Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
23-бап. Құрылтай шарты
О некоммерческих организациях · № 142-II
1. Құрылтай шарты - коммерциялық емес ұйым құру туралы құрылтайшылардың келiсiмi, мұнда оны құру жөнiндегi бiрлескен қызмет тәртiбi, оның меншiгiне (жедел басқару) өз мүлкiн беру және оның қызметiне қатысу шарттары айқындалады. Мұнда, егер коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлерi туралы заңдарда өзгеше көзделмесе, коммерциялық емес ұйымның қызметiн басқару, құрылтайшылардың оның құрамынан шығу шарты мен тәртiбi де белгiленедi.
Құрылтай шартына құрылтайшылардың келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына қайшы келмейтiн басқа да ережелер енгiзiлуi мүмкiн.
2. Құрылтай шартына барлық құрылтайшылар немесе олар уәкiлеттiк берген адамдар қол қояды.
3. Қорды, жекеше мекемені, дербес білім беру ұйымын, дербес кластерлік қорды бір тұлға құрған жағдайда, онда құрылтай шарты жасалмайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және
астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың кәсіпкерлер палаталары құрылған кезде құрылтай шарты жасалмайды.
Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.19 N 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2014 № 208-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7950/st-23/