Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества на территории поселка Шалгинск Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шалғы кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Шалғы кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Қаражал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы XXVIII сессиясының № 220 шешімімен бекітілген Шалғы кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Шалғы кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары (одан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес дайындалды және Шалғы кентінің аумағындағы көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Шалғы кентінің аумағында көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) Шалғы кентінің жергілікті қоғамдастығының жиындарына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тармақ 2
Тарау 2. 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жиынды Шалғы кентінің әкімі шақырады. Қаражал қаласы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың мүшелері бөлек жиынға жеке қатысады және олардың әрқайсысы бір дауысқа ие болады.
Тармақ 5
5. Бөлек жиынға кәмелетке толмаған тұлғалар, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған тұлғалар, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы тұлғалар қатыспайды.
Тармақ 6
6. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тармақ 7
7. Көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді Шалғы кентінің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 8
8. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Бөлек жиынды Шалғы кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Шалғы кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады. Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Бөлек жиынның қатысушылары жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын әр он тұрғындардан бір адам сандық құрамында ұсынады. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны «Шалғы кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне береді.