Вопросы Агентства Республики Казахстан по государственным материальным резервам Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi агенттiгінiң мәселелерi
"Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттiк органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінiң 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 507 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған:
Тармақша 1
1) тармақща күші жойды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1112 қаулысымен.
Тармақша 2
2) Агенттiк қарамағындағы ұйымдар тiзбесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен Агенттiктi республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 қарашадағы N 1807 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 52, 517-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi туралы ережеде:
10-тармақтың 8) тармақшасы және 11-тармақтың 15) тармақшасы алынып тасталсын.
Тармақ 4
4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 657 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 22, 224-құжат) 2-тармағының 3) тармақшасы;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1268 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 43, 393-құжат).
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегі агенттiгі қарамағындағы ұйымдар Тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2001 жылғы 23 қаңтардағы
N 111 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегі агенттiгі қарамағындағы ұйымдар Тізбесі
"Резерв" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.