Қолданыстағы ред. 06.01.2000

Ауыл халқына алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жақсарту және аудандық денсаулық сақтау бөлімдерін құру туралы от 06.01.2000 г. № 128 (Ауыл халқына алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жақсарту және аудандық денсаулық сақтау бөлімдерін құру туралы)

0

Ауыл халқына алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жақсарту және аудандық денсаулық сақтау бөлімдерін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 сәуірдегі № 472 «Ауыл халқына алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жақсарту шаралары туралы» қаулысын және облыстық маслихаттың екінші шақырылған 1 сессиясының шешімін іске асыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Аудан әкімдеріне 2000 жылдың 1 ақпанына дейін штатында кемінде 3 бірліктен тұратын және аудандардың басқару органдарына бөлінген қаржы көлемінде аудандық денсаулық сақтау бөлімдерін ұйымдастырсын.

2

2. Аудандық (қалалық) денсаулық сақтау бөлімі туралы бір үлгідегі ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3

3. Аудан әкімдеріне облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып, ауылдық денсаулық сақтау саласын өркендетудің ең аз мөлшердегі мемлекеттік стандарттың орындалуын қамтамасыз етсін.

4

4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н.Ерімбетовке жүктелсін.

5

«БЕКІТІЛДІ»
облыс әкімінің 2000 жылғы
«6» қаңтардағы № 128
шешімімен
Аудандық (қалалық) денсаулық сақтау бөлімі туралы бір үлгідегі ереже

6

І. Жалпы ержелер

1

1. Аудандық (қалалық) денсаулық сақтау бөлімі аудандық (қалалық) медицина мекемелері мен кәсіпорындарының меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан халықтың денсаулығын сақтау жөніндегі жұмыстарын әкімшілік басшылық және бақылау жасайтын аудан (қала) әкімінің атқарушы органы болып табылады.

2

2. Аудандық, қалалық денсаулық сақтау бөлімі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы» Заңына, Президенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің басқа да заңдарына жарлықтарына, қаулыларына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің қалыпты құқылы актілеріне, бұйрықтарына, нұсқауларына, облыс, қала, аудан (қала) әкімдерінің шешімдеріне, өкімдеріне, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрықтарына және де осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3

3. Аудандық, қалалық денсаулық сақтау бөлімі заңды тұлға болып табылады, белгіленген үлгідегі мөрі, мөртабаны, бланкісі және банкілерде есеп шоттары болады.

4

4. Аудандық, қалалық денсаулық сақтау бөлімін қаржыландыру аудандық (қалалық) бюджет есебінен жүзеге асырылады. Қызметкерлер санын облыс және аудан (қала) әкімі бекітеді.

5

5. Аудандық, қалалық денсаулық сақтау бөлімін меңгеруші басқарады, оны қызметке конкурстық комиссия шешімінің негізіне сәйкес тиісті аудан (қала) әкімі тағайындайды және босатады. Құрамы 7 адамнан көп емес конкурстық комиссияны қала, аудан әкімі арқылы құрады, оған лауазымы бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының 3 бас маманы кіреді.

6

6. Аудандық, қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі өзінің қызметінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен аудан (қала) әкіміне бағынады және аудан (қала) халқының денсаулығын қорғаудың барлық мәселелері бойынша олардың алдында есеп беріп отырады.

7

7. Аудандық, қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі аудандық қалалық денсаулық сақтау бөлімі аппаратының, өзіне қарасты медициналық мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлерін облыстық денсаулық сақтау басқармасымен келісе отырып, қызмет орнына тағайындайды және қызметтен босатады.

8

8. Аудандық (қалалық) бөлімдері, мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерін смета бойынша, мемлекеттік қазыналық медицина кәсіпорындарын тарифтер, реестрлер, дәрігерлік көрінулерге, халық санына және медициналық қызметтерге төлеу жасаудың басқа да көрсеткіштеріне сәйкес қаржыландыру бағдарламасы бойынша басқарушы болып табылады.

9

9. Аудандық (қалалық) денсаулық сақтау бөлімдерінің қызметіне бақылау және басқару жасау облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен аудан (қала) әкімдеріне жүктеледі.

16

ІІ. Аудандық, қалалық денсаулық сақтау бөлімдерінің негізгі міндеттері және құқықтары

1

1. Аудан (қала) халқының денсаулығын сақтау бойынша бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу.

2

2. Заңдылыққа сәйкес аудан (қала) азаматтарының кепілділік көлемінде тегін медициналық көмек алуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету.

3

3. Халыққа қолайлы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жасауын қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру және олардың орындалуына бақылау жасау.

4

4. Аудан халқының денсаулық жағдайын талдайды, медициналық-статистикалық ақпаратты ұйымдастырудың іс шараларын жүргізеді және есепке алу-есеп беру медициналық құжаттаманың дұрыстығын қамтамасыз етеді.

5

5. Меншік түріне қарамастан медициналық мекемелердің қызметіне, сонымен қатар жекеменшік медициналық тәжірибелермен айналысатын халық емшілері мен жеке түлғалардың қызметтеріне жалпы бақылау мен байқау жасауды басқарады және үйлестіруді жүзеге асырады.

6

6. Жұқпалы және аса қауіпті жұқпалы аурулардың, туберкулездің алдын алу, төмендету және жою, сонымен қатар жалпы аурушаңдық, еңбекке уақытша жарамсыздық, мүгедектік, балалардың жалпы аурушаңдығы мен елімін төмендету іс-шараларын жүргізеді.

7

7. Халыққа білікті және қолжетерлік шұғыл жедел жәрдем, алғашқы медико-санитарлық мамандандырылған медициналық және кепілділік көлемінде ауруханалық көмек көрсетуді қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады, Қажетті жағдайда дәрігерлік көмектің жылжымалы түрлерін ұйымдастырады.

8

8. Аудан (қала) емдеу мекемелері жүйесінің индикативтік даму жоспарларын жасайды, жоғарғы органдардың Заңдарына, нұсқауларына, бұйрықтарына сәйкес емдеу мекемелерін қайта ұйымдасгыру, ықшамдау жұмыстарын жүргізеді.

9

9. Апаттар және төтенше жағдайларда медициналық көмек керсету мен оны ұйымдастыруды жүзеге асырады.

10

10. Денсаулық сақтау объектілерін жекешелендіру мәселелерін шешуге қатысады.

11

11. Аудан денсаулық сақтау саласы бюджеттің жоба-болжамын жасау және оны бөлу жұмыстарына қатысады.

12

12. Ақылы медициналық қызмет көрсетуге ықпал етеді және одан түскен қаржыны денсаулық сақтау саласының мұқтажына жұмсауды ұйымдастырады.

13

13. Кадрларды дайындау, біліктілігін көтеру және қайта дайындауға шара қолданады.

14

14. Аудан (қала) аумағында орналасқан басқа ведомстводағы медициналық мекемелер мен кәсіпорындардың жұмыстарын үйлестіреді.

15

15. Ведомствоға қарасты ұйымдардың материалдық-техникалық базасын өркендетуге ықпал жасайды, медициналық құрал-жабдықтарға, автокөліктерге, дәрі-дәрмектерге, басқа тауарлар мен қызметтерге уақытылы сатып алуға тапсырыстар жасайды.

16

16. Қажетті жағдайларда емдеу мекемелеріне тауарларды, құрал-жабдықтарды, бұйымдарды алу үшін конкурс (тендер) ұйымдастырады.

17

17. Аудандық, қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі құқылы:
-өз қарамағындағы аудан (қала) емдеу мекемелерінің барлық қызметкерлері міндетті түрде орындауы тиіс бұйрықтар және өкімдер шығаруға;
-кадрларды іріктеу және орналастыруға;
-оларды көтермелеуге және жаза белгілеуге;
-аудан (қала) денсаулық сақтау саласының түйінді мәселелері бойынша жоғарғы органдарға ұсыныс енгізуге;

18

18. Аудан (қала) денсаулық сақтау саласын ұтымды басқаруды күшейту үшін аудандық, қалалық денсаулық сақтау бөлімі жанында кеңесші орган - аудандық медициналық кеңес құрылады, оның сандық және жеке құрамын аудандық (қалалық) денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі бекітеді.

19

19. Медициналық кеңестің шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. Тең дауыс болған жағдайда төрағаның дауысы басым болады. Талқыланған мәселе бойынша көпшілік дауыспен медициналық кеңестің шешімі қабылданады.

20

20. Жоғарғы ұйымдардың ұлықсаты және келісімімен аудандық, қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі басқа да құқықтық жұмыстарды жүзеге асыра алады.

21

21. Медициналық ғылымның жетістіктерін ендіруді, еңбекті және іс-тәжірибені ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың жаңа түрлерін, жаңа дәрі-дәрмектер енгізу, басқа да аудан (қала) денсаулық сақтау мекемелері жұмыстарының жаңа әдістерін енгізуді іске асырады.

22

22. Ауданның жекелеген мекемелерінің жұмыстарын тексеруді өзі немесе тиісті мамандардың қатыстырылуымен тексереді, бақылайды, талдайды және медициналық кеңесте оның басшылары мен мамандарын тыңдайды.

23

23. Аудандық, қалалық денсаулық сақтау бөлімін қайта қүру және жою аудан (қала) әкімі мен мәслихатының шешімімен жүзеге асырылады.