Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей сел, улиц, многоквартирных жилых домов для участия в сходе местного сообщества на территории Кокпектинского района Күшін жойған
Басқа 0
Көкпекті ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидаларын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» каулысына сәйкес Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1.
Қоса берiлiп отырған Көкпекті ауданының аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзу және жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауылдар, көшелер, көппәтерлi тұрғын үйлер тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау Қағидалары бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2.
Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 3. Көкпекті ауданының аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастық
жиындарын өткiзу және жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу
үшiн ауылдар, көшелер, көппәтерлi тұрғын үйлер тұрғындары
өкiлдерiнiң санын айқындау Қағидалары
Көкпекті аудандық мәслихатының
2014 жылғы 3 сәуірдегі
№ 22-6/6 шешімімен
бекітілген
Көкпекті ауданының аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастық
жиындарын өткiзу және жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу
үшiн ауылдар, көшелер, көппәтерлi тұрғын үйлер тұрғындары
өкiлдерiнiң санын айқындау Қағидалары
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1.
Осы Көкпекті ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауылдар, көшелер, көппәтерлi тұрғын үйлер тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №.1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және Көкпекті ауданының ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2.
.Көкпекті ауданының ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тармақ 2. 2. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібі
2. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібі
Тармақ 3
3.
Бөлек жиынды Көкпекті ауданының ауылдық округінің әкімі шақырады.
Көкпекті ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
Тармақ 4
4.
Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тармақ 5
5.
Ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер шегінде бөлек жиынды өткізуді ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 6
6.
Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдардың, көшелердің, көппәтерлі тұрғын үйлердің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 7
7.
Бөлек жиынды ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын 100 тұрғыннан 1 өкілі құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
📌 Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 21.08.2014 № 27-5/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 9
9.
Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 10
10.
Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ауылдық округі әкімінің аппаратына жіберіледі.
Тармақ 3. 3. Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше,
көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау
3. Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше,
көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау
Тармақ 11
11. Алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 21.08.2014 № 27-5/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).