жүруге және ішкі істер органдарының, көліктік бақылау органдарының және мемлекеттік кірістер органдарының оған уәкілеттілік берілген лауазымды адамдарының талабы бойынша оларға тексеру үшін беруге;
Тармақша 2
2) ішкі істер, көліктік бақылау органдарының нысанды киім киген қызметкерінің дауыс күшейткіш құрылғысының көмегімен, ысқырып сигнал берумен бір мезгілде жүргізушіге түсінікті және орындалуы авариялық жағдай туғызбайтындай етіп дер кезінде берілуге тиіс көлік құралына бағытталған қол қимылымен немесе таяқшамен сигнал беруі арқылы көлік құралын тоқтату туралы талабы бойынша көлік құралын тоқтатуға;
Тармақша 3
3) көлiк құралының өздiгiнен жүріп кетуiн болғызбайтын шаралар қолданбай, сондай-ақ оны ішкі істер органдарының қызметкері тоқтатқан жағдайда, оның рұқсатынсыз көлiк құралын тастап кетпеуге;
Тармақша 4
4) ішкі істер органдары қызметкерінің талабы бойынша масаң күйін куәландырудан өтуге;
Тармақша 5
5) қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған көлік құралымен жүрген кезде белдікті тағуға және белдік тақпаған жолаушыларды тасымалдамауға;
Тармақша 5-1
5-1) мотоциклді немесе мопедті басқарған кезде түймеленген мотошлем киюге және түймеленген мотошлем кимеген жолаушыларды тасымалдамауға;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жағдайларда жол жүрісі қағидаларын білуін тексеруден өтуге;
Тармақша 7
7) көлік құралын: шығындарды өтеттіре отырып, шұғыл медициналық көмек көрсету үшін жол-жөнекей бағытта кетiп бара жатқан медицина қызметкерлерiне, сондай-ақ шұғыл медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды медициналық ұйымдарға тасымалдау үшiн, сондай-ақ терроризмге қарсы операциялар жүргізу кезінде жүру бағытына қарамастан, медицина қызметкерлерiне, iшкi iстер органдарының және ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлеріне; жол-көлік оқиғалары кезiнде бүлінген көлiк құралдарын тасымалдау, дүлей зілзала болған жерге бару үшiн iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi мен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерiне беруге;
Тармақша 8
8) жол-көлік оқиғасы кезінде оған қатысы бар жүргізуші: жол жүрісі қағидаларының талаптарына сәйкес көлік құралын дереу тоқтатуға (орнынан қозғамауға), авариялық жарық сигнал беруін қосуға және авариялық тоқтау белгісін (жанып-сөнетін қызыл фонарь) қоюға, оқиғаға қатысы бар заттарды қозғамауға; зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету үшiн ықтимал шараларды қолдануға, жедел медициналық жәрдем шақыруға, ал шұғыл жағдайларда зардап шеккендердi жол-жөнекей көлікпен жөнелтуге, ал егер бұл мүмкiн болмаса, өзiнiң көлiк құралымен жақын жердегi медициналық ұйымға жеткiзуге, өзiнiң тегiн, көлiк құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін хабарлауға (жеке басын куәландыратын құжатты немесе жүргiзушi куәлiгiн және көлiк құралына берілген тiркеу құжатын көрсете отырып) және оқиға болған жерге қайтып келуге; осы баптың 2-тармағының 5) және 5-1) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, болған оқиға туралы жақын жердегi iшкi iстер органына дереу хабарлауға, оны көргендердiң тектерi мен мекенжайларын жазып алуға және iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң келуiн күтуге; егер басқа көлiк құралдарының жүруі мүмкiн болмаса, жолдың жүру бөлiгiн босатуға; жолдың жүру бөлiгін босату қажет болған кезде оқиғаға қатысы бар көлiк құралының орналасуын, iздер мен заттарды куәлардың қатысуымен алдын ала белгiлеп, оларды сақтауға барлық ықтимал шараларды қолдануға және оқиға болған жердi айналып өтудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тармақ 4
4. Жүргізушіге:
Тармақша 1
1) жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжаты өзімен бірге болған жағдайда, Қазақстан Республикасында берілгендерін қоспағанда, көлік құралын басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігінсіз не жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлігінсіз көлік құралын басқаруға;
Тармақша 2
2) масаң күйде (алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық); реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерімен; жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін сырқат немесе шаршаулы күйде көлік құралын басқаруға;
Тармақша 3
3) шыққан жылын қоса алғанда, шығарылғанына жеті жылдан аспаған, автомобиль көлiгi саласындағы кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын М1 санатындағы көлiк құралдарын қоспағанда, ақауы бар көлiк құралын, мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқаруға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын және (немесе) тасымалдаушының жолаушылардың алдындағы жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаспаған иесiнің көлiк құралын басқаруға;
Тармақша 5
5) мемлекеттiк тiркеу нөмiрі белгiлерi болмаған немесе олар тiркеу құжаттарына сәйкес келмеген жағдайларда көлiк құралын басқаруға;
Тармақша 6
6) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 7
7) масаң күйдегі, реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерінде болған, сырқат немесе шаршаңқы күйдегі адамдарға, сондай-ақ жүргізуге оқып-үйренушілерден басқа, жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжаты өзімен бірге болған жағдайда, Қазақстан Республикасында берілгендерін қоспағанда, өзімен бірге осы санаттағы көлік құралын басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігі не жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлігі жоқ немесе жол (маршрут) парағында көрсетілмеген адамдарға не көлік құралын басқару құқығы жоқ немесе басқару құқығынан айырылған адамдарға көлік құралын басқаруға беруге;
Тармақша 8
8) ұйымдастырылған (оның ішінде жаяулардың да) колонналарды кесіп өтуге және олардың арасынан орын алуға;
Тармақша 9
9) телефонды не радиостанцияны тыңдауыш немесе қатты дауысты байланысты қолдану арқылы пайдалануды қоспағанда, көлік құралын басқару кезінде оларды пайдалануға;
Тармақша 10
10) тежегiштiң жұмыс жүйесi немесе рульмен басқаруы iстемейтiн, ілініс құрылғысы (поезд құрамында) жарамсыз, сондай-ақ тәулiктiң қараңғы уақытында жолдарда жасанды жарықтандыру болмағанда немесе көрінуі жеткіліксіз жағдайларда – шамдары және (немесе) артқы габариттік оттары жанбайтын (жоқ), жаңбыр немесе қар жауып тұрғанда алдыңғы терезе тазалағыштары жарамсыз көлiк құралын басқаруға;
Тармақша 11
11) өзінің қатысы бар жол-көлік оқиғасынан кейін не ішкі істер органдары қызметкерінің талабы бойынша көлік құралы тоқтатылғаннан кейін, уәкілетті лауазымды адам масаң күйді анықтау мақсатында куәландырудан өткізгенге дейін немесе уәкілетті лауазымды адам осындай куәландыруды жүргізуден босату туралы шешім қабылдағанға дейін алкоголь ішімдіктерін, есірткі немесе психотроптық заттарды пайдалануға;
Тармақша 12
12) жаяу жүргіншілердің өткелдерінде және тротуарлардың немесе жол жиектерінің сызығы бойынша жол қиылыстарында; тоннельдерде; көпірлерде, жолөткелдерде, эстакадаларда және олардың астында; теміржол өтпелерінде; жолдың жүру бөлігінің көріну мүмкіндігі бір жүз метрден кем жерлерде; аялдау пункттері орналасқан жерлерде кері бұрылуға;
Тармақша 13
13) жол қиылыстарында және кері бұрылуға тыйым салынған жерлерде артқа жүруге;
Тармақша 14
14) төрт немесе одан да көп жолағы бар екiжақты жүру жолдарында жолдың қарсы жүруге арналған жағына шығуға;
Тармақша 15
15) үш жолағы бар, олардың ортаңғысы екi бағытта да жүру үшін пайдаланылатын екiжақты жүру жолдарында қарсы жүруге арналған шеткі сол жақтағы жолаққа шығуға;
Тармақша 16
16) белгіленген тәртіппен айқындалған ең жоғары жылдамдықтан асыруға тыйым салынады. көлік құралына орнатылған "Жылдамдықты шектеу" таным белгісінде көрсетілген жылдамдықтан асыруға тыйым салынады. Көлік құралының ең жоғары жүру жылдамдығынан асыру көлік құралының орташа жүру жылдамдығын автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен анықтау немесе тіркеп-белгілеу немесе есептеу арқылы айқындалады;
Тармақша 17
17) жол жүрісіне басқа да қатысушыларға кедергі келтіруге;
Тармақша 18
18) егер бұл жол-көлік оқиғасын болғызбау үшін қажет етілмесе, кілт тежеуге;
Тармақша 18-1
18-1) мотоциклді немесе мопедті ең болмағанда бір қолымен рульден ұстамай басқаруға;
Тармақша 18-2
18-2) мотоциклді немесе мопедті бір дөңгелегімен жүргізіп басқаруға, сол сияқты осы көлік құралын басқаруға арналған орыннан тыс орналасуға;
Тармақша 18-3
18-3) мотоциклдермен немесе мопедтермен, сондай-ақ арнаулы бейімдемелерде габаритінен ұзындығы немесе ені елу сантиметрден артық шығып тұратын жүкті немесе басқаруға кедергі келтіретін жүкті тасымалдауға;
Тармақша 19
19) жүру жылдамдығын арттырумен немесе өзге де әрекеттермен басып озып бара жатқан көлік құралының басып озуына кедергі келтіруге;
Тармақша 20
20) мынадай: реттелетін жол қиылыстарында қарсы жүру жолағына шыға отырып; реттелмейтін жол қиылыстарында бағытын өзгертетін басты жолмен (рұқсат етілген оң жағынан басып озуды қоспағанда) және басты болып табылмайтын жолмен (шеңберлі жүрісті жол қиылыстарындағы басып озуды, қапталында тіркемесі жоқ екі дөңгелекті көлік құралдарын басып озуды және рұқсат етілген оң жағынан басып озуды қоспағанда) жүру кезінде; жаяу жүргiншiлер өткелдерiнде жаяу жүргiншiлер болған кезде; теміржол өтпелерiнде және олардың алдында бір жүз метрден жақын жерде; басып озып немесе айналып өтiп келе жатқан көлiк құралын; өрге көтерілу соңында және көрінуi шектеулі басқа жол учаскелерiнде қарсы жүру жолағына шыға отырып, басып озуға;
Тармақша 21
21) мынадай: егер бұл трамвайлардың жүруіне кедергi келтірсе, трамвай жолдарына тiкелей жақын жерде; теміржол өтпелерінде, тоннельдерде; эстакадаларда, көпірлерде, жолөткелдерде (егер осы бағытта жүру үшін жолақ үштен кем болса) және олардың астында (жолақтардың санына қарамастан); егер бұл көлiк құралдарының жүруіне кедергi келтірсе, тоқтаған көлiк құралы мен тұтас таңбалау сызығы (жолдың жүру бөлiгiнiң шетiн белгiлейтiннен басқа) немесе жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы шетi немесе жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы шетiнде тұрған көлiк құралы арасындағы қашықтық үш метрден кем болатын жерлерде; жаяу жүргiншiлер өткелдерiнде және олардың алдындағы бес метрден жақын жерде; ең болмағанда бiр бағытта жолдың көрiнуi бір жүз метрден кем болған кезде қауiптi бұрылысқа және жолдың бойлық қимасының дөңес құлдималарына жақын жолдың жүру бөлігінде; қапталдағы өтпенiң қарсысындағы тұтас таңбалау сызығы немесе бөлу жолағы бар үшжақты қиысу (қиылыс) жағын қоспағанда, жолдың жүру бөлiктерінiң қиылысында және жолдың қиылысатын жүру бөлiгiнiң шетiне отыз метрден жақын жерде; аялдама алаңдарында және оларға он бес метрден жақын жерде, ал олар болмаған кезде маршруттық көлік құралдары немесе такси аялдамасының нұсқағышынан он бес метрден жақын жерде; көлiк құралы басқа жүргiзушiлерден бағдаршам сигналдарын, жол белгiлерiн көлегейлейтін немесе басқа көлiк құралдарының жүруіне (кiруiне немесе шығуына) мүмкiндiк бермейтiн немесе басқа көлік құралдары мен жаяу жүргiншiлердiң жүруіне кедергi (кептеліс) келтіретін жерлерде; гүлзарларда, көгалдарда, балалар немесе спорт алаңында; велосипед жолында және (немесе) велосипед жүретін жолақта тоқтауға;
Тармақша 22
22) мынадай: тоқтауға тыйым салынған жерлерде; эстакадаларда, көпiрлерде, жолөткелдерде; елдi мекендерден тыс жерлерде "Басты жол" жол белгiсiмен белгiленген жолдың жүру бөлiгiнде; теміржол өтпелеріне елу метрден жақын жерде; егер тұрғындарға қолайсыздық келтіретін болса, елдi мекендерде қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған механикалық көлiк құралдарының; гүлзарларда, көгалдарда, балалар және спорт алаңдарында тоқтап тұруына;
Тармақша 23
23) бұл жол жүрісіне басқа қатысушыларға кедергi немесе қауiп келтірмейтініне көз жеткiзбейiнше, көлiк құралының есiктерін ашуға, оларды ашық қалдыруға немесе жолдың жүру бөлiгiне шығуға;
Тармақша 24
24) егер көлiк құралдарының көлденең бағытта жүруіне кедергi келтіре отырып, жүргiзушiнi тоқтауға мәжбүр ететiн кептеліс пайда болса, жол қиылысына немесе жолдың жүру бөлiктерінің қиылысына шығуға;
Тармақша 25
25) жүргiзушiге шолуды шектейтiн жол-жөнекей бағытта жүріп бара жатқан көлiк құралдарының алдына түсуге;
Тармақша 26
26) егер жүргiзушiнi жаяу жүргiншi өткелiнде тоқтауға мәжбүр ететiн, өзінен кейін кептеліс пайда болса, жаяу жүргiншi өткелiне шығуға;
Тармақша 27
27) мынадай: шлагбаум жабық тұрған немесе ол жабыла бастаған кезде (бағдаршам сигналына қарамастан); бағдаршамның тыйым салатын сигналы кезiнде (шлагбаумның орналасуына және оның бар-жоғына қарамастан); өтпе кезекшiсінiң тыйым салатын сигналы кезiнде (кезекшi жүргiзушiге кеудесімен немесе арқасымен тұрған, таяқша, қызыл фонарь немесе жалауша ұстаған қолын жоғары көтерген не қолдарын екі жаққа созған); егер өтпенiң арғы жағында жүргiзушiні өтпеде тоқтауға мәжбүр ететiн кептеліс пайда болса; егер көрiну шегiнде өтпеге поезд (локомотив, дрезина) жақындап қалса, теміржол өтпесіне шығуға;
Тармақша 28
28) теміржол өтпелерінен тыс жерде теміржолдардан өтуге;
Тармақша 29
29) қарсы жүру жолағына шыға отырып, теміржол өтпесі алдында тұрған көлiк құралдарын айналып өтуге;
Тармақша 30
30) теміржол өтпесіндегі шлагбаумды өз бетімен ашуға;
Тармақша 31
31) теміржол дистанциясы бастығының рұқсатынсыз теміржол өтпесі арқылы ауыл шаруашылығы, жол, құрылыс және басқа да машиналар мен механизмдердi көлiктен тыс жағдайда өткізуге, жылдамдығы сағатына сегіз километрден кем баяу жүретiн машиналардың, сондай-ақ трактор шана-сүйретпелерінің жүруіне;
Тармақша 32
32) автомагистральдарда: велосипедтерді, мопедтерді, тракторларды және өздiгiнен жүретiн машиналарды, сондай-ақ техникалық сипаттамалары немесе олардың жай-күйі бойынша жылдамдығы сағатына қырық километрден кем өзге де көлiк құралдарын басқаруға; рұқсат етiлген ең жоғары массасы үш жарым тоннадан асатын жүк автомобильдерiн екiншi жолақтан әрі басқаруға; "Тұрақ орны" немесе "Демалыс орны" жол белгілерімен белгіленген, тұраққа арналған арнайы алаңдардан тыс жерлерге тоқтауға; бөлу жолақтарының технологиялық айырымдарында керi бұрылуға және оған кiруге; артқа қарай жүруге; жүргізіп үйренуге;
Тармақша 33
33) тұрғын аймақта: көлiк құралдарының толассыз жүруіне; жолдың жүру бөлiгiнен тысқары жерде көлік құралының жүруіне; жүргізіп үйренуге; қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған электрмобильдің тоқтап тұруын қоспағанда, қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған күйде тоқтап тұруға; рұқсат етiлген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограмнан асатын жүк автомобильдерiнiң, автобустардың арнайы бөлiнген әрі белгiлермен және (немесе) таңбалармен белгіленген орындардан тыс тоқтап тұруына; дыбыс сигналын беруге, музыканы қатты қосуға; тротуарларда, көгалдарда, балалар және спорт алаңдарында тоқтап тұруға;
Тармақша 34
34) иiлгiш немесе қатты тiркемемен сүйреткен кезде – сүйретiлетiн автобуста (троллейбуста) және сүйретiлетiн жүк автомобилiнiң шанағында жолаушылардың болуына, ал таразыға тарту немесе ішінара тиеу арқылы сүйреткен кезде сүйретiлетiн көлiк құралының кабинасында немесе шанағында, сондай-ақ сүйретушінің шанағында жолаушылардың болуына жол беруге;
Тармақша 35
35) мынадай: рульмен басқаруы iстемейтiн көлiк құралын (аспалы түрде немесе жартылай тиеу әдісімен сүйретуге жол берiледi); екi және одан көп көлiк құралын; егер нақты массасы сүйрейтiн көлiк құралының нақты массасының жартысынан артық болса, тежеу жүйесi iстемейтiн көлiк құралын сүйретуге тыйым салынады. Нақты массасы аз болған кезде мұндай көлiк құралын қатты тіркемемен немесе ішінара тиеу әдiсiмен ғана сүйретуге жол берiледi; қапталдағы тiркемесi жоқ мотоциклмен, сондай-ақ мұндай мотоциклдi; көктайғақта иiлгiш тіркемемен; мопедпен пайдалануға арналған тіркемені сүйретуден басқа, мопедтерді, сондай-ақ мопедтермен сүйретуге;
Тармақша 36
36) жолаушыларды: автомобильдiң (борт платформасы бар жүк автомобилiнiң шанағында немесе фургон шанақта жолаушыларды тасымалдау жағдайларынан басқа), трактордың, өздiгiнен жүретiн машинаның кабинасынан тыс, жүк тiркемесiнде, тіркеме-үйшікте, жүк мотоциклiнiң шанағында және мотоцикл конструкциясында отыру үшін көзделген орындардан тыс; көлiк құралының техникалық сипаттамасында көзделген санынан артық тасымалдауға тыйым салынады, бұл ретте көлiк құралының нақты массасы жасаушы кәсiпорын белгiлеген рұқсат етiлген ең жоғары масса шамасынан аспауға тиiс; мотоциклдiң немесе мопедтің артқы орындығында масаң күйде; жүк автомобилiнiң шанағында отыру үшiн жабдықталған орындардың санынан артық; он алты жасқа толмағандарды мотоциклдің немесе мопедтің артқы орындығында тасымалдауға;
Тармақша 37
37) он екі жасқа дейінгі балаларды: балаларды арнайы ұстау құрылғысы немесе баланы қауіпсіздік белдігінің көмегімен тағып қойылуына мүмкіндік беретін, көлік құралының конструкциясында көзделген өзге де құралдар болмаған кезде, ал механикалық көлік құралының алдыңғы орындығында балаларды арнайы ұстау құрылғысы болмаған кезде тасымалдауға тыйым салынады. Ескертулер.
Тармақ 1
1. Әскери көлік құралдарының жүргізушілері әскери полиция органдары әскери қызметшілерінің талабы бойынша масаң күйге куәландырудан өтуге міндетті.
Тармақ 2
2. Көлік құралын беру туралы талап тиісті иммунитеті бар шет мемлекеттер өкілдіктерінің және халықаралық ұйымдардың көлік құралдарына қолданылмайды.
Тармақ 3
3. Осы баптың 3-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген, көлік құралын пайдаланған адамдар жүргізушінің талабы бойынша анықтама беруге немесе жол парағына (жолдың ұзақтығын, жүріп өткен қашықтықты, өзінің тегін, лауазымын, қызметтік куәлігінің нөмірін, өз ұйымының атауын көрсете отырып) жазба жасауға тиіс.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлерiне көлiк құралын беруге байланысты шығыстарды көлiк құралы иесiнiң талабы бойынша өз құзыреті шегінде уәкілетті органдар белгiлеген тәртiппен осы ұйымдар өтейдi.
Тармақ 5
5. Жол жүргенде көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салатын және жүргiзушi анықтай алатын өзге де ақаулар мен жағдайлар туындаған кезде ол бұларды жоюға тиiс, ал егер бұл мүмкiн болмаса, онда қажеттi сақтық шараларын сақтай отырып, тұрақ немесе жөндеу орнына бара алады.
Бап 55. 55-бап. Жолаушының құқықтары мен міндеттері
55-бап. Жолаушының құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Жолаушының:
Тармақша 1
1) көлік құралы жүрісінің жағдайлары мен тәртібі туралы анық ақпаратты уақтылы алуға;
Тармақша 2
2) көлік құралымен қауіпсіз жол жүруге және багажды алып жүруге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда келтірілген залалды өтеттіруге құқығы бар.
Тармақ 2
2. Жолаушы:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2017 № 83-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 2
2) қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған көлік құралымен жол жүрген кезде оларды тағуға, ал мотоциклмен немесе мопедпен жол жүрген кезде – түймеленген мотошлем киюге;
Тармақша 3
3) тротуар немесе жол жиегі жағынан және толық тоқтағаннан кейiн ғана отыруды және түсуді жүзеге асыруға міндетті. Егер тротуар немесе жол жиегі жағынан отыру және түсу мүмкiн болмаса, бұл қауiпсiз болатын және жол жүрісіне басқа да қатысушылар үшiн кедергi келтірмейтін жағдайларда жолдың жүру бөлiгі жағынан жүзеге асырылуы мүмкiн.
Тармақ 3
3. Жолаушыларға:
Тармақша 1
1) көлiк құралының жүруі кезiнде жүргiзушiнi оны басқарудан алаңдатуға;
Тармақша 2
2) борт платформасы бар жүк автомобилiмен жол жүрген кезде түрегелiп тұруға, бортқа немесе борттардан биiк тұратын жүктің үстiне отыруға;
Тармақша 3
3) көлік құралының жүруі кезінде оның есіктерін ашуға, сондай-ақ терезесінен және люгінен басын шығаруға;
Тармақша 4
4) мотоцикл немесе мопед жүріп келе жатқан кезде аяқ тіреуіштерге немесе орындыққа тұруға тыйым салынады.
Бап 56. 56-бап. Жаяу жүргіншінің құқықтары мен міндеттері
56-бап. Жаяу жүргіншінің құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Жаяу жүргіншінің құзыретті органдардан, жолдардың, өтпелердің және басқа да жол құрылыстарының иелерінен қауіпсіз жүру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуді талап етуге құқығы бар.
Тармақ 1-1
1-1. Жаяу жүргінші:
Тармақша 1
1) тротуарлармен және жол жиектерімен, жаяу жүргінші жолдарымен және жүруге жайластырылған және ыңғайластырылған басқа да жерлермен жүріп-тұруға;
Тармақша 2
2) жолдың жүретін бөлігін жаяу жүргінші өткелдерімен, оның ішінде жерасты және жерүсті өткелдерімен, көрінетін жерде олар болмаған кезде – тротуарлардың немесе жол жиектерінің бойымен жол қиылыстарында, көрінетін аймақта өткел немесе жол қиылысы болмаған кезде жолдың жүретін бөлігінің шетіне тік бұрышпен кесіп өтуге;
Тармақша 3
3) жаяу жүргінші өткелінен тыс жерде жолдың жүретін бөлігін кесіп өткен кезде көлік құралдарының жүрісіне кедергі келтірмеуге және жақындап қалған көлік құралдарының жоқ екендігіне көз жеткізбестен, маңайды шолуды шектейтін тоқтап тұрған көлік құралының тасасынан шықпауға;
Тармақша 4
4) реттелмейтін жаяу жүргінші өткелдерінде жолдан өту өзі үшін қауіпсіз болатынына сенімді болғаннан кейін ғана жолдың жүретін бөлігіне шығуға;
Тармақша 5
5) маршрутты көлік құралы мен таксиді – аялдама пункттерінде, ал олар болмаған кезде – тротуарда немесе жол жиегінде күтуге міндетті.
Тармақ 2
2. Жаяу жүргіншіге:
Тармақша 1
1) елдi мекенде бөлу жолағы болған кезде жолдың жүру бөлiгін жаяу жүргінші өткелінен тыс жерден, сондай-ақ жаяу жүргiншiлердің немесе жолдың қоршаулары орнатылған жерлерден өтуге;
Тармақша 2
2) автомагистральдарда тұруға тыйым салынады.
Бап 57. 57-бап. Электр самокат, велосипед, шағын электр көлігі құралын жүргізушілердің, жол бойымен малды, табынды, жүк артылған, жегілген малды немесе мініс малын айдаушылардың құқықтары мен міндеттері
57-бап. Электр самокат, велосипед, шағын электр көлігі құралын жүргізушілердің, жол бойымен малды, табынды, жүк артылған, жегілген малды немесе мініс малын айдаушылардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Электр самокат, велосипед, шағын электр көлігі құралын жүргізушілердің, жол бойымен малды, табынды, жүк артылған, жегілген малды немесе мініс малын айдаушылардың жол жүрісі қағидаларына сәйкес жолдарда жүруге құқығы бар.
Тармақ 2
2. Электр самокат, велосипед, шағын электр көлігі құралын жүргізушілер, жол бойымен малды, табынды, жүк артылған, жегілген малды немесе мініс малын айдаушылар уәкілетті орган бекіткен жол жүрісі қағидаларын білуге және сақтауға міндетті.
Тармақ 3
3. Электр самокат және велосипед жүргізушілердің:
Тармақша 1
1) ең болмағанда бір қолымен рульден ұстамай жүргізуіне;
Тармақша 2
2) жолаушыларды тасымалдауға арналған арнаулы бейімдемелері бар велосипедтермен тасымалдаудан басқа, жолаушыларды тасымалдауына;
Тармақша 3
3) тасымалдауға арналған арнаулы бейімдемелері бар велосипедтермен жүкті, сондай-ақ габаритінен ұзындығы немесе ені елу сантиметрден артық шығып тұрмайтын жүкті тасымалдаудан басқа, жүкті немесе басқаруға кедергі келтіретін жүкті тасымалдауына;
Тармақша 4
4) трамвай жүретін жолдарда және осы бағытта жүруге арналған біреуден астам жолағы бар жолдарда солға бұрылуына немесе кері бұрылуына;
Тармақша 5
5) велосипедпен пайдалануға арналған тіркемені сүйретуден басқа, электр самокаттарды және велосипедтерді, сондай-ақ электр самокаттармен және велосипедтермен сүйретуіне;
Тармақша 6
6) көлік құралынан түспей, жаяу жүргіншілер өткелімен жолдың жүру бөлігін кесіп өтуіне;
Тармақша 7
7) жол жүрісі қағидаларында айқындалған талаптарға сәйкес келетін, басқа көлік құралын жүргізушілерге көрінуді қамтамасыз ететін жарық шағылыстыратын затсыз жолдың жүру бөлігінде тәуліктің қараңғы уақытында жүріп-тұруына;
Тармақша 8
8) жолдың жүру бөлігінде басқаруы кезінде түймеленген шлемсіз болуына тыйым салынады.
Тармақ 4
Тармақ 5
5. Электр самокат жүргізушілер велосипед жолымен, велосипед жүретін жолақпен жүреді. Электр самокат жүргізушілер велосипед жолы, велосипед жүретін жолақ болмаған кезде: осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкес, жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен бір қатарда; жол жиегімен; жаяу жүргіншілердің жүрісіне қауіп төндірмей, сағатына алты километрден аспайтын жылдамдықпен тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен жүреді. Он сегіз жасқа толмаған электр самокат жүргізушілердің өзімен бірге жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжаты болған жағдайда, Қазақстан Республикасында берілгендерін қоспағанда, кез келген санаттағы көлік құралын басқару құқығына арналған жүргізуші куәлігінсіз не көлік құралын басқару құқығына арналған жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәліксіз жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен жүруіне жол берілмейді.
Тармақ 6
6. Велосипед жүргізушілер – велосипед жолымен, велосипед жүретін жолақпен, ал олар болмаған кезде жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен бір қатарда не жол жиегімен, тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен жаяу жүргіншілердің жүрісіне қауіп төндірмей жүреді. Тротуармен және (немесе) жаяу жүргіншілер жолымен қозғалтқышы бар велосипедтермен жүруге тыйым салынады. Велосипед жүргізушілерге жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен бір қатарда не жол жиегімен, жолдың жүру бөлігімен түймеленген шлемдерсіз жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады.
Тармақ 7
7. Шағын электр көлігі құралын жүргізушілердің:
Тармақша 1
1) рульсіз шағын электр көлігі құралдарын қоспағанда, ең болмағанда бір қолымен рульден ұстамай жүргізуіне;
Тармақша 2
2) жолаушыларды тасымалдауына;
Тармақша 3
3) жүкті тасымалдауына;
Тармақша 4
4) жолдың жүру бөлігімен жүруіне;
Тармақша 5
5) жанында велосипед жолы, велосипед жүретін жолақ болған кезде тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен жүруіне;
Тармақша 6
6) шағын электр көлігі құралдарын, шағын электр көлігі құралдарымен сүйретуіне;
Тармақша 7
7) шағын электр көлігі құралынан түспей, жаяу жүргіншілер өткелімен жолдың жүру бөлігін кесіп өтуіне тыйым салынады.
Тарау 9. 9-тарау. ТІРЕК-ҚИМЫЛ АППАРАТЫ БҰЗЫЛҒАН АДАМДАРДЫҢ ЖОЛ ЖҮРІСІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
9-тарау. ТІРЕК-ҚИМЫЛ АППАРАТЫ БҰЗЫЛҒАН АДАМДАРДЫҢ ЖОЛ ЖҮРІСІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Бап 58. 58-бап. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың жол жүрісін және оларға қызмет көрсететін көлік құралдарының тұрақтарын ұйымдастыру
58-бап. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың жол жүрісін және оларға қызмет көрсететін көлік құралдарының тұрақтарын ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Тірек-қимыл аппараты бұзылған жүргізушілер немесе тірек-қимыл аппараты бұзылған немесе көру қабілетінен толық айырылған адамдарға қызмет көрсететін көлік құралдарының жүргізушілері басқаратын көлік құралдарына "Қоюға тыйым салынады", "Айдың тақ күндері қоюға тыйым салынады", "Айдың жұп күндері қоюға тыйым салынады" деген тыйым салатын жол белгілерінің күші қолданылмайды.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Егер "Тұрақ орны" деген ақпараттық-нұсқағыш жол белгісімен "Мүгедектігі бар адамдар" деген қосымша ақпарат жол белгісі (тақтайша) орнатылған жағдайда, "Тұрақ орны" деген жол белгісінің күші "Мүгедектігі бар адам" деген таным белгілері орнатылған мотоколяскалар мен автомобильдерге ғана қолданылады.
Тармақ 4
4. Егер тыйым салатын не нұсқайтын жол белгілерімен "Мүгедектігі бар адамдардан басқа" деген қосымша ақпарат жол белгісі (тақтайша) орнатылған жағдайда, онда осы жол белгілерінің күші "Мүгедектігі бар адам" деген таным белгілері орнатылған мотоколяскалар мен автомобильдерге қолданылмайды.
Бап 59. 59-бап. Тірек-қимыл аппараты бұзылған жүргізушілердің немесе тірек-қимыл аппараты бұзылған немесе көру қабілетінен толық айырылған адамдарға қызмет көрсететін көлік құралдары жүргізушілерінің арнайы құқықтары
59-бап. Тірек-қимыл аппараты бұзылған жүргізушілердің немесе тірек-қимыл аппараты бұзылған немесе көру қабілетінен толық айырылған адамдарға қызмет көрсететін көлік құралдары жүргізушілерінің арнайы құқықтары
Тармақ 1
1. "Мүгедектігі бар адам" деген таным белгілері бар көлік құралдарын басқаратын тірек-қимыл аппараты бұзылған жүргізушілердің:
Тармақша 1
1) тұрған көлік құралы жаяу жүргіншілердің жүруі үшін ені кемінде бір жарым метр бос жолақ қалдырып, тротуарға толығымен орналасқан жағдайда елді мекендердегі тоқтауға немесе тоқтап тұруға тыйым салатын жол белгілері қолданылатын аймақта көлік құралын тоқтатуға және қоюға құқығы бар. Бұл қағида тоқтауға тыйым салатын жол таңбасымен белгіленген жол учаскелерінде қолданылмайды.
Тармақша 2
2) жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмейтін және басқа да көлік құралдарын жол жүрісі мүмкіндігінен айырмайтын жағдайда тоқтап тұруға тыйым салатын жол белгілері қолданылатын аймақта, уақыты шектеулі тұрақ орындарында көзделген мерзімнен артық және тұрақ орындарының шегінен тыс аула аумағындағы жолдарда көлік құралын қоюға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Тірек-қимыл аппараты бұзылған немесе көру қабілетінен толық айырылған адамдарға қызмет көрсететін көлік құралдарының жүргізушілері тірек-қимыл аппараты бұзылған немесе көру қабілетінен толық айырылған адамдарды отырғызу немесе түсіру үшін елді мекендердегі тоқтауға тыйым салатын жол белгілері қолданылатын аймақта көлік құралын тоқтатады.
Тармақ 3
3. Тірек-қимыл аппараты бұзылған немесе көру қабілетінен толық айырылған адамды қолынан жетектеп межелі жеріне және кері алып жүретін, тірек-қимыл аппараты бұзылған немесе көру қабілетінен толық айырылған адамға қызмет көрсететін көлік құралының жүргізушісі осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларда елді мекендерде көлік құралын тоқтатады.
Тарау 10. 10-тарау. ЖОЛ ЖҮРІСІНЕ ҚАТЫСУҒА РҰҚСАТ БЕРУ
10-тарау. ЖОЛ ЖҮРІСІНЕ ҚАТЫСУҒА РҰҚСАТ БЕРУ
Бап 60. 60-бап. Көлік құралдарына және оларды басқаратын адамдарға жол жүрісіне қатысуға рұқсат беру
60-бап. Көлік құралдарына және оларды басқаратын адамдарға жол жүрісіне қатысуға рұқсат беру
Тармақ 1
1. Көлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағындағы жол жүрісіне қатысуына рұқсат беру:
Тармақша 1
1) көлік құралдарының, көлік құралдарына орнатылатын және (немесе) пайдаланылатын жабдықтау заттары мен қосалқы бөлшектердің сәйкестігін растау;
Тармақша 2
2) тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бере отырып, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу және есепке алу;
Тармақша 3
3) көлік құралдарын міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу;
Тармақша 4
4) халықаралық жол жүрісіне рұқсат беруге арналған шарттарды орындау арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 1-1
1-1. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер жалға беретін электр самокаттардың жол жүрісіне қатысуына рұқсат беру көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен электр самокатта орнатылатын тіркеу нөмірі болған кезде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Адамдардың Қазақстан Республикасының аумағындағы жол жүрісіне қатысуына рұқсат беру:
Тармақша 1
1) көлік құралдарын басқару құқығына куәліктер беру арқылы жүзеге асырылады.
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 61. 61-бап. Көлік құралдарының, көлік құралдарына орнатылуы және (немесе) пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен қосалқы бөлшектердің сәйкестігін растау
61-бап. Көлік құралдарының, көлік құралдарына орнатылуы және (немесе) пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен қосалқы бөлшектердің сәйкестігін растау
Тармақ 1
1. Сәйкестігі міндетті расталуға (сертификатталуға немесе декларациялануға) жататын көлік құралдарын, көлік құралдарына орнатылатын және (немесе) пайдаланылатын жабдықтау заттары мен қосалқы бөлшектердің Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігі оларды айналымға шығарудың қажетті шарты болып табылады.
Тармақ 2
2. Тіркелген көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізуге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген талаптарға қатаң сәйкестікте жол беріледі. Тіркелген көлік құралының конструкциясына енгізілген өзгерістер көлік құралының тіркеу құжаттарында көрініс табуға тиіс.
Тармақ 3
3. Көлік құралдарының, көлік құралдарына орнатылуы және (немесе) пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен қосалқы бөлшектердің сәйкестігін растайтын, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес берілген шетелдік сертификаттарды және өзге де құжаттарды тану Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде белгіленген нысандардың сәйкестігін растайтын сертификаттарға және өзге де құжаттарға оларды қайта ресімдеу арқылы техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, бұрын тұтынылған, көрмеге әкелінетін және нысаналы пайдаланылмайтын, сондай-ақ гуманитарлық көмек желісі бойынша берілетін көлік құралдары, оларға орнатылуы және (немесе) пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен қосалқы бөлшектер сәйкестікті міндетті растау объектілеріне жатпайды.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес берілген дөңгелекті көлік құралдарын техникалық қарап тексерудің қолданыстағы сертификаты Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін бұрын тұтынылған көлік құралдарын айналымға шығарудың және оларды уәкілетті органда тіркеудің қажетті шарты болып табылады.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін дөңгелекті көлік құралдарын техникалық қарап тексерудің шетелдік сертификаттарын тану Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Көлік құралдарының, көлік құралдарына орнатылуы және (немесе) пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен қосалқы бөлшектердің Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарына сәйкестігі үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде сәйкестікті растау жөніндегі органдарға және сынақ зертханаларына жүктеледі.
Бап 62. 62-бап. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеудің мақсаттары
62-бап. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеудің мақсаттары Қазақстан Республикасында көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерлерде көлік құралдарының жол жүрісіне қатысуына және (немесе) пайдаланылуына рұқсат ету;
Тармақша 2
2) көлік құралдарын мемлекеттік есепке алу;
Тармақша 3
3) көлік құралдарын пайдалануға байланысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу мақсатында жүзеге асырылады.
Бап 63. 63-бап. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеудің міндеттілігі
63-бап. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеудің міндеттілігі
Тармақ 1
1. Басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген, халықаралық жол жүрісіне қатысатын және Қазақстан Республикасына бір жылдан аспайтын мерзімге әкелінетін механикалық көлік құралдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында жасалған немесе Қазақстан Республикасына әкелінген, осы Заңда айқындалатын механикалық көлік құралдары міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.
Тармақ 2
2. Осы Заңға сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтпеген механикалық көлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағында жол жүрісіне қатысуына және (немесе) пайдаланылуына тыйым салынады.
Бап 64. 64-бап. Мемлекеттік тіркеуге жататын көлік құралдарының түрлері
64-бап. Мемлекеттік тіркеуге жататын көлік құралдарының түрлері
Тармақ 1
1. Уәкілетті органда мемлекеттік тіркеуге механикалық көлік құралдары мен тіркемелердің мынадай түрлері жатады:
Тармақша 1
1) жеңіл, жүк автомобильдері, автобустар, олардың базасында жасалған арнайы автомобильдерді қоса алғанда, және троллейбустар;
Тармақша 2
2) мотоциклдер, трициклдер, квадроциклдер мен мопедтер;
Тармақша 3
3) автомобильдердің құрамында жүруге арналған тіркемелер.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелері əскери полиция органдарында мемлекеттік тіркеуге жатады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік тіркеуге: ұрыс көлік құралдары, тракторлар, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилерді қоса алғанда, және жолдардан тыс жерде жүретін технологиялық көлiк ретiнде пайдаланылатын механизмдер, тiркемелер; трамвайлар және басқа да рельстік механикалық көлiк құралдары; басқа мемлекеттерде тiркелген және Қазақстан Республикасының аумағына бір жылдан кем мерзiмге әкелiнген жеңiл, жүк автомобильдерi мен автобустар, олардың шассилерiнде жасалған арнайы автомобильдерді қоса алғанда, мотоциклдер мен мотороллерлер, мопедтер; автомобильдердiң құрамында жүруге арналған тiркемелер жатпайды.
Бап 65. 65-бап. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы халықаралық жол жүрісіне көлік құралдарының қатысуына рұқсат беру
65-бап. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы халықаралық жол жүрісіне көлік құралдарының қатысуына рұқсат беру
Тармақ 1
1. Көлік құралы, егер оны Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты жоқ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам пайдаланса және:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бар жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі болса;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасында тіркелмесе;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасына уақытша әкелінсе, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы халықаралық жол жүрісінде деп есептеледі. ҚР Конституциялық Сотының 03.12.2024 № 54-НҚ нормативтік қаулысымен 65-бабының 1-тармағы Қазақстан Республикасына уақытша әкелінген, Қазақстан Республикасында тіркелмеген, Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты жоқ шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға тиесілі және олар Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланатын көлік құралдарына қолданылады дегенде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды. ҚР Конституциялық Сотының 03.12.2024 № 54-НҚ нормативтік қаулысымен 65-бабының 1-тармағы Қазақстан Республикасына уақытша әкелінген, Қазақстан Республикасында тіркелмеген, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері бар Қазақстан Республикасының азаматына тиесілі және өзі Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланатын көлік құралына қолданылмайды дегенде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді деп танылды.
Тармақ 1-1
1-1. Көлік құралы, егер оны Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері бар Қазақстан Республикасының азаматы пайдаланса және:
Тармақша 1
1) оған тиесілі болса;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасында тіркелмесе;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасына уақытша әкелінсе, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы халықаралық жол жүрісіндегі көлік құралы деп есептеледі.
Тармақ 2
2. Халықаралық жол жүрісіне қатысатын көлік құралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап бір жылға дейін Қазақстан Республикасының аумағында бола алады. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін халықаралық жол жүрісіндегі көлік құралы Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерге ұзақтығы кемінде үзіліссіз күнтізбелік отыз күн болатын мерзімге әкетілуге жатады.
Тармақ 3
3. Халықаралық жол жүрісіндегі көлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағындағы жол жүрісіне қатысуына рұқсат беру Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес берілген:
Тармақша 1
1) көлік құралын, тіркемені тіркеу туралы куәлік;
Тармақша 2
2) көлік құралының тіркеу нөмірі;
Тармақша 3
3) мемлекеттің айырым белгісі;
Тармақша 4
4) көлік құралының таным белгісі;
Тармақша 5
5) көлік құралының техникалық қарап-тексеруден өтуі фактісін растайтын құжат;
Тармақша 6
6) көлік құралы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты;
Тармақша 7
7) көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассиінің паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесінен алынған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген автокөлік құралдарының сәйкестендіру белгілері және оларды тіркеу есебі туралы мәліметтер болған кезде жүзеге асырылады.
Бап 66. 66-бап. Көлік құралдары иелерінің құқықтары мен міндеттері
66-бап. Көлік құралдары иелерінің құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Көлік құралдары иелерінің:
Тармақша 1
1) уәкілетті органнан көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу тәртібі туралы ақпарат және түсіндірме алуға;
Тармақша 2
2) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің цифрлық және (немесе) әріптік белгіленуін таңдауға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Көлік құралдарының иелері:
Тармақша 1
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында механикалық көлік құралдарын сатып алғаннан немесе жеке пайдалану үшін шығарумен, ішкі тұтыну үшін шығарумен, Қазақстан Республикасына бір жылдан астам мерзімге уақытша әкелінгендерді шығарумен байланысты кедендік операциялар жасалғаннан кейін көлік құралдарын он жұмыс күні ішінде уәкілетті органда тіркеуге;
Тармақша 2
2) көлік құралдарын, оларды міндетті түрде көрсету көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларында көзделген жағдайларда, уәкілетті органға көрсетуге;
Тармақша 3
3) көлік құралын кәдеге жаратудың алдында немесе жоғалғаннан кейін не Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты болуға көлік құралын әкетудің алдында механикалық көлік құралын мемлекеттік тіркеуді тоқтату үшін уәкілетті органға өтініш жасауға;
Тармақша 4
4) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы уақтылы орындалмаған қаулылар болған кезде айыппұл төлеуге міндетті.
Бап 67. 67-бап. Көлік құралын мемлекеттік тіркеуге немесе көлік құралының тіркеу деректерін өзгертуге тыйым салу
67-бап. Көлік құралын мемлекеттік тіркеуге немесе көлік құралының тіркеу деректерін өзгертуге тыйым салу
Тармақ 1
1. Басқару органдары оң жақта орналасқан, жолдармен жүруге және олармен адамдарды немесе жүктерді тасымалдауға арналған немесе М1 санатындағы көлік құралының шанағын ауыстыруға байланысты немесе соңғы тіркеу жүзеге асырылған мемлекетте тіркеу есебінен шығарылмаған көлік құралдарын бастапқы тіркеуге тыйым салынады.
Тармақ 1-1
1-1. Шығарылғанына он жылдан асқан автобустарды бастапқы тіркеуге тыйым салынады.
Тармақ 1-2
1-2. Осы баптың 1 және 1-1-тармақтарында көзделген ережелер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде айналымға шығарылған және Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарына қолданылмайды. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген көлік құралдарын бастапқы тіркеу тәртібін, шарттары мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Тармақ 2
2. Көлік құралын тіркеуге және тіркеу деректерін өзгертуге:
Тармақша 1
1) жаңа көлік құралдары үшін Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың және осы Заңның 61-бабының талаптарына сәйкес берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі таныған сәйкестік сертификаттары болмаған;
Тармақша 2
Тармақша 3
3) тіркеу құжаттары болмаған;
Тармақша 4
4) көлік құралын жасаушы басып берген нөмірлік агрегаттардың таңбасын қолдан жасау, жасыру, өзгерту және (немесе) жою салдарынан көлік құралын сәйкестендіру мүмкін болмаған;
Тармақша 5
5) осы Заңның 72-бабында көрсетілген, көлік құралының таңбаланған сәйкестендіру белгісі бар конструкциясының құрамдас бөлігі ауыстырылған;
Тармақша 6
6) қолдан жасалған (жасанды) құжаттар ұсынылған;
Тармақша 7
7) көлік құралы іздестіруде болған;
Тармақша 8
Тармақша 9
9) М1 санатындағы көлік құралының шанағы ауыстырылған жағдайда тыйым салынады.
Бап 68. 68-бап. Көлік құралын мемлекеттік тіркеуден немесе көлік құралының тіркеу деректерін өзгертуден бас тарту
68-бап. Көлік құралын мемлекеттік тіркеуден немесе көлік құралының тіркеу деректерін өзгертуден бас тарту
Тармақ 1
1. Көлік құралын мемлекеттік тіркеуден немесе көлік құралының тіркеу деректерін өзгертуден бас тартуға:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тағайындалған (енгізілген) тіркеу әрекеттерін жасауға тыйым салулардың және шектеулердің болуы;
Тармақша 2
2) көлік құралы меншік иесінің мүдделерін білдіруге өкілеттігі жоқ адамның көлік құралдарын тіркеу органына өтініш жасауы;
Тармақша 3
3) тіркеу әрекеттерін жүргізу үшін қажетті құжаттарды ұсынбау немесе толық емес көлемде ұсыну, сондай-ақ оқылмайтын, қарындашпен жазылған, тазартулары, қосып жазылғандары, сызып тасталған сөздері, сондай-ақ келісілмеген түзетулері бар құжаттарды ұсыну;
Тармақша 4
4) көлік құралын ұсыну міндетті болатын жағдайларда оны ұсынбау;
Тармақша 5
5) ұсынылған көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға уәкілетті емес көлік құралдарын тіркеу органына өтініш жасау;
Тармақша 6
6) көлік құралы конструкциясының немесе оған енгізілген өзгерістердің Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына немесе ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмеуі;
Тармақша 6-1
6-1) сот шешімі бойынша тәркіленген және (немесе) өндіріп алынған көлік құралын қоспағанда, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілген тұлғаның көлік құралдарын тіркеу органына өтініш жасауы;
Тармақша 7
7) көлік құралы салығы бойынша орындалмаған салықтық міндеттеменің болуы негіздер болып табылады.
Тармақ 2
2. Тіркеу әрекеттерін жүргізуден бас тартылғаны туралы көлік құралының иесі себептер негізделе отырып, тиісті түрде (жазбаша, электрондық почтамен) хабардар етілуге тиіс.
Тармақ 3
3. Көлік құралын тіркеуден немесе көлік құралының тіркеу деректерін өзгертуден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Бап 69. 69-бап. Көлік құралын мемлекеттік тіркеуді тоқтату
69-бап. Көлік құралын мемлекеттік тіркеуді тоқтату
Тармақ 1
1. Көлік құралын мемлекеттік тіркеу көлік құралының жоғалуына, оны иеліктен шығарып басқа адамға беруге, сондай-ақ кәдеге жаратудың немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты болуға әкетудің алдында оны тіркеу есебінен шығаруға байланысты немесе өзге де мән-жайларға сәйкес иесінің өтініші бойынша тоқтатылады.
Тармақ 2
2. Көлік құралын тіркеуден бас тарту үшін осы Заңның 67-бабы 2-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер анықталған кезде көлік құралын мемлекеттік тіркеу тоқтатылады.
Бап 70. 70-бап. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы құжат, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі
70-бап. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы құжат, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі
Тармақ 1
1. Тіркелген көлік құралының иесіне көлік құралының мемлекеттік тіркелгенін растайтын тіркеу құжаты және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі беріледі. Тіркеу құжаты көлік құралын басқаратын адамда болуға тиіс.
Тармақ 2
2. Тіркеу құжатының бланкілеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ оларды дайындау, сақтау және есепке алу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін беру және оны жасау уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Бап 70-1. 70-1-бап. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, жүргізуші куәліктерін және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін дайындау саласындағы мемлекеттік монополия
70-1-бап. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, жүргізуші куәліктерін және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін дайындау саласындағы мемлекеттік монополия
Тармақ 1
1. Осы Заңның 70-бабында және 73-бабының 7-тармағында көрсетілген құжаттарды дайындау, құжаттарды дайындау жүйесінің интеграцияланған деректер банкін жинақтау және жүргізу жөніндегі, процестерді есепке алу, ішкі істер органдарына арналған бағдарламалық-техникалық өнімдерді әзірлеу, ендіру және қолдап отыру жұмысын автоматтандыру жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін, осы Заңның 70-бабында және 73-бабының 7-тармағында көрсетілген құжаттарды жеделдетіп дайындау және беру жөніндегі қызметтерге бағалар прейскурантын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.
Бап 71. 71-бап. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу кезінде иелерінің жауаптылығы
71-бап. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу кезінде иелерінің жауаптылығы Көлік құралдарының иелері көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу, көлік құралдарының тіркеу деректерін өзгерту жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Бап 71-1. 71-1-бап. Электрондық паспорттар жүйесі ұлттық операторының (ұлттық әкімшісінің) құзыреті
71-1-бап. Электрондық паспорттар жүйесі ұлттық операторының (ұлттық әкімшісінің) құзыреті Электрондық паспорттар жүйесі ұлттық операторының (ұлттық әкімшісінің) құзыретіне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) электрондық паспорттар жүйесін пайдалану;
Тармақша 2
2) электрондық паспорттар жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) электрондық паспорттар жүйесінің аппараттық-бағдарламалық кешеніне жүйелік-техникалық қызмет көрсету;
Тармақша 4
4) электрондық паспорттар жүйесіндегі ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) электрондық паспорттар жүйесінің мемлекеттік цифрлық жүйелермен, сондай-ақ шет мемлекеттердің осыған ұқсас мақсаттағы ақпараттық жүйелерімен интеграциялануын қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) электрондық паспорттар жүйесінің әкімшісімен және оның қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 7
7) көлік құралының электрондық паспортын (көлік құралы шассиінің паспортын) және өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспортын ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметтердің тарифтері мен оларды төлеу тәртібін айқындау және оларға өзгерістер енгізу;
Тармақша 8
8) көлік құралының электрондық паспортын (көлік құралы шассиінің паспортын) және өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспортын ресімдеу үшін қажет және уәкілетті орган және кеден ісі саласындағы, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы уәкілетті органдар мен жергілікті атқарушы органдар беретін мәліметтерді жинауды ұйымдастыру;
Тармақша 9
9) индустриялық даму саласындағы, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі, кеден ісі саласындағы, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы уәкілетті органдар мен жергілікті атқарушы органдардың сұрау салуы бойынша көлік құралдарының электрондық паспорттарындағы (көлік құралдары шассилерінің паспорттарындағы) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарындағы кез келген мәртебесі бар мәліметтерді толық көлемде және тек қана мемлекеттік міндеттер мен функцияларды іске асыру мақсатында пайдалану үшін төлемақы алмай беру;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Бап 72. 72-бап. Көлік құралының тіркеу деректері
72-бап. Көлік құралының тіркеу деректері
Тармақ 1
1. Мемлекеттік тіркеу туралы құжатқа енгізілетін және уәкілетті органның цифрлық жүйесінде мемлекеттік есепке алуға жататын көлік құралының міндетті тіркеу деректеріне мынадай негізгі мәліметтер жатады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің әріптік-цифрлық белгіленуі;
Тармақша 2
2) көлік құралының шыққан жылы;
Тармақша 3
3) көлік құралының маркасы және моделі;
Тармақша 4
4) осы көлік құралын басқару құқығына берілетін санат немесе кіші санат;
Тармақша 5
5) көлік құралдарын жасаушы ұйым берген сәйкестендіру нөмірі немесе шассидің (шанағының, рамасының) нөмірі;
Тармақша 6
6) түсі;
Тармақша 7
7) қозғалтқыштың көлемі, қозғалтқыштың ат күшімен және киловатпен алынған қуаты;
Тармақша 8
8) көлік құралы иесінің – жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауы;
Тармақша 9
9) жеке тұлға үшін – тұрғылықты жерінің, заңды тұлғаның немесе оның филиалының орналасқан жерінің мекенжайы;
Тармақша 10
10) көлік құралдарын тіркеу органының атауы.
Тармақша 11
11) көлік құралдарына салықты есептеу мақсаты үшін Қазақстан Республикасының аумағына жеңіл автомобильдерді әкелген күн. Бұл ретте уәкілетті орган мемлекеттік кіріс органдарының мәліметтері негізінде әкелген күнді айқындауға құқылы. Осы тармақшаның мақсаты үшін Қазақстан Республикасының аумағына жеңіл автомобильдерді әкелген күн ретінде "2014 жылғы 1 қаңтарға дейін" немесе "2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін" деп көрсетіледі. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жеңіл автомобильдерді бастапқы мемлекеттік тіркеу күні оларды әкелген күн болып есептеледі.
Тармақша 12
12) жеңіл автомобильдерді өндіруші ел (Қазақстан (басқалар).
Тармақ 2
2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган көлік құралдарын шығарумен байланысты кеден операциялары жүргізілгеннен кейін уәкілетті органның көлік құралдарын мемлекеттік тіркеудің бірыңғай цифрлық жүйесіне бірлескен актіде айқындалатын тәртіппен мәліметтерді жібереді.
Тарау 11. 11-тарау. АДАМДАРҒА КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН БАСҚАРУҒА РҰҚСАТ БЕРУ
11-тарау. АДАМДАРҒА КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН БАСҚАРУҒА РҰҚСАТ БЕРУ
Бап 73. 73-бап. Адамдарға көлік құралдарын басқаруға рұқсат беру
73-бап. Адамдарға көлік құралдарын басқаруға рұқсат беру
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында көлік құралдарының оларды басқаруға арнайы құқық (бұдан әрі – көлік құралдарын басқару құқығы) берілетін мынадай санаттары мен оларға кіретін кіші санаттары белгіленеді:
Тармақша 1
1) "А" санаты – мотоциклдер;
Тармақша 2
2) "В" санаты – рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограмнан аспайтын және жүргізушінің орнынан басқа, отыратын орындарының саны сегізден аспайтын автомобильдер; рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан аспайтын, тіркеме тіркелген "В" санатындағы автомобильдер; рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан асатын, бірақ жүктемесі жоқ автомобильдің массасынан аспайтын, ал көлік құралдарының осындай құрамының жалпы рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограмнан аспайтын, тіркеме тіркелген "В" санатындағы автомобильдер;
Тармақша 3
3) "С" санаты – "D" санатына жататындарды қоспағанда, рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограмнан асатын автомобильдер; рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан аспайтын, тіркеме тіркелген "С" санатындағы автомобильдер;
Тармақша 4
4) "D" санаты – жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізушінің орнынан басқа, отыратын орындарының саны сегізден асатын автомобильдер; рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан аспайтын, тіркеме тіркелген "D" санатындағы автомобильдер;
Тармақша 5
5) "ВЕ" санаты – рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан асатын және жүктемесі жоқ автомобильдің массасынан асатын, тіркеме тіркелген "В" санатындағы автомобильдер; рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан асатын, ал көлік құралдарының осындай құрамының жалпы рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограмнан асатын, тіркеме тіркелген "В" санатындағы автомобильдер;
Тармақша 6
6) "СЕ" санаты – рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан асатын, тіркеме тіркелген "С" санатындағы автомобильдер;
Тармақша 7
7) "DЕ" санаты – рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан асатын, тіркеме тіркелген "D" санатындағы автомобильдер, сондай-ақ жалғастырылған автобустар;
Тармақша 8
8) "Tm" санаты – трамвайлар;
Тармақша 9
9) "Tb" санаты – троллейбустар;
Тармақша 10
10) «А1» кіші санаты – ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден асатын, іштен жану қозғалтқышының жұмыс көлемі бір жүз жиырма бес текше сантиметрден аспайтын және ең жоғары қуаты он бір киловаттан аспайтын мотоциклдер, трициклдер, квадроциклдер, сондай-ақ мопедтер;
Тармақша 11
11) "В1" кіші санаты – трициклдер мен квадрициклдер;
Тармақша 12
12) "С1" кіші санаты – "D" санатына жататындарды қоспағанда, рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограмнан асатын, бірақ жеті жүз елу килограмнан аспайтын автомобильдер; рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз килограмнан аспайтын, тіркеме тіркелген "С1" кіші санатындағы автомобильдер;
Тармақша 13
13) "D1" кіші санаты – жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізушінің орнынан басқа, отыратын орындарының саны сегізден асатын, бірақ он алтыдан аспайтын автомобильдер; рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан аспайтын, тіркеме тіркелген "D1" кіші санатындағы автомобильдер;
Тармақша 14
14) "С1Е" кіші санаты – рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан асатын, бірақ жүктемесі жоқ автомобильдің массасынан аспайтын, ал көлік құралдарының осындай құрамының жалпы рұқсат етілген массасы он екі мың килограмнан аспайтын, тіркеме тіркелген "С1" кіші санатындағы автомобильдер;
Тармақша 15
15) "D1Е" кіші санаты – рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан асатын, бірақ жүктемесі жоқ автомобильдің массасынан аспайтын, ал көлік құралдарының осындай құрамының жалпы рұқсат етілген ең жоғары массасы он екі мың килограмнан аспайтын, жолаушыларды тасымалдауға арналмаған тіркеме тіркелген "D1" кіші санатындағы автомобильдер.
Тармақ 1-1
1-1. Осы Заңның 57-бабы 5-тармағының екінші бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін адамдар жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен электр самокаттарды басқаруға жіберіледі.
Тармақ 2
2. Көлік құралдарын басқару құқығы осы Заңның 74 немесе 74-1-баптарында санамаланған шарттар сақталған кезде емтихан тапсырған адамдарға беріледі. Емтихандар механикалық немесе автоматты трансмиссиясы бар көлік құралдарында қабылданады. Механикалық трансмиссиясы бар көлік құралдарында емтихан тапсырған адамдарға трансмиссияның кез келген түрі бар тиісті санаттағы немесе кіші санаттағы көлік құралдарын басқару құқығы беріледі.
Тармақ 3
3. Емтихандар емтихан тапсырушылардың теориялық білімі мен практикалық дағдыларына техникалық бақылау құралдарын қолдана отырып өткізіледі. Емтихан өткізуге арналған техникалық бақылау құралдарының құрамын, оларға қойылатын талаптарды, сондай-ақ оларды қолдану шарттарын уәкілетті орган белгілейді.
Тармақ 4
4. Алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 5
5. Көлік құралдарын басқару құқығы – жүргізуші куәлігімен, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда көлік құралын басқару құқығына арналған жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлікпен расталады.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес келетін ұлттық және халықаралық жүргізуші куәліктері беріледі.
Тармақ 7
7. Ұлттық жүргізуші куәлігі, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше шектеу көзделмесе, он жыл мерзімге беріледі.
Тармақ 8
8. "А" санатындағы көлік құралдарын басқару құқығына ұлттық жүргізуші куәлігі – "А1" кіші санатындағы және мотоциклеттік орындығы немесе мотоциклеттік типтегі рулі бар "В1" кіші санатындағы, "В" санаты – "А1" және "В1" кіші санаттарындағы, "С" санаты – "С1" кіші санатындағы, "D" санаты – "D1" кіші санатындағы, "СЕ" санаты – "С1Е" кіші санатындағы, "DЕ" санаты – "D1Е" кіші санатындағы көлік құралдарын басқару құқығын да растайды.
Тармақ 9
9. Халықаралық жүргізуші куәлігі үш жылға дейінгі, бірақ ұлттық жүргізуші куәлігінің қолданылуы мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі. Қазақстан Республикасында берілген халықаралық жүргізуші куәлігі көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағында басқару үшін жарамсыз болып табылады.
Тармақ 10
10. Басқа мемлекеттерде беріліп, жоғалған (ұрланған) шетелдік және халықаралық жүргізуші куәліктерінің орнына ұлттық және халықаралық жүргізуші куәліктерін беру жүргізілмейді.
Тармақ 11
11. Ұлттық және халықаралық жүргізуші куәліктерінің үлгілерін уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 12
12. Егер жүргізуші куәлігінде көлік құралдарын басқаруға шектеулер көрсетілген жағдайда, осы жүргізуші куәлігі онда көрсетілген шектеулер сақталған жағдайда жарамды деп есептеледі.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын, сондай-ақ уақытша болатын адамдарға ұлттық жүргізуші куәліктері негізінде, ал мұндайлары болмаған кезде осы баптың 14, 15, 16, 17, 18 және 19-тармақтарында санамаланған шарттар мен шектеулер сақталған кезде жарамды халықаралық немесе шетелдік ұлттық жүргізуші куәліктері негізінде көлік құралдарын басқаруға рұқсат беріледі.
Тармақ 14
14. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтарын қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметті немесе көлік құралдарын тікелей басқару жөніндегі жұмыстарды орындауға байланысты өзге де еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде халықаралық немесе шетелдік жүргізуші куәліктері негізінде көлік құралдарын басқаруға жол берілмейді.
Тармақ 15
15. Шет мемлекетте берілген халықаралық жүргізуші куәлігі тиісті ұлттық жүргізуші куәлігімен бірге көрсетілетін жағдайда ол жарамды деп танылады.
Тармақ 16
16. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының талаптарына сай келмейтін шетелдік жүргізуші куәлігі жарамсыз деп танылады.
Тармақ 17
17. Шетелдік және халықаралық жүргізуші куәліктері олардың иелері көлік құралдарының тиісті санаттары мен кіші санаттары үшін осы Заңның 74-бабында көзделген жасқа толған кезде Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарын басқару үшін жарамды деп танылады.
Тармақ 18
18. Көлік құралы халықаралық жол жүрісіне қатысқан жағдайларда осы баптың 14 және 17-тармақтарында көзделген ережелер қолданылмайды.
Тармақ 19
19. Шетелдік және халықаралық жүргізуші куәліктері шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын олардың иесі тұруға ықтиярхат алған күннен алпыс күн өткен соң не Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын олардың иесі Қазақстан Республикасына келген күннен бастап алпыс күн өткен соң Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарын басқару үшін жарамсыз деп танылады.
Тармақ 20
20. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының талаптарына сай келмейтін шетелдік және халықаралық жүргізуші куәліктері Қазақстан Республикасының ұлттық және халықаралық жүргізуші куәліктеріне алмастыруға жатпайды. Ескертулер.
Тармақ 1
1. "В", "С" санаттарындағы және "С1" кіші санатындағы көлік құралдарына жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын, тиісті санаттарға (кіші санаттарға) жатқызылатын көлік құралдарының өздігінен жүретін шассилері теңестіріледі. 2. Осы бапта санамаланған көлік құралдарының және олардың өздігінен жүретін шассилерінің сыныптамасы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес айқындалады.
Бап 74. 74-бап. Көлік құралдарын басқару құқығын алу шарттары
74-бап. Көлік құралдарын басқару құқығын алу шарттары
Тармақ 1
1. Осы бапта белгіленген жасқа толған және көлік құралдарын басқаруға қарсы айғақтардың жоқ екендігі туралы медициналық қорытындысы бар адамдарға көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарында тиісті даярлықтан кейін көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін емтихан тапсыруға рұқсат беріледі.
Тармақ 2
2. Көлік құралдарын басқару құқығы: "А1" кіші санатындағы көлік құралдарын – он алты жасқа толған адамдарға; "А", "В" санаттарындағы және "В1", "С1" кіші санаттарындағы көлік құралдарын – он сегіз жасқа толған адамдарға; «С» санатындағы және «D1» кіші санатындағы көлік құралдарын – жиырма бір жасқа толған, кемінде үш жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде бір жыл «С1» кіші санатына жатқызылатын көлік құралдарын басқару өтілі бар адамдарға; "Tm" санатындағы көлік құралдарын – жиырма бір жасқа толған адамдарға; «D» және «Tb» санаттарындағы көлік құралдарын жүргізу – жиырма үш жасқа толған, кемінде үш жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде «D 1» кіші санатына жатқызылатын көлік құралдарын кемінде бір жыл басқару өтілі бар адамдарға; "ВЕ", "СЕ", "DЕ" санаттарындағы көлік құралдарының құрамдарын – кемінде он екі ай бойы тиісінше "В", "С" немесе "D" санаттарындағы көлік құралдарын басқаруға құқығы бар адамдарға; "С1Е", "D1Е" кіші санаттарындағы көлік құралдарының құрамдарын – кемінде он екі ай бойы тиісінше "С", "D" санаттарындағы не "С1", "D1" кіші санаттарындағы көлік құралдарын басқаруға құқығы бар адамдарға беріледі.
Тармақ 2-1
2-1. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының алтыншы бөлігінде немесе 613-бабының тоғызыншы бөлігінде көзделген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдар жеті жыл бойы көлік құралдарын басқару құқығын алуға емтихандар тапсыруға жіберілмейді. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының жетінші бөлігінде немесе 613-бабының оныншы бөлігінде көзделген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдар сегіз жыл бойы көлік құралдарын басқару құқығын алуға емтихандар тапсыруға жіберілмейді. Емтихандар тапсыруға осы шектеу әкімшілік жауаптылыққа соңғы тартылған кезден бастап есептеледі.
Тармақ 3
3. "В", "С" санаттарындағы, сондай-ақ "С1" кіші санатындағы көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін емтихандар тапсыруға он жеті жасқа толған жəне жергілікті əскери басқару органдарының жолдамалары бойынша көлік құралдарының жүргізушілерін тиісті даярлаудан өткен, жүргізушілік жұмыс өтілі жəне "С1" санатына жататын көлік құралдарын басқару өтілі жоқ адамдар жіберіледі. Аталған адамдарға ұлттық жүргізуші куəліктері олар он сегіз жасқа толғанда беріледі. Аталған адамдарға олар жиырма бір жасқа толғанға дейін берілген ұлттық жүргізуші куәліктері Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға ғана тиесілі «С» санатындағы көлік құралдарын және олар әскери қызмет өткерген кезеңде ғана басқару құқығын растайды.
Тармақ 4
Бап 74-1. 74-1-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиесілі көлік құралдарын басқару құқығын алудың ерекше шарттары
74-1-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиесілі көлік құралдарын басқару құқығын алудың ерекше шарттары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиесілі көлік құралдарын басқару құқығы ұлттық жүргізуші куәлігінің немесе әскери қызметшінің жүргізуші куәлігінің болуымен расталады.
Тармақ 2
2. Әскери қызметшілерді көлік құралдарын басқаруға даярлау, емтихандар қабылдау және әскери қызметшілердің жүргізуші куәліктерін беру, сондай-ақ әскери қызметшілер үшін жасына және еңбек өтілі мен көлік құралдарын басқару өтілінің болуына қойылатын талаптар әскери қызметшілерді көлік құралдарын басқаруға даярлау, емтихандар қабылдау және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиесілі көлік құралдарын басқару құқығын беретін әскери қызметшілердің жүргізуші куәліктерін беру қағидаларында айқындалады.
Тармақ 3
3. Әскери қызметшінің жүргізуші куәлігі әскери қызметшінің әскери қызметті өткеру кезеңіне жарамды деп саналады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиесілі көлік құралдарының ерекшеліктері ескеріле отырып, әскери қызметшілерді көлік құралдарын басқаруға даярлау, емтихандар қабылдау және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиесілі көлік құралдарын басқару құқығын беретін әскери қызметшілердің жүргізуші куәліктерін беру қағидаларына сәйкес көлік құралдарының қосымша санаттары енгізілуі мүмкін.
Тармақ 5
5. Осы Заңның 74-бабының 2-тармағында белгіленген жасқа толған және көлік құралдарын басқаруға қарсы көрсетілімдердің жоқ екендігі туралы медициналық қорытындысы бар адамдар әскери қызметшінің жүргізуші куәлігі болған кезде көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау жөніндегі оқу ұйымдарында даярлықтан өтпей, тиісті санаттағы көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін емтихан тапсыруға жіберіледі.
Бап 75. 75-бап. Көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату
75-бап. Көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату
Тармақ 1
1. Мыналар көлік құралдарын басқару құқығын тоқтатуға негіздер болып табылады:
Тармақша 1
1) жүргізуші куәлігі қолданысының белгіленген мерзімінің өтуі;
Тармақша 2
2) медициналық қорытындымен расталған, көлік құралдарын қауіпсіз басқаруға кедергі келтіретін жүргізуші денсаулығының нашарлауы. Механикалық көлік құралы жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруге мерзімінен бұрын жіберу көлік құралын басқару құқығын тоқтата тұруға негіз болып табылады;
Тармақша 3
3) жүргізушіні жол жүрісі қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде жол жүрісі қағидаларын білуін тексеруге арналған емтиханды тапсырмау;
Тармақша 4
4) көлік құралдарын басқару құқығынан айыру;
Тармақша 5
5) механикалық көлік құралын жүргізушілерді даярлау, емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бұза отырып, жүргізуші куәлігін беру. Осы тармақтың 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату уәкілетті органның (лауазымды адамның) қуынымы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Көлік құралын басқару құқығы тоқтатылған кезде:
Тармақша 1
1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша – медициналық қарап тексеруден өткеннен кейін;
Тармақша 2
2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша – егер көлік құралдарын басқару құқығын тоқтатудың себебі жойылатын болса, сот шешімі бойынша;
Тармақша 3
3) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша – осы Заңның 73-бабында белгіленген тәртіппен;
Тармақша 4
4) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша қайта медициналық қарап тексеруден, емтихан тапсырғаннан және көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі өткеннен кейін осы құқық қайта қалпына келтіріледі.
Тармақ 3
3. Жауаптылық шаралары ретінде көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға не осындай құқықты шектеуге әкеп соғатын құқық бұзушылықтардың түрлері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
Бап 76. 76-бап. Көлік құралдары уақытша иеленуге және пайдалануға берілген адамдарды тіркеу және есепке алу
76-бап. Көлік құралдары уақытша иеленуге және пайдалануға берілген адамдарды тіркеу және есепке алу
Тарау 12. 12-тарау. КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІН ДАЯРЛАУ
12-тарау. КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІН ДАЯРЛАУ
Бап 77. 77-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарына қойылатын талаптар
77-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарына қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар құрады және өз қызметін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті органға қызметін бастағаны туралы хабарлама берген күннен бастайды.
Тармақ 2
2. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымы уәкілетті органға қызметін бастағаны туралы хабарлама жіберген кезде мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) өтінішті;
Тармақша 2
2) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген оқу ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген және оқу-материалдық база ретінде пайдаланылатын жылжымайтын мүлкіне меншік немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін;
Тармақша 3
3) оқу-материалдық база ретінде пайдаланылатын өзге де мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды;
Тармақша 4
4) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберлерінің тізімдерін (тізімде "оқытушы", "өндірістік оқыту шебері" және "білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері" біліктілік куәлігінің нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаттың деректері көрсетіледі);
Тармақша 5
5) оқытылатын тақырыптар, сабақтардың кестесі және жоспарланып отырған оқыту әдістері көрсетілетін даярлау бағдарламаларын ұсынады.
Тармақ 3
3. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымынан уәкілетті органға қызметін бастағаны туралы келіп түскен хабарлама уәкілетті органның осындай ұйымдардың ішкі есебін жүргізу үшін негіз болып табылады. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарын есепке алу және оқу топтарын тіркеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілетті органның цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының басшысында «оқытушы» немесе «өндірістік оқыту шебері» не «білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері» біліктілік куәліктерінің болуы міндетті.
Тармақ 5
5. Оқытушының, өндірістік оқыту шеберінің және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберінің тиісінше "оқытушы", "өндірістік оқыту шебері" және "білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері" біліктілік куәліктерінің болуы міндетті және олар өз қызметін көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі бір оқу ұйымының құрамында ғана жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда көлік құралын жүргізуге оқыту уәкілетті органмен келісілген маршруттар бойынша ғана және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберінің қатысуымен жүзеге асырылады. Жүргізуді үйренуші адам басқарып отырған оқу көлік құралымен жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады.
Бап 78. 78-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізіліміне енгізуден бас тартуға және одан алып тастауға негіздер
78-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізіліміне енгізуден бас тартуға және одан алып тастауға негіздер
Бап 79. 79-бап. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер
79-бап. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер
Тармақ 1
1. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдары өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ ортақ мүдделерді білдіру және қорғау мақсатында көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер құра алады.
Тармақ 2
2. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер оқу ұйымдарын біріктіретін коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және өз мүшелерінің жалпы жиналысында қабылданатын жарғының негізінде әрекет етеді.
Тармақ 3
3. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерді құру, басқару, олардың жұмыс істеуі және қызметін тоқтату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 80. 80-бап. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктердің құқықтары мен міндеттері
80-бап. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктердің құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер:
Тармақша 1
1) оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі кустарды өткізуге, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен курстардан өту туралы сертификаттар беруге;
Тармақша 2
2) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жұмысының тәжірибесін талдауға, жинақтап қорытуға және таратуға;
Тармақша 3
3) соттарда, мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде және халықаралық ұйымдарда көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының құқықтары мен заңды мүдделерін білдіруге және қорғауға;
Тармақша 4
4) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының өз қызметін жүзеге асыруға байланысты дауларын қарауға;
Тармақша 5
5) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының рейтингін жүргізуге және оның нәтижелерін мерзімді баспасөз басылымдарында жариялауға;
Тармақша 6
6) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау мәселелері бойынша халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуға;
Тармақша 7
7) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау саласында оқу әдебиетін, әдістемелік ұсынымдарды, мерзімді баспасөз басылымдарын әзірлеуге, басып шығаруға және таратуға;
Тармақша 8
8) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау стандарты бойынша ұсынымдар беруге құқылы.
Тармақша 9
9) алып тасталды - ҚР 03.07.2017 № 83-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 2
2. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасын сақтауға және көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының сақтауын қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) өз мүшелерін Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы нормативтік құқықтық актілерімен қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметті дамытуға, оның тиімділігін арттыруға, оқу ұйымдарының қызметін ұйымдастыруға және үйлестіруге жәрдемдесуге міндетті.
Бап 81. 81-бап. Аккредиттеу туралы куәліктен айыру
81-бап. Аккредиттеу туралы куәліктен айыру
Бап 82. 82-бап. "Оқытушы", "өндірістік оқыту шебері", "білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері" біліктілігін беруге кандидаттарды аттестаттау
82-бап. "Оқытушы", "өндірістік оқыту шебері", "білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері" біліктілігін беруге кандидаттарды аттестаттау
Тармақ 1
1. Аттестаттауға мынадай талаптардың біреуіне сай келетін:
Тармақша 1
1) жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі, өздері оқыту жүргізетін санат бойынша жүргізуші куәлігі;
Тармақша 2
2) өздері оқыту жүргізетін санат бойынша кемінде бес жыл жүргізуші өтілі бар адамдар жіберіледі.
Тармақ 2
2. Аттестаттаудан өткен адамдар біліктілік куәлігінің нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіле отырып, "оқытушы", "өндірістік оқыту шебері", "білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері" біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін алады.
Тармақ 3
3. Аттестаттаудан өтпеген адамдарға біліктілік комиссиясы шешім қабылдаған кезден бастап үш ай өткеннен кейін одан қайта өтуге рұқсат етіледі.
Бап 83. 83-бап. Біліктілік комиссиялары
83-бап. Біліктілік комиссиялары
Тармақ 1
1. Біліктілік комиссиясын уәкілетті орган бекіткен Қағидаларға сәйкес көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестік құрады.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР 03.07.2017 № 83-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 3
3. Біліктілік комиссиясының жұмысын қаржыландыруды кәсіптік бірлестік өз қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Біліктілік комиссияларының құрамына уәкілетті органнан бір өкілден кіреді.
Тармақ 5
5. Біліктілік комиссиясы кәсіптік стандартқа сәйкес оқытушыға кандидаттарды, өндірістік оқыту шеберін және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберін аттестаттау бағдарламасын әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ оларды аттестаттауды өткізеді.
Тармақ 6
6. Біліктілік комиссиялары шешім қабылдаған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде біліктілік куәлігінің нөмірін көрсете отырып, отырыс хаттамасын және "оқытушы", "өндірістік оқыту шебері" және "білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері" біліктілігі берілген адамдар біліктілік комиссиясына ұсынған құжаттарының куәландырылған көшірмелерін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
Тармақ 7
7. Кандидаттарды аттестаттауды жүргізу тәртібі бұзылған жағдайда, уәкілетті орган біліктілік комиссияларының шешіміне сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.
Бап 84. 84-бап. "Оқытушы", "өндірістік оқыту шебері", "білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері" біліктілік куәлігінен айыру
84-бап. "Оқытушы", "өндірістік оқыту шебері", "білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері" біліктілік куәлігінен айыру "Оқытушы", "өндірістік оқыту шебері", "білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері" біліктілік куәлігінен айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Уәкілетті орган біліктілік куәлігінен айыру туралы шешімді кәсіптік бірлестіктерге хабарлайды. Біліктілік куәлігінен айырылған адамдарға қайта аттестаттаудан өтуге кемінде үш жылдан кейін рұқсат беріледі.
Бап 85. 85-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарын мемлекеттік бақылау
85-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарын мемлекеттік бақылау
Тармақ 1
1. Мемлекеттік бақылау көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі талаптарды және стандарттарды сақтауына бағытталған.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдары көрсететін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету үшін ішкі бақылау жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Сапаны ішкі бақылауды көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдары көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау стандарттарына сәйкес дербес жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдары мемлекеттік бақылау қорытындыларына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкес шағым жасауға құқылы.
Бап 86. 86-бап. Оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберлерінің құқықтары мен міндеттері
86-бап. Оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберлерінің құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Оқытушының, өндірістік оқыту шеберінің және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберінің:
Тармақша 1
1) кәсіптік қызмет үшін жағдайларды қамтамасыз ете отырып, көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметпен айналысуға;
Тармақша 2
2) кәсіптік бірлестікке кіруге;
Тармақша 3
3) біліктілігін арттыруға;
Тармақша 4
4) аттестаттау қорытындылары бойынша кәсіптік бірлестіктердің шешімдеріне сот тәртібімен шағым жасауға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының жол жүрісі саласындағы заңнамасын сақтауға;
Тармақша 2
2) өзінің кәсіптік құзыреті саласында оқытудың тиісті теориялық және практикалық білімі мен дағдыларының болуы;
Тармақша 3
3) көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) оқып-үйренушілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
Бап 87. 87-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының құқықтары мен міндеттері
87-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының:
Тармақша 1
1) кәсіптік бірлестікке кіруге;
Тармақша 2
2) оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері болуға кандидаттарды аттестаттау қорытындылары бойынша кәсіптік бірлестіктің шешіміне сот тәртібімен шағым жасауға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының жол жүрісі саласындағы заңнамасын сақтауға;
Тармақша 2
2) өздерінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындауға;
Тармақша 3
3) сапаны сыртқы бақылауды жүргізуге, уәкілетті орган жүзеге асыратын тексерулерге кедергі келтірмеуге;
Тармақша 4
4) оқу бағдарламаларын көлік құралдары жүргізушілерін даярлаудың оқу жоспары мен жоспар-кестесіне сәйкес толық көлемде іске асыруға;
Тармақша 5
5) оқып-үйренушілерді даярлаудың жоғары сапасын қамтамасыз етуге;
Тармақша 6
6) оқып-үйренушілердің, оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
Тармақша 7
7) көлік құралдарын техникалық жарамды күйде ұстауға және жүргізуге оқыту шеберлерін рейс алдындағы медициналық қарап тексеруді ұйымдастыруға;
Тармақша 8
8) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз қызметі туралы ақпарат беруге міндетті.
Тармақша 9
9) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тарау 13. 13-тарау. МІНДЕТТІ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАРАП ТЕКСЕРУ
13-тарау. МІНДЕТТІ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАРАП ТЕКСЕРУ
Бап 88. 88-бап. Міндетті техникалық қарап тексеру
88-бап. Міндетті техникалық қарап тексеру
Тармақ 1
1. Шыққан жылын қоса алғанда, шығарылғанына жеті жылдан аспаған, автомобиль көлiгi саласындағы кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын М1 санатындағы көлiк құралдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында жол жүрiсiне қатысатын және уәкiлеттi органда тiркелген, сондай-ақ басқа мемлекеттерде тіркелген механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерi мiндеттi техникалық қарап-тексеруге жатады. М1 санатындағы көлік құралдарына жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылатын және жүргізушінің орнынан басқа, сегізден аспайтын отыратын орны бар көлік құралдары жатады. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар көлік құралдарын пайдалануға тыйым салатын ақаулар орын алып, жол-көлік оқиғасы болған жағдайда, көлік құралдары иелерін міндетті техникалық қарап тексеруден қайталап өтуге жібереді. Уәкілетті органның лауазымды адамдары механикалық көлік құралының міндетті техникалық қарап тексеруден өтуі фактісін тексеруді механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесіндегі мәліметтерді сұрату арқылы жүзеге асырады. Техникалық байқаудың диагностикалық картасы халықаралық автомобиль қатынасында пайдаланылатын механикалық көлік құралының міндетті техникалық қарап-тексеруден өткенін және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжат болып табылады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелері Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген (кіргізілген) күннен бастап қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен аз уақыт Қазақстан Республикасының аумағы арқылы халықаралық жол жүрісіне қатысатын осындай көлік құралдарына қолданылмайды.
Тармақ 2
2. Техникалық қарап-тексеру операторларының қызметіне арналған рұқсаты бар техникалық қарап тексеру операторлары көлiк құралының тiркелген жерiне және көлік құралы иесiнiң тұрғылықты жерiне қарамастан, мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткізеді. Техникалық қарап тексеру операторлары жариялы шарт негiзiнде қызметтер көрсетедi.
Тармақ 3
3. Көлiк құралдарын мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу және жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер көрсетуді қоса атқаруға жол берiлмейдi. Техникалық қарап тексеру операторының аумағында көлiк құралдарын жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер көрсетуге жол берiлмейдi. Техникалық қарап тексеру операторының аумағында көлiк құралдарын мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу, тазалау және жуу бойынша қызметтерді қоса атқаруға және көрсетуге жол беріледі.
Тармақ 4
4. Техникалық қарап тексеру операторы:
Тармақша 1
1) техникалық қарап-тексерудiң стационарлық және (немесе) ұтқыр желiлерiн пайдалана отырып, мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткiзудi жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган айқындаған қызмет өңірі шегінде міндетті техникалық қарап тексеруден өткізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) халықты қызмет өңірінде міндетті техникалық қарап тексеруді өткізу кестесі туралы хабардар етеді;
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Қызмет өңірін айқындау тәртібін көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган белгілейді. Астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда міндетті техникалық қарап-тексеруді техникалық қарап-тексерудің стационарлық желілері ғана жүзеге асырады. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган айқындайтын қызмет өңірінің шегінде міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізуді қамтамасыз еткен техникалық қарап-тексеру операторы қызмет өңірінің шегінен тыс жерде міндетті техникалық қарап-тексеруді жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 5
5. Міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу екі: дайындық және негізгі кезеңдерді қамтиды. Міндетті техникалық қарап тексеруден өткізудің дайындық кезеңі барысында көлік құралын сәйкестендіру және сәйкестендіру нәтижелерінің тіркеу және өзге де құжаттардың деректеріне сәйкестігін тексеру жүргізіледі. Міндетті техникалық қарап тексеруден өткізудің негізгі кезеңі барысында көлік құралының техникалық жай-күйінің Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін айқындау жұмысы (тексеру) орындалады.
Тармақ 6
6. Міндетті техникалық қарап тексеруден өту үшін көлік құралының иесі техникалық қарап тексеру операторына көлік құралын және көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ұсынады. Техникалық қарап тексеру операторы көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректерін және техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасындағы мәліметтерді механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап тексерудің бiрыңғай цифрлық жүйесіне енгiзудi қамтамасыз етедi.
Тармақ 6-1
6-1. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесінің жұмыс істеу тәртібі механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу, механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткiзу кезеңдiлiгi қағидаларында айқындалады.
Тармақ 7
7. Егер көлік құралын міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу нәтижелері бойынша ақаулар және көлік құралы мен оның тіркемелерін пайдалануға тыйым салатын жағдайлар анықталмаса, міндетті техникалық қарап тексеру өткізілді деп танылады. Бұл жағдайда көлік құралы иесіне міндетті техникалық қарап тексеруден өтудің белгіленген мерзімділігіне сәйкес келесі міндетті техникалық қарап тексеруден өту мерзімі көрсетіле отырып, техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасы беріледі.
Тармақ 8
8. Егер мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу нәтижелерi бойынша ақаулар және көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн пайдалануға тыйым салатын жағдайлар анықталса, мiндеттi техникалық қарап тексеру өткiзiлмеді деп танылады. Бұл жағдайда көлiк құралы иесiне техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасы ақаулары көрсетiле отырып берiледi.
Тармақ 9
9. Анықталған ақаулар және механикалық көлiк құралы мен оның тіркемелерін пайдалануға тыйым салатын жағдайлар жойылғаннан кейiн механикалық көлік құралы мен оның тіркемелерінің иесi оны қайта мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзуге ұсынады. Механикалық көлік құралы мен оның тіркемелерін қайта техникалық қарап тексеру алғашқы міндетті техникалық қарап тексеру өткізілген техникалық қарап тексеру орталығында не өзге де техникалық қарап тексеру орталығында өткізіледі. Механикалық көлiк құралы мен оның тіркемелерін алғашқы мiндеттi техникалық қарап тексеру өткізілген техникалық қарап тексеру орталығында қайта техникалық қарап тексеруден өткiзу кезінде техникалық қарап тексеру белгiленген критерийлерге сай болмаған және техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасында көрсетiлген позициялар бойынша ғана жүргiзiледi. Бұл жағдайда төлем қайтадан тексерiлетiн позицияларды тексергені үшiн ғана алынады. Мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу кезiнде ақаулар анықталғаннан кейiн қайта мiндеттi техникалық қарап тексеруге механикалық көлiк құралы мен оның тіркемелерін ұсынудың ең ұзақ мерзiмi күнтiзбелiк он күндi құрайды.
Тармақ 10
10. Механикалық көлік құралы мен оның тіркемелерінің иесі анықталған ақауларды және механикалық көлiк құралы мен оның тiркемелерiн пайдалануға тыйым салатын жағдайларды жою жөніндегі жұмыстардың орындалатын жерін және оның орындаушысын өзі анықтайды.
Тармақ 11
11. Егер міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу барысында техникалық қарап тексеру операторы механикалық көлік құралының техникалық ақауларын анықтамаса не мұндай ақауларды анықтап, бірақ бұлар туралы мәліметтерді техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасына енгізбесе, техникалық қарап тексеру операторы механикалық көлік құралы иесінің не үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне осындай ақаулардың салдарынан келтірілген зиянды толық көлемде өтеуге міндетті.
Тармақ 12
12. Техникалық қарап тексеру операторының міндетті техникалық қарап тексеруді өткізуден бас тартуына:
Тармақша 1
1) көлік құралы иесінің көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ұсынбауы;
Тармақша 2
2) иесінің көлік құралын ұсынбауы;
Тармақша 3
3) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректеріне сәйкес келмейтін, нөмірлік агрегаттары (шасси, шанақ) уәкілетті органмен келісілмей ауыстырылған көлік құралын міндетті техникалық қарап тексеруге ұсыну;
Тармақша 4
4) мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жоқ көлік құралдарын міндетті техникалық қарап тексеруге ұсыну негіздер болып табылады.
Тармақ 14
14. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесінің операторы: механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесі мәліметтерінің анықтығын және қорғалуын; уәкілетті орган мен көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесіне қол жеткізуін; механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелері иелерінің дербес деректері туралы мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді. техникалық қарап тексеру операторына механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесінің қызметін механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесінің қызметтерін көрсетуге арналған шарт негізінде ұсынылуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 15
15. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесінің операторы мыналардан: механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесіне мәліметтерді ұсынбаудан; техникалық қарап тексеру орталығы орналасқан жердің өзгергені туралы хабардар етпеуден не уақтылы хабардар етпеуден; қызмет өңірінде міндетті техникалық қарап тексеруді өткізу кестесі туралы халыққа хабар бермеуден; көлік және коммуникациялар саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес келмейтін техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасын жасаудан және беруден көрінетін, осы Заңның талаптарын бұза отырып, көлік құралын техникалық қарап тексеруден өткізу фактісі анықталған кезде техникалық қарап тексеру операторына механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесінің қызметтерін көрсетуіне жол бермейді.
Тармақ 16
16. Осы баптың 15-тармағында көрсетілген талаптардың анықталған бұзушылықтарын жою кезінде техникалық қарап тексеру операторы механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесінің операторына бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты береді. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесінің операторы анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растағаннан кейін осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген техникалық қарап тексеру операторына механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесінің қызметтері көрсетіледі.
Бап 89. 89-бап. Техникалық қарап-тексеру операторлары қызметінің рұқсат беру тәртібі
89-бап. Техникалық қарап-тексеру операторлары қызметінің рұқсат беру тәртібі
Тармақ 1
1. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес техникалық қарап-тексеру операторларының қызметіне рұқсаттар береді.
Тармақ 2
2. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган рұқсат беру талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін, екінші санаттағы рұқсатты алу үшін өтініш нысандарын, екінші санаттағы рұқсат нысандарын, рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларын және техникалық қарап-тексеру операторларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы нормативтік құқықтық актіні әзірлейді, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді.
Тармақ 3
3. Техникалық қарап-тексеру операторлары көлік құралдарын міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін:
Тармақша 1
1) дара кәсіпкер үшін – дара кәсіпкер ретінде немесе заңды тұлға үшін – заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуге;
Тармақша 2
2) осы баптың 2-тармағына сәйкес көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган бекіткен рұқсат беру талаптарына сай келуге тиіс.
Тармақ 4
4. Жеке кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде заңды тұлғаның құрылтайшылары (акцияларының бақылау пакеті бар акционерлері) және (немесе) дара кәсіпкерлер техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне арналған рұқсаттан айырылған кезден бастап келесі үш жыл ішінде техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне арналған жаңа рұқсат алуға өтініш беруге, сондай-ақ басқа заңды тұлғаны – техникалық қарап-тексеру операторын құруға не оған қатысуға құқылы емес.
Бап 90. 90-бап. Халықаралық техникалық қарап тексеру сертификаты
90-бап. Халықаралық техникалық қарап тексеру сертификаты
Бап 91. 91-бап. Техникалық қарап тексеру операторларының құқықтары мен міндеттері
91-бап. Техникалық қарап тексеру операторларының құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Техникалық қарап тексеру операторлары:
Тармақша 1
1) техникалық қарап тексеру орталықтарының өндірістік үй-жайы мен аумағының ұлттық стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) біліктілігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген біліктілік талаптарына сай келетін қызметкерлерге міндетті техникалық қарап тексеруді өткізуге рұқсат беруге;
Тармақша 3
3) міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу кезіндегі жұмыстарды орындау процесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға;
Тармақша 4
4) көлік құралдары иелерінің өтініші бойынша механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу кезінде орындалатын жұмыстарға қатысты өзге де мәліметтерді хабарлауға;
Тармақша 5
5) қарап тексерілген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтерді электрондық түрде есепке алуды жүзеге асыруға;
Тармақша 6
6) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректеріне сәйкес келмейтін нөмірлік агрегаттарды (қозғалтқыш, шасси, шанақ) ауыстыру, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жоқ не көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілгендерге сәйкес келмейтін белгілері бар көлік құралдарын техникалық қарап тексеруге ұсыну фактілері туралы ішкі істер органдарына хабарлауға;
Тармақша 7
7) міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу нәтижелері бойынша механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесіне мәліметтер беруге;
Тармақша 8
8) көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органды техникалық қарап тексеру орталығының орналасқан жерінің өзгергені туралы күнтізбелік бес күн ішінде хабардар етуге;
Тармақша 9
9) қызмет өңiрi шегiнде мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткiзу үшін шығу графигін жасауға;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.
Тармақ 2
2. Техникалық қарап тексеру операторларына:
Тармақша 1
1) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректеріне сәйкес келмейтін, уәкілетті органмен келісілмей ауыстырылған нөмірлік агрегаттары (шасси, шанақ) бар, сондай-ақ белгіленген талаптар бұзыла отырып, қайта жабдықталған, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жоқ көлік құралдарын міндетті техникалық қарап тексеруден өткізуге;
Тармақша 2
2) міндетті техникалық қарап тексеруді өткізуден негізсіз бас тартуға;
Тармақша 3
3) міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу мерзімінің бұзылуына байланысты міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу шарттарын өзгертуге;
Тармақша 4
4) көлік құралының иесінен міндетті техникалық қарап тексеруден өткізуге байланысты қосымша сыйақы талап етуге тыйым салынады.
Бап 92. 92-бап. Міндетті техникалық қарап тексеруді ұйымдастыру және одан өткізу тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылау
92-бап. Міндетті техникалық қарап тексеруді ұйымдастыру және одан өткізу тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылау Техникалық қарап тексеру операторларының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруді ұйымдастыру және одан өткізу тәртібін сақтауына мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Тарау 14. 14-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
14-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 93. 93-бап. Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
93-бап. Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Жол жүрісі саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Бап 94. 94-бап. Айналасындағыларға жоғары қауіптілік төндіретін, жол жүрісі саласындағы қызметтен келтірілген зиян үшін жауаптылық
94-бап. Айналасындағыларға жоғары қауіптілік төндіретін, жол жүрісі саласындағы қызметтен келтірілген зиян үшін жауаптылық
Тармақ 1
1. Жеке және заңды тұлғалардың жол жүрісі саласындағы қызметі айналасындағыларға жоғары қауіптілік төндіретін қызметке (жол жүрісі саласында тәуекелдері бар ұйымдар, көлік құралдарының иелері және тағы басқалар), ал көлік құралдары мен жолдар жоғары қауіптілік көзіне жатқызылады.
Тармақ 2
2. Қызметі жоғары қауіптілікпен байланысты жеке және заңды тұлғалар жоғары қауіптілік көзінен келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен өтеуге міндетті.
Бап 95. 95-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
95-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. "Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 273-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 13-14, 54-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат) күші жойылды деп танылсын.