Об органах внутренних дел Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары және
олардың негізгі мақсаттары
1-бап. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары және
олардың негізгі мақсаттары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары (бұдан әрі – ішкі істер органдары) құқық қорғау органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғам мен мемлекет мүдделерін құқыққа қарсы қолсұғушылықтардан қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ішкі істер органдарының негізгі мақсаттары болып табылады.
Тармақ 3
3. Ішкі істер органдары өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде олардың қызметіне араласуға тыйым салынады.
Бап 2. 2-бап. Ішкі істер органдары қызметінің құқықтық негізі
2-бап. Ішкі істер органдары қызметінің құқықтық негізі
Тармақ 1
1. Ішкі істер органдары қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Бап 3. 3-бап. Ішкі істер органдары қызметінің қағидаттары
3-бап. Ішкі істер органдары қызметінің қағидаттары
Ішкі істер органдарының қызметі Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет қағидаттарына және құқық қорғау қызметінің арнаулы қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ, ҚҰЗЫРЕТІ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ
2-тарау. ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ, ҚҰЗЫРЕТІ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ
Бап 4. 4-бап. Ішкі істер органдарының міндеттері
4-бап. Ішкі істер органдарының міндеттері
Тармақ 1
1. Қазақстан халқына қызмет етуге тиісті ішкі істер органдары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мынадай міндеттерді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) құқық бұзушылықтар профилактикасы;
Тармақша 2
2) қоғамдық тәртіпті сақтау;
Тармақша 3
3) қылмыстылықпен күрес;
Тармақша 4
4) қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын, сондай-ақ әкімшілік жазалауларды орындау;
Тармақша 5
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен ішкі істер органдарына өзге де міндеттер жүктеледі.
Бап 5. 5-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті
5-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті
Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздеріне жүктелген міндеттер шегінде:
Тармақша 1
1) құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, зерделеуге, жоюға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) жол жүрісіне және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік
бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) күзет қызметі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) мемлекеттік күзетілуге жататын жеке тұлғалар мен объектілерді күзетуді жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылайды;
Тармақша 8
8) азаматтық және халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 8-1
Тармақша 8-2
Тармақша 8-3
Тармақша 8-4
Тармақша 8-5
8-5) құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
Тармақша 10
10) лицензия және рұқсат беру қызметін жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуды және тексеруді жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) жедел-iздестiру қызметiн және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) зерттеулерді жүзеге асырады;
Тармақша 15
15) іздестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және олардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақша 17
17) қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғауды жүзеге асырады;
Тармақша 18
18) қылмыстық-атқару қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, адамдарды ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінде ұстауды жүзеге асырады;
Тармақша 19
19) мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
Тармақша 20
20) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 20-1
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 6. 6-бап. Ішкі істер органдарының өкілеттіктері
6-бап. Ішкі істер органдарының өкілеттіктері
Тармақ 1
1. Ішкі істер органдары өзінің құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғауға;
Тармақша 2
2) оқиға туралы, жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы өтініштерді немесе хабарламаларды қабылдауға, тіркеуге және қарауға, заңнамада белгіленген тәртіппен өтініш берушіге қабылданған шешім туралы хабар беруге;
Тармақша 3
3) құқыққа қарсы қолсұғушылықтан, оқиғалардан және жазатайым жағдайлардан зардап шеккен, сондай-ақ өздерінің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті дәрменсiз не өзге де күйдегі жеке тұлғаларға көмек көрсетуге;
Тармақша 4
4) құқық бұзушылық профилактикасының жалпы, арнаулы және жеке шараларын жүзеге асыруға;
Тармақша 5
5) патрульдеуді жүзеге асыруға;
Тармақша 6
6) жол жүрісі қағидаларының және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жататын өзге де нормативтердің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға, жол жүрісін реттеуге;
Тармақша 7
7) жүргізуші куәліктерін беруді, көлік құралдарын сәйкестендіру нөмірі бойынша мемлекеттік тіркеуді және оларды есепке алуды жүзеге асыруға;
Тармақша 8
8) әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға;
Тармақша 9
9) қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетi мен қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде жүрген адамдарды медициналық ұйымдарға немесе ішкі істер органдарына жеткiзуге;
Тармақша 10
10) сот шешімімен тағайындалған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларынан жалтарып жүрген адамдарды іздеуді жүзеге асыруға, оларды ұстауға және арнаулы медициналық мекемелерге жеткізуге;
Тармақша 11
11) үш жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған қадағалаусыз қалған балаларды, сондай-ақ ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды бейімдеу орталықтарына жеткізуге;
Тармақша 12
12) көпшілік іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіп сақтауды қамтамасыз етуге;
Тармақша 13
13) жаппай тәртіпсіздіктің, топтасып бағынбаушылықтың жолын кесуге;
Тармақша 14
Тармақша 15
15) күзет қызметімен, күзет дабылы құралдарын монтаждаумен, баптаумен және оларға техникалық қызмет көрсетумен айналысатын субъектілерге және жекеше күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтары қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 16
16) мемлекеттік күзетілуге жататын жеке тұлғалар мен объектілерді күзетуді жүзеге асыруға;
Тармақша 17
17) мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерде өткізу режимін қамтамасыз ету кезінде адамдарды, олардың заттарын, көлік құралдарын тексеріп қарауды жүргізуге;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін және паспортын, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, азаматтығы жоқ адамның куәлігін беруге, жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруға және Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізуге;
Тармақша 19
19) азаматтық материалдарын ресімдеуді қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының азаматтығы болуын (болмауын) айқындауға;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды, оларды тұрғылықты жері бойынша тіркеуді және тіркеуден шығаруды, Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кету құжаттарын ресімдеуді жүзеге асыруға;
Тармақша 21
21) заңсыз көшіп келудің жолын кесу, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу бойынша шаралар қолдануға, олардың Қазақстан Республикасына келу, кету, болу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүру қағидаларын сақтауын бақылауға;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүзеге асыруға;
Тармақша 23
23) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге арналған визаларды, Қазақстан Республикасында уақытша болуға және тұрақты тұруға арналған рұқсаттарды беруге;
Тармақша 24
24) жол жүру құжатын беруді жүзеге асыруға;
Тармақша 25
25) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдар, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымының белгіленген қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 26
26) мыналарды:
мыналарға:
жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарының бірлі-жарым данасын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге;
заңды тұлғаларға:
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистік талаптарға сәйкес келуіне;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытындылар;
мыналарға:
жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын иемденуге, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға;
заңды тұлғаларға:
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға, сақтауға;
азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға;
атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашуға және олардың жұмыс істеуіне;
есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге рұқсаттар беруге;
Тармақша 27
27) табылған жарылғыш материалдарды, оқ-дәрілерді және жарылғыш құрылғыларды зарарсыздандыру және жою жөнінде шаралар қолдануға;
Тармақша 28
28) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдері мен мекемелерін, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының, ішкі істер органдарының объектілерін, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
1-3-бабында көрсетілген күзетілетін объектілер (бұдан әрі – күзетілетін объектілер) мен Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 28-1
28-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдері мен мекемелерінің, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары объектілерінің паспорттарын, сондай-ақ күзетілетін объектілер мен Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің паспорттарын қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу паспорттарын келісуге, есепке алуды жүргізуге, сақтауға және (немесе) жоюға;
Тармақша 29
29) терроризмге қарсы операциялар мен күзет іс-шараларын жүргізуге қатысуға;
29-1) «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы міндеттерін орындауға қатысуға;
Тармақша 30
30) қылмыстық құқық бұзушылықтарды, оның ішінде жедел-iздестiру іс-шараларын жүргізу арқылы анықтауға, алдын алуға, жолын кесуге және ашуға;
Тармақша 31
31) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасайтын адамдарды ұстауға;
Тармақша 32
32) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, оларды жоюға бағытталған шаралар қолдануға;
Тармақша 33
33) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыруға;
Тармақша 34
34) анықтау, тергеу органдарынан және соттан жасырынған, қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындаудан және өтеуден, сот шешімін орындаудан жалтарып жүрген, хабарсыз кеткен адамдарды іздестіруді жүргізуге;
Тармақша 35
35) сот актілерін, судьялардың талаптарын, прокурордың қаулыларын, нұсқамаларын және талаптарын, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында тергеушiнiң, анықтаушының жазбаша тапсырмаларын орындауға;
Тармақша 36
36) атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуда сот орындаушыларына көмек көрсетуге;
Тармақша 37
37) мемлекеттік қорғалуға жататын адамдардың өмірі мен денсаулығын және олардың мүлкін қорғау мақсатында қауіпсіздік шараларын қолдануға;
Тармақша 38
38) адамдарды ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінде ұстауға, оларды күзету мен айдауылдауды қамтамасыз етуге;
Тармақша 39
39) сотталғандарға қатысты сот үкімдері мен қаулыларын орындауға, жазаларды өтеу тәртібі мен шарттарының сақталуын, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзетуді қамтамасыз етуге;
Тармақша 39-1
39-1) Жіті байқау жасалатын мамандандырылған типтегі
мемлекеттік психиатриялық ұйымды
күзетуді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп айқындайтын тәртіпке сәйкес қамтамасыз етуге;
Тармақша 40
40) ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде және арнаулы мекемелерінде ұсталатын адамдардың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын және денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге;
Тармақша 41
41) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардан өздеріне заңмен және сотпен жүктелген міндеттерді орындауды талап етуге;
Тармақша 42
42) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге;
Тармақша 43
43) өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
Тармақша 44
44) мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi қорғауды және құпиялылық режимiнiң сақталуына ведомстволық бақылауды қамтамасыз етуге;
Тармақша 45
45) ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге;
Тармақша 46
46) дербес деректерді қорғауды қамтамасыз етуге;
Тармақша 47
47) Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының және ішкі істер органдарының қызметі туралы өзге де деректі материалдардың жинақталуын, сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз етуге, жеке және заңды тұлғаларға мұрағаттық анықтамалар беруге;
Тармақша 48
48) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға
қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер ұсынуға;
Тармақша 49
49) оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органның сұрау салулары бойынша заңда белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған немесе оларға қатысты оңалту рәсімі қолданылған борышкерлерге қатысты меншікке қарсы қылмыстар бойынша қозғалған, іс жүргізуде жатқан қылмыстық істер жөніндегі мәліметтерді ұсынуға;
Тармақша 50
50) қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыруға;
Тармақша 51
51) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
Тармақ 2
2. Ішкі істер органдарының өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды, құқыққа қайшы әрекеттерді тоқтатуды талап етуге, сондай-ақ төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізіліп жатқан аймақта тергеу іс-шараларын жүргізу уақытында ішкі істер органдарының қызметкерлерін өз қызметтік міндеттерін атқаруы кезінде жеке тұлғалардың фотосуретке және бейнежазбаға түсіруіне тыйым салуға, бұл талаптарды орындамаған жағдайда тиісті мәжбүрлеу шараларын қолдануға;
Тармақша 2
2) жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ орындалуын бақылау iшкi iстер органдарына жүктелген, белгiленген қағидалардың сақталуын тексеруге қажеттi басқа да құжаттарды тексеруге;
Тармақша 3
3) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін iс жүргізуде жатқан материалдар мен iстер бойынша iшкi iстер органдарына шақыруға, олардан түсінік және айғақтар, құжаттар, олардың көшiрмелерiн алуға, ал, келмеген кезде белгіленген тәртіппен күштеп келтіруге;
Тармақша 4
4) меншік нысандарына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларынан немесе өзге де лауазымды адамдарынан олардың "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды орындауы туралы мәліметтер сұратуға;
Тармақша 5
5) күзет қызметі субъектілерінен олардың "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды орындауы туралы мәліметтер сұратуға;
Тармақша 6
6) жеке және заңды тұлғаларға қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуы міндетті ұйғарымдар, ұсынымдар енгізуге;
Тармақша 7
7) ішкі істер органдарына жүктелген міндеттерді іске асыру үшін азаматтармен жария және жария емес негізде ынтымақтастық орнатуға;
Тармақша 8
8) қоғамдық тәртіпті сақтауда ерекше көзге түскен азаматтарды көтермелеуге;
Тармақша 9
9) қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделер мен наразылық танытудың заңсыз нысандарының жолын кесуге;
Тармақша 10
10) психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактiсiн және масаң күйде болғанын анықтау үшін адамдарға куәландыру жүргiзуге, ал, мүмкін болмаған жағдайда – куәландыру үшін медициналық мекемелерге жеткізуге;
Тармақша 11
11) көлік құралдарын тоқтатуға және тексеріп қарауға, адамдарды көлік құралдарын басқарудан шеттетуге, көлік құралдарын пайдалануға тыйым салуға, көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүрісін уақытша шектеуге немесе оған тыйым салуға;
Тармақша 12
12) төтенше жағдайлардың салдарын жою, терроризмге қарсы операцияны, күзету, көпшілік, карантиндік іс-шараларын өткізу, іздеу салуда жүрген адамдарды ұстау, кепілге алынғандарды босату, қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасады деп күдік келтірілген адамдардың ізіне түсу, жарылғыш заттар, оқ-дәрілер және жарғыш құрылғылар, улы және радиоактивті заттар табылғандығы туралы мәліметтерді тексеру, жаппай тәртіпсіздіктің және жеке тұлғалардың қауіпсіздігіне, инфрақұрылым объектілерінің тыныс-тiршiлiгіне қауіп төндіретін, қоғамдық тәртіпті бұзатын өзге де топтасқан әрекеттердің жолын кесу кезінде жергілікті жер учаскелерін қоршауға алуды жүргізуге;
Тармақша 13
13) күзетілетін, көпшілік іс-шаралар өткізілетін орындарға кіру (келу) кезінде жеке тұлғаларды, олардың заттарын, көлік құралдарын және өткізілетін жүктерді тексеріп қарауды, оның ішінде техникалық құралдарды пайдаланып тексеріп қарауды жүргізуге, олар өткізілетін орындарға тыйым салынған нәрселер мен заттары бар адамдар мен көлік құралдарын кіргізбеуге;
Тармақша 14
14) жедел-профилактикалық, іздестіру және өзге де арнаулы іс-шараларды өткізу кезінде бақылау-өткізу пункттерін орнатуға;
Тармақша 15
15) карантиндік, санитариялық-эпидемияға қарсы және табиғатты қорғау іс-шараларына қатысуға;
Тармақша 16
Тармақша 17
17) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамның ізіне түсу, оқиға орнына бару, төтенше немесе соғыс жағдайы қолданылған кезеңде, қарулы қақтығыс жағдайында, төтенше жағдайларды жою кезінде, сондай-ақ меншік иелеріне материалдық залал келтірілген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен оның орнын толтыра отырып, егер кiдiрту адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болатын болса, жедел медициналық көмекке мұқтаж адамдарды медицина ұйымдарына жеткiзу үшiн көліктің кез келген түрін (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардың көлік құралдарынан басқа) пайдалануға;
Тармақша 18
18) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, олардың негізгі құраушы бөліктерін, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлейтін, өндіретін, жөндейтін, сақтайтын, пайдаланатын, жоятын, сататын, коллекциялайтын және экспонаттайтын орындарға тексерулер жүргізуге;
Тармақша 19
19) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтардың жасалу фактілерін және ішкі істер органдары қызметкерлерінің әрекеттерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалануға;
Тармақша 20
20) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындаудан және өтеуден жалтарып жүрген адамдарды ұстау жөнінде іс-шаралар жүргізуге;
Тармақша 21
21) жеке тұлғаларды әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ішкі істер органдарына жеткізуге;
Тармақша 22
22) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған әскери қызметшілерді ұстауға және оларды әскери полиция органдарына, әскери бөлімдер командирлеріне немесе жергілікті әскери басқару органдарының бастықтарына тапсыруға;
Тармақша 23
23) қаруды, оқ-дәрілерді, есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды, сондай-ақ өзге де тыйым салынған нәрселер мен заттарды алып қоюға;
Тармақша 24
24) қылмыскерлер мен ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарды, ұйымдасқан қылмыстық топтар (қауымдастықтар) мүшелерін табу, оқшаулау, залалсыздандыру және ұстау, сондай-ақ кепілге алынғандарды босату жөнінде арнаулы операциялар жүргізуге;
Тармақша 25
25) жеке адамдардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған деп күдік келтірілген, қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындаудан және өтеуден жалтарып жүрген адамдардың ізіне түсу кезінде не сол жерде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасалды немесе жасалуда, жазатайым оқиға болды деп санау үшiн жеткiлiктi мәлiметтер болған кезде, дүлей зілзалалар, апаттар, авариялар, эпидемиялар, эпизоотиялар және жаппай тәртiпсiздiктер кезiнде жеке адамдардың жеке басының қауiпсiздiгi мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн тұрғын және өзге де үй-жайларға, аумақтарға және жер учаскелерiне (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардан басқа) кедергiсiз кiруге, оларды қарап тексеруге;
Тармақша 25-1
25-1) ішкі істер органдарының есебінде тұрған адамдарды байқауды және бақылауды қамтамасыз ету, электрондық бақылау құралдарының болуы мен тұтастығын тексеру мақсатында олар тұратын тұрғын үй-жайларға, аумақтар мен жер учаскелеріне (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер өкілдіктері мен халықаралық ұйымдардан басқа), олардың жұмыс немесе оқу орны бойынша кез келген меншік нысандарына қарамастан, ұйымдардың өндірістік және өзге де үй-жайларына кедергісіз кіруге;
Тармақша 26
26) егер жеке тұлғалардың тұрғын жайларда, жергілікті жердің белгілі бір учаскелерінде болуы адамның өмірі мен денсаулығына, меншік объектілеріне қатер төндіретін болса, ұйымдардың жұмысын бұзса, көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүрісіне кедергі келтіретін болса, сондай-ақ жедел-іздестіру іс-шараларын, тергеу амалдары мен көпшілік іс-шараларды жүргізген жағдайларда олардың сол жерлерге кіруін немесе онда болуын шектеуге, оған уақытша тыйым салуға;
Тармақша 27
27) жасырын ұйымдарды, үй-жайларды, көлік құралдарын, қызметкерлердің жеке басын және олардың ведомстволық тиесілігін шифрлау үшін басқа мемлекеттік органдардың және ұйымдардың құжаттарын пайдалануға;
Тармақша 28
28) ғылыми-техникалық және өзге де зерттеулер жүргізуге;
Тармақша 29
29) ведомстволық және жедел есептерге алуды құруға, пайдалануға және жетілдіруге;
Тармақша 30
30) күдіктілерді, айыпталушыларды, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан, ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінде ұсталатын, профилактикалық есепке алынған адамдарды криминалистік есепке қою үшін суретке түсiруге, дактилоскопия жасауға, дыбыс жазбасын, кино- және бейне түсiрiлiмiн жүргізуге, биологиялық, одорологиялық және басқа да үлгілерді алуға;
Тармақша 31
31) ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін құруға, пайдалануға және жетілдіруге;
Тармақша 32
32) әкімшілік немесе қылмыстық заңнаманың күші қолданылатын іс-әрекеттер жасаған адамдарды қылмыстық-атқару жүйесi мекемесiне iргелес аумақта ұстауға және iшкi icтep органдарына жеткізуге, оларды жеке тексеріп қарауды жүзеге асыруға;
Тармақша 33
33) қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің аумағындағы және режимдiк талаптар белгiленген оған iргелес аумақтағы адамдарды, олардың заттарын, көлiк құралдарын тексеріп қарауды жүргiзуге, сондай-ақ тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленетiн тыйым салынған заттар мен құжаттарды алып қоюға;
Тармақша 34
34) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарды психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және масаң күйде болғанын анықтау тұрғысынан куәландыру үшін медициналық ұйымдарға жеткізуге;
Тармақша 35
35) көлік құралдарының жүрісін уақытша шектеуге немесе оған тыйым салуға, азаматтарды қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің аумағына және оған iргелес аумаққа кіргізбеуге немесе ерекше жағдайлар режимiн енгiзу кезiнде оларды сонда қалуға не сол жерден кетуге мiндеттеуге;
Тармақша 36
36) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық және діни бірлестіктерді қылмыстық-атқару жүйесі қызметіне тартуға;
Тармақша 37
37) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартуға;
Тармақша 38
38) ішкі істер органдарының қызметін жария ету үшін бұқаралық ақпарат құралдарын тартуға;
Тармақша 39
39) ішкі істер органдарының әуе кемелеріне өтеусіз аэронавигациялық қызмет көрсетуге;
Тармақша 40
40) дербес деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асыруға;
Тармақша 41
41) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақ 3
3. Ішкі істер органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілері және жұмыскерлері қызметтік міндеттерін орындау кезінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін бұзған жағдайда, ішкі істер органдары бұл құқықтарды қалпына келтіруге, келтірілген залалдың орнын толтыруға, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кінәлілердің жауаптылыққа тартылуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тарау 3. 3-тарау. ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
3-тарау. ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
Бап 7. 7-бап. Ішкі істер органдары жүйесі
7-бап. Ішкі істер органдары жүйесі
Тармақ 1
1. Ішкi iстер органдарының бірыңғай жүйесiн полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, әскери-тергеу органдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы құрайды.
Тармақ 2
2. Полицияны криминалдық полиция, әкiмшiлiк полициясы, тергеу, анықтау бөлімшелері және өзге де бөлімшелер құрайды.
Криминалдық полиция ұйымдасқан қылмысқа, экстремизмге, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі бөлімшелерден, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерден тұрады.
Әкімшілік полиция учаскелік полиция инспекторларының бөлімшелерінен, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелерден, патрульдік полициядан, табиғатты қорғау полициясынан және құқық бұзушылықтар профилактикасы, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерден, азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау бөлімшелерінен, көші-қон полициясынан, айдауылдау қызметінен, арнаулы мекемелерден және қоғамдық тәртіпті сақтауды жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерден тұрады.
Тармақ 3
3. Ішкi iстер органдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінен (бұдан әрі – Ішкі істер министрлігі), ведомстволардан, аумақтық полиция органдарынан, сондай-ақ Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардан тұрады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, көліктегі полиция департаменттері, қалалардың, аудандардың, қалалардағы аудандардың, көліктегі полиция органдары аумақтық полиция органдары болып табылады.
Тармақ 4
4. Қылмыстық-атқару жүйесін ведомство, оның аумақтық органдары, пробация қызметі және жазаларды орындайтын мекемелер, өзге де ведомстволық бағынысты ұйымдар құрайды.
Тармақ 5
5. Ұлттық ұланның құрамы мен оның қызметінің ұйымдастырылуы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
Тармақ 5-1
Тармақ 6
6. Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелерін, ведомстволарды, аумақтық органдарды және Iшкi iстер министрлiгiне ведомстволық бағынысты ұйымдарды құруды, қайта ұйымдастыруды және таратуды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі (бұдан әрі – Ішкі істер министрі) жүзеге асырады.
Бап 8. 8-бап. Ішкі істер министрлігі
8-бап. Ішкі істер министрлігі
Тармақ 1
1. Ішкі істер министрлігі iшкi iстер органдарының бiртұтас жүйесiн басқаратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Ішкі істер министрлігінің туы, жалауы және рәмізі болады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, көліктегі
полиция департаменттерінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, сондай-ақ Ішкі істер министрлігі жоғары оқу орындарының жалаулары болады.
Ішкі істер министрлігі туының, жалауының және рәмізінің, аумақтық органдар мен жоғары оқу орындары жалауларының сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Бап 9. 9-бап. Ішкі істер министрі
9-бап. Ішкі істер министрі
Тармақ 1
1. Ішкі істер министрлігін Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Ішкі істер министрі басқарады.
Тармақ 2
2. Ішкі істер министрі:
Тармақша 1
1) iшкi iстер органдарының бiртұтас жүйесiне басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде ішкі істер органдарының құрылымы мен штат санын белгілейді;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ішкі істер органдарының штат санының лимитін өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 3-1
3-1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың полиция департаменті бастығын лауазымға тағайындайды;
Тармақша 4
4) ішкі істер органдары қызметкерлерін, әскери қызметшілерін және жұмыскерлерін тағайындайды, тәртіптік жазаға тартады және қызметтен шығарады;
Тармақша 5
5) көтермелейді, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттайды;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекеттік наградалармен марапаттауға ұсыныс енгізеді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының Президентіне ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар беруге ұсыныс енгізеді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Президентіне Ішкі істер министрінің орынбасарлары, Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымдарына тағайындауға ұсыну енгізеді;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының Президенті алдында ішкі істер органдарының қызметі туралы есеп береді;
Тармақша 10
10) Ішкі істер министрлігінің атынан ішкі істер органдарының орындауы үшін міндетті құқықтық актілер, өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілер шығарады;
Тармақша 11
11) өзінің орынбасарларына, Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволардың, аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына өкілеттіктер береді;
Тармақша 12
12) мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарда Ішкі істер министрлігі атынан өкілдік етеді;
Тармақша 13
13) өз құзыреті шегінде халықаралық шарттарға қол қояды;
Тармақша 14
14) ішкі істер органдарындағы сыбайластық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 15
15) өзіне осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 9-1. 9-1-бап. Жергілікті полиция қызметі
9-1-бап. Жергілікті полиция қызметі
Тарау 4. 4-тарау. ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
4-тарау. ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Бап 10. 10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
1) ішкі істер органдарының қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
Тармақша 2
2) Ішкі істер министрлігі туралы ережені бекітеді;
Тармақша 2-1
Тармақша 2-2
Тармақша 3
Тармақша 4
Тармақша 5
5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 6
6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 7
7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 8
8) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 9
9) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 10
10) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, әкету, транзиттеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 11
Тармақша 12
12) жол жүрісі қағидаларын, көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалармен боялуға жататын жедел және арнаулы қызметтердің тізбесін бекітеді;
Тармақша 13
Тармақша 14
14) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 15
15) жасырын ұйымдарды, үй-жайларды, көлік құралдарын, қызметкерлердің жеке басын және олардың ведомстволық тиесілігін шифрлау үшін басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құжаттарын пайдалану қағидаларын бекітеді;
Тармақша 16
16) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 16-1
Тармақша 17
Бап 11. 11-бап. Ішкі істер министрлігінің құзыреті
11-бап. Ішкі істер министрлігінің құзыреті
Ішкі істер министрлігі:
Тармақша 1
Тармақша 2
2) жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) есiрткiнің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, олардың заңсыз айналымына және олардың терiс пайдалануына қарсы іс-қимылды қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) азаматтық, халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 5-1
5-1) қылмыстық-атқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) ішкі істер органдары жүйесіндегі біртұтас мемлекеттік кадр саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдері мен мекемелерін, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының, ішкі істер органдарының объектілерін, сондай-ақ күзетілетін объектілер мен Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады;
Тармақша 8
8) мемлекеттiк күзетілуге жататын жеке тұлғалар мен объектiлердi күзетудi ұйымдастырады;
Тармақша 9
9) күзет қызметімен, күзет дабылы құралдарын монтаждаумен, баптаумен және оларға техникалық қызмет көрсетумен айналысатын субъектілерді және жекеше күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады;
Тармақша 10
Тармақша 11
11) ішкі істер органдарындағы лицензия-рұқсат беру қызметін ұйымдастырады және жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінің, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің қызметін бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) ұстап алынғандарды, күзетпен ұсталатындарды, қамаққа алынғандарды және сотталғандарды күзетуді және айдауылдауды бақылауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 14
Тармақша 15
Тармақша 16
Тармақша 17
17) мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ұйымдастырады және ішкі істер органдарында құпиялылық режимiнiң сақталуын ведомстволық бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 18
Тармақша 19
Тармақша 20
Тармақша 21
Тармақша 22
Тармақша 23
23) ішкі істер органдары жүйесіндегі жұмылдыру даярлығын жоспарлауды, ұйымдастыруды және оған басшылық жасауды жүзеге асырады, жүктелген жұмылдыру тапсырмалары мен тапсырыстарының орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 26
Тармақша 26-1
Тармақша 26-2
26-2) ішкі істер органдарының мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 27
27) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 12. 12-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
12-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
Тармақ 1
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
Тармақша 1
1) ішкі істер органдарымен бірлесіп, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмекті ұйымдастыру жөнiндегi консультациялық-кеңесші орган құрады;
Тармақша 3
3) әкiмшiлiк полицияның
және пробация қызметінің
штат санын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен лимиттер шегiнде облыстық бюджеттер және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерi есебiнен ұстауды қамтамасыз етедi;
4) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық органдар аппараттары ахуалдық орталықтарының электрондық поштаның, бейне конференциялық байланыс және бейнебақылау жүйесінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығындарын қоспағанда, жанар-жағармай материалдарын сатып алуды, сондай-ақ
пробация қызметтерінің және
аумақтық ішкі істер органдарының коммуналдық көрсетілетін қызметтерге, электр энергиясына, жылуға және көрсетілетін байланыс қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығындарын қоса алғанда, қызметтік үй-жайларды, радиобайланыс құралдарын, мобильді және портативті бейнетіркегіштерді, көлік құралдарын күтіп-ұстауды, оларға қызмет көрсетуді және жөндеуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5)
пробация қызметтерін және учаскелiк полиция инспекторларын қызмет көрсететiн учаскелерінде жұмыс істеу үшін жиhазбен, байланыс құралдарымен жабдықталған үй-жайлармен, сондай-ақ көлiк құралдарымен қамтамасыз етедi;
Тармақша 6
6) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары:
Тармақша 1
1) iшкi iстер органдарымен бiрлесiп, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағындағы әкiмшiлiк учаске халқының пiкiрiн ескере отырып, учаскелiк полиция инспекторларын тағайындау үшiн iшкi iстер органдарымен бiрлесiп, жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмекті ұйымдастыру жөнiндегi консультациялық-кеңесші орган құрады;
Тармақша 4
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 13. 13-бап. Өзара іс-қимыл, ынтымақтастық және қоғамдық бақылау
13-бап. Өзара іс-қимыл, ынтымақтастық және қоғамдық бақылау
Тармақ 1
1. Ішкі істер органдары өздеріне жүктелген міндеттерді орындау кезінде басқа мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар ішкі істер органдарына көмек көрсетуге құқылы.
Жекелеген азаматтар өздерінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ішкі істер органдарымен жасырын негізде ынтымақтастыққа тартылуы мүмкін. Мәжбүрлеп ынтымақтастыққа тартуға жол берілмейді.
Тармақ 3
3. Ішкі істер органдарының шет мемлекеттердің тиісті мемлекеттік органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылы
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына
сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Ішкі істер органдарының қызметіне халықтың сенімін арттыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жүзеге асырылады және қоғамдық бақылау жүйесі қолданылады. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық байқау комиссиялары және Қоғамдық кеңес құрылады.
Ішкі істер министрлігі және оның аумақтық органдары:
ішкі істер органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуде оларға жәрдем көрсету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қызметтік этика нормаларын бұзатын ішкі істер органдары қызметкерлерінің әрекеттеріне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге мақсаттарда өзге де консультативтік-кеңесші органдарды құрады.
Тарау 5. 5-тарау. ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
5-тарау. ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Бап 14. 14-бап. Ішкі істер органдарының кадр құрамы
14-бап. Ішкі істер органдарының кадр құрамы
Ішкі істер органдарының кадрларын қызметкерлер, әскери қызметшілер және жұмыскерлер құрайды.
Бап 15. 15-бап. Ішкі істер органдары үшін кадрлар даярлау
15-бап. Ішкі істер органдары үшін кадрлар даярлау
Тармақ 1
1. Ішкі істер органдары үшін кадрлар даярлауды Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдары және өзге де білім беру ұйымдары жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Ішкі істер органдарының кадр құрамын алғашқы кәсіптік даярлау, кәсіптік қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарында, сондай-ақ басқа да білім беру ұйымдарында және мекемелерінде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Қызметкерлер, әскери қызметшілер және жұмыскерлер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша кәсіптік білім ала алады.
Бап 16. 16-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлері мен жұмыскерлерінің еңбегін құқықтық реттеу
16-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлері мен жұмыскерлерінің еңбегін құқықтық реттеу
Тармақ 1
1. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.
Тармақ 2
2. Ішкі істер органдары жұмыскерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
Бап 17. 17-бап. Ішкі істер органдарында қызмет өткеру
17-бап. Ішкі істер органдарында қызмет өткеру
Тармақ 1
1. Ішкі істер органдарында қызмет өткеру тәртібі мен шарттары "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.
Тармақ 2
2. Соғыс жағдайы немесе төтенше жағдай қолданылған, терроризмге қарсы операция жүргізілген кезеңде, қарулы қақтығыс жағдайында, төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезінде ішкі істер органдарының қызметкерін оған жүктелген міндеттерді орындауға тартуға: қызметтік уақыт режимін өзгертуге, оған қосымша міндеттер жүктеуге, басқа жерге іссапармен жіберуге, қызмет сипатын өзгертпей басқа бөлімшеге уақытша ауыстыруға, сондай-ақ қызметкердің келісімінсіз өзге де ерекше жағдайлар мен қосымша шектеулер белгілеуге жол беріледі. Мұндай жағдайларда ішкі істер органдары қызметкерінің қызмет мерзімінің бір күні үш күн болып есептеледі және үш есе мөлшерде ақшалай қамтылым төленедi.
Бап 18. 18-бап. Ішкі істер органдарындағы қызметке байланысты шектеулер
18-бап. Ішкі істер органдарындағы қызметке байланысты шектеулер
Құқық қорғау қызметінің ерекшеліктеріне негізделген ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін шектеулер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
Бап 19. 19-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің өкілеттіктері
19-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің өкілеттіктері
Тармақ 1
1. Ішкі істер органдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, атқаратын лауазымына, уақытқа қарамастан, оларға қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы арыз немесе хабар берілген жағдайда не ол тікелей анықталған жағдайда құқыққа қарсы іс-әрекеттердің жолын кесу, жәрдемге мұқтаждарға көмек көрсету, оқиға болған орынды күзету, сондай-ақ жақын жердегі ішкі істер органдарын хабардар ету жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің жеке адамдардың құқықтарын уақытша шектейтін әрекеттері "Заң атымен" деген сөздерді айта отырып жасалады. Әрбір адам мұндай жағдайда белсенді әрекетін тоқтатып, ішкі істер органдары қызметкерінің талаптарына мүлтіксіз бағынуға және оның қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты нұсқауларын орындауға міндетті.
Тармақ 4
4. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнің арнаулы құралдарды, атыс қаруын және өзге де қаруды алып жүруге, сақтауға және қолдануға, дене күшін, оның iшiнде жауынгерлiк күрес тәсiлдерiн қолдануға құқығы бар. Арнаулы құралдарды, атыс қаруы мен өзге де қаруды және дене күшін қолдану тәртiбi "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
Тармақ 5
5. Қызметкерлер ішкі істер органдарының өкілеттіктерін іске асыру кезінде:
Тармақша 1
1) жеке адамдармен қарым-қатынас кезінде өзін таныстыруға және қызметтік куәлігін көрсетуге;
Тармақша 2
2) ұсталғаннан кейін адамға оны ұстау негіздерін хабарлауға, оның өзіне және жақын туыстарына қарсы куәгер болмауға құқығы, бір рет телефон соғуға және қорғаушы алуға құқығы бар екенін түсіндіруге;
Тармақша 3
3) жеке адамның ұсталғаны туралы оның жақын туыстарына хабарлауға;
Тармақша 4
4) жеке тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделерін сақтауға, азаптауды, зорлық-зомбылықты, қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын, қадір-қасиетін қорлайтын жаза қолданбауға, қасақана тән зардабын және жан азабын тарттырмауға міндетті. Қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықты жасауға айғақ беруге және өзін кінәлімін деп мойындауға мәжбүрлеуге тыйым салынады.
Бап 20. 20-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды киімі
20-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды киімі
Тармақ 1
1. Ішкі істер органдарының қызметкерлері нысанды киіммен тегін қамтамасыз етіледі.
Тармақ 2
2. Тізбесін Ішкі істер министрі айқындайтын бөлімшелердегі лауазымдарда қызмет өткеретін ішкі істер органдарының қызметкерлеріне нысанды киімнің орнына ақшалай өтемақы төленеді.
Тармақ 3
3. Ішкі істер органдарындағы қызметте он бес және одан да көп жыл еңбек сіңірген, жасына, денсаулық жағдайына немесе штаттың қысқаруына байланысты ішкі істер органдарынан зейнеткерлікке шығарылған, қызметтік міндеттерін орындау кезінде жарақат алған және қызметке жарамсыз деп танылған қызметкерлердің салтанатқа және салтанатқа шығуға арналған нысанды киім киіп жүруге құқығы бар.
Тарау 6. 6-тарау. ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ, ОЛАРДЫҢ ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕРІ
6-тарау. ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ, ОЛАРДЫҢ ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕРІ
Бап 21. 21-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің, олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері
21-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің, олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері
Тармақ 1
1. Осы Заңда белгіленген ішкі істер органдарында қызмет атқарудың ерекше сипаты мен қызметкерлердің жауапкершілігі қосымша әлеуметтік құқықтармен және жеңілдіктермен өтеледі.
Тармақ 2
2. Ішкі істер органдары қызметкерінің бiр елді мекеннен елу километрден асатын қашықтықтағы екiншi елді мекенге көшуiне байланысты қызметi ауысқан және жоғарылаған кезде оған қызметкердің өзiне екi айлық ақшалай қамтылым мөлшерінде және онымен бiрге көшкен әрбiр отбасы мүшесiне жарты айлық ақшалай қамтылым мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленедi.
Ішкі істер органдары қызметкерінің қызметi ауысқан және жоғарылаған кезде оған он тоннаға дейінгі жеке мүлкінің тасымалы үшін, сондай-ақ онымен бiрге көшкен отбасы мүшелерiн қоса алғанда, теміржол, су, автомобиль көлігінің жолақысы үшін шығындардың мемлекет есебінен орны толтырылады.
Ақшалай ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемақыларды төлеу тәртібін Ішкі істер министрі белгілейді.
Қызметiн ауыстырған және жоғарылаған кезде көтерме жәрдемақыға, көліктің жолақысы үшін және жеке мүлкін тасымалдағаны үшін шығындардың орнын толтыруға құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 4
4. Жергілікті өкілді және атқарушы органдар ішкі істер органдарының қызметкерлеріне осы Заңда көзделмеген қосымша әлеуметтік қорғау кепілдіктерін белгілеуге құқылы.
📌 Ескертпе. Осы баптың 2-тармағында ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелері деп: жұбайы (зайыбы), ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің кәмелетке толмаған балалары (асырап алған, асырауындағы немесе қорғаншылықтағы); білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын жиырма үш жасқа дейінгі балалар (асырап алған, асырауындағы немесе қорғаншылықтағы) және жұбайының (зайыбының) балалары; он сегіз жасқа дейін мүгедектік белгіленген мүгедектігі бар балалар (асырап алған, асырауындағы немесе қорғаншылықтағы) және жұбайының (зайыбының) мүгедектігі бар балалары; қызметкердің асырауындағы ата-аналары және жұбайының (зайыбының) ата-аналары түсініледі.
Ішкі істер органдары қызметкерінің асырауындағы адамдар деп оның кірісі есебінен өмір сүретін және дербес кіріс көзі жоқ отбасы мүшелері танылады.
Бап 22. 22-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің, олардың отбасы мүшелерінің тұрғын үй құқықтары
22-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің, олардың отбасы мүшелерінің тұрғын үй құқықтары
Тармақ 1
1. «Тұрғын үй қатынастары туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес айқындалған, тұрғынжайға мұқтаж ішкі істер органының қызметкері және оның отбасы мүшелері қызмет өткерген кезеңге мемлекет есебінен тұрғынжаймен қамтамасыз етіледі. Ішкі істер органдарының қызметкеріне қызметтік тұрғынжай берудің орнына арнайы ақшалай қамтамасыз ету түрінде бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй төлемдері төленеді.
Тармақ 2
2.
Алып тасталды - ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 3
3.
Алып тасталды - ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 4
4.
Алып тасталды - ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тарау 7. 7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 23. 23-бап. Ішкі істер органдарын қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
23-бап. Ішкі істер органдарын қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Ішкі істер органдарын қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бап 24. 24-бап. Әскери-тергеу органдарын қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
24-бап. Әскери-тергеу органдарын қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Әскери-тергеу органдарын қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету Ішкі істер министрлігіне бөлінетін бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Қызметтік үй-жайлар және байланыс құралдары орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің есебінен беріледі.
Бап 25. 25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 8-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 жылғы 15 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы) күші жойылды деп танылсын.