О некоммерческих организациях Қолданыста Заң ·№ 142-II ·16.01.2001
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

11-бап. Қоғамдық бiрлестiк

О некоммерческих организациях · № 142-II

1. Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн ортақ мақсаттарға жету үшiн азаматтардың ерiктi бiрiгуi нәтижесiнде құрылған ұйым, егер заңдарда өзгеше белгіленбесе қоғамдық бiрлестiк болып табылады.
2. Алып тасталды - ҚР 21.12.2023 № 49-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Қоғамдық бiрлестiктердiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
4. Қоғамдық бірлестік «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, қызметін ерікті мүше болуға (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым ретінде жүзеге асыра алады. Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2023 № 49-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7950/st-11/