Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей для участия в сходе местного сообщества Сулукольского сельского округа Аулиекольского района Костанайской области Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Сұлукөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі Қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Сұлукөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Сұлукөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Әулиекөл ауданы Сұлукөл
ауылдық округінің әкімі
__________ Е.Ж. Ибраев
Басқа 4. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Сұлукөл ауылдық округінің
жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің
қағидалары
Мәслихаттың
2014 жылғы 19 наурыздағы
№ 151 шешіміне
1-қосымша
Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Сұлукөл ауылдық округінің
жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің
қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Сұлукөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Сұлукөл ауылдық округі тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін ауылдық округтің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Сұлукөл ауылдық округінің аумағы учаскелерге (ауылдарға, көшелерге) бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Бөлек жиынды Сұлукөл ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Сұлукөл ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етіледі.
Тармақ 7
7. Ауыл, көше шегінде бөлек жиынды өткізуді Сұлукөл ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауыл, көшенің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Бөлек жиынды Сұлукөл ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Сұлукөл ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің кандидатураларын Әулиекөл аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Сұлукөл ауылдық округінің әкімінің аппаратына береді.
Басқа 21. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Сұлукөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамы
Мәслихаттың
2014 жылғы 19 наурыздағы
№ 151 шешіміне
2-қосымша
Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Сұлукөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамы
№
р/с
Сұлукөл ауылдық ауылдық округінің елді мекендерінің, көшелерінің атаулары
Өкілдер саны (адам)
1
Юльев ауылы
8
Баймағамбетов
1
Октябрь
1
Совет
1
Халиулин
1
Гагарин
1
Комсомол
1
Абай
1
1 Май
1
2
Федосеев ауылы
3
3
Шилі ауылы
3
Барлығы
14