Қолданыстағы ред. 28.02.2000

Қазақстан Республикасының «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастық жылына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының орындалу барысы туралы от 28.02.2000 г. № 162 (Қазақстан Республикасының «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастық жылына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының орындалу барысы туралы)

0

Қазақстан Республикасының «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастық жылына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының орындалу барысы туралы
Қазақстан Республикасының «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастық жылына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы мен оны жүзегс асыру жөніндегі Республика Үкіметінің 1999 жылғы 7 қыркүйектегі № 1318 қаулысын орындауда облыста бірқатар жұмыстар атқарылған. Атап айтқанда, рақымшылық жасалған адамдарды еңбекке орналастыру және тұрмыстық жайластыру мәселелерін шешу мақсатында облыстық, аудандық және Қызылорда қалалық комиссиялары құрылды. Арал, Жалағаш аудандық комиссиялары тарапынан нәтижелі жұмыстар жүргізілген.
Рақымшылық жасау актісі облыстың 1748 тұрғындарына қолданылып, еңбекпен түзеу мекемелерінен 325 адам босанып келген. Еңбекпен түзеу мекемелерінен келгендердің 68-і жұмыспен қамту орталықтарында, есепке алынып, 20-ы әртүрлі жұмыстарға орналастырылған. Дәрігерлік тексерудің нәтижесінде өкпе ауруымен ауыратын 79 науқас анықталып, олардың 46-сы емханаларға жатқызылған және 12-сі амбулаториялық ем алуда.
Дегенмен «Рақымшылық жасау туралы» Заңды және оны жүзеге асыру жөніндегі Үкімет қаулысы мен облыс әкімінің шешімін орындауда елеулі кемшіліктер мен олқылықтар орын алуда.
Рақымшылық жасалғандардың еңбекке орналастыру және тұрмыстық жайластыру жөніндегі комиссиялардың (Қазалы. Қармақшы, Сырдария аудандары мен Қызылорда каласында) кешеуілдеп құрылғандықтарына байланысты, олардың көпшілігінде жұмыс өз дәрежесінде жүргізілмеген. Сырдария, Жаңақорған, Қармақшы аудандық комиссиялары бар болғаны бір-бірден мәжілісін өткізсе, Қызылорда қалалық комиссиясында мәжіліс мүддем өткізілмеген.
Көпшілік комиссияларда еңбекпен түзеу мекемелерінен келгендердің есебі, олардың дәрігерлік тексеруден өткізілгендігі, жұмысқа орналасуы, мүгедектер мен зейнеткерлер және жасөспірімдер жайлы нақты мәліметтер жоқ. Бірде-бір комиссия рақымшылық жасалғандарды еңбекке орналастыру жайлы жұмыспен қамту орталықтарына жолдама не қатынас қағаз бермеген.
Осы және басқа да кемшіліктердің нәтижесінде еңбекпен түзеу мекемелерінен келген 257 адамның (барлығының 79,1 %-ті) жұмысқа орналастыру мәселесі шешімін таппаған. Аудандар мен Қызылорда қаласының өкімдері қабылдаган мөлшерлі жұмыс орындарын (квота) құру туралы шешімдері, бақылау мен тиісті сұраныстың жоқтығынан орындалмай қалуда. Қызылорда қаласы әкімінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы шешіміне сай квота белгіленгсн мекемелерінің бүгінде 6-ы банкротқа ұшыраса, 17-сі жұмысын тоқтатқан және біреуі өздігінен тарап кетксн.
Рақымшылық жасалғандарды келген бойда дәрігсрлік тексеруден өткізу жұмысының өз дәрежесінде ұйымдастырылмағандығынан олардыц көпшілігі тексеруден өткізілмеген. Еңбекпен түзеу мскемелерінен келгендердің төлқұжаты жоқтарының жаңадан төлқұжат алуларына ықпал жасау Шиелі, Сырдария, Қазалы, Арал, Қармақшы, Жаңақорған аудандарында және Қызылорда қаласында жетімсіз.
Жасөспірімдердің арнаулы мекемелерінен келгендермен жұмыс жүргізудегі ішкі істер органдары мен білім мекемелерінің арасындағы байланыс өз дәрежесінде емес. Бақылау мен қажетті жұмыстың жоқтығынан рақымшылық. жасалғандардың қайталап қылмыс жасау фактілері Шиелі, Сырдария, Жалағаш, Қазалы аудандары мен Қызылорда қаласында орын алған.
Комиссия төрағалары аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары бола тұра, аталмыш Заң мен Үкімет қаулысын жәнс облыс әкімінің шешімін орындауға жеткілікті мән бермеген. Ал аудан, қала өкімдері. болса олардыц жауапкершілігін қарамаған.
Рақымшылық актісінің қолданылу заңдылығына жүргізілген прокурорлық тексерудің нітижесінде тергеушілер мен анықтамашылар негізсіз шығарған 40 адамға байланысты 36 істің қаулылары бұзылған.
Жоғарыда аталғандарға байланысты ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Қазақстан Республикасының «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастық жылына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын және оны жүзегс асыру жөніндегі Республика Үкіметінің қаулысы мен облыс әкімінің шешімін орындаудағы аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдерінің, облыстық ішкі істер, денсаулық сақтау басқармаларының және білім департаментінің атқарған жұмыстары жеткіліксіз деп танылсын.

2

2. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері:
-Заңды орындаудағы орын алған кемшіліктерді жоюға байланысты жедел түрдегі шаралар қабылдасын және комиссия төрағаларының жауапкершілігін қарап, нәтижесін бір жетінің ішінде облыс әкіміне баяндасын;
-еңбекпен түзеу мекемелерінен келгендерді жұмысқа орналастыру, тұрмыстық жайластыру, қарт адамдарды арнайы интернат үйлеріне орналастыру мәселелерін шешіп, жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында қабылдаған мөлшерлі жұмыс орындарын (квота) құру туралы өздерінің шешімдерінің орындалуына жеке бақылау жасасын.

3

3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Д.Дәулетбаев) еңбекпен түзеу мекемелерінен келгендердің дәрігерлік тексеруден өткізілуін ұйымдастырсын және өкпе ауруымсн ауыратындардың емделуді жалғастыруын қамтамасыз етсін.

4

4. Облыстық білім Департаменті (Ә.Мүсілімов) жасөспірімдердің арнаулы мекемелерінен келгендерді мектептерге, интернаттарға немесе өзге оқу орындарына орналастыруды шешсін.

5

5. Облыстық ішкі істер басқармасы (Т.Рахимов) жазадан босанып келгендердің төлқұжаты жоқтарының жаңадан төлқұжат алуларына қажетті көмек көрсетсін және олардың қайталап қылмыс жасауын болдырмауға шара көрсін.

6

6. Облыс прокуратурасына (Б.Асқаров) «Рақымшылық жасау туралы» Заңның 37 бабы талаптарының облыстың мемлекеттік органдарындағы орындалу барысы жайлы облыс әкіміне хабарлап тұру ұсынылсын.

7

7. Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі (Х.Сераев) осы шешімнің аудандар мен Қызылорда қаласындағы орындалуын үстіміздегі жылдың мамырында тексеріп, нәтижесін тиісті ұсыныстармен облыс әкіміне баяндайтын болсын.

8

8. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері, облыстық ішкі істер, денсаулық сақтау, халықты жұмыспен қамту басқармалары, облыстық білім департаменті атқарылған жұмыстар жайлы осы жылдың 29 мамырына облыс әкіміне хабарласын.

9

9. Шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Ш.Төребаевқа жүктелсін.