Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества в Мугалжарском районе Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мұғалжар ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6 және 39-3 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мұғалжар ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Мұғалжар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 154 шешімімен бекітілген Мұғалжар ауданында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Мұғалжар ауданында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6 және 39-3-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзiрлендi және ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Мұғалжар ауданының аудандық маңызы бар қаланың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумағындағы ауылдың, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиынына (бұдан әрi - бөлек жиын) қатысу үшiн өкiлдердi сайлау мақсатында шақырылады және өткiзiледi.
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда келесідей ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті өзін-өзі басқару – халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 3
3) жергілікті маңызы бар мәселелер – реттелуі тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс қызметінің мәселелері.
Тармақ 2
Бөлім 2. 2. Бөлек жиынын өткiзу тәртiбi
2. Бөлек жиынын өткiзу тәртiбi
Тармақ 4
4. Бөлек жиын аудандық маңызы бар қаланың, ауылдық округтiң әкiмiмен шақырылады. Мұғалжар ауданының әкiмiнiң бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиынын өткiзуге оң шешiмi бар болған жағдайда бөлек жиынды өткiзуге болады. Тиісті елді мекенде тұрақты тұратын азаматтар бөлек жиынға қатысуға құқығы бар.
Тармақ 5
5. Жергiлiктi қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсiлдермен олар өткiзiлетiн күнге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей хабардар етiледi.
Тармақ 6
6. Ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй шегiнде бөлек жиынды өткiзудi аудандық маңызы бар қаланың және ауылдық округтiң әкiмi ұйымдастырады.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды ашудың алдында тиiстi ауылдың, көшенiң, көппәтерлi тұрғын үйдiң қатысып отырған тұрғындарына тiркеу жүргiзiледi. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына кәмлетке толмаған тұлғалардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған тұлғалардың, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындаврындағы тұлғалардың қатысуға құқығы жоқ.
Тармақ 8
8. Бөлек жиынды аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкiмi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға ашады. Аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкiмi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады. Бөлек жиынның хаттамасын рәсiмдеу үшiн ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 9
9. Бөлек жиынның қатысушылары жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын әр 100 тұрғындардан 1 адам сандық құрамында ұсынады. Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң саны ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарына тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
Тармақ 10
10. Дауыс беру ашық түрде әрбiр кандидатура бойынша дербес жүргiзiледi. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледi.
Тармақ 11
11. Бөлек жиында хаттама жүргiзiледi, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны тиiстi аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкiмiнiң аппаратына бередi.
Бөлім 3. 3. Қорытынды ереже
3. Қорытынды ереже
Тармақ 12
12. Бөлек жиын өткізу барысында жергілікті қоғамдастықтың мүшелері қоғамдық тәртіпті сақтаулары қажет.