Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Сосновского сельского округа Мендыкаринского района Костанайской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛIСIЛДI Соснов ауылдық округінің әкімі ___________ А. Елжанова
Басқа 4. Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Мәслихаттың 2014 жылғы 28 наурыздағы № 238 шешіміне қосымша Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы Елді мекеннің атауы Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам) Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округінің Харьковское ауылының тұрғындары үшін 88 Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округінің Никитинка ауылының тұрғындары үшін 10 Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округінің Приозерное ауылының тұрғындары үшін 12 Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округінің Сосна ауылының тұрғындары үшін 18 Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округінің Каменскуральское ауылының тұрғындары үшін 62 Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округінің Ақсуат ауылының тұрғындары үшін 11
Басқа 5. Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы
Мәслихаттың 2014 жылғы «28» наурыздағы № 238 шешімімен бекітілген Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Соснов ауылдық округінің ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Соснов ауылдық округінің аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тарау 2. 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жиынды Соснов ауылдық округтің әкімі шақырады. Меңдіқара ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешім бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тармақ 5
5. Соснов ауылдық округі ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді Соснов ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Соснов ауылдық округі ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды Соснов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Соснов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады. Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Соснов ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Меңдіқара аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Соснов ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.