Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел и улиц для участия в сходе местного сообщества Ильинского сельского округа Есильского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Ильинка ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар мен көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Ильинка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар мен көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Ильинка ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қоса берілген Қағидалары бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 1. Солтүстік-Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидалары
Солтүстік-Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 29/179 шешімімен бекітілген Солтүстік-Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка ауылдық округі аумағында ауыл тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтарының бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка ауылдық округінің әкімі шақырып, ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка ауылдық округінің әкімі жергілікті қоғамдастық халқын ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары немесе әлеуметтік желілер арқылы хабардар етеді.
Тармақ 7
7. Ауыл ішіндегі жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка ауылдық округі әкімінің ұйымдастыруымен өткізеді.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында кәмелетке толмаған адамдардан, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардан, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардан басқа, тиісті ауылдың, оған қатысуға құқығы бар көшенің қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан жағдайда өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген адам ашады. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының төрағасы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген адам болып табылады. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын жасау үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындарының өкілдеріне кандидаттарды Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылар ұсынады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидат бойынша жеке жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын алған кандидаттар сайланды деп есептеледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы үш күнтізбелік күн ішінде қол қояды және Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.
Басқа 2. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Солтүстік-Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 29/179 шешімімен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы № п/п Елдімекен атауы Өкілдер саны (адам) 1. Ильинка ауылының тұрғындары үшін көшелер бөлігінде: Комаров 2 Молодежная 3 Ленин 2 Закиров 2 Киров 2 Мир 1 2. Александровка ауылының тұрғындары үшін көшелер бөлігінде: Мир 2 Ленин 2 Жеңіс 2 3. Амангелді ауылының тұрғындары үшін 1