Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел и улиц для участия в сходе местного сообщества Антоновского сельского округа Айыртауского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Антонов ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл және көше тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Антонов ауылдық округінде жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл және көше тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Антонов ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Ел­ді ме­кен­нің ата­уы Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны Ан­то­нов­ка ауыл­дық окру­гі­нің ауыл және кө­ше тұр­ғын­да­ры өкіл­де­рі­нің са­ны Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Ан­то­нов­ка ауыл­дық окру­гі­нің Ақан се­рі ауы­лы­ның тұр­ғын­да­ры­на 7 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Ан­то­нов­ка ауыл­дық окру­гі­нің Ан­то­нов­ка ауы­лы­ның Озер­ная кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 3 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Ан­то­нов­ка ауыл­дық окру­гі­нің Ан­то­нов­ка ауы­лы­ның На­бе­реж­ная кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 9 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Ан­то­нов­ка ауыл­дық окру­гі­нің Ан­то­нов­ка ауы­лы­ның Крас­ная кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 5 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Ан­то­нов­ка ауыл­дық окру­гі­нің Ан­то­нов­ка ауы­лы­ның Ақан се­рі кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 9 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Ан­то­нов­ка ауыл­дық окру­гі­нің Ан­то­нов­ка ауы­лы­ның Ав­то­го­ро­док кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 5 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Ан­то­нов­ка ауыл­дық окру­гі­нің Ан­то­нов­ка ауы­лы­ның Зе­ле­ная кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 4 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Ан­то­нов­ка ауыл­дық окру­гі­нің Ан­то­нов­ка ауы­лы­ның Степ­ная кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 1 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Ан­то­нов­ка ауыл­дық окру­гі­нің Ан­то­нов­ка ауы­лы­ның Це­лин­ная кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 1 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Ан­то­нов­ка ауыл­дық окру­гі­нің Ан­то­нов­ка ауы­лы­ның Мо­ло­деж­ная кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 4 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Ан­то­нов­ка ауыл­дық окру­гі­нің Ан­то­нов­ка ауы­лы­ның Учи­тель­ская кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 2 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Ан­то­нов­ка ауыл­дық окру­гі­нің Ан­то­нов­ка ауы­лы­ның Школь­ная кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 7 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Ан­то­нов­ка ауыл­дық окру­гі­нің Ан­то­нов­ка ауы­лы­ның Шал­қар кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 9 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Ан­то­нов­ка ауыл­дық окру­гі­нің Ан­то­нов­ка ауы­лы­ның Шо­қан Уә­ли­ха­нов кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 6 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Ан­то­нов­ка ауыл­дық окру­гі­нің Ан­то­нов­ка ауы­лы­ның Но­вая кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 3 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Ан­то­нов­ка ауыл­дық окру­гі­нің Ан­то­нов­ка ауы­лы­ның Се­вер­ная кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 4 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Ан­то­нов­ка ауыл­дық окру­гі­нің Ан­то­нов­ка ауы­лы­ның Абай кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 8 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Ан­то­нов­ка ауыл­дық окру­гі­нің Ан­то­нов­ка ауы­лы­ның Ма­ли­нов­ская кө­ше­сі­нің тұр­ғын­да­ры­на 4 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Ан­то­нов­ка ауыл­дық окру­гі­нің Жұ­мыс­шы ауы­лы­ның тұр­ғын­да­ры­на 10 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Ан­то­нов­ка ауыл­дық окру­гі­нің За­ря ауы­лы­ның тұр­ғын­да­ры­на 8 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Ан­то­нов­ка ауыл­дық окру­гі­нің Ко­ма­ров­ка ауы­лы­ның тұр­ғын­да­ры­на 24 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Ан­то­нов­ка ауыл­дық окру­гі­нің Лав­ров­ка ауы­лы­ның тұр­ғын­да­ры­на 39 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ай­ыр­тау ауда­ны­ның Ан­то­нов­ка ауыл­дық окру­гі­нің Угол­ки ауы­лы­ның тұр­ғын­да­ры­на 5
Басқа 5
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 5-23-11 шешімімен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Антонов ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Антонов ауылдық округінің ауылдарының және көшелерінің тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Антонов ауылдық округінде ауылдардың және көшелердің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тарау 2. 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жиынды Антонов ауылдық округінің әкімі шақырады. Айыртау ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тармақ 5
5. Антонов ауылдық округі ауылдарында және көшелерінде бөлек жиынды өткізуді Антонов ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Антонов ауылдық округінің ауылдарынан және көшелерінен қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды Антонов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Антонов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады. Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Антонов ауылдық округі ауылдары және көшелері өкілдерінің кандидатураларын Айыртау аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Антонов ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.