Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи, приостановления и лишения лицензий на осуществление профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг

Қаулы · № 25 · қабылданған 26.02.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-78927/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи, приостановления и лишения лицензий на осуществление профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг Күшін жойған Қаулы ·№ 25 ·26.02.2014
28.04.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи, приостановления и лишения лицензий на осуществление профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг

Күшін жойған Қаулы ·№ 25 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи, приостановления и лишения лицензий на осуществление профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг
Атауы (қаз.)
Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
25
Қабылданған күні
26.02.2014
Көрсетілген редакция
28.04.2020 78927_472736.kaz
Соңғы өзгеріс
28.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009324
ЭКБ идентификаторы
78927
Редакция идентификаторы
78927_472736
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:42

0 Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидаларын бекіту туралы

Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидалары

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Ұлт­тық Бан­кі Бас­қар­ма­сы­ның
2014 жы­л­ғы 26 ақ­пан­да­ғы
№ 25 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген
Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидалары

1

1. Осы Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сақтандыру қызметі туралы» (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң) 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру тәртібін айқындайды.

2 2. Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға үміткер заңды тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші) лицензия алу үшін «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде мынадай құжаттарды ұсынады:

1 1) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық өтініш;

2 2) жарғының электрондық көшірмесі;

3 3) өтініш берушінің жарғылық капиталының ең аз мөлшерін төлегендігін растайтын құжаттардын электрондық көшірмелері;

4 4) құжаттарды берген күннің алдындағы күндегі жағдай бойынша 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акционер (қатысушы) туралы мәліметтерді (заңды тұлға үшін) және Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша акционер (қатысушы) туралы мәліметтерді (жеке тұлға үшін) электрондық құжат түрінде;

5

5) Қазақстан Республикасының резиденті емес өтініш берушінің қатысушысы (акционері) шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын және резидент емес заңды тұлғаны тіркеген орган, тіркеу нөмірі, тіркелу күні және орны туралы ақпарат қамтылатын, нотариат куәландырған мемлекеттік және орыс тілдерінде аудармасы бар сауда тізілімінен заңдастырылған көшірме немесе басқа заңдастырылған құжаттың электрондық көшірмесі;

6

6) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14784 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 305 қаулысымен бекітілген Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларына және келісім алу үшін қажетті құжаттардың тізбесіне сәйкес басшы қызметкерлерді келісу үшін ұсынылатын құжаттардын электрондық көшірмелері;

7 7) қызметкерлердің тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты, олардың атқаратын лауазымы көрсетіле отырып, штат кестесі электрондық құжат түрінде;

8 8) бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру бойынша міндеттер жүктелетін құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер электрондық құжаттар түрінде;

9 9) өтініш берушіде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарының және өзге де жабдықтарының болуын растайтын мынадай құжаттардың электрондық көшірмелері:

жабдықты жеткізу шарты;
жабдықты қабылдау-өткізу актісі;
лицензиялардың санын көрсете отырып бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және (немесе) жеткізу шарты;
бағдарламалық қамтамасыз етудің қабылдау-өткізу актісі;
қорғауды және қауіпсіздікті ұйымдастыру құжаттары (ақпаратты резервтеу тәртібінің сипаттамасы, деректерге қол жетімділікті бөлу тетігінің сипаттамасы, қалпына келтіру жоспары, ішкі бақылау тетіктері).
Өтініш беруші бағдарламалық өнімді дербес әзірлеген не басқа тұлға бағдарламалық өнімді өтініш берушіге өтеусіз тапсырған жағдайда осы тармақшаның екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтарында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.
Сондай-ақ, ұсынылған құжаттарда мынадай ақпарат көрсетіледі: пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етудің атауы (серверлік операциялық жүйелер, деректер базасын басқару жүйелері) версиялар, лицензияның болуы туралы мәліметтер.
Құжаттардың көшірмелері өтініш берушінің бірінші басшысының қолымен куәландырылады;

10 10) өтініш беру алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы бухгалтерлік баланс электрондық құжат түрінде;

11 11) ағымдағы жылы құрылған акционерлік қоғамдарды қоспағанда, өтініш беруші атқарушы органының бірінші басшысы және оның бас бухгалтері қол қойған, аудиторлық есеппен расталған соңғы аяқталған жылға өтініш берушінің қаржылық есептілігінің электрондық көшірмесі;

12

12) сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметтерін пайдаланатын субъектілермен сауда-саттықты ұйымдастырушының өзара қарым-қатынасын айқындайтын бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидаларыдың электрондық көшірмесі (бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру қызметін жүзеге асыруға лицензия алуға үміткер өтініш берушілер үшін) электрондық құжат түрінде;

13

13) клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілермен клиринг ұйымының өзара қарым-қатынасын айқындайтын қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидаларыдың (қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру үшін лицензия алуға үміткер өтініш берушілер үшін) электрондық құжат түрінде.

2-1 2-1. Уәкілетті орган «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен:

Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын;
Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлғада алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екенін растайтын;
Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.

3

4 4. Лицензия алу үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттарды ұсынған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде қарайды.

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушы ретінде тіркелген заңды тұлғалардың лицензия алу үшін ұсынған құжаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес құжаттарды ұсынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды. Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушы ретінде тіркелген заңды тұлғалар уәкілетті органға олардың Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушы ретінде мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттарды ұсынады.

5 5. Бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыруға берілген лицензия Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі.

6

7 7. Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлға (бұдан әрі - лицензиат) бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің қосымша түрін жүзеге асыруға лицензия алу үшін Қағидалардың 2-тармағының 1), 2), 10), 12), және 16) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

8 8. Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген сауда-саттықты ұйымдастырушы қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыруға лицензия алу үшін осы Қағидалардың 2-тармағының 1), 2), 17), 18) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қосымша ұсынады.

8-1 8-1. Сақтандыру ұйымы бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін уәкілетті органға Сақтандыру қызметі туралы заңның 37-бабы 7-3-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

9 9. Лицензиатқа бағалы қағаздар нарығындағы қосымша қызмет түрін жүзеге асыруға берілетін лицензия төмендегі талаптармен беріледі:

1 1) бағалы қағаздар нарығында қызмет атқаратын ұйым үшін уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді лицензия беру туралы өтініш берген күннің алдындағы қатарынан үш айдың ішінде орындау;

2 2) қолданыстағы санкциялардың, сондай-ақ лицензия беру туралы өтініш берген күннің алдындағы қатарынан үш айдың ішінде қолданылған санкциялардың болмауы.

10

10. Лицензиат лицензия алуға берген өтінішінде көрсетілген мекенжайы өзгерген жағдайда, сондай-ақ осы Қағидалардың 2-тармағының 3), 5), 6), 9), 10), 11), 12), 13) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап он күнтізбелік күн аралығында уәкілетті органға өзгеріс енгізілген құжаттарды ұсынады.

11 11. Уәкілетті орган лицензия беруден бас тартуды Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген негіздемелер бойынша жасайды. Өтініш берушіге лицензия беруден бас тарту туралы дәлелді себебі бар жауап лицензия беру белгіленген мерзімде, жазбаша түрде беріледі.

12

12. Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтату, қызмет түрінің (шағын түрінің) атауын өзгерту және (немесе) қызмет түрін (шағын түрін) алып тастау жөнінде уәкілетті органға ерікті түрде өтініш берген кезде акционерлердің жалпы жиналысының шешімі негізінде барлық қызмет түрі (шағын түрлері) немесе (лицензияның қолданылуын тоқтату туралы уәкілетті органға ерікті түрде өтініш берген жағдайда) немесе өзгеріс енгізілуі және (немесе) алынып тасталуы тиіс қызмет түрі (шағын түрі) бойынша барлық міндеттемелер орындалғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға ерікті түрде өтініш беруге байланысты лицензияның қолданылуын тоқтатуға, қызмет түрінің (шағын түрінің) атауын өзгертуге және (немесе) қызмет түрін (шағын түрін) алып тастауға уәкілетті органға өтініш береді.

13

13. Уәкілетті органға лицензияның қолданылуын тоқтату, қызмет түрінің (шағын түрінің) атауын өзгерту және (немесе) қызмет түрін (шағын түрін) алып тастау туралы ақпаратты лицензиат Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті органға өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей жариялайды.

14

14. Лицензиаттың бірінші басшысы қол қойған, уәкілетті органға ерікті түрде өтініш беруіне байланысты лицензияның қолданылуын тоқтатуға, қызмет түрінің (шағын түрінің) атауын өзгертуге және (немесе) қызмет түрін (шағын түрін) алып тастауға туралы лицензияны өтініш Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға ұсынылады. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1 1) «электрондық үкімет» төлемдік шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда лицензиялық алымның төленгендігін растайтын құжаттың көшірмесі;

2 2) лицензияның қолданылуын тоқтату, қызмет түрінің (шағын түрінің) атауын өзгерту және (немесе) қызмет түрін (шағын түрін) алып тастау жөніндегі лицензиаттың акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі;

3 3) лицензиаттың барлық қызмет түрі (шағын түрлері) немесе өзгеріс енгізілуі және (немесе) алынып тасталуы тиіс қызмет түрі (шағын түрі) бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың жоқ болуы жөніндегі кепілдеме-хат;

4

4) лицензиаттың жеке шотындағы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-ның есепке алу жүйесіндегі жеке шоттар мен барлық қосалқы шоттарды жабу туралы шотындағы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-ның хаты немесе лицензиаттың атына ашылған жеке шотқа "жоғалған клиент" мәртебесін беру туралы Орталық депозитарийдің ақпараты;

5

5) депозитарлық қызмет көрсету шартын, ағымдағы шот шартын және факсимилді хабарлама түріндегі операциялық құжаттарды қабылдау және беру шартын (лицензияның қолданылуын тоқтату туралы уәкілетті органға ерікті түрде өтініш берген кезде) бұзу туралы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-ның хаты;

6

6) барлық қызмет түрі (шағын түрлері) (лицензияның қолданылуын тоқтату туралы уәкілетті органға ерікті түрде өтініш берген кезде) немесе өзгеріс енгізілуі және (немесе) алынып тасталуы тиіс қызмет түрі (шағын түрі) бойынша "Қазақстан қор биржасы" АҚ-ның алдында берешектің жоқтығы туралы "Қазақстан қор биржасы" АҚ-ның хаты;

7 7) өтініш жіберген күннің алдындағы күні жасалған бухгалтерлік баланс және оған түсіндірме жазба. Бухгалтерлік балансқа түсіндірме жазбада кредиторлық берешек сомасын және олардың туындау негіздемелерін көрсете отырып, лицензиаттың кредиторлары туралы (олар бар болса) ақпарат жарияланады.

Осы тармақтың 4), 5) және 6) тармақшалары трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын лицензиатқа қолданылмайды.
Қызмет түрінің (шағын түрінің) атауы өзгерген кезде лицензиат Қағидалардың 2-тармағының 10) және 16) тармақшаларында көрсетілген қосымша құжаттарды береді.
Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметтің шағын түрін алып тастаған не ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметтің шағын түрінің атауы ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметтің шағын түріне өзгерген жағдайда ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры осы тармақта көзделген құжаттармен бірге ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқарушысының (осындай бар болса) бірінші басшылары немесе олардың орнындағы адамдар қол қойған ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-өткізу актісін береді.
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органға қызметтің шағын түрін алып тастауға немесе өзгертуге өтініш берген күнге дейін атауынан "ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры" деген сөздерді және (немесе) "ЕЖЗҚ" деген аббревиатураларды алып тастау бөлігінде мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8810 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 216 қаулысымен (бұдан әрі – № 216 қаулы) бекітілген Ерікті зейнетақы жарналарын тарту, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті және мәжбүрлеп таратуын жүргізу, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті қайтару, және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның және бағалы қағаздар нарығында қызметтің басқа түрлерін жүзеге асыруға берілген лицензияның негізінде жүзеге асыратын қызметі бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттарының жоқ екендігін растайтын құжаттардың тізбесін белгілеу қағидаларының 4-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.
Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға лицензияның қолданылуын тоқтату туралы уәкілетті органға ерікті түрде өтініш жасау № 216 қаулыға сәйкес жүзеге асырылады.

14-1 14-1. Лицензия қайта ресімделген кезде лицензиат Қағидаларға

6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға өтініш ұсынады.
Бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыруға берілетін лицензияны қайта ресімдеу Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңда белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен жүргізіледі.

15 15. Қызмет түрінің (шағын түрінің) атауын өзгертуге және (немесе) қызмет түрін (шағын түрін) алып тастауға өтінішті Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген, заңнаманың талаптарына сәйкес ресімделген құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті орган қарастырады.

Уәкілетті органға ерікті түрде өтініш беруге байланысты лицензияның қолданылуын тоқтатуға өтінішті Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген, заңнаманың талаптарына сәйкес ресімделген құжаттарды алған күннен бастап үш ай ішінде уәкілетті орган қарастырады.

16 16. Лицензияның қолданылуын тоқтату, қызмет түрінің (шағын түрінің) атауын өзгерту және (немесе) қызмет түрін (шағын түрін) алып тастау туралы уәкілетті органға ерікті түрде өтініш беру:

1 1) Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген толық құжаттар пакетін ұсыну;

2 2) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуі;

3 3) қызмет түрінің (шағын түрінің) барлық түрлері (лицензияның қолданылуын тоқтату туралы уәкілетті органға ерікті түрде өтініш берген кезде) немесе өзгертуге және (немесе) алып тастауға тиіс қызметтің түрі (шағын түрі) бойынша міндеттемелердің жоқ екендігі талаптарын орындаған кезде жүргізіледі.

17 17. Лицензиат Қағидалардың 16-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкілетті орган осындай лицензиатқа ескертулерді көрсете отырып жазбаша жауап жібереді. Лицензиат өтінішті қайталап берген кезде уәкілетті органның оны қарау мерзімі оны қайталап берген күнінен басталады.

18 18. Егер лицензия қағаздағы нысанда берілсе, лицензиат уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру (қайта ресімдеу) туралы хатын алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға бұрынғы лицензияның түпнұсқасын қайтарады.

19 19. Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негіздер бойынша және соттың бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясы бар заңды тұлғаны лицензиядан айыруға байланыссыз негіздер бойынша тарату туралы шешімі бойынша жүргізіледі.
Уәкілетті орган қызметтің барлық немесе жекелеген түрлері (шағын түрлері) бойынша лицензияның қолданылуын тоқтата тұрады немесе лицензиатты лицензиядан айырады.

20 20. Уәкілетті органның қызметтің барлық немесе жекелеген түрлері (шағын түрлері) бойынша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе лицензиядан айыру туралы шешімі лицензиатқа орындау үшін көрсетілген шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жазбаша түрде жіберіледі.

Уәкілетті органның инвестициялық портфельді басқарушы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе лицензиясынан айыру туралы шешімі орындау үшін бір мезгілде инвестициялық портфельді басқарушыға және осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің шоттары ашылған кастодиандарға көрсетілген шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жазбаша түрде жіберіледі.

21

21. Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе лицензиядан айыру (оның ішінде қызметтің жекелеген түрлері (шағын түрлері) бойынша) туралы ақпаратты уәкілетті органның лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе лицензиядан айыру туралы шешімін алған күннен кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсына жариялайды.

22

22. Лицензиясының қолданылуы, оның ішінде қызметтің жекелеген түрлері (шағын түрлері) бойынша тоқтата тұрылған лицензиат ай сайын әр айдың оныншы күнінен кешіктірмей (лицензияның қолданылуы жаңартылған не лицензияны тоқтата тұру мерзімі аяқталған күнге дейін) уәкілетті органға өзінің анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі жүргізген іс-шаралары туралы хабарлайды.

23 23. Лицензиат уәкілетті органның қызметтің барлық немесе жекелеген түрлері (шағын түрлері) бойынша лицензиядан айыру туралы шешімін алғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей лицензиат уәкілетті органға лицензияның түпнұсқасын қайтарады.

Уәкілетті органның қызметтің барлық немесе жекелеген түрлері (шағын түрлері) бойынша лицензиядан айыру туралы шешімін алған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде оған қатысты көрсетілген шешім қабылданған заңды тұлға қызметтің барлық түрлері бойынша немесе өзі лицензиядан айырылған қызметтің түрлері (шағын түрлері) бойынша шарттардың барлық міндеттемелерін орындайды және уәкілетті органға Қағидалардың 14-тармағы 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

0.1 Өтініш

Бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызметті жүзеге асыруға
лицензиялар беру, оларды
тоқтата тұру және олардан
айыру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
_____________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
____________________________
____________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
Өтініш
________________________________________________________________________
(бағалы қағаздар нарығындағы қызмет түрлерін (шағын түрін) көрсету)
________________________________________________________________________
жүзеге асыру құқығына лицензия беруді сұраймын.
Өтініш беруші туралы мәлімет:

1 1. Орналасқан жері_______________________________________________________

(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі)
_______________________________________________________________________
(телефон, факс нөмірі)

2 2. Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлімет (Қазақстан Республикасының

бейрезиденті-заңды тұлға үшін), бизнес – сәйкестендіру нөмірі (бар болса):
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________

3 3. Жіберілетін құжаттар тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналар мен

парақтардың саны:
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Өтініш беруші өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігіне,
сонымен қатар уәкілетті органға өтінішті қарауына байланысты сұратылатын
қосымша ақпарат пен құжаттарды уақтылы ұсынатынын растайды.
Өтініш беруші ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
(өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
___________________________
(күні және қолы)

0.2 Акционер (қатысушы) туралы мәліметтер (заңды тұлға үшін) ___________________________________________________________________ (өтініш берушінің толық атауы)

Бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызметті жүзеге асыруға
лицензиялар беру, оларды тоқтата тұру
және олардан айыру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Акционер (қатысушы) туралы мәліметтер
(заңды тұлға үшін)
___________________________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
20 __ жылғы «___» __________

1 1. Акционер (қатысушы):

________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)

2 2. Орналасқан жері және нақты мекенжайы__________________________________

(пошта индексі, қаласы,
________________________________________________________________________
көшесі, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы (ол бар болса)

3 3. Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлімет (Қазақстан Республикасының

бейрезиденті-заңды тұлға үшін)_____________________________________________
________________________________________________________________________
(құжаттың атауы, нөмірі мен берілген күні, кім берген)

4 4. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)___________________________________

5 5. Қызмет түрі ___________________________________________________________

________________________________________________________________________
(қызметтің негізгі түрлерін көрсету)

6 6. Қазақстан Республикасының резиденті не бейрезиденті (қажеттінің астын сызу керек):

________________________________________________________________________

7 7. Акционерге тиесілі дауыс беруші акциялар санының өтініш берушінің дауыс беруші

акцияларының жалпы санына пайыздық арақатысы немесе өтініш берушінің
жарғылық капиталына қатысу үлесі:
________________________________________________________________________

8 8. Өтініш берушілердің акцияларына ақы төлеуге ақша енгізу алдында өтініш берушінің

акционері (қатысушы) меншікті капитал мөлшері (өтініш берушінің жарғылық
капиталына қатысу үлесі) және өтініш берушінің акциялары үшін ақы төлеу сомасы
(өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі):
________________________________________________________________________

9 9. Акционер, қатысушы ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне

өтініш берушінің акционері (қатысушысы) қатысуы жөніндегі мәліметтер:
То­лық ата­уы
Ор­на­лас­қан же­рі
Да­уыс бе­ру­ші ак­ци­я­ла­ры­ның пай­ы­зы не жар­ғы­лық ка­пи­та­лы­на қа­ты­су үле­сі
Негіз­гі қыз­мет тү­рі
1
2
3
4

10 10. Ұйымдардың толық атауы, орналасқан жері көрсетілген өтініш берушінің акционері

(қатысушы) қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер,
концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы мәліметтер:
________________________________________________________________________

11 11. Осы қосымшаның 9 және 10-тармақтарына сәйкес көрсетілмеген, бірақ

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сондай болып табылатын акционер
(қатысушы), өтініш берушінің басқа үлестес тұлғалары туралы мәліметтер:
________________________________________________________________________

12 12. Өтініш беруші акционерінің (қатысушының) басшысы туралы мәліметтер:

________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
20__жылғы «___» _________________
Өтініш беруші акционерінің (қатысушының) басшысының қолы
________________________________________________________________________

0.3 Акционер (қатысушы) туралы мәліметтер (жеке тұлға үшін) __________________________________________________________________ (өтініш берушінің толық атауы)

Бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызметті жүзеге асыруға
лицензиялар беру, оларды
тоқтата тұру және олардан
айыру қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Акционер (қатысушы) туралы мәліметтер
(жеке тұлға үшін)
__________________________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
20 __ жылғы «___» ___________

1 1. Акционер (қатысушы)

________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

2 2. Туған күні

________________________________________________________________________

3 3. Азаматтығы

________________________________________________________________________

4 4. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдіктер,

азаматтығы жоқ адамдар үшін) _____________________________________________
________________________________________________________________________
(құжаттың атауы, нөмірі, сериясы және берілген күні, кім берген)

5 5. Жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса) ____________________________________

________________________________________________________________________

6 6. Тұрғылықты жері және заңды мекенжайы _________________________________

(пошта индексі, облысы, қаласы,
________________________________________________________________________
ауданы, көшесі, үйінің, кеңсенің нөмірі, электрондық пошта мекенжайы)

7 7. Телефон нөмірі (қаланың коды, үй және жұмыс) ____________________________

8 8. Еңбек қызметі туралы мәліметтер

Осы тармақта бүкіл еңбек қызметi (сондай-ақ басқару органында мүшелігі),
оның iшiнде жоғарғы оқу орнын аяқтаған сәттен бастап, сондай-ақ еңбек
қызметін жүзеге асырмаған кезең көрсетіледі.

Жұ­мыс ке­зе­ңі (кү­ні, айы, жы­лы)
Жұ­мыс ор­ны (егер қар­жы ұй­ы­мы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­ден­ті бо­лып та­был­са, қар­жы ұй­ы­мын тір­кеу ор­нын көр­се­те оты­рып)
Ла­у­а­зы­мы
Тәр­тіп­тік жа­за­сы­ның бо­луы
Ла­у­а­зы­мы­нан боса­ту се­беп­те­рі
1
2
3
4
5
6

9 9. Акционерге тиесілі дауыс беруші акциялар санының өтініш берушінің дауыс

беруші акцияларының жалпы санына пайыздық арақатысы немесе өтініш
берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі:
________________________________________________________________________

10 10. Өтініш берушілердің акцияларына ақы төлеуге ақша енгізу алдында өтініш

берушінің акционері (қатысушы) меншікті капитал мөлшері (өтініш берушінің
жарғылық капиталына қатысу үлесі) және өтініш берушінің акциялары үшін
ақы төлеу сомасы (өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі):
________________________________________________________________________

11 11. Қатысушы, акционер ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне

өтініш беруші акционердің (қатысушының) қатысуы жөніндегі мәліметтер:
То­лық ата­уы
Ор­на­лас­қан же­рі
Да­уыс бе­ру­ші ак­ци­я­ла­ры­ның пай­ы­зы не жар­ғы­лық ка­пи­та­лы­на қа­ты­су үле­сі
Негіз­гі қыз­мет тү­рі
1
2
3
4

12 12. Осы қосымшаның 11-тармағында көрсетілмеген, бірақ Қазақстан Республикасының

заңнамасына сәйкес сондай болып табылатын өтініш берушінің акционері
(қатысушысы) басқа үлестес тұлғалары туралы мәліметтер:
________________________________________________________________________
Осы ақпаратты өзім тексергенімді және оның дәйекті және толық екендігін,
сондай-ақ мінсіз іскерлік беделдің болуын растаймын.
Дербес деректерді жинау мен өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен
қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Акционердің (қатысушының) қолы _______________________
20___ жылғы «_____» _______________

0.4 Қазақстан Республикасының елтаңбасы

Бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызметті жүзеге асыруға
лицензиялар беру, оларды
тоқтата тұру және олардан
айыру қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының
елтаңбасы
Лицензияның нөмірі _______ берілген күні ___ жылғы «__» _________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________ берілген.
(лицензиаттың толық атауы)
Осы лицензия бағалы қағаздар нарығында мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыру
құқығын береді:
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Алғаш алынған бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін
лицензиялар туралы деректер:
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
(нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
Төраға (Төрағаның орынбасары)
_______________________________
Мөр орны
Алматы қаласы

0.5 Уәкілетті органға ерікті жүгінуге байланысты лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға, қызмет түрінің (шағын түрінің) атауын өзгертуге және (немесе) қызметтің түрін (шағын түрін) алып тастауға өтініш ___________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _____________________________

Бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызметті жүзеге асыруға
лицензиялар беру, оларды
тоқтата тұру және олардан
айыру қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Уәкілетті органға ерікті жүгінуге байланысты лицензияның
қолданылуын тоқтата тұруға, қызмет түрінің (шағын түрінің) атауын өзгертуге
және (немесе) қызметтің түрін (шағын түрін) алып тастауға өтініш
___________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
(лицензиаттың атауы)
акционерлерінің жалпы жиналысының
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
(өткізу орны)
_____ жылғы «__» _____________ № ____ шешіміне сәйкес
бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген 20__ жылғы «_»_____
№_____лицензияның қолданылуын тоқтата тұруын,
бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген
20__жылғы «__» ________ № ______ лицензиядан төмендегі қызметтің
түрін (шағын түрін) өзгертуін:
_______________________________________________________________________,
(қызмет түрінің (шағын түрінің) атауы)
бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген
20__жылғы «__»________№_____лицензиядан төмендегі қызметтің түрін (шағын түрін) алып тастауын:
_______________________________________________________________________,
(қызмет түрінің (шағын түрінің) атауы)
жүзеге асыруды (керегін таңдап алу) сұрайды.
Лицензиат өтінішпен қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұралатын қосымша ақпараттың және құжаттардың уәкілетті органға уақтылы берілуін растайды.
Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атаулы тізбесін, әрқайсысы бойынша дана және парақ санын көрсету керек):
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Лицензиаттың атқарушы органының басшысының не өтініш беруге уәкілетті тұлғаның
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (растайтын құжаттарды қоса бере отырып)
________________________________________________________________________
______________________________ _________________________________
(қолы) (күні)

0.6 Өтініш

Бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызметті жүзеге асыруға
лицензиялар беру, оларды
тоқтата тұру және олардан
айыру қағидаларына
6-қосымша
Нысан
_______________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
_______________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
Өтініш
байланысты
лицензияны қайта ресімдеуді сұраймын.
Жіберілетін құжаттар тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналар мен парақтардың саны
________________________________________________________________________
Өтініш беруші өтінішпен қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұралатын қосымша ақпараттың және құжаттардың уәкілетті органға уақтылы берілуін растайды.
Өтініш беруші ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Өтініш берушінің атқарушы органының басшысының не өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (растайтын құжаттарды қоса бере отырып)
_______________________________________________________________________
______________________________ ________________________________
(қолы) (күні)

1 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының күші жойылған қаулыларының тізбесі

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Ұлт­тық Бан­кі Бас­қар­ма­сы­ның
2014 жы­л­ғы 26 ақ­пан­да­ғы
№ 25 қа­улы­сы­на
қо­сым­ша
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының күші жойылған қаулыларының тізбесі

1

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін лицензиялар берудің талаптары мен тәртібі туралы қағидаларды бекіту туралы" 2012 жылғы 24 ақпандағы № 87 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7534 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 19 маусымда № 330-335 (27409) жарияланған).

2

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 24 тамыздағы № 235 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8009 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 21 қарашада № 763-767 (27839) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 7-тармағы.

3

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 110 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8505 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2013 жылғы 6 тамызда № 115 (2316) жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 32-тармағы.

Қолданыстағы