Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей улиц и сел для участия в сходе местного сообщества Рузаевского сельского округа района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Рузаев ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер мен ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Үкіметінің қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Рузаев ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Рузаев ауылдық округінде жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын көше және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның
Рузаев ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек
жиындарын өткізудің қағидалары
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының
2014 жылғы 31 наурыздағы
N 23-15 шешімімен
бекітілді
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның
Рузаев ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек
жиындарын өткізудің қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 6 тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округі аумағындағы ауылдар мен көшелерінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің үлгі тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округі аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округінің әкімімен шақырылады және ұйымдастырылады.
Тармақ 6
6. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Рузаев ауылдық округінің әкімі жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
Тармақ 7
7. Ауылдарының, көшелердің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынды өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, көшенің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынынСолтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдардың, көшелердің тұрғындарының өкілдерінің кандидатураларын Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатымен бекітілген сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынның қатысушыларымен ұсынылады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы екі жұмыс күні ішінде қол қояды және қол қойылғаннан бастап бір жұмыс күні ішінде Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.
Басқа 2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Рузаев ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысатын көшелер мен және ауылдар тұрғындары
өкілдерінің сандық құрамы
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының
2014 жылғы 31 наурыздағы
№ 23-15 шешіміне
2 қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Рузаев ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысатын көшелер мен және ауылдар тұрғындары
өкілдерінің сандық құрамы
№
Ауылдар мен көшелер атауы
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Рузаев ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысу үшін көшелер мен ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
1
Рузаевка ауылының Шарық көшесінің тұрғындарына
3
2
Рузаевка ауылының Каримов көшесінің тұрғындарына
3
3
Рузаевка ауылының Абай көшесінің тұрғындарына
3
4
Рузаевка ауылының
Петр Толочко көшесінің тұрғындарына
2
5
Рузаевка ауылының Рузаев көшесінің тұрғындарына
3
6
Рузаевка ауылының
Көкен Шәкеев көшесінің тұрғындарына
2
7
Рузаевка ауылының Говоров көшесінің тұрғындарына
3
8
Рузаевка ауылының Степная көшесінің тұрғындарына
3
9
Рузаевка ауылының Элеватор көшесінің тұрғындарына
1
10
Рузаевка ауылының Чеботарев көшесінің тұрғындарына
1
11
Рузаевка ауылының ПТШ-12 көшесінің тұрғындарына
1
12
Рузаевка ауылының 2-ші шағын ауданы көшесінің тұрғындарына
2
13
Рузаевка ауылының Амангелді көшесінің тұрғындарына
1
14
Рузаевка ауылының Пушкин көшесінің тұрғындарына
1
15
Рузаевка ауылының Трудовая көшесінің тұрғындарына
1
16
Рузаевка ауылының Целинная көшесінің тұрғындарына
2
17
Рузаевка ауылының Кузнечная көшесінің тұрғындарына
2
18
Рузаевка ауылының Ақан сері көшесінің тұрғындарына
1
19
Рузаевка ауылының Панфилов көшесінің тұрғындарына
1
20
Рузаевка ауылының Больничная көшесінің тұрғындарына
1
21
Рузаевка ауылының Калинина көшесінің тұрғындарына
1
22
Рузаевка ауылының
Еркін Әуелбеков көшесінің тұрғындарына
2
23
Рузаевка ауылының
Игорь Тарасов көшесінің тұрғындарына
2
24
Рузаевка ауылының
Болашақ көшесінің тұрғындарына
1
25
Рузаевка ауылының Строительная көшесінің тұрғындарына
1
26
Рузаевка ауылының Гагарин көшесінің тұрғындарына
1
27
Рузаевка ауылының Чехов көшесінің тұрғындарына
1
28
Рузаевка ауылының Речной көшесінің тұрғындарына
1
29
Рузаевка ауылының Горький көшесінің тұрғындарына
2
30
Рузаевка ауылының Куйбышев көшесінің тұрғындарына
2
31
Рузаевка ауылының Киров көшесінің тұрғындарына
1
32
Рузаевка ауылының Жамбыл көшесінің тұрғындарына
1
33
Рузаевка ауылының 8 март көшесінің тұрғындарына
1
34
Рузаевка ауылының Садовая көшесінің тұрғындарына
1
35
Рузаевка ауылының Восточная көшесінің тұрғындарына
2
36
Рузаевка ауылының Набережная көшесінің тұрғындарына
1
37
Рузаевка ауылының Интернациональная көшесінің тұрғындарына
1
38
Рузаевка ауылының Центральная көшесінің тұрғындарына
1
39
Рузаевка ауылының Дедков көшесінің тұрғындарына
1
40
Рузаевка ауылының Юбилейная көшесінің тұрғындарына
2
41
Рузаевка ауылының Парк көшесінің тұрғындарына
1
42
Березовка ауылының тұрғындарына
3
43
Золотоноша ауылының тұрғындарына
1
44
Сарыадыр ауылының тұрғындарына
2
45
Сивковка ауылының тұрғындарына
3
46
Чернобаевка ауылының тұрғындарына
3