Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел и улиц для участия в сходе местного сообщества Арыкбалыкского сельского округа Айыртауского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл және көше тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінде жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл және көше тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Ел­ді ме­кен­нің ата­уы Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны Арық­ба­лық ауыл­дық окру­гі­нің ауыл және кө­ше тұр­ғын­да­ры өкіл­де­рі­нің са­ны Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Арық­ба­лық ауыл­дық окру­гі­нің Ағын­тай Ба­тыр ауы­лы­ның тұр­ғын­да­ры­на 43 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Арық­ба­лық ауыл­дық окру­гі­нің Арық­ба­лық ауы­лы­ның Це­лин­ная кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 3 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Арық­ба­лық ауыл­дық окру­гі­нің Арық­ба­лық ауы­лы­ның Ера­лы Мұ­қа­шев кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 11 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Арық­ба­лық ауыл­дық окру­гі­нің Арық­ба­лық ауы­лы­ның Кон­сти­ту­ция кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 7 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Арық­ба­лық ауыл­дық окру­гі­нің Арық­ба­лық ауы­лы­ның Цен­траль­ная кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 6 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Арық­ба­лық ауыл­дық окру­гі­нің Арық­ба­лық ауы­лы­ның Ме­ха­ни­за­то­ров кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 8 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Арық­ба­лық ауыл­дық окру­гі­нің Арық­ба­лық ауы­лы­ның Бәй­кен Әші­мов кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 17 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Арық­ба­лық ауыл­дық окру­гі­нің Арық­ба­лық ауы­лы­ның Ни­ко­лай Ниж­ни­ков кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 12 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Арық­ба­лық ауыл­дық окру­гі­нің Арық­ба­лық ауы­лы­ның На­гор­на­я­ная кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 6 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Арық­ба­лық ауыл­дық окру­гі­нің Арық­ба­лық ауы­лы­ның На­бе­реж­ная кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 10 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Арық­ба­лық ауыл­дық окру­гі­нің Арық­ба­лық ауы­лы­ның Озер­ная кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 8 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Арық­ба­лық ауыл­дық окру­гі­нің Арық­ба­лық ауы­лы­ның Школь­ная кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 8 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Арық­ба­лық ауыл­дық окру­гі­нің Арық­ба­лық ауы­лы­ның Шо­қан Уә­ли­ха­нов кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 11 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Арық­ба­лық ауыл­дық окру­гі­нің Арық­ба­лық ауы­лы­ның М.Горь­кий кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 9 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Арық­ба­лық ауыл­дық окру­гі­нің Арық­ба­лық ауы­лы­ның По­ле­вая кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 5 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Арық­ба­лық ауыл­дық окру­гі­нің Арық­ба­лық ауы­лы­ның Степ­ная кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 5 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Арық­ба­лық ауыл­дық окру­гі­нің Арық­ба­лық ауы­лы­ның Се­вер­ная кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 3 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Арық­ба­лық ауыл­дық окру­гі­нің Арық­ба­лық ауы­лы­ның Но­во­се­ло­ва кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 5 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Арық­ба­лық ауыл­дық окру­гі­нің Арық­ба­лық ауы­лы­ның Абай кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 3 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Арық­ба­лық ауыл­дық окру­гі­нің Арық­ба­лық ауы­лы­ның АТП кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 9 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Арық­ба­лық ауыл­дық окру­гі­нің Арық­ба­лық ауы­лы­ның Ра­бо­чая кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 8 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Арық­ба­лық ауыл­дық окру­гі­нің Арық­ба­лық ауы­лы­ның Юби­лей­ная кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 10 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Арық­ба­лық ауыл­дық окру­гі­нің Арық­ба­лық ауы­лы­ның 40 лет По­бе­ды кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 6 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Арық­ба­лық ауыл­дық окру­гі­нің Арық­ба­лық ауы­лы­ның Но­вая кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 3 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Арық­ба­лық ауыл­дық окру­гі­нің Арық­ба­лық ауы­лы­ның Рай­ав­то­дор кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 12 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Арық­ба­лық ауыл­дық окру­гі­нің Арық­ба­лық ауы­лы­ның Сей­фул­лин кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 4 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Арық­ба­лық ауыл­дық окру­гі­нің Арық­ба­лық ауы­лы­ның Мо­ло­деж­ная кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 8 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Арық­ба­лық ауыл­дық окру­гі­нің Арық­ба­лық ауы­лы­ның Эн­ту­зи­а­стов кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 6 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Арық­ба­лық ауыл­дық окру­гі­нің Арық­ба­лық ауы­лы­ның Куз­неч­ная кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 5 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Арық­ба­лық ауыл­дық окру­гі­нің Гор­ное ауы­лы­ның тұр­ғын­да­ры­на 11 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Арық­ба­лық ауыл­дық окру­гі­нің Қа­ра­сай Ба­тыр ауы­лы­ның тұр­ғын­да­ры­на 24 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Арық­ба­лық ауыл­дық окру­гі­нің Ба­ян ауы­лы­ның тұр­ғын­да­ры­на 13 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Арық­ба­лық ауыл­дық окру­гі­нің Це­лин­ное ауы­лы­ның тұр­ғын­да­ры­на 14
Басқа 5
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 5-23-9 шешімімен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінің ауылдарының және көшелерінің тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Арықбалық ауылдық округінде ауылдардың және көшелердің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тарау 2. 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жиынды Арықбалық ауылдық округінің әкімі шақырады. Айыртау ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тармақ 5
5. Арықбалық ауылдық округі ауылдарында және көшелерінде бөлек жиынды өткізуді Арықбалық ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Арықбалық ауылдық округінің ауылдарынан және көшелерінен қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды Арықбалық ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Арықбалық ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады. Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Арықбалық ауылдық округі ауылдары және көшелері өкілдерінің кандидатураларын Айыртау аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Арықбалық ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.