Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей для участия в сходе местного сообщества Аманкарагайского сельского округа Аулиекольского района Костанайской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Аманқарағай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Аманқарағай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Аманқарағай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Әулиекөл ауданы Аманқарағай ауылдық округінің әкімі _____________________ Қ.Б. Жансүгіров
Басқа 4. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Аманқарағай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Мәслихаттың 2014 жылғы 19 наурыздағы № 141 шешіміне 1-қосымша Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Аманқарағай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Аманқарағай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Аманқарағай ауылдық округі тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін ауылдық округтің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Аманқарағай ауылдық округінің аумағы усчаскелерге (ауылдарға, көшелерге) бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Аманқарағай ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Аманқарағай ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етіледі.
Тармақ 7
7. Ауыл, көше шегінде бөлек жиынды өткізуді Аманқарағай ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады. Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, көшенің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауыл, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Бөлек жиынды Аманқарағай ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Аманқарағай ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады. Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Әулиекөл аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Аманқарағай ауылдық округінің әкімінің аппаратына береді.
Басқа 21. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Аманқарағай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамы
Мәслихаттың 2014 жылғы 19 наурыздағы № 141 шешіміне 2-қосымша Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Аманқарағай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамы № р/р Аманқарагай ауылдық округінің ауылдарының, көшелерінің атаулары Өкілдер саны (адам) 1 Аманқарагай ауылы 45 Пристанционная көшесі 1 Гагарин көшесі 1 Павлов, Чехов, Школьная, Лесничество көшелері 2 Ленин көшесі 1 Жамбыл көшесі 1 Энтузиасттар, Ерошенко, Дружба көшелері 2 Блок, Садовая, К. Маркс, Алтынсарин көшелері 2 60 лет Октября көшесі 1 Лесная, Лермонтов көшелері 2 Приозерная көшесі 1 Приэлеваторная көшесі 1 Больничный переулок, 1 Степная, 2 Степная көшелері 2 Пушкин көшесі 1 Советская, Зеленый Клин көшелері 2 Октябрьская, 1 Мая көшелері 1 Целинная көшесі 1 Молодежная көшесі 1 Мир көшесі 1 Пацаев, Комсомольская көшелері 1 Чкалов, Титов көшелері 1 Абай көшесі 1 Шевченко, Волков көшелері 1 Кустанайская көшесі 1 Герцен, Гвардейская көшелері 1 Железнодорожная көшесі 1 Горький, Нефтянниктер, Таран көшелері 2 Калинин, 70 лет ВЛКСМ көшелері 1 Шолохов, Островский көшелері 1 Комаров, Толстой, Трудовая көшелері 2 Строительная, Пролетарская көшелері 1 Кутузов, Суворов көшелері 1 Дзержинский, Королев, Вокзальная көшелері 2 Базовая, Лихачев, Авторудная көшелері 2 40 лет Победы, Автомобилисттер көшелері 1 Новая, Киров көшелері 2 2 Лесное ауылы 3 3 Озерное ауылы 3 Всего 51