Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей сел, улиц, многоквартирных жилых домов для участия в сходах местного сообщества на территории Тарбагатайского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тарбағатай ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 каулысына сәйкес Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Тарбағатай ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағиадалары бекітілсін және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Тарбағатай ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасы және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау 1. Жалпы Ереже
Тарбағатай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 19-10 шешімімен бекітілген Тарбағатай ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасы және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау 1. Жалпы Ереже
Тармақ 1
1. Осы Тарбағатай ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 каулысына сәйкес жасалды және Тарбағатай ауданының аумағында ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Ауыл, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиыны (әрі қарай – бөлек жиын) ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумағында жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тармақ 2. 2. Бөлек жиындар өткізу тәртібі
2. Бөлек жиындар өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жиынды кенттің, ауылдық округтің әкімі шақырады. Бөлек жиындарды жергілікті қоғамдастығының бөлек жиынын өткізуге аудан әкімінің оңды шешімі болған жағдайда ғана өткізуге болады.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тармақ 5
5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды кенттің, ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады. Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Осы қағиданың қосымшасына сәйкес санына байланысты жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын бөлек жиынның қатысушылары ұсынады. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және тиісті кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.
Басқа 15. Тарбағатай ауданының аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының өкілдері кандидатураларының саны
Тарбағатай ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасына және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындауға қосымша Тарбағатай ауданының аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының өкілдері кандидатураларының саны Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының саны (адам) Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының өкілдерінің саны (адам) 800 дейін 8 дейін 800 -ден 1500 дейін 8-15 1500 -ден 3000 дейін 15-20 3000 - нан 6000 дейін 20-25 6000 -нан 10000 дейін 25-30 15000 -нан 25000 дейін 30-40