Жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім туралы Ережені бекіту туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім туралы Ережені бекіту туралы
Тармақша 1
Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Заңын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. Қоса берiлген Жоғары бiлiмнен кейiнгi кәсiптiк бiлiм туралы Ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Жоғары бiлiм департаментi (Ә. Әбжаппаров) осы бұйрықты белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуден өткiзуге ұсынсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
Тармақ 4. Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру туралы ЕРЕЖЕ
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-Министр Ә. Ахметовке жүктелсiн. Келісілген: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 6 желтоқсандағы N 1134 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру туралы Ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы "Бiлiм туралы" Заңының 26 бабына сәйкес жасалды.
Тармақ 2
2. Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм жоғары деңгейдегi үздiксiз бiлiм беру жүйесiнде бiлiктiлiгi жоғары ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлауды, кәсiби шеберлiгiн үнемi жетiлдiруге жағдай жасауды мақсат етедi. Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм адамның жоғары оқу орнын бiтiргеннен кейiн бiлiмiн ұлғайту және тереңдету талабын қанағаттандыруға бағытталған.
Тармақ 3
3. Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм азаматтарға бiлiм деңгейiн көтеруге, жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiм және жоғары арнаулы бiлiм базасы негiзiнде ғылыми-педагогикалық бiлiктiлiгiн көтеруге мүмкiндiк бередi.
Тармақ 4
4. Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына конкурстық негiзде мiндеттi мемлекеттiк тапсырысқа сәйкес тегiн жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм алуға кепiлдiк бередi.
Тармақ 5
5. Ғылым және бiлiм саласы бойынша жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм алатын мамандарды даярлауға мемлекеттiк тапсырыс орталық атқарушы органдар мамандарымен жыл сайын анықталады және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi.
Тармақ 6
6. Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрлар дайындау қолданыстағы мемлекеттiк тапсырыстың үстiне оқуға кететiн шығын толық есептелiп және осы ереженiң талаптары сақтала отырып, келiсiм-шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм бойынша ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындауды жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм мекемесi және осындай бiлiм беру қызметiне лицензиясы бар ғылыми мекемесi жүзеге асыра алады.
Тармақ 8
8. Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру қызметін жүргізу құқына лицензия алу үшiн жоғары оқу орны және ғылыми мекемесi лицензия берушiге Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 сәуiрдегi N 596 "Бiлiм беру қызметiндегi лицензиялау Ережесiн бекiту туралы"  P000596_  қаулысына сәйкес керектi құжаттарды ұсынады.
Тармақ 9
9. Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм алуға қолданыстағы мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартына сәйкес, қандайда бiр жоғары кәсiптiк бiлiм алғаннан кейiн ғана, нақты мамандық бойынша негiзгi кәсiптiк бiлiм беру бағдарламасы мазмұнына сай мiндеттi минимумды тапсырғанда ғана мүмкiндiк туады.
Тармақ 10
10. Жоғары оқу орындарындағы, ғылыми мекемелерiндегi клиникалық ординатурада, аспирантурада, адъюнктурада және докторантурада, аға ғылыми қызметкер қызметiне ауыстыру арқылы, iзденушi есебiнде жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм алуға болады.
Тармақ 11
11. Аспирантура - жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерде бiлiктiлiгi жоғары ғылыми және ғылыми-педагог кадрлар даярлау нысаны.
Тармақ 12
12. Адъюнктура - әскери оқу орындарында бiлiктiлiгi жоғары ғылыми-педагог кадрлар даярлау нысаны.
Тармақ 13
13. Докторантура - жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерде бiлiктiлiгi жоғары ғылыми және ғылыми-педагог кадрлар даярлау нысаны.
Тармақ 14
14. Клиникалық ординатура - жоғары оқу орнынан кейiнгi тереңдетiлген медициналық бiлiм алу нысаны.
Тармақ 2. 2. Аспирантура мен адъюнктурада ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау тәртiбi
2. Аспирантура мен адъюнктурада ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау тәртiбi
Тармақ 15
15. Аспирантура жоғары бiлiктi мамандары мен бүгiнгi күн талабына сай ғылыми-зерттеу және материалдық-техникалық базасы бар, ведомстволық бағыныштылыққа, меншiк түрiне тәуелсiз жоғары оқу орындарында, ғылыми мекемелерiнде, ғылыми мамандарды даярлауға сәйкес тиiстi лицензия алған сәттен олардың өтiнiш етуiмен ашылады.
Тармақ 16
16. Адъюнктура Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi және Ұлттық қауiпсiздiк комитетi ведомствосына қарасты 15-тармақта келтiрiлген жағдайларға сәйкес, жоғары оқу орындарында ашылады.
Тармақ 17
17. Аспирантура мен адъюнктурада жоғары бiлiктi мамандарды даярлауға қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
Тармақша 1
1) әрбiр ғылыми мамандық бойынша дайындайтын кемiнде екi ғылым докторының бар болуы және олардың осы мекемеде тұрақты жұмыс iстейтiндiгi жөнiндегi анықтама;
Тармақша 2
2) ғылыми мамандарды даярлауға сәйкес келетiн ғылыми-зерттеу лабороториясының болуы.
Тармақ 18
18. Аспирантура мен адъюнктурада ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерiнде ғылым саласы бойынша Жоғары Аттестациялық Комиссия бекiткен (одан ары - ЖАК) "Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерiнiң ғылыми дәрежесiн тағайындау жөнiндегi мамандықтар номенкулатурасына" сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. Аспирантура мен адъюнктураның ашылуы бiлiм саласындағы орталық атқарушы органның бұйрығымен жоғары оқу орнының немесе ғылыми мекеменiң өтiнiш хаты және ЖАК қорытындысы негiзiнде жүргiзiледi.
Тармақ 20
20. Жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерiнде аспирантура мен адъюнктураны ашуға қорытынды дайындау кезiнде ЖАК аспирантура мен адъюнктурада жоғары бiлiктi мамандар дайындауға қойылатын бiлiктiлiк талаптарының мiндеттiлiк жағдайын, сондай-ақ ғылыми мамандық бойынша жүргiзiлетiн ғылыми семинардағы әрекетiн басшылыққа алады.
Тармақ 21
21. ЖАК қорытындысы үшiн жолданатын өтiнiш хатқа тiркелетiндер:
Тармақша 1
1) мекеменiң ғылыми кеңесiнiң ашылатын аспирантураның ғылыми мамандығының түрi көрсетiлген шешiмi;
Тармақша 2
2) әрбiр ғылыми мамандық бойынша дайындайтын кемiнде екi ғылым докторының бар болуы және олардың осы мекемеде тұрақты жұмыс iстейтiндiгi жөнiндегi анықтама;
Тармақша 3
3) тиiстi ғылыми мамандықтар бойынша ғылыми-зерттеу және материалдық-техникалық базаның сипаттамасы;
Тармақша 4
4) соңғы бес жылдағы ғылыми еңбектерi және автореферат бойынша мамандық шифры көрсетiлген ұйғарылған ғылыми жетекшiлер туралы мәлiмет;
Тармақша 5
5) аспиранттар мен адъюнкттарды дайындау бағдарламасы.
Тармақ 22
22. Аспиранттар мен адъюнкттарды дайындау бағдарламасы тиiстi диссертациялық кеңестер жасайды және ЖАК-да бекiтiледi.
Тармақ 23
23. Аспирантура мен адъюнктурада оқу мынадай түрде жүзеге асырылады: күндiзгi және сырттай. Оқу мерзiмi жоғары арнайы бiлiм негiзiнде аспирантураның күндiзгi бөлiмiнде үш жыл, жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiм (тиiстi мамандық бойынша магистр дәрежесi барларға) негiзiнде - екi жыл. Сырттай оқу жоғары арнайы бiлiм негiзiнде - төрт жыл, жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiм негiзiнде (тиiстi мамандық бойынша магистр дәрежесi барларға) - үш жыл. Адъюнктурада оқу мерзiмi күндiзгi бөлiмде - үш жыл, сырттай оқу бөлiмiнде - төрт жыл. Аспирантура мен адъюнктурада оқу мерзiмi ғылыми-педагогикалық жұмыс өтiлiне есептеледi.
Тармақ 24
24. Аспирантура мен адъюнктурада оқу мерзiмiн дәрiгерлiк-консультациялық комиссияның (ДКК анықтамасы немесе бала тууына байланысты анықтама) қорытындылары негiзiнде ұзартуға болады:
Тармақша 1
1) мекеме басшысының бұйрығымен 4 айға дейiн;
Тармақша 2
2) кафедра (бөлiм, лаборатория) ұсынысы, ғылыми жетекшiнiң пiкiрi бойынша мекеме кеңесiнiң шешiмi негiзiнде 4 айдан бiр жылға дейiн.
Тармақ 25
25. Аспирантура мен адъюнктураға қабылдау емтихандарын тапсыруға жiберiлгендерге емтихандарға дайындалу және тапсыру үшiн жұмыс орындарындағы еңбек ақылары сақталатын немесе сақталмайтын 15 күнтiзбелiк күннен тұратын қосымша демалыс берiлуi мүмкiн. Кандидаттық емтихандарын iшiнара тапсырған аспирантураға түсушiлер қалған қабылдау емтихандарын тапсыру үшiн әр емтиханға бес күн есебiнен берілетiн қосымша демалысын пайдаланады. Қосымша демалыс алуға құқылы екенiн растайтын құжат мекеме басшысы қол қойған әңгiмелесуге және қабылдау емтиханын тапсыруға жiберiлгендiгi жөнiндегi анықтама қағаз болып табылады.
Тармақ 26
26. Мекеме Ғылыми кеңесi, әдетте, жеке басшылыққа ЖАК рұқсаты бар ғылым докторы немесе ғылым кандидаты болып табылатын ғылыми жетекшiнi бекiтедi.
Тармақ 27
27. Жанаса жүргiзiлген ғылыми мамандықтар бойынша зерттеуге екi жетекшi немесе жетекшi және кеңесшi тағайындауға рұқсат етiледi.
Тармақ 28
28. Мекеме Ғылыми кеңесi аспирантура мен адъюнктураға қабылданғаннан кейiнгi үш айдың iшiнде диссертациялық зерттеулер тақырыбын бекiтедi.
Тармақ 29
29. Ғылыми жетекшiге ақы төлеу бiр аспирант немесе адъюнкт үшiн бiр жылға белгiленетiн 50 сағаттың есебiнен педагогикалық жұмысқа жүргiзiледi, аспирант немесе адъюнктқа екi жетекшi бекiтiлген жағдайда да осы есеп сақталады.
Тармақ 30
30. Мекемелердiң ғылыми кеңестерi аспиранттары мен адъюнкттары оқуды диссертациялық жұмыстарды қорғаусыз бiтiрген ғылыми жетекшiлердi үш жылға дейiнгi мерзiмге жетекшiлiк етуден аластатуға құқылы.
Тармақ 31
31. Аспирантура меңгерушiсiнiң қызметi кемiнде 50 аспиранты бар жоғары оқу орнында, ғылыми мекемесiнде енгiзiледi.
Тармақ 32
32. Аспирант пен адъюнкт мекеме басшыларының келiсiмiмен, оларды жiберушi жақтың өтiнiшi және келiсiмi бойынша бос орын болған жағдайда бiр мекемеден екiншiсiне, бiр оқу түрiнен басқасына ауысуға құқылы.
Тармақ 33
33. Аспиранттар мен адъюнкттар жеке жұмыс жоспарының орындалуы жөнiнде кафедраның (бөлiмнiң, сектордың, лабораторияның) отырысында мезгiлiмен есеп бередi және жыл сайын құрамына өзiнiң ғылыми жетекшiсi кiретiн комиссияның алдында аттестациядан өтедi. Белгiленген мерзiмде жеке жұмыс жоспарын орындай алмаған, кәсiби қағиданы бұзған аспиранттар мен адъюнкттар аспирантурадан, адъюнктурадан шығарылады.
Тармақ 34
34. Аспирант пен адъюнкт аспирантура мен адъюнктурада оқитын мерзiм iшiнде белгiленген уақытта төмендегiдей жұмыстарды орындауға мiндеттi:
Тармақша 1
1) жеке жұмыс жоспарын толық орындау, ғылыми-зерттеулер жүргiзудiң әдiстемесiн меңгеру;
Тармақша 2
2) бағдарламада көзделген ағымдық және кандидаттық емтихандарды тапсыру;
Тармақша 3
3) көкейкестi тақырып бойынша өзiнiң жеке ғылыми зерттеулерiнiң нәтижелерiн кандидаттық диссертация түрiнде тапсыру, оның негiзгi қағидаларын тиiстi ғылыми басылымдарда жариялау;
Тармақша 4
4) алдын-ала қорғаудан өту. Аспиранттар мен адъюнкттар оқу мерзiмi iшiнде оқыту әдiстемесi мен информатикадан ағымдық емтихандар, сонымен қатар мемлекеттік тілі, философия, шет тiлi мен арнайы мамандық бойынша кандидаттық емтихандар тапсырады. Арнайы мамандық бойынша кандидаттық емтихан, әдетте, диссертациялық жұмыс қорғауды жоспарлаған мекемеде тапсырылады. Ескерту: 34-тармақ өзгертілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 28 сәуірдегі N 300   бұйрығымен .
Тармақ 35
35. Мемлекеттiк тапсырыс бойынша күндiзгi оқу бөлiмiнде оқитын аспиранттар мен адъюнкттар белгiленген тәртiп бойынша стипендиямен қамтамасыз етiледi. Стипендия оқуға қабылданған күннен бастап төленедi, бiрақ ол бұрынғы жұмыс орнынан босатылған күннен ерте болмауы тиiс. Аспиранттар мен адъюнкттарға Қазақстан Республикасы Президентiнiң  стипендиясы , атақты ғалымдар атындағы және басқа да арнаулы стипендиялар тағайындалуы мүмкiн. Аспиранттар мен адъюнкттарға жыл сайын стипендиясы сақталатын екi айлық демалыс берiледi. Тыс жерден келген аспиранттар мен адъюнкттар өз қаржысы немесе оқуға жiберген мекеменiң қаржысы есебiнен төленетiн жайлы-қонақ үй түрiндегi жатақхананың жеке бөлмесiмен қамтамасыз етiледi.
Тармақ 36
36. Мақсатты аспирантура мен адъюнктураны бiтiрушiлер өздерiн жiберген мекемеге қайтып барулары тиiс. Бармаған жағдайда, олар дайындыққа кеткен шығынды жiберген мекемеге өздерiнiң есебiнен төлейдi. Төленуi тиiс шығынды жұмысқа алған мекеме де төлей алады.
Тармақ 3. 3. Клиникалық ординатурада ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау тәртiбi
3. Клиникалық ординатурада ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау тәртiбi
Тармақ 37
37. Клиникалық ординатурада жоғары бiлiктi мамандары мен бүгiнгi күн талабына сай ғылыми-зерттеу, материалдық-техникалық және клиникалық базасы бар, ведомстволық бағыныштылыққа, меншiк түрiне тәуелсiз медициналық жоғары оқу орындарында, ғылыми мекемелерiнде, дәрiгерлердiң бiлiмiн жетiлдiру институттарында ғылыми мамандықтар бойынша даярлауға сәйкес тиiстi лицензия алған сәттен олардың өтiнiш етуiмен ашылады.
Тармақ 38
38. Клиникалық ординатурада жоғары бiлiктi мамандарды даярлауға қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
Тармақша 1
1) әрбiр ғылыми мамандық бойынша дайындайтын кемiнде екi ғылым докторының бар болуы және олардың осы ұйымда тұрақты жұмыс iстейтiндiгi жөнiндегi анықтама;
Тармақша 2
2) ғылыми мамандарды даярлауға сәйкес келетiн ғылыми-зерттеу және клиникалық базалардың болуы.
Тармақ 39
39. Клиникалық ординатурада ғылыми және ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлау медициналық жоғары оқу орындары, ғылыми мекемелер мен дәрiгерлердiң бiлiмiн жетiлдiру институттарында ғылым саласы бойынша "Дәрiгерлiк мамандықтар номенклатурасына", оқу жоспары мен бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 40
40. Клиникалық ординатураның ашылуы мекеменiң өтiнiш хаты негiзiндегi Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнің бұйрығымен жүргiзiледi.
Тармақ 41
41. Медициналық жоғары оқу орындарында, ғылыми мекемелерiнде және дәрiгерлердiң бiлiмiн жетiлдiру институттарында клиникалық ординатураны ашуға қорытынды дайындау кезiнде Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi жоғары бiлiктi мамандар дайындауға қойылатын бiлiктiлiк талаптарының мiндеттiлiк жағдайын басшылыққа алады.
Тармақ 42
42. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң қорытындысы үшiн жолданатын өтiнiш хатқа тiркелетiндер:
Тармақша 1
1) мекеменiң ғылыми кеңесiнiң ашылатын клиникалық ординатураның ғылыми мамандығының түрi көрсетiлген шешiмi;
Тармақша 2
2) әрбiр ғылыми мамандық бойынша дайындайтын кемiнде екi ғылым докторының бар болуы және олардың осы ұйымда тұрақты жұмыс iстейтiндiгi жөнiндегi анықтама;
Тармақша 3
3) тиiстi ғылыми мамандықтар бойынша ғылыми-зерттеу, материалдық-техникалық және клиникалық базаның сипаттамасы;
Тармақша 4
4) ғылыми еңбектерi бойынша мамандық шифры көрсетiлген ұйғарылған ғылыми жетекшiлер туралы мәлiмет;
Тармақша 5
5) клиникалық ординаторлардың дайындау бағдарламасы.
Тармақ 43
43. Клиникалық ординаторлардың дайындау бағдарламасы кафедраларда жасалады және мекемелердiң Ғылыми кеңестерiнде бекiтiледi.
Тармақ 44
44. Клиникалық ординаторлардың оқуы медициналық жоғары оқу орындарының, ғылыми мекемелердiң және дәрiгерлердiң бiлiмiн жетiлдiру институттарының клиникалық базаларында өтедi. Клиникалық ординатурада оқу мерзiмi - екi жыл. Клиникалық ординатурадағы оқу мерзiмi дәрiгердiң жұмыс өтiлiне есептеледi.
Тармақ 45
45. Клиникалық ординатурадағы оқу мерзiмiн дәрiгерлiк-консультациялық комиссияның (ДКК анықтамасы немесе бала тууына байланысты анықтама) қорытындылары негiзiнде ұзартуға болады:
Тармақша 1
1) мекеме басшысының бұйрығымен 4 айға дейiн;
Тармақша 2
2) кафедра (бөлiм, лаборатория) ұсынысы, ғылыми жетекшiнiң пiкiрi бойынша мекеме кеңесiнiң шешiмi негiзiнде 4 айдан бiр жылға дейiн.
Тармақ 46
46. Кураторларға бiр клиникалық ординаторға аптасына 3 сағат көлемiнде оқу жүктемесi есептелінедi, оның 75% негiзгi пән дайындығына, ал 25% үйлес пәндер дайындығына бөлiнедi.
Тармақ 47
47. Мамандықтардың бөлiмдерi бойынша оқу жүктемесi және емдеу-алдын ала жұмысы жеке жоспармен белгiленедi.
Тармақ 48
48. Клиникалық ординаторлар мекеме басшыларының келiсiмiмен, клиникалық ординаторды жiберушi жақтың өтiнiшi және келiсiмi бойынша бос орын болған жағдайда бiр мекемеден екiншiсiне, бiр оқу түрiнен басқасына ауысуға құқылы.
Тармақ 49
49. Клиникалық ординаторлардың күшi бар заңға сәйкес қызметтердi басқа мекемелерде қатарластыруға құқы бар.
Тармақ 50
50. Клиникалық ординаторлар жеке жұмыс жоспарының орындалуы жөнiнде кафедраның (бөлiмнiң, сектордың, лабораторияның) отырысында мезгiлiмен есеп бередi және жыл сайын құрамына өзiнiң ғылыми жетекшiсi кiретiн комиссияның алдында аттестациядан өтедi.
Тармақ 51
51. Белгiленген мерзiмде жеке жұмыс жоспарын орындай алмаған, кәсiби қағиданы бұзған клиникалық ординаторлар клиникалық ординатурадан шығарылады.
Тармақ 52
52. Клиникалық ординаторлар клиникалық ординатурада оқитын мерзiм iшiнде белгiленген уақытта төмендегiдей жұмыстарды орындауға мiндеттi:
Тармақша 1
1) жеке жұмыс жоспарын толық орындау;
Тармақша 2
2) бағдарламада көзделген ағымдық емтихандарды тапсыру;
Тармақша 3
3) көкейкестi тақырып бойынша өзiнiң жеке ғылыми зерттеулерiнiң нәтижелерiн, оның негiзгi қағидаларын 1 басылым беттен кем емес тиiстi ғылыми басылымдарда жариялау.
Тармақ 53
53. Мемлекеттiк тапсырыс бойынша күндiзгi оқу бөлiмiнде оқитын клиникалық ординаторлар белгiленген тәртiп бойынша стипендиямен қамтамасыз етiледi. Стипендия оқуға қабылданған күннен бастап төленедi, бiрақ ол бұрынғы жұмыс орнынан босатылған күннен ерте болмауы тиiс.
Тармақ 54
54. Тыс жерден келген клиникалық ординаторлар өз қаржысы немесе оқуға жiберген мекеменiң қаржысы есебiнен төленетiн жатақхананың жеке бөлмесiмен қамтамасыз етiледi.
Тармақ 55
55. Мақсатты клиникалық ординатураны бiтiрушілер өздерiн жiберген мекемеге қайтып барулары тиiс. Жiберген мекемеге жұмысқа бармаған жағдайда олар дайындыққа кеткен шығынды өздерiнiң есебiнен төлейдi. Төленуi тиiс шығынды жұмысқа алған мекеме де төлей алады.
Тармақ 56
56. Клиникалық ординатураны бiтiрушiлерге белгiленген түрде куәлiк берiледi.
Тармақ 57
57. Жоғары оқу орындарында профессорлық-оқытушы құрамына уақыттың шығынын компенсациялау үшiн клиникалық ординаторлардың оқытуына жүктеме - аптасына 3 академиялық сағат.
Тармақ 4. 4. Докторантурада ғылыми және ғылыми-педагогикалық мамандар даярлаудың тәртiбi
4. Докторантурада ғылыми және ғылыми-педагогикалық мамандар даярлаудың тәртiбi
Тармақ 58
58. Докторантура ведомстволық бағыныштылыққа, меншiк түрiне тәуелсiз, қазiргi заманғы зерттеу және эксперименттiк базасы, ғылыми мектебi бар, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды жасауға және жүзеге асыруға белсендi қатысушыларды қабылдайтын жоғары оқу орындарында, ғылыми, және ғылыми өндiрiстiк мекемелерiнде (бұдан ары - мекемелер) ашылады.
Тармақ 59
59. Докторантурада жоғары бiлiктi мамандарды дайындауға қойылатын бiлiктiлiк талаптары мынадай:
Тармақша 1
1) әрбiр ғылыми мамандық бойынша дайындайтын ғылым докторларының саны үштен кем болмауы және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беретiн сол мекемеде тұрақты жұмыс iстеуi;
Тармақша 2
2) қазiргi заманғы ғылыми-эксперименттiк база бойынша тиiстi ғылыми мамандар дайындау.
Тармақ 60
60. Докторантурада ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау жоғары оқу орындарында және ғылыми мекемелерiнде ЖАК бекiткен "Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерге ғылыми дәреже тағайындау жөнiндегi мамандықтар номенклатурасына" сәйкес ғылым саласы бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 61
61. Докторантураны ашу ЖАК қорытындысы және бiлiм саласындағы мекеменiң өтiнiш-кепiлдемесi негiзiнде орталық атқарушы органның бұйрығымен жүзеге асырылады. Кепiлдеме-өтiнiште докторантураны ашуға себеп болатын қажеттiлiк, ғылыми мектептiң болуы, көпшiлiкке танымал болуы және олардың жұмысы үшiн талап етiлетiн жағдайлармен қамтамасыз етуге кепiлдiк беру жайы негiзделедi.
Тармақ 62
62. Жоғары оқу орындарында және ғылыми мекемелерiнде докторантураны ашу жөнiндегi қорытынды жасауда ЖАК докторантурада жоғары бiлiктi мамандар дайындауға қойылатын, сонымен қатар, профилi бойынша ғылыми семинар жүргiзетiн ғылыми мамандықтарға мiндеттi жағдайдағы бiлiктiлiк талаптарын басшылыққа алады.
Тармақ 63
63. ЖАК қорытындысы үшiн өтiнiш-кепiлдемеге мынадай құжаттар тапсырады:
Тармақша 1
1) докторантура ашуды ұйғарған ғылыми мамандықтары көрсетiлген мекеменiң ғылыми кеңесiнiң шешiмi;
Тармақша 2
2) әрбiр ғылыми мамандық бойынша дайындайтын ғылым докторларының үштен кем болмауы және сол мекемеде тұрақты жұмыс iстейтiндiгi туралы анықтама;
Тармақша 3
3) ғылыми-зерттеу және материалдық-техникалық база бойынша тиiстi мамандық сипаттамасы;
Тармақша 4
4) докторанттар дайындау бағдарламасы.
Тармақ 64
64. Докторанттар бағдарламасын тиiстi диссертациялық кеңестер жасайды және ЖАК-да бекiтiледi.
Тармақ 65
65. Докторантурада ғылыми және ғылыми-педагогикалық мамандар даярлау мерзiмi тек күндiзгi оқу түрi бойынша үш жыл мерзiмге жүзеге асырылады. Докторантурада оқу мерзiмi ғылыми-педагогикалық жұмыс өтелiне кiредi. Докторлық диссертацияны дайындау үшiн кандидатты мекеменiң ғылыми кеңесiнiң шешiмiмен аға ғылыми қызметкер қызметiне екi жыл мерзiмге ауыстырады.
Тармақ 66
66. Ғылыми кеңес докторанттың диссертациясының тақырыбын, дайындау бағдарламасын және жеке жұмыс жоспарын докторантураға қабылданғаннан кейiн үш айдан кешiктiрмей бекiтедi.
Тармақ 67
67. Докторантураға диссертациялық зерттеулер жүргiзуде көмек көрсету үшiн сол оқу орнының немесе салалас мекемелердiң жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-педагогикалық мамандары арасынан ғылыми-кеңесшi тағайындауға болады.
Тармақ 68
68. Ғылыми-кеңесшiге ақы төлеу бiр докторантқа жылына 50 сағат есебiнде белгiленедi.
Тармақ 69
69. Мекеменiң ғылыми кеңесi докторанттарды жыл сайын аттестациядан өткiзiп отырады. Диссертациялық дайындау жұмыстарының жоспарын орындамаған докторант докторантурадан шығарылады.
Тармақ 70
70. Докторант докторантурада оқыған кезiнде диссертацияны аяқтап, көкейкестi тақырып бойынша өзiнiң ғылыми зерттеулерiнiң нәтижелерiн ғылыми басылымдарда жариялап, алдын-ала саралаудан өткiзіп, қорғау үшiн диссертациялық кеңеске тапсыруы тиiс.
Тармақ 71
71. Егер докторлық диссертация кандидаттық диссертациядан басқа тақырып бойынша жазылған болса, онда докторант докторлық дисертация профилiне сәйкес мамандық бойынша кандидаттық емтихан тапсыруы тиiс.
Тармақ 72
72. Мемлекеттiк тапсырыс бойынша оқитын докторанттарға стипендия заңда көзделген мөлшерде төленедi.
Тармақ 73
73. Докторанттарға жыл сайын стипендиясы сақталатын екi айлық демалыс берiледi. Тыс жерден келген докторанттарға жайлы-қонақ үй үлгiсiндегi жатақханадан жеке бөлме берiледi, оның төлемiн докторант өз есебiнен төлейдi немесе оқуға жiберген мекеме есебiнен жүргiзiледi.
Тармақ 74
74. Докторантураны бiтiрген мамандар өздерiн жiберген мекемеге қайтып баруға мiндеттi. Жiберген мекемеге жұмысқа бармаған жағдайда олар докторантурадағы дайындыққа кеткен шығынды өздерi төлеуге тиiс. Төленуге тиiстi шығынды жұмысқа алған мекеме төлей алады.
Тармақ 5. 5. Жоғары оқу орындарында жұмыс iстейтiн ғылым кандидаттарын докторлық диссертацияларын дайындау үшін аға ғылыми қызметкерлер лауазымына ауыстыру тәртiбi
5. Жоғары оқу орындарында жұмыс iстейтiн ғылым кандидаттарын докторлық диссертацияларын дайындау үшін аға ғылыми қызметкерлер лауазымына ауыстыру тәртiбi
Тармақ 75
75. Теориялық және қолданбалы көкейкестi зерттеулер бойынша едәуiр нәтижеге ие болған ғылым кандидаттары докторлық диссертация жазу үшiн, өз еркiмен аға ғылыми қызметкер ретiнде екi жылға дейiнгi мерзiмге ауыса алады.
Тармақ 76
76. Аға ғылыми қызметкер лауазымына үмiткер ғылым кандидаты өзi жұмыс iстейтiн жоғары оқу орнының ректорының атына диссертациялық жұмысына қажет мерзiм мөлшерiн көрсете отырып, өтiнiш жазады және оған:
Тармақша 1
1) жұмыстың орындалу кестесi көрсетiлген жоспары;
Тармақша 2
2) жарияланған ғылыми және ғылыми-әдiстемелiк жұмыстарының тiзiмi;
Тармақша 3
3) ғылым кандидатын ғылыми қызметкер жұмысына ауыстыру үшiн берген тиiстi кафедраның қорытындысы қоса тiркеледi.
Тармақ 77
77. Жоғары оқу орнының ғылыми кеңесi аға ғылыми қызметкер жұмысына ауыстыру мүмкiндiгi туралы шешiм қабылдайды және докторлық диссертацияның орындалу мерзiмiн анықтайды.
Тармақ 78
78. Аға ғылыми қызметкер жұмысына ауыстыру ректордың бұйрығымен ғылыми қызметкерлердiң белгiленген саны шеңберiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 79
79. Аға ғылыми қызметкерлердiң санын жоғары оқу орны бағынатын тиiстi министрлiк, ведомство белгiлейдi.
Тармақ 80
80. Педагогикалық жұмыстан босатылған ғылым кандидаттары - оқытушылар ғылыми қызметкер болып ауысуына байланысты ғылыми мекемелерiне немесе жетекшi шетелдiк орталықтарға (тиiстi шет тiлiн бiлген жағдайда ғана) соңғылардың (осы аталған мекемелердiң) келiсiмiмен жолсапарға бара алады.
Тармақ 81
81. Жiберушi жақ белгiленген тәртiпке сәйкес аға ғылыми қызметкерге еңбек ақысын төлейдi.
Тармақ 82
82. Аға ғылыми қызметкер лауазымына ауысқан қызметкерлерге жалақысы ғылыми мекемелердiң аға ғылыми қызметкерлерiнiң қызметтiк жалақысы көлемiнде белгiленедi. Аға ғылыми қызметкердiң жолсапарға келуiне келiсiм берген жоғары оқу орны, ғылыми мекемелерi оған жұмыс iстеу үшiн жағдай жасайды, ғылыми консультант бередi және оның жұмысын қадағалап отырады. Жыл аяғында аға ғылыми қызметкерлер аттестациядан өтедi. Оның қорытындысы бойынша жоғары оқу орнының, ғылыми мекемелерiнiң ғылыми кеңесi оларды келесi жылы ғылыми қызметкер ретiнде қалдыру-қалдырмау мәселесiн қарап, шешедi. Басқа жоғары оқу орындарына, ғылыми мекемелерiне жолсапарға жiберiлгендер өздерi есепке тұратын жоғары оқу орнына аттестацияның қорытындысын немесе сол жерден өзiнiң есебiн жiбередi. Аға ғылыми қызметкер ретiнде жұмыс iстеу мерзiмi бiтiсiмен, ғылым кандидаты өзiнiң ғылыми зерттеуiн докторлық диссертация көлемiнде жоғары оқу орнының, ғылыми мекемесiнiң ғылыми кеңесiне беруi керек.
Тармақ 83
83. Аға ғылыми қызметкерлер қатарына ауысқан оқытушылық құрамның орнына белгiленген тәртiп бойынша конкурс негiзiнде басқа адамдарды алуға болады.
Тармақ 84
84. Аға ғылыми қызметкер жұмысына ауысқан адамдардың бұрынғы қызметiне қайтадан келуiне құқы бар.
Тармақ 85
85. Аға ғылыми қызметкер болып ауысқан адамдарға 24 жұмыс күндiк еңбек демалысы берiледi.
Тармақ 86
86. Аға ғылыми қызметкерлiк жұмысқа ауысқан адамдарға докторантураға түсу үшiн және докторлық диссертацияларын бiтiргенше шығармашылық демалыс алу құқығы берiлмейдi.
Тармақ 6
6. Iзденушiлер түрiнде ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлердi даярлау тәртiбi
Тармақ 87
87. Аспирантурадан тыс диссертациямен ғылым кандидаты дәрежесi үшiн iзденушiлер (мәтiнде бұдан әрi - iзденушi деп аталады) жоғары бiлiмi бар немесе ғылым магистрi дәрежесi барлар ғана бола алады.
Тармақ 88
88. Iзденушiлер философияны, шет тiлдi және арнаулы пәндердi теориялық түрде тереңiрек оқу үшiн, кандидаттық диссертацияны дайындау және қорғау үшiн сол тиiстi пәндер бойынша аспирантурасы бар жоғары оқу орындарына, ғылыми мекемелерiне бекiтiледi.
Тармақ 89
89. Iзденушi ретiнде тiркелу мерзiмi 4 жылдан аспау керек.
Тармақ 90
90. Қатарынан бiрнеше жоғары оқу орындарында, ғылыми мекемелерiнде iзденушi ретiнде тiркелуге рұқсат етiлмейдi.
Тармақ 91
91. Iзденушi ретiндегi уақытын толық пайдаланғандарға қайтадан тiркелуге болмайды, ал бұл мерзiмдi iшiнара пайдаланғандар жұмсалмай қалған мерзiмiне тiркелуге құқы бар.
Тармақ 92
92. Аспирантураның толық курсын немесе стажировканы бiтiргендерге iзденушi ретiнде тiркелу құқы берiлмейдi.
Тармақ 93
93. Жоғары оқу орнына, ғылыми мекемеге бекiтiлу үшiн iзденушi сол мекеменiң басшысының атына өтiнiшi:
Тармақша 1
1) жарияланған ғылыми және ғылыми-әдiстемелiк еңбектерiнiң тiзiмiн;
Тармақша 2
2) диссертациялық жұмысының кеңейтiлген жоспарын;
Тармақша 3
3) жоғары оқу орнын бiтiргенi туралы дипломының көшiрмесiн;
Тармақша 4
4) кадрлар есебi жөнiндегi жеке парағын;
Тармақша 5
5) егер кандидаттық емтихандарды тапсырған болса, онда сол жөнiндегi куәлiктi өткiзедi.
Тармақ 94
94. Жоғары оқу орнының, ғылыми мекеменiң басшысы iзденушiмен өткiзiлген пiкiрлесудiң нәтижесi мен тиiстi кафедраның (бөлiмнiң, сектордың, лабораторияның) қорытындысы негiзiнде iзденушiнi бекiту туралы, мерзiмi мен ғылыми жетекшiсiн бiрге көрсете отырып, бұйрық шығарады. Iзденушiлердiң ғылыми жетекшiлерi, әдеттегiдей, ғылым докторлары немесе профессорлар қатарынан тағайындалады. Жекеленген жағдайларда жоғары оқу орындарының, ғылыми мекемелерiнiң ғылыми кеңестерiнiң шешiмдерiмен ғылыми кадрларды аттестациялау департаментiнiң келiсiмiмен iзденушiлердiң ғылыми жетекшiлiгiне мамандығы сәйкес келетiн жетекшi доценттердi, ғылым кандидаттарын тартуға болады.
Тармақ 95
95. Iзденушiлер жеке жоспарлары бойынша жұмыс iстейдi, мезгiл-мезгiл есеп бередi және жыл сайын жоғары оқу орнының кафедрасынан, ғылыми мекемесiнiң бөлiмiнен (секторынан, лабораториясынан) аттестациядан өтедi. Жеке жұмыс жоспарын орындай алмаған iзденушi оқудан шығарылады.
Тармақ 96
96. Жеке жұмыс жоспарына сәйкес iзденушiлер де аспиранттар сияқты өздерi бекiтiлген жерден барлық қажеттi жұмыс жағдайларын пайдалана алады. Iзденушi жұмыс iстейтiн жоғары оқу орындарының, ғылыми мекемелердiң басшылары оларға диссертациямен жұмыс iстеу үшiн жағдай жасайды.
Тармақ 97
97. Iзденушiлер бекiтiлген мерзiмдерi iшiнде:
Тармақша 1
1) жеке жұмыс жоспарын түгелдей орындауы, ғылыми-зерттеу жүргiзудiң методологиясын меңгеруi тиiс;
Тармақша 2
2) тиiстi курстар (пәндер) бойынша кандидаттық емтихандар тапсыруы керек;
Тармақша 3
3) алдын-ала қорғаудан өтуi қажет. Тиiстi емтихандарды тапсырған және өз бетiмен ғылыми-зерттеу жұмысын орындаған iзденушiлер ғылым кандидаты ғылыми атағын алу үшiн диссертация қорғауға жiберiледi.
Тармақ 98
98. Iзденушiлердiң тiзiмiн есепке алып, олардың жұмысын бақылау сол тiркелген жердегi аспирантура бөлiмiне жүктеледi.
Тармақ 99
99. Кандидаттық және басқа да емтихандар мен диссертациялық жұмыс бойынша кеңес бергенiне ғылыми жетекшiге еңбек ақы бiр жылға әрбiр iзденушiге шаққанда педагогикалық жүктеменiң 25 сағатынан кем болмайтындай өлшемде төленедi.