Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей сел, улиц, многоквартирных жилых домов для участия в сходах местного сообщества на территории Бородулихинского района Күшін жойған
Басқа 0
Бородулиха ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Бородулиха ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидалары бекітілсін және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Бородулиха ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізу Қағидасы және жергілікті қоғамдастық жиынына
қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары
өкілдерінің санын айқындау
Бородулиха аудандық мәслихатының
2014 жылғы 27 наурыздағы № 21-9-V
шешімімен бекітілген
Бородулиха ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізу Қағидасы және жергілікті қоғамдастық жиынына
қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары
өкілдерінің санын айқындау
Тармақ 1. 1. Жалпы қағидалар
1. Жалпы қағидалар
Тармақ 1
1. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің осы ережесі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес әзірленді және ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Ауыл, кент, ауылдық округ аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйлердің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиындар) жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тармақ 2. 2. Бөлек жиындарды өткізудің тәртібі
2. Бөлек жиындарды өткізудің тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жиынды кенттің, ауылдық округтің әкімі шақырады. Жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге арналған аудан әкімінің оң шешімі болған кезде бөлек жиын өткізуге рұқсат беріледі.
Тармақ 4
4. Бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастық тұрғындарына оны өткізуге дейін он күнтізбелік күннен кем емес уақыт ішінде бұқаралық ақпарат құралдары немесе басқа да әдістермен хабарландырылады.
Тармақ 5
5. Ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй аясындағы өлек жиындарды кенттің және ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудан бұрын сәйкес ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үйдің жиынға қатысуға құқығы бар және қатысуға келген тұрғындарын тіркеу өткізіледі.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын 100 тұрғыннан 1 өкілі құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру әрбір кандидатура бойынша жеке ашық әдіспен өткізіледі. Бөлек жиынға қатысушылардың көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және сәйкес кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына тапсырылады.
Басқа 16. Бородулиха ауданының аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына
қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының
өкілдері кандидатураларының саны
Бородулиха ауданының аумағында
бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын
өткізу Қағидасына және жергілікті
қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл,
көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары
өкілдерінің санын айқындауға қосымша
Бородулиха ауданының аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына
қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының
өкілдері кандидатураларының саны