Об утверждении Правил содержания и выгула собак и кошек в населенных пунктах Восточно-Казахстанской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 19/220-V шешімімен бекітілді Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендетудің осы қағидалары (бұдан әрі–Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және облыс елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету тәртібін айқындайды.».
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар меншігінде немесе басқа да иелігінде иттері мен мысықтары бар жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Тарау 2. 2. Иттер мен мысықтарды асырау шарттары
2. Иттер мен мысықтарды асырау шарттары
Тармақ 3
3. Иттер мен мысықтарды асырауға ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық талаптар және осы Қағидалар сақталған жағдайда:
Тармақша 1
1) бір отбасы тұратын тұрғын үй-жайларда;
Тармақша 2
2) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына сәйкес, бірнеше отбасы қоныстанған тұрғын үй-жайларда, тек өз тұрғын алаңында (пәтерде тұратын барлық тұрғындардың жазбаша келісімдерімен);
Тармақша 3
3) жеке тұрғын үй қорының үйлерінде және оларға жақын, жануардың қашуына, адамдарға немесе басқа да жануарларға шабуыл жасауына жол бермейтін қоршалған аумақтағы жер учаскелерінде;
Тармақша 4
4) кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, бақ өсіру және саяжай серіктестіктері, демалу базалары аумақтарында айналадағылар үшін мазасыздық келтіру және қауіп тудыру мүмкіндігін болдырмайтын жағдайларда иттерді байлап немесе вольерлерде асырауға рұқсат етіледі.
Тармақ 4
4. Аумақта иттің бар екендігі туралы кіре берісте тиісті жазуы бар ескерту тақтайшасы орнатылады.
Тармақ 5
5. Иесінің ит немесе мысықпен қонақ үйде тұру тәртібі мен шарттары қонақ үй қызметтерін көрсетуші белгілейтін қонақ үйде тұру ережелерімен анықталады.
Тармақ 6
6. Жол берілмейді:
Тармақша 1
1) ортақ пайдаланудағы жерлерде (кіреберістер, баспалдақтар, лифтілер, төбелер, шатырлар, жертөлелер) және үй жанындағы аумақтарда (дара (бөлек) меншіктегі аумақтар мен үй-жайлардан басқа) иттер мен мысықтарды асырауға;
Тармақша 2
2) иттер мен мысықтарды олардың терісі мен етін сату, қайта өңдеу және тұтыну үшін пайдалану мақсатында өсіруге және аулауға;
Тармақша 3
3) жануарларға қатысты қатыгездікке жол беретін иттердің төбелесі мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге.
Тармақ 7
7. Иелерінің иттер мен мысықтарды тұрғын үй қорының пәтерлерінде асырауы басқа тұрғындардың тұру жағдайларын бұзбауы тиіс.
Тармақ 8
8. Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік мақсатында иттер мен мысықтардың иелері:
Тармақша 1
1) уақтылы вакцина егуді және диагностиканы;
Тармақша 2
2) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына: жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл туралы; жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануды;
Тармақша 3
3) иттерді қоғамдық көліктің топталу алаңшаларында тұмылдырықпен және қарғы баумен жолаушыларға мазасыздық тудырмайтын жағдайларда тасымалдауды қамтамасыз етеді. Ұсақ иттерді және мысықтарды жабық торларда немесе сөмкелерде тасымалдауға жол беріледі.
Тармақ 9
9. Қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, скверлерде және басқа орындарда) мойын жіпсіз және тұмылдырықсыз, адамдардың алып жүруінсіз жүрген иттер, иелері байлап қалдырғандарынан басқа, қараусыз деп есептеледі.
Тарау 3. 3. Иттер мен мысықтарды серуендету тәртібі
3. Иттер мен мысықтарды серуендету тәртібі
Тармақ 10
10. Иттерді:
Тармақша 1
1) жануардың мінез-құлқын қадағалауға мүмкіндік беретін, адамдар мен басқа жануарларға шабуылын болдырмайтын ұзындықтағы қарғы баумен және тұмылдырықпен;
Тармақша 2
2) айналадағыларға мазасыздық пен кедергі келтірмей, серуендеу орындарының санитарлық жағдайы сақталған кезде;
Тармақша 3
3) қоршалған аумақтарда, жануарларды үйрету алаңдарында және осы мақсаттар үшін қарастырылған орындарда қарғы баусыз және тұмылдырықсыз серуендетуге жол беріледі.
Тармақ 11
11. Жануарлардың иелеріне:
Тармақша 1
1) иттер мен мысықтарды аулалардағы балалар алаңдарында, спорт алаңдарында, мектепке дейінгі балалар мекемелері мен оқу орындары, емдеу мекемелері аумақтарында, стадиондар мен тыйым салатын белгілер орнатылған орындарда серуендетуге;
Тармақша 2
2) иттер мен мысықтарды жағажайларда, субұрқақтарда, адамдар шомылатын басқа жерлерде, су алу көздері мен су пайдаланылатын орындарда шомылдыруға және жууға жол берілмейді.
Тарау 4. 4. Қорытынды ережелер
4. Қорытынды ережелер