О внесении изменений и дополнения в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам социальных выплат Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне әлеуметтік төлемдер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Бап 1
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтыру енгізілсiн:
Тармақ 1
1. "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 10, 242-құжат; 1994 ж., N 8, 140-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; N 17-18, 220-құжат; N 22, 334-құжат; 1998 ж., N 24, 432-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат): 22-бапта:
Тармақша 1
1) бiрiнші бөліктегі "еңбек ақының ең аз мөлшерiнің" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштiң" деген сөздермен ауыстырылсын, "еңбек ақының кемінде 100 ең аз мөлшерлерiнде" деген сөздер "100 айлық есептік көрсеткiш есебiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) үшінші бөлiктегi "жалақының ең аз мөлшерiнің" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштің" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 8, 238-құжат; N 23, 925-құжат):
Тармақша 1
1) 1-бапта: 3) тармақшадағы "және жәрдемақы тағайындауды жүзеге асыратын" деген сөздер алып тасталсын;
Тармақша 2
2) 5-бапта: 2-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "орталық атқарушы орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкiметi" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың екiншi бөлiгi, 3, 4-тармақтар, 5-тармақтың екiншi бөлiгi және 6-тармақ алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын: "7. Жәрдемақы тағайындау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.";
Тармақша 3
3) 6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "1. Жәрдемақы төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.";
Тармақша 4
4) 8-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "1. Жәрдемақы тағайындау үшiн растайтын құжаттарды табыс етпеген немесе деректерi дұрыс емес құжаттарды табыс еткен адамдарға жәрдемақы тағайындалмайды.".
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер беру мәселелерi бойынша кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 сәуiрдегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 8, 247-құжат): 1-баптың 7-тармағының 1) тармақшасындағы "2001" деген цифр "2003" деген цифрмен ауыстырылсын.
Бап 2
2-бап. Осы Заң 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.