Об оказании социальной помощи Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әлеуметтік көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес Жезқазған қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындар әр мүгедек балаға тоқсан сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмек көрсетудің келесі тәртібі белгіленсін:
Тармақша 1
1) үйде оқытылатын мүгедек балаларға шығындарды өтеу (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар және мүгедек балаларға қатысты ата-анасының ата-ана құқығынан айырылған балалардан басқа) ата-анасының біреуіне және мүгедек баланың басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;
Тармақша 2
2) шығындарды өтеу өтініш білдірген айдан бастап "Қарағанды облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі;
Тармақша 3
3) шығындарды өтеу қаржыландырудың түсуіне байланысты өткен айға жүргізіледі. Шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Тармақ 3
3. "Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б.М. Мырзаханов) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. "Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (В.А. Ставицкая) жергілікті бюджетте қарастырылған қаржы шегінде міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландыру жоспарына сәйкес, мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуді қаржыландыру бойынша мәселені шешсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік- мәдени саласы, адам құқығы және құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты қомиссиясына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Келісілді: 2014 жылғы 14 сәуір