Қолданыстағы ред. 28.02.2000

Облыс кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржылық жағдайына талдау жүргізу туралы от 28.02.2000 г. № 164 (Облыс кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржылық жағдайына талдау жүргізу туралы)

0

Облыс кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржылық жағдайына талдау жүргізу туралы
Экономикалық саясаттың негізгі ережелерін жасау, сонымен катар облыс көлеміңде кәсіпорындарды сауықтыру, қайта құру және тарату жөніндегі қаржылық және экономикалық-ұйымдастыру іс-шаралар жүйесін іс жүзінде іске асыру және үйлестіру мақсаттарында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Облыс кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржылық жағдайына талдау жүргізу Тәртібі бекітілсін.

2

2. Облыс кәсіпорындарын қаржылық-экономикалық сауықтыру жөніндегі облыстық комиссияның құрамы бекітілсін (1-ші қосымша).

3

3. Облыс кәсіпорындарын қаржылық-экономикалық сауықтыру жөніндегі облыстық комиссияның ережесі бекітілсін (2-ші қосымша).

4

4. Комиссияға жылына 2 рет сол ағымдағы жылдың 10 сәуіріне және 10 қазанына дейін, облыс кәсіпорыңдары мен ұйымдарының қаржылық жағдайына талдау жүргізу Тәртібіне сәйкес, тиісті топтар бойынша кәсіпорындар тізбесін анықтап отыру тапсырылсын.

5

5. Қызылорда қаласы және аудан өкімдері 2000 жылғы 10 наурызына дейін осындай комиссиялар құрсын.

6

6. Қызылорда қаласы және аудан өкімдері, комиссияларымен бірлесе отырып, жылына 2 рет сол ағымдағы жылдың 5 сәуіріне және 5 қазанына дейін, облыс кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржылық жағдайына талдау жүргізу Тәртібіне сәйкес, тиісті топтар бойынша кәсіпорындар тізбесін анықтап, облыстық комиссияға қарауға тапсырсын.

7

7. «Кәсіпорындарды қайта құру және тарату жөніндегі Агенттігі» ААҚ Қызылорда облыстық филиалы, облыстық комиссияның ұсынысын ескере отырып және ҚР «Банкроттық туралы» заңына сәйкес кәсіпорындарды каржылық-экономикалық сауықтыру жұмысын үнемі жүргізу жүктелсін.

8

8. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары Т. Кенжебаевқа жүктелсін.

9

Облыс әкімінің
2000 жылғы 28 ақпандағы № 164
шешімімен бекітілген
Облыс кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржылық жағдайына талдауды жүргізу тәртібі
(ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне қатысы жоқ)

10

І. Жалпы ережелер

1.1

1.1. Облыс кәсіпорыңдары мен ұйымдарының қаржылық жағдайдына талдау жүргізудің осы Тәртібі /бұдан әрі Тәртіп/ Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» Заңына сәйкес әзірлеңді.

1.2

1.2. Аталған төртіп, өнеркәсіпорындары мен ұйымдарының белгілі уақытта төлеу қабілетін қалпына келтіруге нақты мүмкіншілігі бар екендігін немесе таратылатындығын дер кезінде анықтау рәсімдерін белгілейді.

1.3

1.3. Облыс кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржылық жағдайына талдау жүргізуден бұрын, Қызылорда қаласында және аудандарда комиссиялар құрылуы қажет.

1.4

1.4. Облыстық комиссия кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық жағдайын бағалаған көрсеткіштердің есебіне сәйкес оларды, бір немесе басқа топка жатқызады.

1.5

1.5. «Кәсіпорындарды қайта құру және тарату жөніндегі Агенттігі» ААҚ Қызылорда облыстық филиалы, облыстық комиссияның ұсынысын ескере отырып және Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» Заңына сәйкес кәсіпорындарды қаржылық-экономикалық сауықтыру бойынша жұмыс жүргізеді.
ІІ. Облыс кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржылық жағдайына талдау жүргізуді ұйымдастыру

2.1

2.1. Облыс кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржылық жағдайына талдау жүргізу үшін Қызылорда қаласында және аудандарда комиссиялар құрылды.

2.2

2.2. Ресми сұрау салу жасалғаннан кейін кәсіпорындар мен ұйымдар, қаржы және салық органдары, Тәртіптегі 2 қосымшасында көрсетілген, кажетті мәліметтерді белгіленген тәртіп бойынша тапсырады.

2.3

2.3. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансын бағалау көрсеткіштері есептеледі.

2.4

2.4. Қызылорда қаласы мен аудандардың комиссиялары жылына 2 рет, сол ағымдағы жылдың 10 сәуіріне және 10 қазанына дейін кәсіпорындардың және ұйымдардың төмендегі топтар бойынша тізбесін анықтайды:
I-ші топ-мерзімі өткен қарыздары жоқ, өндірістік және қаржылық жағынан тұрақты кәсіпорындар;
ІІ-ші топ-мерзімі өткен міндеттемелері бар, бірақ ішкі резервтерін жұмылдыру, қайта құру іс-шараларын өткізгенде, тұрақты шаруашылық деңгейге шыға алатын кәсіпорындар;
ІІІ-ші топ-көлемді ұлғайып келе жатқан қарыздары бар, бірақ инвестициялау арқылы кешенді сауықтыру іс-шараларын өткізген жағдайда, тұрақты шаруашылық деңгейге шыға алатын кәсіпорындар;
ІV-ші топ-көлемді ұлғайып келе жаткан қарыздары бар және болашақсыз, жойылуға жататын тоқтап тұрған кәсіпорындар.

2.5

2.5. Облыстық комиссия, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық жағдайын, Қызылорда қаласы мен аудандардың комиссиялары кәсіпорындардың бухгалтерлік балансының бағалау көрсеткіштерін /Тәртіптің № 1-ші қосымшасы/ бергеннен кейін анықтайтын орган болып табылады/ шешімнің № 2-ші қосымшасы/.

2.6

2.6. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансының құрылымының қанағаттанарлық екендігін бағалайтын көрсеткіштің есебі, бухгалтерлік балансты талдау жөніндегі ұсынысқа сәйкес жүргізіледі /Тәртіптің № 2-ші қосымшасы/.

2.7

2.7. Кәсіпорындардың және ұйымдардың II, III, IV-ші топқа жататын тізбесін, Казақстан Республикасының «Банкроттық туралы» Заңына сәйкес қайта құру немесе тарату рәсімдерін жүргізу үшін, «Кәсіпорындарды қайта құру және тарату жөніндегі Агенттігі » ААҚ Қызылорда облыстық филиалына, облыстық комиссияның жұмысшы органы бағыттайды.

23

Облыс әкімінің
2000 жылғы 28 ақпандағы № 164
шешіміне № 1-қосымша
Облыс кәсіпорындарын қаржылық және экономикалық сауықтыру жөніндегі облыстық комиссияның құрамы

1

1. Т.Кенжебаев - облыс әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы;

2

2. Б.Куандықов - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары

3

3. С.Мырзашев - облыстық өнеркәсіп және сауда департаментінің бастығы, жауапты хатшы
Комиссия мүшелері:

4

4. Д.Ысқақов - Қызылорда облысы бойынша салық комитетінің төрағасы;

5

5. Қ. Баймаханов – Қызылорда қаласының әкімі;

6

6. М. Нәлібаев – облыстық салық полициясы басқармасының бастығы;

7

7. К. Боранбаев – облыстық кеден басқармасының бастығы;

8

8. В. Хен - Қызылорда облыстық «Кәсіпорындарды қайта құру және тарату жөніндегі Агенттігі» ААҚ филиалының директоры;

9

9. С. Камербаев - Қызылорда облысы бойынша өнеркәсіпшілер және жұмыс берушілер Одағының президенті;

10

10. К. Нұрекешов - облыстық энергетика, құрылыс және коммуналдық-үй шаруашылығының бастығы;

11

11. Б.Сапар - «Клиринг» ЖШС директоры;

12

12. М. Есенов - облыстық статистика басқармасының бастығы;

13

13. М.Ергешбаев - халықтық банкінің Кызылорда облыстық филиалының директоры

37

Облыс әкімінің
2000 жылғы 28 ақпандағы № 164
шешіміне № 2-қосымша
Облыс кәсіпорындарын қаржылық-экономикалық сауықтыру жөніндегі облыстық комиссияның ЕРЕЖЕСІ

38

І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1

1. Облыс кәсіпорындарын қаржылық - экономикалық сауықтыру жөніндегі облыстық комиссия, экономикалық саясаттың негізгі ережелерін жасау, сонымен қатар облыс көлемінде кәсіпорындарды сауықгыру, қайта құру және тарату жөніндегі қаржылық және экономикалық- ұйымдастыру іс-шаралар жүйесін, іс жүзінде іске асыру және үйлестіру үшін, құрылған арнайы алқалық орган болып табылады.

2

2. Облыс кәсіпорындарын қаржылық және экономикалық сауықтыру жөніндегі облыстық комиссия, өз құрамына облыстық әкімшіліктің, олардың басқармаларының, комитеттерінің және басқа да облыс аумағында орналасқан ведомстволардың өкілдерін қосады. Комиссияның жеке құрамы облыс әкімінің шешімімен бекітіледі.;

3

3. Облыстық комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының нормативтік актілерін, сонымен қатар осы Ережені басшылыққа алады.

4

4. Облыстық комиссияның құзырына, облыс экономикасының барлық салаларының кәсіпорындарын санациялау, қайта құру және таратуға қатысты ұсыныстар дайындау қарау кіреді.

5

5. Өнеркәсіп және сауда департаменті облыстық комиссияның жұмысшы органы болып табылады.

ii

II. Әр топтағы кәсіпорындардың қаржылық-экономикалық сипаттамасы
I -ші топ-мерзімі өткен қарыздары жоқ, өндірістік және қаржылық жағынан тұрақты кәсіпорындар;
ІІ-ші топ- мерзімі өткен міндеттемелері бар, бірақ ішкі резервтерін жұмылдыру, қайта құру іс-шараларын өткізгенде, тұрақты шаруашылық деңгейге шыға алатын кәсіпорындар;
ІІІ-ші топ-көлемді ұлғайып келе жатқан қарыздары бар, бірақ инвестициялау арқылы кешенді сауықгыру іс-шараларын өткізген жағдайда, тұрақты шаруашылық деңгейге шыға алатын кәсіпорындар;
IV-ші топ-көлемді ұлғайып келе жатқан қарыздары бар және болашақсыз, жойылуға жататын тоқтап тұрған кәсіпорындар;
Өнеркәсіп кәсіпорындарының бір немесе басқа топқа жататынын анықтау үшін, бухгалтерлік балансты талдау жөніндегі ұсыныс қолданылады /Тәртіптің № 2-қосымшасы/.

iii

III. Облыстық.комиссияның міндеттері және кызметтері
Облыстық комиссия жүктелген міндеттерді шешу үшін төмендегідей қызметтерді атқарады:
-күйсіз кәсіпорындарды сауықтыру және ірі тиімсіз өнеркәсіп кәсіпорындарын бөлшектеу жөніндегі ұсыныстарды қарайды;
-ұйымдардың және мекемелердің, күйсіз кәсіпорындарды сауықтыру, қайта құру және тарату жұмыстары жөніндегі басқармалардың, жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіреді;
-жеке топқа жататын кәсіпорындардың тізбесі жөнінде ұсыныстар береді;
-сауықтыруға ұсынылған, күйсіз кәсіпорындардың тізбесі жөнінде ұсыныс береді;
-таратылуға ұсынылған, күйсіз кәсіпорындардың тізбесі жөнінде ұсыныс береді;
-өз жиындарында «Кәсіпорындарды қайта құру және тарату жөніндегі Агенттігі» ААҚ Қызылорда облыстық филиалын және «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы заңын қолдану жөнінде басқа құрылымдарды тыңдайды.
-өзіне жүктелген қызметтерге сәйкес, Кызылорда қаласы және аудандардағы комиссиялардың қызметін бақылайды және жұмыстарын ұйымдастырады, ықпал жасайды.
Жұмыстардың I-ші кезеңі -«Талдау кезеңі» - осы кезенде кәсіпорындардың топтық тізбесін анықтау жұмысын аяқтау қажет;
II-ші кезең - «Өндіріс кезеңі» -осы кезеңде өз жиындарында бюджетке, жалақы жөнінде қарызы бар II, III, ІV-ші топтағы кәсіпорындардың бірінші басшылары мен бас бухгалтерлерін тыңдаулары, Қызылорда қаласы және аудандардың комиссияларының жүйелі, жоспарлы жұмыстарын ұйымдастырулары қажет.

iv

IV. Облыстық комиссияның ережелері және өкілеттігі
Облыстық комиссияға жүктелген қызметтерін жүзеге асыру үшін:
-жүктелген міндеттерді орындау үшін басқармалардан, комитеттерден және басқа да акционерлік, холдингтік компаниялардан, қала және аудан әкімдерінен, қаржылық және салық органдарынан белгіленген тәртіп бойынша қажетті мәліметтерді сұрауға және алуға;
-сараптама жүргізу және профиліне сәйкес кеңес алу үшін, мекеменің мамандарын белгіленген тәртіппен қатыстыруға, қажет болғанда жұмысшы топтарын құруға;
-облыстық комиссияның айрықша өкілеттігіне, Қызылорда қаласы және аудандардың комиссияларының пікірлерін ескере отырып, бюджетке үлкен әсері бар кәсіпорындарға қатысты, каржылық-экономикалық сауықтыру іс-шараларын дайындау туралы жұмысы кіреді;
-кәсіпорындарды қаржылық-экономикалық сауықтыру іс-шараларын жүзеге асыру кезінде, соған дейін, кейін және осы процедураны іске асырғаннан соң анықталған Қазақстан Республикасының Заңдарын бұзу, облыс экономикасының мүддесіне залал келтіру сияқты заңсыздық оқиғаларды жою іс-шараларын қолдану туралы, сот және құқық қорғау органдарының алдында өтінуге құқықты.

v

V. Облыстық комиссияның қызметтерін-ұйымдастыру

1

1. Облыстық комиссияны төраға басқарады. Комиссияның құрамына, сонымен қатар төрағасының орынбасары және хатшысы кіреді.

2

2. Комиссияның жұмысшы мәжілістерінің кестесі мен ағымдағы регламентін төраға бекітеді және алдын ала комиссияның әр мүшесіне жеткізіледі.Комиссияның жиыны қажетгілігіне қарай тоқсан сайын өткізіледі.

3

3. Комиссияның шешімі мүшелерінің көпшілік дауыс беруіне сәйкес қабылданады. Дауыс беру тең болған кезде, төрағаның дауысының шешуші мәні бар.

4

4. Комиссия шешімі мәжіліс хаттамасымен рәсімделеді, хаттамаға Төрағасы мен хатшы қол қояды және барлық мүдделі органдарға жіберіледі.

5

5. Түпкілікті шешім қабылданғанға дейін, комиссияның қаралған жұмыстары туралы мәліметтері жариялауға жатпайды.

53

Облыс әкімінің
2000 жылғы 28 ақпандағы № 164
шешімімен бекітілген
Облыс кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржылық жағдайына талдауды жүргізу тәртібі
(ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне қатысы жоқ)

i. I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1

1.1. Облыс кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржылық жағдайдына талдау жүргізудің осы Тәртібі /бұдан әрі Тәртіп/ Казақстан Республикасының «Банкроттық туралы» Заңына сәйкес әзірленді.

1.2

1.2. Аталған тәртіп, өнеркәсіпорындары мен ұйымдарының белгілі уақытта төлеу кабілетін қалпына келтіруге нақты мүмкіншілігі бар екендігін немесе таратылатындығын дер кезінде анықтау рәсімдерін белгілейді.

1.3

1.3. Облыс кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржылық жағдайына талдау жүргізуден бұрын, Қызылорда қаласында және аудандарда комиссиялар құрылуы кажет.

1.4

1.4. Облыстық комиссия кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық жағдайын бағалаған көрсеткіштердің есебіне сәйкес оларды, бір немесе басқа топқа жатқызады.

1.5

1.5. «Кәсіпорындарды қайта құру және тарату жөніндегі Агенттігі » ААҚ Қызылорда облыстық филиалы, облыстық комиссияның ұсынысын ескере отырып және Казақстан Республикасының «Банкроттық туралы» Заңына сәйкес кәсіпорындарды қаржылық-экономикалық сауықтыру бойынша жұмыс жүргізеді.

ii

II. Облыс кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржылық жағдайына талдау жүргізуді ұйымдастыру

2.1

2.1. Облыс кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржылық жағдайына талдаужүргізу үшін Қызылорда қаласында және аудандарда комиссиялар кұрылады.

2.2

2.2. Ресми сұрау салу жасалғаннан кейін кәсіпорындар мен ұйымдар, қаржы және салық органдары, Тәртіптегі 2 қосымшасында көрсетілген, қажетті мәліметтерді белгіленген тәртіп бойынша тапсырады.

2.3

2.3. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансын бағалау көрсеткіштері есептеледі.

2.4

2.4. Қызылорда қаласы мен аудандардың комиссиялары жылына 2 рет, сол ағымдағы жылдың 10 сәуіріне және 10 қазанына дейін кәсіпорындардың және ұйымдардың төмендегі топтар бойынша тізбесін аныктайды:
I -ші топ-мерзімі өткен қарыздары жоқ, өндірістік және каржылық жағынан тұрақты кәсіпорындар;
ІІ-ші топ- мерзімі өткен міндеттемелері бар, бірақ ішкі резервтерін жұмылдыру, қайта құру іс-шараларын өткізгенде, тұрақты шаруашылық деңгейге шыға алатын кәсіпорындар;
ІІІ-ші топ- көлемді ұлғайып келе жатқан қарыздары бар, бірақ инвестициялау арқылы кешенді сауықтыру іс-шараларын өткізген жағдайда, тұрақты шаруашылық деңгейге шыға алатын кәсіпорындар;
IV-ші топ- көлемді ұлғайып келе жатқан қарыздары бар және болашақсыз, жойылуға жататын тоқтап тұрған кәсіпорындар.

2.5

2.5. Облыстық комиссия, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық жағдайын, Қызылорда қаласы мен аудандардың комиссиялары кәсіпорындардың бухгалтерлік балансының бағалау көрсеткіштерін /Тәртіптің №1-ші қосымша бергеннен кейін анықтайтын орган болып табылады/ шешімнің №2-ші қосымшасы/.

2.6

2.6. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансының құрылымының қанағаттанарлық екендігін бағалайтын көрсеткіштің есебі, бухгалтерлік балансты талдау жөніндегі ұсынысқа сәйкес жүргізіледі /Тәртіптің № 2-ші қосымшасы/.

2.7

2.7. Кәсіпорындардың және ұйымдардың II, III, IV-ші топқа жататын тізбесін, Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» Заңына сәйкес қайта құру немесе тарату рәсімдерін жүргізу үшін, «Кәсіпорындарды қайта құру және тарату жөніндегі Агенттігі» ААҚ Қызылорда облыстық филиалына, облыстық комиссияның жұмысшы органы бағыттайды.