Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Уялинского сельского округа Акжарского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Ұялы ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабы 6 тармағына және «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Ұялы ауылдық округінде жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Ұялы ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 22-13 шешіміне қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Ұялы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл  тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы Ауылдың атауы Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Ұялы ауылдық округінің ауыл тұрғындар өкілдерінің саны (адам) Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Ұялы ауылдық округінің Ұялы ауылының тұрғындарына 34 Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Ұялы ауылдық округінің Ақсары ауылының тұрғындарына 22
Басқа 5
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 22-13 шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Ұялы ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Ұялы ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3 бабының 6 тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Ұялы ауылдық округі ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Ұялы ауылдық округі ауыл аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тарау 2. 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жиын Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Ұялы ауылдық округтің әкімі шақырады. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тармақ 5
5. Ақжар ауданының Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Ұялы ауылдық округі ауыл шегінде бөлек жиынды өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Ұялы ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Ұялы ауылдық округі ауыл қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Ұялы ауылдық округінің әкімімен немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Ұялы ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады. Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Ұялы ауылдық округі ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Ұялы ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.