Об утверждении условий, на которых иностранцы и лица без гражданства могут входить в состав экипажа судна, плавающего под Государственным флагом Республики Казахстан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кеме экипажының құрамына шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кiру мүмкiндiгiнің шарттарын бекіту туралы "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына және "Iшкi су көлiгi туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кеме экипажының құрамына шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кiру мүмкiндiгiнің шарттары (бұдан әрі – шарттар) бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы шарттардың 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кеме экипажының құрамына шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кiру мүмкiндiгiнің шарттары
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2014 жы­л­ғы 11 ма­мыр­да­ғы № 469 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кеме экипажының құрамына шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кiру мүмкiндiгiнің шарттары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кемеге шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмысқа қабылдау мынадай шарттарды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының шетелдiк жұмыс күшiн тарту саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды iшкi суларда жүзетiн кеменің капитаны, кеме капитанының аға көмекшiсi, аға механик және радио мамандары лауазымдарына тағайындауға болмайды;
Тармақша 2
2) шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды теңіз кемесінің капитаны, капитанның аға көмекшiсi және аға механик лауазымына тағайындауға болмайды;
Тармақша 3
3) кемеге шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа қабылдау кемеде бос жұмыс орындары бар болғанда және iшкi еңбек нарығында жекелеген кәсіптер мен біліктіліктер бойынша қызметкерлерге сұранысты қанағаттандыру мүмкiндiгі болмаған кезде жүзеге асырылады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кеме экипажының құрамына еңбек қызметін жүзеге асыру үшiн тартылатын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың бiлiм деңгейi (кәсiптік даярлығы) және еңбек өтiлi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда мақсатында теңiзде жүзу мен iшкi су көлiгi саласы мамандарының лауазымдарына қойылатын талаптарға сай болуға тиiс;
Тармақша 5
5) кемеге жұмысқа қабылданатын шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың кәсiптік даярлығының және құзыреттiлiгiнiң деңгейi: Қазақстан Республикасының қолданыстағы халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасы танитын бiлiм беру туралы құжатпен және қажет болған жағдайда бiлiмі туралы құжаттың нотариалды расталған мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен; жұмыс берушi куәландырған қызметкердiң еңбек қызметiн растайтын құжаттармен расталады;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кемеге жұмысқа қабылданатын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың: денсаулық жағдайы бойынша мұндай жұмысқа жарамдылығын растайтын медициналық комиссияның қорытындысы; шетелдiктер үшiн – жарамды шетелдiк паспорт, бұл ретте Қазақстан Республикасы олардың мемлекеттерімен келудің және болудың визасыз тәртiбi туралы келiсiм жасамаған шетелдiктер үшiн – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті визасы; азаматтығы жоқ адамдар үшiн – азаматтығы жоқ адамның куәлiгi немесе азаматтығы жоқ адамның құқықтық мәртебесiн растайтын, шет мемлекет берген шетелдiк паспорт болуға тиiс.