Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количество представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества в Каратальском районе Күшін жойған
Басқа 0
Қаратал ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және
жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің N 1106 Қаулысына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қаратал ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс, тұрмыстық қызмет көрсету, сауда, қоғамдық тамақтану, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, заңдылық, құқықтық тәртіпті, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Қаратал ауданының әкімі
19 наурыз 2014 жыл
Сұлтан Мырзабекұлы Дүйсембінов
Басқа 4
Қаратал аудандық мәслихатының
2014 жылғы 19 наурыздағы
"Қаратал ауданында бөлек
жергілікті қоғамдастық жиындарын
өткізу және жергілікті
қоғамдастық жиынына қатысу
үшін ауыл, көше, көппәтерлі
тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің
санын айқындау тәртібін бекіту
туралы" N 28-121 шешімімен
бекітілген қосымша
Қаратал ауданында бөлекжергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу
және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көп
пәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 39-3 бабы 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің N 1106 Қаулысына сәйкес әзірленді және Қаратал ауданында ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Қаратал ауданының қала және ауылдық округтерінің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тарау 2. 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жиынды қала және ауылдық округтің әкімі шақырады.
Қаратал ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тармақ 5
5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді қала және ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды қала және ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Қала және ауыл округі әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын қала және ауылдық округтің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй сайлаушыларының жалпы санының 1 проценті мөлшерінде бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны тиісті қала және ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.