Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Первомайского сельского округа Мендыкаринского района Костанайской области Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛIСIЛДI
Первомай ауылдық округінің әкімі
____________________ В. Сосенко
Басқа 4. Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Мәслихаттың
2014 жылғы 28 наурыздағы
№ 237 шешіміне
қосымша
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің Первомайское ауылының тұрғындары үшін
187
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің Долбушка ауылының тұрғындары үшін
29
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің Ивановка ауылының тұрғындары үшін
18
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің Лесное ауылының тұрғындары үшін
30
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің Чернышевка ауылының тұрғындары үшін
20
Басқа 5. Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы
Мәслихаттың
2014 жылғы «28» наурыздағы
№ 237 шешімімен
бекітілген
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Первомай ауылдық округінің ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Первомай ауылдық округінің аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тарау 2. 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жиынды Первомай ауылдық округтің әкімі шақырады.
Меңдіқара ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешім бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тармақ 5
5. Первомай ауылдық округі ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді Первомай ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Первомай ауылдық округі ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды Первомай ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Первомай ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Первомай ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Меңдіқара аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Первомай ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.