О льготном проезде отдельных категорий граждан города Сатпаев для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) Күшін жойған
Басқа 0
Сәтбаев қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңының 13 бабына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Сәтбаев қаласы азаматтарының келесі санаттарына қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру белгіленсін:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – тегін жол жүру;
Тармақша 2
2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – тегін жол жүру;
Тармақша 3
3) мәртебесі «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1) тармақшасында айқындалған, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға – тегін жол жүру;
Тармақша 4
4) еңбек ардагерлеріне – тегін жол жүру;
Тармақша 5
5) зейнетақының ең төменгі мөлшерін алатын зейнеткерлерге – тегін жол жүру;
Тармақша 6
6) бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – тегін жол жүру;
Тармақша 7
7) жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – тегін жол жүру;
Тармақша 8
8) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға және «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға – тегін жол жүру.
Тармақ 2
2. Қаржыландыру көзі ретінде қалалық бюджет белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен Сәтбаев қаласы әкімдігі қаулысының және Сәтбаев қалалық мәслихаты шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.С. Имамбайға және қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Ә.М. Қоңыроваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен Сәтбаев қаласы әкімдігінің қаулысы және Сәтбаев қалалық мәслихатының шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.