Об утверждении Правил содержания и защиты зеленых насаждений в населенных пунктах Жамбылской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жамбыл облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп - ұстау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 2-2 тармағына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жамбыл облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп - ұстау және қорғау Қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облысты қ мәслихаттың қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, экология, табиғатты пайдалануды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. КЕЛІСІЛДІ Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Р.Т. Байтелиев 27 наурыз 2014 жыл Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Е.Ә. Ахметов 27 наурыз 2014 жыл
Басқа 4
Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 22-9 шешімімен бекітілген Жамбыл облысының елді мекендерінің аумағындағы жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау Қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жамбыл облысының елді мекендердегі желектерге күтіп ұстау және қорғау Қағидалары (бұдан әрі - Қағида) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 19 бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 386-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 21 бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №235 «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 29 сәуірде №10886 болып тіркелген, 2015 жылдың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) сәйкес әзірленді және барлық заңды және жеке тұлғалардың меншік нысандарына қарамастан Жамбыл облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Жамбыл облысының елді мекендерінің аумағындағы жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қарамағында жасыл желектері бар Жамбыл облысының аудан, қала әкімдіктеріне және уәкілетті органға жүктеледі.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) аудандардың елді мекендерінде және қалалардағы жасыл желектердің тізілімі – аудандардың, қалалардың аумағындағы жасыл желектердің көлемі, түрі, түрлік құрамы, туралы мәліметтер тізілімі;
Тармақша 2
2) арнайы мамандандырылған ұйым - жарғысында жасыл желектерді күту мен қорғау бойынша жүргізілетін жұмыстардың түрі көрсетілген, қажетті барлық материалдық және білікті еңбек ресурстары бар шаруашылық жүргізуші субъект;
Тармақша 3
3) бөрікбастарды қалыптастыру - пішіндеуге келетін, жекелеген ағаштардың, бұталардың және жолдағы өсімдіктердің бұташалары мен ұзарған жерлерін оларға белгілі бір әсемдік беру мақсатында кесу және жасыл желектерді «жасарту»;
Тармақша 4
4) дендрологиялық жоспар (дендрожоспар) - жасыл желектердің, алаңқайлардың, жолдардың, су айдындарының және бұдан кейін құрылыс салу аймағын ескере отырып ашық учаскелерімен үйлесімде өсіп тұрған жасыл желектердің және отырғызуға жоспарланған ағаш-бұтақ өсімдіктерінің түрлік және сандық құрамы көрсетілген аудандардың елді мекендердің, қалалардың шегінде жасыл желектерді орналастыру жоспары;
Тармақша 5
5) жасыл желектерді амалсыз кесу - белгіленген тәртіппен түгендеуге, орман ауруларын зерттеуге және шаруашылық мақсаттар үшін пайдалануға жататын ағаштарды кесу;
Тармақша 6
6) жасыл желектерді қорғау - жасыл желектерді, көгалдандырылған аумақтар мен жасыл алқаптарды жасауға, сақтау мен түлетуге (оның ішінде жойылған немесе зақымдалған жасыл желектерді өтемдік қалпына келтіруге) бағытталған құқықтық, әкімшілік, ұйымдық және экономикалық шаралар жүйесі;
Тармақша 7
7) жасыл алқап - түрлік құрамына қарамастан кемінде 0,125 гектар аумақта кем дегенде 50 дана ағашы бар көгалдандырылған аумақ;
Тармақша 8
8) жасыл желектер - азаматтық заңнамаға сәйкес жылжымайтын мүлік болып табылатын және қаланың бірыңғай жасыл қорын құрайтын табиғи өскен және жасанды егілген ағаш бұтақты және шөпті өсімдіктер;
Тармақша 9
9) жасыл құрылыс - аудандардың елді мекендерінде, қалаларда, өнеркәсіп және басқа да нысандарда жасыл желектер аумағын құру, сақтау және көбейту жөніндегі шаралар жүйесі. Аумағы едәуір учаскелерді көгалдандыру жобалық тапсырманың және және оның негізінде құрастырылған техникалық жобаның негізінде жүргізіледі;
Тармақша 10
10) жалпы пайдаланылатын жерлер - алаңдар, көшелер, жаяу соқпақтар, жолдар, жағалаулар, саябақтар, бақтар, қала ормандары, бульварлар, суаттар, жағажайлар, зираттар және қала мұқтажын қанағаттандыратын өзге де нысандар (су құбырлары, жылыту құбырлары, тазалау құрылыстары және басқа да жалпы пайдаланылатын инженерлік жүйелер) үшін алынған және арналған жерлер;
Тармақша 11
11) жасыл желектерді түгендеу - (тал басын санау) жасыл желектердің сандық және сапалық сипаттамасы жан-жақты көрсетілген, көгалдандыру нысандарын есепке алу жөніндегі кешенді шаралар, сондай-ақ жоспарлы негізде көгалдандырудың әрбір элементін кескіндемелік бейнелеу;
Тармақша 12
12) жасыл алқаптардағы ландшафтық кесу - құрғақ, шіріген, ажары нашар және рекреациялық ықпалға төзімділігі төмен, ең әсем тұрақты тұқымның дамуына кедергі келтіретіндерін кесу және ағаш сапасын жақсарту мақсатында ағаштар мен бұталарды кесу;
Тармақша 13
13) жасыл желектердің орман ауруларына бейімділігін зерттеу - зиянкестердің (жәндіктердің) бар-жоғын арнайы зерттеу, ауру белгілері мен ошақтарының, діңдерде, тамыр жүйесі мен бөрікбасында аурулармен (паразиттермен) зақымдану белгілерінің бар-жоғын анықтау. Егер желектердің кем дегенде 50 пайыздан астамы ауруларға шалдыққан болса, онда олар міндетті түрде санитарлық кесуге жатады;
Тармақша 14
14) жасарту - қаңқалы және жартылай қаңқалы діңдерді қатты қысқарту, ұзарған жерлерін сирету және реттеу, бас жағы мен бұталардың құрғау салдарынан өзінің ажарын жоғалтқан, сау діңді және сүңгекті жасарту үшін жарамды ересек ағаштардың кемінде 3,5 метр биіктіктегі діңдерін кесу;
Тармақша 15
15) жасыл желектерді қайта отырғызу - тігінен немесе көлденеңінен тамыр жүйесіне таралуы бойынша (1,8 метрден бастап одан биігірек) жерде топырақ кесектерімен бірге қайта отырғызудың жоғары технологиясын сақтай отырып, жасы 1 сыныптағы топырақ кесектері бар (10 жылға дейін), сирек - жасы 2 сыныпта (жапырақты тұқымдар үшін 11 жылдан 20 жылға дейін және қылқан жапырақтылар үшін 21 жылдан 40 жылға дейін) жапырақты және қылқан жапырақты өсіп тұрған ағаштар мен бұталарды қайта отырғызу;
Тармақша 16
16) жасыл желектерді зақымдау - ағаш-бұтақ өсімдіктерінің бөрікбасына, діңіне, тамыр жүйесіне, шөпті өсімдіктердің жер үсті бөлігі мен тамыр жүйесіне өсімін тоқтатуға алып келмейтін залал келтіру. Тамыр жүйесінің механикалық термиялық немесе химиялық зақымдануы, тамыр қыртысы тұтастығының, топырақ үсті жамылғысы тұтастығының бұзылуы және залалдың өзге де түрін келтіру зақымдану болып табылады;
Тармақша 17
17) жаппай санитарлық кесу - көп мөлшерде желден, қардан құлаған, құрғаған және ауырған (ағаштардың 40 пайыздан астамы) жасыл алқаптардың, саябақтардың, бақтардың белгілі бір алаңдарында жүргізілетін ағаштар мен бұталарды кесу;
Тармақша 18
18) жеке тұлғалардың аралас аумақтары (жапсарлас) - қала аумақтарының жалпы пайдаланылатын жерлерімен шектесетін, жасыл желектер өсіп тұрған жеке тұлғаларға тиесілі аумақ учаскесі;
Тармақша 19
19) жасыл желектерді сақтау - көріктендіру және құрылыс жұмыстарының ықпалына түсетін жасыл желектің, аса құнды тұқымдарын сақтауға бағытталған кешенді шаралар. Сақтау - құрылыс жүргізу кезінде желектердің бүлінуіне жол бермеу үшін қоршау және басқа да әдістермен жүзеге асырылады;
Тармақша 20
20) жасыл желектерді жою - өсімінің тоқтауына алып келетін жасыл желектердің зақымдануы;
Тармақша 21
21) көгалдандырылған аумақ - табиғи өсімдіктер, жасанды жасалған саябақ кешендері мен нысандары, бульварлар, бақтар, көкжелектер, гүлзарлар және тағы басқа орналасатын жер учаскесі;
Тармақша 22
22) күтім жасау - өсімдіктің төменгі бөлігі мен топырағына күтім жасау (қоректендіру, суару, қопсыту және тағы басқа);
Тармақша 23
23) нысан (желек) жағдайының (тіршілік қабілетінің) коэффициенті - кесуге ұсынылған нысанның тіршілік қабілетін ескеретін, жасыл желектердің сапалық жай-күйі, оның одан әрі өмір сүруінің әлеуетті қабілеті;
Тармақша 24
24) осы ережені бұзғандығы үшін жауапкершілік - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік және экономикалық жағынан ықпал ету шараларын қолдану;
Тармақша 25
25) өтемдік (кепілдік) отырғызу жоспары - отырғызудың сандық, тұқымдық құрамы, көлемі, күнтізбелік мерзімі, сонымен қатар жоспарлы негізге орайластырылған отырғызуды орналастырудың кескіндемелік сызбасы бар, рұқсат етілген санитарлық кесуге, амалсыз кесуге немесе заңсыз кесуге ұшыраған жасыл желектер көлемін сол деңгейде өтейтін ағаштарды отырғызу жоспары;
Тармақша 26
26) санитарлық қырқу - апаттық жағдайда (электр беру желілерінде, газ құбырларында жатқан, ғимараттың жамылғысын зақымдайтын, жол қозғалысына кедергі келтіретін) зақымдалған, қураған, құрғақ, сынған бұтақтарды қырқу;
Тармақша 27
27) санитарлық кесу - ауырған, зақымданған, құрғай бастаған және құрғаған ағаштары кесілетін, қала жасыл желегінің санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында жүргізілетін (іріктемелік, жаппай) кесу;
Тармақша 28
28) техникалық қадағалау - жасыл желектерді жасау (өтемдік отырғызуларды қоса кіргізгенде), күту және қорғау технологияларының сақталуына және белгіленген ережелердің, жасыл желектерді отырғызу және күту технологияларының сақталуына қадағалау (бақылау) жүргізу;
Тармақша 29
29) уәкілетті орган - аудандар мен қалалар бюджетінен қаржыландырылатын, қала, аудан әкімдігінің уәкілдігімен жасыл желектерді егу, күтіп-ұстау және қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;
Тармақша 30
30) іріктемелік санитарлық кесу - қураған, солған, желден, қардан құлаған, қардан сынатын барлық сынып жастағы ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ тамыры зақымдалған, сәрпіңке мен өзге де таз ауруларына шалдыққан ағаштарды кесу. 31) Уәкілетті органның рұқсаты бойынша ағаштарды кесу кезінде қалпына келтірілетін ағаштарды өтемдік отырғызу он есе көлемде жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Жамбыл облысының аумағындағы барлық жасыл желектер қол сұғылмайтын аудандық және қалалық жасыл қорды құрайды.
Тармақ 5
5. Меншік түріне қарамастан барлық азаматтар, лауазымды және заңды тұлғалар жасыл желектерді сақтау мен қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Жобалау, құрылыс және шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Қағидада белгіленген жасыл желектерді қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, жүзеге асырылады. Құрылыс, шаруашылық және өзге қызметтерді ұйымдастыруға арналған жоба алдындағы және жобалау құжаттамада топографиялық түсірілімге енгізілген жасыл желектердің күйі туралы толық және нақты мәліметтер болуы тиіс.
Тармақ 7
7. Аудан, қала аумағындағы жалпы пайдаланылатын аумақтарда орналасқан жасыл алқаптар қала және аудан дамуының бас жоспарына кіретін жер учаскелерін қоспағанда бұзуға, құрылыс салуға жатпайды.
Тармақ 8
8. Жасыл желектерді лажсыздан бұзуға, кесуге заңда белгіленген тәртіпте, қала мен ауданды дамытуға бас жоспарын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қажеттіліктер үшін алынған жер телімдерінде ғана рұқсат етіледі.
Тарау 2. 2. Жамбыл облысының елді мекендерінде және қалалардағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау жөніндегі уәкілетті органы рұқсат етуге жататын мәселелер
2. Жамбыл облысының елді мекендерінде және қалалардағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау жөніндегі уәкілетті органы рұқсат етуге жататын мәселелер
Тармақ 9
9. Уәкілетті орган жасыл желектерді санитарлық кесу, амалсыз кесу, қайта отырғызу, пішіндемелік қырқу (жасарту), санитарлық кесу, сүңгегін тазалау бойынша тапсырыстарды (өтініштерді) төмендегідей ретте қарастырады:
Тармақша 1
1) тапсырыстарда (өтініштерде) көрсетілген жерге барып жасыл желектерді анықтайды, олардың тұқымдық құрамы, жасы, сапалық жағдайы нақтыланады, жасыл желектерді зерттеу кесімі 1 қосымшаға сәйкес толтырылады;
Тармақша 2
2) жасыл желектерді санитарлық кесуге, лажысыздан кесуге, қайта отырғызуға рұқсат алу үшін 2 қосымшаға сәйкес құжаттарды дайындайды;
Тармақша 3
3) жасыл желектердi пішіндемелік қырқуға (жасартуға), санитарлық кесуге, сүңгегін тазалауға рұқсат алу үшін 3 қосымшаға сәйкес құжаттарды дайындайды.
Тармақ 10
10. 9-ші тармақтағы талаптар осы қағиданың 29 тармағында қарастырылған жағдайларда қолданылмайды.
Тарау 3. 3. Жасыл желектерді есепке алу, қорғау және күту
3. Жасыл желектерді есепке алу, қорғау және күту
Тармақ 11
11. Жасыл желектердің барлық түрі есепке алынады. Жасыл желектерді есепке алу 4 қосымшада белгіленген нысанға сәйкес тізілімге енгізіліп, есепке алынатын объект шекарасында орналасқан жасыл желектерді түгендеу және орман ауруларына бейімділігін зерттеу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Жасыл желектерді есепке алу нәтижесін көрсететін құжат, белгіленген тәртіппен ресімделген түгендеу және орман ауруларына бейімділігін зерттеу құжаттарының негізінде жасалған жасыл желектердің жоспары (дендрологиялық жоспар) болып табылады. Жасыл желектерді түгендеу және орман ауруларына бейімділігіне зерттеу жүргізуді арнайы мамандырылған ұйымдардың қатысуымен уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Аудандардың, қалалардың жасыл желектердің есебі мына мақсаттарда жүргізіледі:
Тармақша 1
1) жасыл желектердің саны мен сапасы және жәй-күйі туралы шынайы мәліметтерді алу және есебін жүргізу;
Тармақша 2
2) жасыл желектерді қорғау, сақтау және көгалдандырылған аумақтарды дамыту саласындағы аудан, қала саясатының негізгі бағыттарын анықтау;
Тармақша 3
3) халықты, жергілікті атқарушы органдарды жасыл желектердің саны мен жағдайы туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету.
Тармақ 14
14. Жалпы пайдаланудағы жерлерде көгалдандыру 20 пайыздан кемді құрамауы тиіс. Балалар мен жеткіншектер тәрбиеленіп, білім алатын нысандарда осы нысан учаскесін көгалдандыру сол учаскенің жалпы алаңының 30 пайызы және бұдан жоғары көлемде қарастырылады. Аумаққа тікенді бұталарды, ұсақ, улы және жемістері балалардың аллергиясын туғызатын ағаш түрлерін отырғызуға жол берілмейді.
Тармақ 15
15. Жасыл желектерді өтемдік қалпына келтіру уәкілетті органының рұқсатына сәйкес жүргізілген санитарлық кескендігі, амалсыз кескендігі үшін биіктігі 3 метрден кем емес жапырақ тұқымдас, ал қылқан жапырақтылар үшін 2 метрден кем емес (1 немесе 2 сыныптағы сападағы) көшеттер отырғызу жолымен жүргізіледі. Көшеттердің тамыр жүйесінен жоғары діңгегінің диаметрі кем дегенде 3 сантиметр (діңгек бөлігінің 1,3 метр биіктікте) болуы керек. Мұндай кезде амалсыз кесілген ағаштардың орнына өтемдік отырғызу сол жер телімі аумағында (сәулет шарттары ескеріліп) үш есе көлемінде жеке және заңды тұлғалармен жүргізіледі. Санитарлық кесу және жасыл желектерді кесу жүргізілетін аумақта отырғызу үшін бос алаң болмаған жағдайда уәкілетті орган одан әрі өтемдік отырғызу жүргізу үшін арнайы учаскелерді анықтайды. Жалпы пайдаланылатын жерлердегі өтемдік отырғызуларды тек қана жалпы пайдаланылатын жерлерде жасыл желектерді күтіп ұстау, қорғау және көгалдандыруды жүргізу уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Нысан (желек) жағдайының (тіршілік қабілетінің) коэффициенті бойынша 4 және 5 категориядағы апатты жағдайдағы, қураған және қартайған жасыл желектерді кесу кезінде заңды және жеке тұлғалар әрбір апатты жағдайдағы жасыл желекті кескені үшін жасыл желек кесілген жерде немесе уәкілетті органы белгілеген учаскеге жасыл желектерді отырғызу ретінде 1 көшет отырғызады. 16-1. Ағаштарды өтемдік отырғызуды заңды және жеке тұлғалар өздерінің жеке меншік жерлерінде немесе маңындағы аумақтарда өз беттерінше, ал ағаштарды мәжбүрлі түрде кесу кезінде көгалдандыруды, жасыл екпелерді күтіп-ұстауды жүзеге асыратын ұйымды қатыстыра отырып, жасыл желек кесілген жерді қайта қалпына келтіру мақсатында, ағаштарды өтемдік отырғызу он есе көлемде жүргізеді.
Тармақ 17
17. Жалпы пайдаланылатын жерлердегі, ғимараттар мен үй-жайлардың, көп қабатты тұрғын үйлер аумақтарында желдің және табиғи сипаттағы өзге де оқиғалардың, жол-көлік апаттары нәтижесінде құлаған апатты ағаштарды жинау, құлаған жерлерді өз уақытында санитарлық тазалау және ағаш қалдықтарын шығару жер пайдалану шекарасындағы арнайы мамандандырылған ұйым немесе сол аумақтың меншік иесі қамтамасыз етеді.
Тармақ 18
18. Өнеркәсіптік, азаматтық мақсаттағы ғимараттардан және жеке тұрғын үй құрылысынан кемінде 5 метр қашықтықта өсіп тұрған ағаштың ұшар басы ғимарат үшін қауіп туғызса - жабынды, балконды, лоджияны, терезені бүлдіретін және тамырлары ғимарат іргетасын қирататын болса, оларды санитарлық қырқуға, амалсыз кесуге рұқсат Қазақстан Республикасы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес шектесетін аумақта өтемдік отырғызуды анықтаумен, апатты жасыл желектерді кесу (нысан (желек) жағдайының (тіршілік қабілетінің) коэффициенті бойынша 4 және 5 категориясы) ретінде беріледі.
Тармақ 19
19. Бюджет қаражаты есебінен құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде (күрделі құрылыс, жолдарды, жаяу соқпақтарды, арық желілерін жөндеу және т.б.) және коммерциялық құрылыс жұмыстарын жүргізетін ұйымдарға (тапсырыс берушілер мен мердігерлер) жобалау құжаттарында жасыл желектерді құру немесе қалпына келтіру (жобада қарастырылған) жөніндегі, жұмыстарын көгалдандыру жұмыстарын қаржыландыруды қарастыруы қажет.
Тармақ 20
20. Жалпы пайдалану жерлерінде және жеке аумақтарда өсетін жасыл желектер механикалық зақымдалған немесе жол-көлік оқиғалары салдарынан жойылған жағдайда кінәлілердің тарапынан зақымдалған немесе жойылған желектердің өтемдік қалпына келтірілуін көшет отырғызу немесе көшеттер мен атқарылған жұмыс көлемінің құнын қайтару арқылы жүргізеді.
Тармақ 21
21. Отырғызылған жасыл желектер жойылған жағдайда оның мүддесі үшін кесу жүргізілген тұлға жасыл желектерді қайта отырғызады және олар отырғызылғаннан кейін екі жыл ішінде әрі қарай күтіп-баптауын қамтамасыз етеді.
Тармақ 22
22. Қажетті күтіп-ұстау, жасыл желекті қалпына келтіру мүмкіндігінің жоқтығына, механикалық зақымдалуға, көшеттердің баяу өсуіне байланысты, отырғызылған жерде көшеттердің жоқтығының (ұрланған) анықталуына байланысты жасыл желектердің жойылғандығы анықталған жағдайда (қурағандарын қоспағанда) оларды қалпына келтіру жасыл желектерді күту жауапкершілігі жүктелген тұлғалар есебінен жүргізіледі.
Тармақ 23
23. Құрылыс жұмыс (ғимараттардың, үйлердің күрделі құрылысы, жолдарды, инженерлік коммуникациялар) түрлерін жүргізген кезде, осы учаскедегі сақталуға жататын, кесуге немесе санитарлық қырқуға жатпайтын барлық жасыл желектер механикалық зақымданудан тиімді қорғауды қамтамасыз ететін арнайы қорғаныс қоршауларымен қорғалуға тиіс.
Тарау 4. 4. Жасыл желектерді санитарлық кесу (іріктемелік, жаппай) амалсыз кесу, қайта отырғызу, бөрікбастарын қалыптастыру, санитарлық қырқу, ландшафтық кесу, сүңгегін тазалау
4. Жасыл желектерді санитарлық кесу (іріктемелік, жаппай) амалсыз кесу, қайта отырғызу, бөрікбастарын қалыптастыру, санитарлық қырқу, ландшафтық кесу, сүңгегін тазалау
Тармақ 24
24. Жасыл желектерді санитарлық кесу (іріктемелік, жаппай) амалсыз кесу, қайта отырғызу, ұшар бастарын қалыптастыру, санитарлық қырқу, ландшафтық кесу, сүңгегін тазалау осы Қағидада белгіленген уәкілетті органының рұқсатымен жүргізіледі.
Тармақ 25
25. Жасыл желекті рұқсаттсыз кескен жағдайда келтірілген залалды уәкілетті орган есептеп шығарған көлемде белгіленеді.
Тармақ 26
26. Жасыл желектерді қайта отырғызу бір жылдың ішінде уәкілетті органы берген рұқсатта көрсетілген уақытта, арнайы қайта отырғызу технологиясын сақтай отырып жүргізіледі. Жапырақты және қылқанжапырақты ағаштардың жерсінудің өнімділігін көтеру мақсатында оларды күз түскеннен бастап көктемнің бас кезіне дейін отырғызу ұсынылады.
Тармақ 27
27. Ағаштарды жасарту және қалың біткен ағаштарды сирету өсіп-өну кезеңі басталғанға дейін немесе күздің аяғына дейін жүргізіледі.
Тармақ 28
28. Жаңа құрылысты оның ішінде, жаңартуға түсетін аумақтардағы құрылысты (бұрыннан бар жеке тұрғын үй құрылысын қоспағанда) олардың нысаналы мақсатына қарамастан (жоспарланған жеке тұрғын үй құрылысы, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс нысандары, әкімшілік ғимараттары, коммуникацияның, қызмет көрсету саласы нысандарының барлық түрлері) және жер учаскесіне құқықты ұйымдастыру кезінде жасыл желектерді кесу, түгендеу мен орман ауруларына бейімділігін зерттеу материалдары негізінде уәкілетті органының рұқсаты бойынша жүргізіледі.
Тармақ 29
29. Заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ аумақтарында жасыл желек өсетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдаланушылар жыл сайын көктемгі және жазғы кезеңде жасыл желектерді зиянкестерден (жәндіктерден, паразиттік өсімдіктерден) және аурулардан сақтау үшін химиялық әдістермен және басқа да биологиялық дәрі-дәрмектермен химиялық және фитосанитариялық өңдеу жөніндегі шараларды ұйымдастырады және өткізеді.
Тармақ 30
30. Жалпы пайдаланатын жерлерде жасыл желектерді санитарлық кесуді, амалсыз кесуді және санитарлық қырқуды міндетті түрде уәкілетті органның рұқсатын алдын ала ресімдеу арқылы арнайы мамандандырылған мекеме жүргізеді.
Тармақ 31
31. Ағаштың құлауы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызатын, ғимараттар мен үй-жайлардың, коммуникациялардың зақымдалуына, жол қозғалысы (оның ішінде жол жүру белгілерін жауып тұрса) қауіпсіздігінің бұзылуына алып келетін төтенше және апатты жағдайларда аталған жасыл желектерді кесу және санитарлық қырқу рұқсатын ресімдеусіз шұғыл түрде жүргізіледі. Кесу немесе санитарлық қырқу деректері жергілікті атқарушы орган жанында құрылған ведомствоаралық комиссия актісімен куәландырылады. Комиссия орынға шығып кесім жасайды, содан кейін он бес күн мерзімінде уәкілетті органға хабарланады.
Тармақ 32
32. Су ресурстарының (өзендер, су айдындары) жер үсті көздеріндегі су тасқыны кезінде төтенше жағдайларды болдырмау үшін өзен арнасында, су айдындарында өскен жасыл желектерді кесу шұғыл түрде жүргізіледі. Кесу дерегі жауапты су пайдаланушының кесімімен куәландырылады, содан соң 72 сағаттың мерзімінде уәкілетті органға хабарланады.
Тармақ 33
33. Кесілген жасыл желек пен ұнталған қалдықтарды (үгінділер, бұталар, жапырақтар, ұшар бастар және тағы басқа) жұмыс жүргізілген жерде жинау мен сақтауға тыйым салынады. Ағаштарды кесу, көлденең бөлу, ағаш қалдықтарын тасымалдау бойынша барлық жұмыстар техника қауіпсіздігі талаптарына толық сәйкестікте жүргізілуге тиіс.
Тармақ 34
34. Жаңадан салынып жатқан немесе жаңартылып жатқан нысандар үшін жасыл желектерді санитарлық кесуге, амалсыз кесуге, сүңгегін тазалауға, санитарлық қырқуға, қайта отырғызуға рұқсатты ресімдеу үшін мынадай құжаттар тапсырылуға тиіс: жаңадан нысан, құрылыс, үй-жай салу (жаңарту) кезінде заңды тұлғалар үшін:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган басшысының атына басшының толық аты-жөні, мекенжайы, байланыс телефоны және сұратылған жасыл желектің орны көрсетілген өтініш;
Тармақша 2
2) жергілікті атқарушы орган шешімінің көшірмесі (нысандар құрылысы, оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін бөлген кездегі);
Тармақша 3
3) жер учаскесіне құқықты айғақтайтын құжаттардың көшірмесі;
Тармақша 4
4) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы (салынып жатқан және жаңартылатын нысандар үшін);
Тармақша 5
5) қайта салынатын нысандар үшін сәулет және қала құрылысы басқармасының сәулеттік-жоспарламалық тапсырмасы бойынша қорытынды;
Тармақша 6
6) өсіп тұрған жасыл желектердің тұқымдық және сандық құрамы, олардың жәй-күйі көрсетілген жер учаскесінің топографиялық түсірілімі;
Тармақша 7
7) өтемдік көгалдандыру жоспары немесе жасыл желектердің орналасуы көрсетілген жобалық көгалдандыру жоспары;
Тармақша 8
8) өтемдік көгалдандыру бойынша көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақыты көрсетілген кепілдік хат. Бұрыннан тұрған нысандардың аумағын көріктендіру және эстетикалық келбетін жақсарту үшін:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган басшысының атына басшының толық аты-жөні, мекенжайы, байланыс телефоны және сұратылған жасыл желектің орны көрсетілген өтініш;
Тармақша 2
2) жер учаскесіне құқықты айғақтайтын құжаттардың көшірмесі;
Тармақша 3
3) өсіп тұрған жасыл желектердің тұқымдық және сандық құрамы, олардың жәй-күйі көрсетілген жер учаскесінің топографиялық түсірілімі;
Тармақша 4
4) өтемдік көгалдандыру жоспары немесе жасыл желектердің орналасуы көрсетілген жобалық көгалдандыру жоспары;
Тармақша 5
5) өтемдік көгалдандыру бойынша көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақыты көрсетілген кепілдік хат.
Тармақ 35
35. Жасыл желектерді қайта отырғызу бойынша жұмыс жүргізілгеннен кейін тапсырысшы олардың одан әрі ұстап-күтілуін қамтамасыз етуге міндетті. Жасыл желектер шектесетін аумақтарда өскен жағдайда жеке тұлғалар үшін:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган басшысының атына өтініш;
Тармақша 2
2) жер учаскесіне құқықты айғақтайтын құжаттардың көшірмесі.
Тармақша 3
3) жасыл желектердің орналасуы көрсетілген өтемдік көгалдандырудың нобай-жоспары;
Тармақша 4
4) өтемдік көгалдандыру бойынша көшеттерді отырғызуды аяқтау уақыты көрсетілген кепілдік хат. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет қаржысына жүргізілетін жасыл желектерді қайта отырғызуға, санитарлық кесуге рұқсаттарды ресімдеу үшін уәкілетті органға төмендегідей құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) уәкілетті органның басшысының атына басшының аты-жөні, мекенжайы, байланыс телефоны және жасыл желек орналасқан жерді көрсете отырып жазылған тапсырыс;
Тармақша 2
2) өтемдік көгалдандыру жоспары немесе жасыл желектерді отырғызу сызбасы көрсетілген, жобалық көгалдандырудың жоспары;
Тармақша 3
3) көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақыты көрсетілген, өтемдік көгалдандыру жөніндегі кепіл хат.
Тармақ 36
36. Өтініш уәкілетті органның комиссиясымен 20 күннің ішінде, сол жерге барып жер учаскесіне міндетті тексеріс жүргізуімен қаралады, оған тапсырысшының немесе өтініш берушінің өкілі қатысады.
Тармақ 37
37. Жасыл желектерді санитарлық кесуге, амалсыз кесуге, санитарлық қырқуға, отырғызуға, сүңгектерін түзетуге рұқсат күшінің мерзімін климаттық жағдайларға және желектердің түрлік құрамына байланысты, алайда ағымдағы күнтізбелік жылдың айының соңғы күнінен кешіктірмей уәкілетті орган анықтайды.
Тармақ 38
38. Көгалдандырылған аумақтарға осы Қағидамен мыналарға тыйым салынады:
Тармақша 1
1) жасыл желектерді зақымдауға немесе құртуға;
Тармақша 2
2) алау жағуға, түскен жапырақ пен құрғақ шөпті жағуға;
Тармақша 3
3) тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарымен, сарқынды сумен қоқыстауға және ластауға;
Тармақша 4
4) ағаштан шырын өндіруге, жазулар, оюлар салуға, ағаштарға жарнама, хабарландыру, нөмірлік белгілер, әртүрлі көрсеткіштерді, сымдарды орналастыруға және ағашқа ілмек пен шеге қағуға;
Тармақша 5
5) автокөліктердің, құрылыс техникасы мен өзге техниканың, осы аумақты пайдалануға және жасыл желекті күтуге байланысты техниканы қоспағанда, өтпе жолы мен тұрағына айналдыруға;
Тармақша 6
6) автокөлік құралдарын жууға;
Тармақша 7
7) көкжелекке көлік құралдарын қоюға;
Тармақша 8
8) мал жаюға;
Тармақша 9
9) әртүрлі жүктерді, оның ішінде құрылыс материалдарын үюге;
Тармақша 10
10) ағаштар мен бұталардың сақталуын қамтамасыз ететін шараларды сақтамай, жасыл желектер алып жатқан учаскелерге төбеден қар түсіруге.
Тарау 5. 5. Жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау саласындағы құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
5. Жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау саласындағы құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
Тармақ 39
39. Жасыл желекті құқық бұзу жолымен бүлдіргені немесе жойып жібергені үшін әкімшілік жауапкершілік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары негізінде айқындалады.
Тармақ 40
40. Осы Қағиданың талаптарын бұзған жағдайда жеке, лауазымды және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады
Басқа 116
«Жамбыл облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Қағидаларына» 1 қосымша Жасыл желектерді зерттеу КЕСІМІ 20____ж. «____»____________ Көше_______________________________________________________________ Аудан______________________________________________________________ Біздер, төменде қол қоюшылар уәкілетті органның комиссия құрамы ____________________________________________________________________ (лауазымы, аты, жөні, тегі, органның атауы) ____________________________________________________________________ және тапсырыс берушінің өкілi ____________________________________________________________________ түсетін жасыл желектерге зерттеу жүргіздi ___________________________________________________________________ Нәтижесінде анықталды: № Жасыл желектердің тұқымдық құрамы Кесілетін Қайта отырғызу Көлем Диаметр Көлем Диаметр 1 2 кестенің жалғасы № Жасыл желектердің тұқымдық құрамы Сақталады Сапалық (нақты) жағдайы Көлем Диаметр Жақсы Қанағат Қанағатемес 1 2 Осы кесім ____дана болып жасалды. Ескертпе: Зерттеу актісі ағашты кесуге немесе отырғызуға құқық беретін құжат болып табылмайды. Тапсырысшының өкілі алды ________ аты, жөні, тегі Комиссия мүшелерінің қолы: аты, жөні, тегі.
Басқа 117
Жамбыл облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Қағидаларына 2 қосымша Жасыл желектерді кесуге, амалсыз кесуге, қайта отырғызуға берілген РҰҚСАТ
Тармақ 1
1. Кәсіпорынның атауы (тапсырысшы, өтініш беруші)
Тармақ 2
2. Кәсіпорынның басшысы (аты, жөні, тегі) (тапсырысшы, өтініш беруші)
Тармақ 3
3. Сұралған учаскенің мақсаты
Тармақ 4
4. Орналасқан жерi
Тармақ 5
5. Шараларды өткізу үшін негіздеме
Тармақ 6
6. Жер учаскесінің меншік түрі (№, күні)
Тармақ 7
7. Уәкілетті органның жасыл желектерді зерттеу актісi
Тармақ 8
8. Жасыл желек қорын өтемдік қалпына келтіру жөніндегі міндеттеме (кепілдік хат)
Тармақ 9. ҚОРЫТЫНДЫ
9. Көгалдандырудың (көріктендірудің) жобалық жоспары ҚОРЫТЫНДЫ Уәкілетті орган (толық атауы) жасыл желектердің жәй-күйін ескере отырып, зерттеу актісіне сәйкес жасыл желектерді санитарлық кесуді, амалсыз кесуді келіседі: ағаш-бұтақты жасыл желектердің нақты (сандық, сапалық) жағдайын, сондай-ақ қайта отырғызу жұмыстарын жүргізу мерзімі мен жұмыстардың аяқталатын күнін көрсету қажет. Бұл жағдайда бірінші басшыға мына талаптарды орындау міндеттеледі:
Тармақ 1
1. Жер асты және жер үсті коммуникацияларын қорғау нормаларымен ережелерін сақтай отырып, сәнді-бағалы жасыл желектерді отырғызу жолымен өтемдік қалпына келтіру бойынша шараларды жүргізу.
Тармақ 2
2. Жасыл желектерді қорғау, күту мен сақтау бойынша шаралардың толық кешенін жүргізу.
Тармақ 3
3. Рұқсат күшінің мерзімі.
Тармақ 4
4. Тапсырысты рұқсаттың қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін, тапсырысшы жазбаша түрде атқарылған жұмыстар туралы есеп беруге тиіс. Қосымша:____________ Ескертпе:___________ Уәкілетті органның басшысы: аты, жөні, тегі
Басқа 131
Жамбыл облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Қағидаларына 3 қосымша Жасыл желектердi пішіндемелік қырқуға (жасартуға), санитарлық кесуге, сүңгегін тазалауға РҰҚСАТ
Тармақ 1
1. Кәсіпорынның атауы (тапсырысшы, өтініш беруші)
Тармақ 2
2. Кәсіпорынның басшысы (аты, жөні, тегі) (тапсырысшы, өтініш беруші)
Тармақ 3
3. Сұралған учаскенің мақсаты
Тармақ 4
4. Орналасқан жерi
Тармақ 5
5. Шараларды өткізу үшін негіздеме
Тармақ 6. ҚОРЫТЫНДЫ
6. Жер учаскесінің меншік нысаны (№, күні) ҚОРЫТЫНДЫ Уәкілетті орган (толық атауы), зерттеу актісіне сәйкес жасыл желектердің жәй-күйін ескеріп (санитарлық, лажсыздан кесуді: келіседі: жұмыс түрлерін (тұқымдық құрамын, желектер санын, диаметрін, өсетін жерін, сондай-ақ жұмыс жүргізу мерзімін көрсете отыра төмендегі жасыл желектерді түзеуді, пішіндемелік немесе санитарлық кесуді, сүңгегін тазалауды) көрсете отырып келіседі. Бұл жағдайда бірінші басшыға мына талаптарды орындау міндеттеледі:
Тармақ 1
1. Жасыл желектерді күту, ұстау мен сақтау бойынша шаралардың толық кешенін жүргізу.
Тармақ 2
2. Рұқсаттың қолданылу мерзімі.
Тармақ 3
3. Рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін, тапсырысшы атқарылған жұмыстар туралы жазбаша түрде есеп беруге тиіс. Ескертпе:____________ Уәкілетті органның басшысы: аты, жөні, тегі.
Басқа 141
Жамбыл облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Қағидаларына 4 қосымша 20___жылдың 1 қаңтарына дейінгi аудан, қала жасыл желектерінің Тізілімi Жасыл желек нысандарының (учаскелерін) алаңының жер санаты, өсімдік түрлері және функционалдық мақсаты бойынша бөлу Ауыл, қала Әкімшілік аудан: (код)________________________________ Иесі:_________________________________________ Жасыл желектер тізілімі кесте ин­вен­тар­лық №, жа­сыл же­лек төл­құ­жа­ты Жер­дің функ­ци­о­нал­дық мақ­са­ты, (жа­сыл же­лек­тер са­на­ты) Жік­те­ме­лік код Ағаш өсім­ді­гі Же­ке­ле­ген аға­штар, да­на Топ­тар, кур­ти­на­лар То­ғай­лар, ал­қап­тар, бақ­тар гек­тар Ба­ғыт­ты кө­шет­тер, да­на Ны­сан (же­лек) жағ­дай­ы­ның (тір­ші­лік қа­бі­ле­ті­нің) ко­эф­фи­ци­ен­ті Бар­лы­ғы, да­на кестенің жалғасы: Бұ­та өсім­дік­те­рі Же­ке­ле­ген да­на Жа­сыл қор­шау, да­на Қа­тар­лық кө­шет­тер, да­на Топ­тық отыр­ғы­зу­лар, да­на Ны­сан (же­лек) жағ­дай­ы­ның (тір­ші­лік қа­бі­ле­ті­нің) ко­эф­фи­ци­ент Бар­лы­ғы, ку­ма метр/ да­на кестенің жалғасы: ин­вен­тар­лық №, жа­сыл же­лек төл­құ­жа­ты Жер­дің функ­ци­о­нал­дық мақ­са­ты, (жа­сыл же­лек­тер са­на­ты) Жік­те­ме­лік код Ашық ке­ңі­стік Гүл­зар­лар Бір жыл­дық, да­на Кө­п­жыл­дық, да­на Кон­тей­нер­лік, да­на Ва­зон Аль­пи­на­рий, ро­ка­рий Ны­сан (же­лек) жағ­дай­ы­ның (тір­ші­лік қа­бі­ле­ті­нің) ко­эф­фи­ци­ент Бар­лы­ғы, да­на кестенің жалғасы: Кө­к­же­лек­тер Па­тер­лік Кә­дім­гі То­пы­рақ бе­ті жа­мы­л­ғы­сы Ны­сан (же­лек) жағ­дай­ы­ның (тір­ші­лік қа­бі­ле­ті­нің) ко­эф­фи­ци­ент Бар­лы­ғы, да­на