Об утверждении Правил перевода пенсионных накоплений в страховую организацию по договору пенсионного аннуитета Күшін жойған
Басқа 0
Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру қағидаларын бекіту туралы
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2014 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Басқа 0. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру қағидалары
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 26 ақпандағы
№ 32 қаулысымен
бекітілді
Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру қағидалары
Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және зейнетақы жинақтарын зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына ауыстыру тәртібін айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидаларда Заңда көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Жөнелтуші қор:
сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартының жасалуына байланысты салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары сақтандыру ұйымына ауыстырылатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры;
сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартының жасалуына байланысты салымшының (алушының) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары ауыстырылатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры не ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры;
Тармақша 2
2) зейнетақы жинақтарын ауыстыру – Жөнелтуші қордың, Жөнелтуші қордың кастодиан-банкінің сақтандыру ұйымына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ауыстырылатын сомасын аудару үшін қажетті жүйелі іс-қимылдары;
Тармақша 3
3) зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініш – сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартының жасалуына байланысты міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жарналарын, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті зейнетақы жарналарын немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті зейнетақы жарналарын сақтандыру ұйымына ауыстыру туралы жазбаша өтініш.
Тармақ 1-1
1-1. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін сақтандыру ұйымы Республикасының резидент-сақтандыру ұйымы не Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы деп түсініледі.
Тарау 2. 2-тарау. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру тәртібі
2-тарау. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру тәртібі
Тармақ 2
2. Салымшы (алушы) зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру мақсатында Жөнелтуші қорға мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) Жөнелтуші қордың iшкi құжатымен бекітілген нысан бойынша зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініш;
Тармақша 2
2) сәйкестендіру үшін салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және оның түпнұсқасы не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
Тармақша 3
3) салымшы (алушы) сақтандыру ұйымымен жасаған зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасы.
Тармақ 3
3. Салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішпен жеке жүгінуге мүмкіндігі болмаған жағдайда салымшы (алушы) жеке немесе заңды тұлғаға (бұдан әрі - сенім білдірілген тұлға) сенімхатта сақтандыру ұйымының атауын көрсете отырып зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішпен жүгінуге арналған, нотариат куәландырған сенімхат береді.
Тармақ 4
4. Сенім білдірілген тұлға Қағидалардың 2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа, сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарын ауыстыру мақсатында Жөнелтуші қорға қосымша мыналарды ұсынады:
Тармақша 1
1) егер сенімхатта сенім білдіруші тұлғаның бір мезгілде бірнеше ұйымда мүддесін білдіру бойынша өкілеттіктер болған жағдайда, нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі;
Тармақша 2
2) салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
Тармақша 3
3) сенім білдірілген тұлғаның көруге арналған жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және оның түпнұсқасы не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат.
Тармақ 5
5. Жөнелтуші қор зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініште толтырылуға тиіс мәліметтердің дұрыс көрсетілуін тексереді және салымшыға (алушыға) немесе сенім білдірушіге ұсынылған құжаттардың толық тізбесін және оларды қабылдау күнін көрсете отырып, Жөнелтуші қордың iшкi құжатымен бекітілген нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
Егер салымшы (алушы) Заңның 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында, 32-бабының 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адам болса, Жөнелтуші қор «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен Жөнелтуші қордың арасында жасалған шарт шеңберінде өтініш берген салымшының (алушының) белгіленген мерзімсіз бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігінің болуы туралы мәліметтерді сұратады.
Егер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Жөнелтуші қор болса, онда жоғарыда көрсетілген мәліметтер орталықтандырылған мүгедектер дерекқорынан сұратылады.
Егер салымшы (алушы) Заңның 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адам болса, Жөнелтуші қор автоматтандырылған ақпараттық жүйеде жиынтығында кемінде күнтізбелік 60 (алпыс) ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының төлену фактісін тексереді.
Тармақ 6
6. Жөнелтуші қор құжаттарды қабылдау кезінде:
Тармақша 1
1) Қағидалардың 2 немесе 4-тармақтарында көзделген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған;
Тармақша 2
2) салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтары болмаған не салымшының (алушының) атына ашылған жеке зейнетақы шоты болмаған;
Тармақша 3
3) зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініш берген күні салымшының (алушының) немесе сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі аяқталған;
Тармақша 4
4) зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішті беру күні сенімхаттың қолданылу мерзімі аяқталған не сенімхаттың Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының оны ресімдеуге қойылатын талаптарына сәйкес болмаған;
Тармақша 5
5) салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары (болған кезде) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініш берілген күні зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген зейнетақы жинақтары сомасынан аз болған;
Тармақша 6
6) салымшының (алушының) мерзімсіз бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігінің белгіленуі туралы мәліметтері болмаған;
Тармақша 7
7) зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініш берілген күні міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының төленуі жиынтығында күнтізбелік 60 (алпыс) айдан кем болған жағдайларда зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішті қабылдаудың және орындаудың мүмкін болмау себептерін көрсете отырып, салымшыға (алушыға) немесе сенім білдірілген адамға дәлелді жазбаша жауап ұсынады.
Тармақ 7
7. Жөнелтуші қор салымшының (алушының) немесе сенім білдірілген адамның зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішін алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішті орындаудың мүмкін еместігі себептерін көрсете отырып мынадай:
Тармақша 1
1) салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген аты-жөні, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), Жөнелтуші қордың дерекқорында көрсетілген аты-жөні, әкесінің аты (бар болса), туған күні, ЖСН сәйкес келмеген;
Тармақша 2
2) зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініште көрсетілген мәліметтердің Қағидалардың 2 немесе 4-тармақтарына сәйкес ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмеген;
Тармақша 3
3) салымшының (алушының) Заңның 11-бабының 1-тармағында,
31-бабының 1-тармағы 2) және 3) тармақшаларында және 32-бабының
1-тармағы 4) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардың санатына сәйкес келмеген;
Тармақша 4
4) егер салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары (болған кезде) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініш берілген күні зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген зейнетақы жинақтары сомасынан аз болған;
Тармақша 5
5) Қағидалардың 2 немесе 4-тармақтарына сәйкес ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда оған дәлелденген жауапты жазбаша нысанда жібереді.
Тармақ 8
8. Жөнелтуші қор Қағидалардың 2 немесе 4-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін құжаттарды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:
Тармақша 1
1) зейнетақы жинақтары сақтандыру қорларына ауыстырылатын жеке тұлғалардың тізімін қоса бере отырып МТ 102 форматындағы электрондық төлем хабарламасын қалыптастырады. Жеке тұлғалардың тізімінде салымшының (алушының) тегі, аты, бар болса әкесінің аты, туылған күні, ЖСН, сондай-ақ ауыстыру сомасы туралы мәліметтер бар;
Тармақша 2
2) МТ 102 форматындағы төлем хабарламасын зейнетақы жинақтарын ауыстыру үшін өзінің кастодиан банкіне береді.
Тармақ 9
9. Ауыстыру күні міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары сомасы жеткіліксіз болған кезде, Жөнелтуші қор Қағидалардың 2 немесе 4-тармақтарында көзделген салымшының (алушының) немесе алушының зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішінде көрсетілген ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалануға салымшының (алушының) келісімі болған жағдайда міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарына қосымша ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын ауыстырады.
Егер Заңның 11-бабының 1-тармағында және 31-бабының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында, 32-бабының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардың зейнетақы аннуитеті шарты жасалғаннан кейін жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем соманы құрайтын болса, зейнетақы аннуитеті шартына қалдықтың көрсетілген сомасын есепке ала отырып сақтандыру сыйлықақы мөлшерінің және сақтандыру төлемінің ұлғаюы бөлігінде өзгерістер енгізіледі.
Тармақ 10
10. Сақтандыру ұйымы жазбаша немесе зейнетақы аннуитеті шарты тараптарының келісімінде айқындалған өзге тәсілмен салымшыны (алушыны) сақтандыру ұйымының шотына зейнетақы жинақтарының келіп түскені туралы оларды аударған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Сақтандыру ұйымының хабарламасында келіп түскен зейнетақы жинақтарының сомасы көрсетіледі.
Тарау 3. 3-тарау. Кастодиан банктің МТ 102 форматындағы төлем хабарламасын алғаннан кейінгі және Жөнелтуші қордың зейнетақы жинақтарын қайтарған кездегі іс-қимылдары
3-тарау. Кастодиан банктің МТ 102 форматындағы төлем хабарламасын алғаннан кейінгі және Жөнелтуші қордың зейнетақы жинақтарын қайтарған кездегі іс-қимылдары
Тармақ 11
11. Жөнелтуші қордың кастодиан банкі салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыруға Жөнелтуші қордың МТ 102 форматындағы төлем хабарламасын алған кезде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 203 қаулысымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына (бұдан әрі – № 203 қағидалар) сәйкес айқындалған төлемдер белгілеу кодтарын көрсете отырып, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын оған Жөнелтуші қор бастама жасаған күні сақтандыру ұйымына ауыстырады.
Тармақ 12
12. Ауыстыру Қағидалардың 2-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылған, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары қайтарылған жағдайда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары қайтарылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде салымшыға (алушыға) немесе сенім білдірілген өкіліне салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартының немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен қосылу туралы шарттың қолданысы тоқтатылмағаны және зейнетақы жинақтарының қайтарылуына байланысты оған жеке зейнетақы шотының ашылуы туралы жазбаша немесе өзге тәсілмен хабарлайды.
Ауыстыру Қағидалардың 2-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылған ерікті зейнетақы жаралары есебінен зейнетақы жинақтары қайтарылған жағдайда, Жөнелтуші қор ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары қайтарылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде салымшыға немесе сенім білдірілген өкіліне салымшының (алушының) Жөнелтуші қормен жасалған ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартының қолданысы тоқтатылмағаны және зейнетақы жинақтарының қайтарылуына байланысты оған жеке зейнетақы шотының ашылуы туралы жазбаша немесе өзге де тәсілмен хабарлайды.
Тармақ 13
13. Сақтандыру ұйымынан зейнетақы жинақтары қайтарылған жағдайда, Жөнелтуші қор сақтандыру сыйлықақысын қабылдайды.
Сақтандыру ұйымының зейнетақы жинақтарын қайтаруына төлем тапсырмасын қалыптастыруы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларының,
№ 203 қағидалардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Сақтандыру ұйымының зейнетақы жинақтарын қайтаруына төлем тапсырмасын қалыптастырған кезде, сақтандыру ұйымы зейнетақы жинақтары Жөнелтуші қорға қайтарылатын салымшының (тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), туған күнін, ЖСН қоса алғанда) деректемелері,н зейнетақы жарналарын Жөнелтуші қорға қайтару жүзеге асырылатын төлем тапсырмасының нөмірін және күнін көрсетеді.
Тарау 4. 4-тарау. Қорытынды ережелер
4-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 14
14. Жөнелтуші қор зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстырғанын растау үшін салымшыға (алушыға) сұрау салуы негізінде мыналарды:
Тармақша 1
1) үзінді көшірмені беру күнін және ауыстырылған зейнетақы жинақтарының түрін;
Тармақша 2
2) зейнетақы жинақтарының және есептелген инвестициялық кірістің сомасын көрсете отырып, ағымдағы күнтізбелік жылдың басындағы зейнетақы жинақтары сомасының қалдықтарын;
Тармақша 3
3) ағымдағы күнтізбелік жылдағы зейнетақы жинақтарының нақты түсу күнін көрсете отырып, келіп түскен сомасын;
Тармақша 4
4) әр айда нақты есептелгенді көрсете отырып, әр ағымдағы күнтізбелік жылдағы инвестициялық кірістің сомасын;
Тармақша 5
5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан нақты түскен күнін көрсете отырып, ағымдағы жылғы салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотына келіп түскен зейнетақы жинақтары аударымдарының сомасын;
Тармақша 6
6) нақты төлемдердің күнін және ұсталған табыс салығын көрсете отырып, ағымдағы жылғы жүзеге асырылған зейнетақы төлемдерінің сомасын;
Тармақша 7
7) ауыстырылған зейнетақы жинақтарының нақты сомасын;
Тармақша 8
8) салымшы (алушы) өтініш берген күні келіп түскен зейнетақы жинақтарының және инвестициялық кірістің сомасын көрсете отырып, жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары сомасының қалдықтарын көрсетіп, зейнетақы жинақтарының ауыстырылған сомасы туралы үзінді көшірмені береді.
Тармақ 15
15. Салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын Жөнелтуші қордан сақтандыру ұйымына ауыстырумен байланысты шығыстар Жөнелтуші қордың меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Басқа 1. Сенім білдірілген тұлғаның салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын
зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына ауыстыру туралы
өтініші
Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша
зейнетақы жинақтарын сақтандыру
ұйымына ауыстыру қағидаларына
1-қосымша
Сенім білдірілген тұлғаның салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын
зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына ауыстыру туралы
өтініші
Басқа 2. Сенім білдірілген тұлғаның салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын
зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына ауыстыру туралы
өтініші
Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша
зейнетақы жинақтарын сақтандыру
ұйымына ауыстыру қағидаларына
2-қосымша
Сенім білдірілген тұлғаның салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын
зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына ауыстыру туралы
өтініші