Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей улиц для участия в сходе местного сообщества Алкатерекского сельского округа Акжарского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Алқатерек ауылдық округінде
бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын және жергілікті
қоғамдастық жиындарына қатысатын көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабы 6 тармағына және «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Алқатерек ауылдық округінде қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Алқатерек ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қоса беріліп отырған қағидасы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар аудандық мәслихатының
2014 жылғы 31 наурыздағы № 22-5
шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Алқатерек ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Көшенің атауы
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Алқатерек ауылдық округінің көше тұрғындар өкілдерінің саны (адам)
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Алқатерек ауылы Шәкім Құсайынов көшесі
5
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Алқатерек ауылы Сәкен Сейфулин көшесі
2
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Алқатерек ауылы Жастар көшесі
6
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Алқатерек ауылы Мәлік Ғабдулин көшесі
4
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Алқатерек ауылы Әлия Молдағұлова көшесі
1
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Алқатерек ауылы Достық көшесі
2
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Алқатерек ауылы Абылайхан көшесі
6
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Алқатерек ауылы Кеңесары көшесі
2
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Алқатерек ауылы Алқатерек көшесі
6
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Алқатерек ауылы Подстанция көшесі
1
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Алқатерек ауылы Бауыржан Момышұлы көшесі
2
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Алқатерек ауылы Сары-арқа көшесі
1
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Алқатерек ауылы Абай Құнанбаев көшесі
4
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Алқатерек ауылы Аль-Фараби көшесі
4
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Алқатерек ауылы Шоқан Уалиханов көшесі
2
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Алқатерек ауылы Ақан-сері көшесі
1
Басқа 5
Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар аудандық мәслихатының
2014 жылғы 31 наурыздағы № 22-5
шешіммен бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Алқатерек ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы 1. Жалпы ережелер
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Ақжарқын ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3 бабының 6 тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Алқатерек ауылдық округі көшелер тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Алқатерек ауылдық округі көшелер аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тарау 2. 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жиын Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Алқатерек ауылдық округтің әкімі шақырады. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тармақ 5
5. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Алқатерек ауылдық округі кошелер шегінде бөлек жиынды өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Алқатерек ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Алқатерек ауылдық округі көшелер қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Алқатерек ауылдық округінің әкімімен немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Алқатерек ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Алқатерек ауылдық округі көшелер тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Алқатерек ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.