Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей улиц и сел для участия в сходе местного сообщества Ломоносовского сельского округа района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Ломоносов ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер мен ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Үкіметінің қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Ломоносов ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Ломоносов ауылдық округінде жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын көше және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Ломоносов ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының
2014 жылғы 31 наурыздағы
№ 23-11 шешімімен
бекітілді
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Ломоносов ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 6 тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Ломоносов ауылдық округі аумағындағы ауылдар мен көшелерінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің үлгі тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Ломоносов ауылдық округі аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Ломоносов ауылдық округінің әкімімен шақырылады және ұйымдастырылады.
Тармақ 6
6. Жергілікті қоғамдастық халқы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Ломоносов ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе ақпаратты «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Ломоносов ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ ресми интернет-ресурсында орналастыру арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
Тармақ 7
7. Ауылдарының, көшелердің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынды өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Ломоносов ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, көшенің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Ломоносов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Ломоносов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдардың, көшелердің тұрғындарының өкілдерінің кандидатураларын Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатымен бекітілген сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынның қатысушыларымен ұсынылады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы екі жұмыс күні ішінде қол қояды және қол қойылғаннан бастап бір жұмыс күні ішінде Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Ломоносов ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.
Басқа 2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Ломоносов ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысатын көшелер мен ауыл тұрғындары
өкілдерінің сандық құрамы
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының
2014 жылғы 31 наурыздағы
№ 23-11 шешіміне
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Ломоносов ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысатын көшелер мен ауыл тұрғындары
өкілдерінің сандық құрамы
№
Ауылдар мен көшелер атауы
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Ломоносов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысу үшін көшелер мен ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
1
Ломоносовка ауылының Ломоносовская көшесінің тұрғындарына үшін
3
2
Ломоносов ауылының Пионерская көшесінің тұрғындары үшін
3
3
Ломоносовка ауылы Набережная көшесінің тұрғындары үшін
3
4
Ломоносовка ауылы Целинная көшесінің тұрғындары үшін
2
5
Ломоносовка ауылы Гагарина көшесінің тұрғындары үшін
1
6
Ломоносовка ауылы Рузаева көшесінің тұрғындары үшін
2
7
Ломоносовка ауылы Винницкая көшесінің тұрғындары үшін
1
8
Ломоносовка ауылы Больничная көшесінің тұрғындары үшін
1
9
Ломоносовка ауылы Ленина көшесінің тұрғындары үшін
2
10
Ломоносовка ауылы Заводская көшесінің тұрғындары үшін
2
11
Ломоносовка ауылы Приишимская көшесінің тұрғындары үшін
2
12
Ломоносовка ауылы Зеленая көшесінің тұрғындары үшін
2
13
Ломоносовка ауылы Спортивная көшесінің тұрғындары үшін
1
14
Ставрополка ауылы Крупская көшесінің тұрғындары үшін
3
15
Ставрополка ауылы Комарова көшесінің тұрғындары үшін
3
16
Ставрополка ауылы 20-я Целины көшесінің тұрғындары үшін
2
17
Ставрополка ауылы Пролетарский тұйық
көшесінің тұрғындары үшін
1
18
Ставрополка ауылы Ленинградский тұйық
көшесінің тұрғындары үшін
1
19
Ставрополка ауылы Зерновая көшесінің тұрғындары үшін
2
20
Ставрополка ауылы Молодежная көшесінің тұрғындары үшін
2
21
Ставрополка ауылы Школьная көшесінің тұрғындары үшін
2
22
Урожайное ауылы Комсомольская көшесінің тұрғындары үшін
3
23
Урожайное ауылы Украинская көшесінің тұрғындары үшін
2
24
Урожайное ауылы Целинная көшесінің тұрғындары үшін
2
25
Урожайное ауылы Ленина көшесінің тұрғындары үшін
1
26
Урожайное ауылы Кирова көшесінің тұрғындары үшін
1
27
Урожайное ауылы Набережная көшесінің тұрғындары үшін
2
28
Урожайное ауылы Новоселов көшесінің тұрғындары үшін
3
29
Урожайное ауылы Ковыльная көшесінің тұрғындары үшін
3
30
Урожайное ауылы Юбилейная көшесінің тұрғындары үшін
2
31
Степное ауылының тұрғындары үшін
3