Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел и улиц для участия в сходе местного сообщества Бескудукского сельского округа Есильского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Бесқұдық ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар мен көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Бесқұдық ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар мен көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Бесқұдық ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қоса берілген Қағидалары бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы
Бесқұдық ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының
бөлек жиындарын өткізу қағидалары
Солтүстік-Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 29/175 шешімімен
бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы
Бесқұдық ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының
бөлек жиындарын өткізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Бесқұдық ауылдық округі аумағында ауыл тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Бесқұдық ауылдық округінің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – ауыл, көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Бесқұдық ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Бесқұдық ауылдық округінің әкімі бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары, хабарландыруды ақпараттық стендтерде орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Ауыл, көше шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Бесқұдық ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны ашылғанға дейін оған қатысуға құқығы бар тиісті ауылдың тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан жағдайда өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Бесқұдық ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген адам ашады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының төрағасы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Бесқұдық ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген адам болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын жасау үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындарының өкілдеріне кандидаттарды Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылар ұсынады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидат бойынша жеке жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын алған кандидаттар сайланды деп есептеледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Бесқұдық ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.
Басқа 2. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Бесқұдық ауылдық
округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін
ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Солтүстік-Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 29/175 шешімімен
бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Бесқұдық ауылдық
округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін
ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№
р/с
Елді мекеннің атауы
Өкілдер саны (адам)
1.
Бесқұдық ауылының тұрғындары үшін:
Молодежная көшесі
Матросов көшесі
Абай көшесі
Жуков көшесі
3
2.
Бесқұдық ауылының тұрғындары үшін:
Бобрицкий көшесі
Королев көшесі
Космонавтов көшесі
Юбилейная көшесі
Новая көшесі
Центральная көшесі
3
3.
Алабие ауылының тұрғындары үшін
3
4.
Тамамбай ауылының тұрғындары үшін
2
5.
Черуновка ауылының тұрғындары үшін
3