Вопросы Министерства энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттiк органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 507 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгі туралы ереже;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Мына ведомстволар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау жөнiндегі комитетi;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Атом энергетикасы жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Атом энергетикасы жөнiндегi комитетi;
Тармақша 3
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетi Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнің Геология және жер қойнауын қорғау комитетi болып қайта ұйымдастырылсын.
📌 Ескерту. 2-тармақтың 3)-тармақшасы алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.09.20. N 1040 қаулысымен.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне 3, оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министрдiң болуына рұқсат етiлсiн.
📌 Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.20. N 1040
қаулысымен.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 657 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 22, 224-құжат) 3-тармағы;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 қарашадағы N 1807 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 52, 517-құжат) 1-тармағы.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енеді.
Басқа 0. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ МИНЕРАЛДЫҚ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛIГI ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Үкіметiнiң
2001 жылғы 25 қаңтардағы
N 133 қаулысымен бекітілген
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ МИНЕРАЛДЫҚ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛIГI ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) атом энергетикасын қоса алғанда энергетика, минералдық ресурстар, мұнай-химия және атом өнеркәсiбi салаларында басқаруды жүзеге асыратын, өз құзыретi шегінде мемлекеттiк басқару мен бақылау қызметiн орындауға уәкiлеттi Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
📌 Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.20. N 1040 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Министрлiк мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртабандары, белгiленген үлгiде бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банкiде шоттары болады.
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Министрлiктiң, егер оған заңнамаға сәйкес осындай уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекет атынан iс-қимыл жасауға құқығы бар.
Тармақ 4
4. Министрлiк өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында міндеттi күшi бар Министрдiң бұйрығымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
Тармақ 5
5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Тармақ 6
6. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 37.
Тармақ 7
7. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" мемлекеттiк мекемесi.
Тармақ 8
8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 9
9. Министрлiк қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Министрлiкке өз қызметi болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға құқық берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiс мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жолданады.
Тарау 2. 2. МИНИСТРЛIКТIҢ НЕГIЗГI МIНДЕТТЕРI, ҚЫЗМЕТI МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ
2. МИНИСТРЛIКТIҢ НЕГIЗГI МIНДЕТТЕРI, ҚЫЗМЕТI МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ
Тармақ 10
10. Министрлiктiң негiзгі мiндеттерi:
Тармақша 1
1) атом энергетикасын қоса алғанда, энергетика, минералдық ресурстар, мұнай-химия және атом өнеркәсiбi салаларында мемлекеттiк саясатты әзiрлеу және iске асыру;
Тармақша 2
2) өз құзыретi саласында ресурстық және технологиялық базаны қайта құру негiзiнде отын-энергетика кешенiн, өнеркәсiп салаларын дамыту және реформалау бағдарламаларын әзiрлеу осы салаларда жарғылық капиталдарына мемлекет қатысатын шаруашылық жүргізушi субъектiлердi қайта ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерделеу, пайдалану және қорғау саласындағы қатынастарды мемлекеттiк реттеу;
Тармақша 4
4) атқарушы органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауы туралы заңнаманы және жер қойнауын пайдаланудың белгiленген тәртiбiн сақтауына бақылауды қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатын әзiрлеу және iске асыруға қатысу;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасында инвестициялық ахуалды жақсарту және тiкелей инвестицияларды ынталандыру жөнiнде шаралар әзiрлеуге және іске асыруға қатысу;
Тармақша 7
7) энергетика ұйымдары қызметiне мемлекеттiк энергетикалық қадағалау жүргiзу;
Тармақша 8
8) мемлекеттiк активтердi тиiмдi басқару, республикалық меншiктi жекешелендiру саясатын жүргiзуге қатысу;
Тармақша 9
9) мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып экспорттық бақылау саласында мемлекеттiк саясат жүргізуге қатысу;
Тармақша 10
10) өз құзыретi саласында Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық және технологиялық дамуының негiзгі бағыттарын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
Тармақша 11
11) өз құзыреті саласында ғылыми-техникалық салада кәсiпкерлiктiң, инновациялық қызметтің дамуына, ғылыми-техникалық өнiмдер рыногының қалыптасуына қажеттi жағдайлар жасау;
Тармақша 12
12) атом энергиясын пайдаланумен байланысты қызметтi мемлекеттiк қадағалау және реттеу, ядролық қаруды таратпау режимiн қамтамасыз ету;
Тармақша 13
13) бұрынғы Семей ядролық полигонының объектiлерiн тиiмдi пайдалану;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiн құруға қатысу.
📌 Ескерту. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.20. N 1040 қаулысымен.
Тармақ 11
11. Министрлiк Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мына қызметтi жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) атом энергетикасын қоса алғанда, энергетика, минералдық ресурстар, мұнай-химия және атом өнеркәсiбi салаларында мемлекеттiк саясатты әзiрлейдi және iске асырады;
Тармақша 2
2) өз құзыретi саласында мемлекеттiк және өзге де бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысады;
Тармақша 3
3) өз құзыретi саласында өнеркәсiп саясатын iске асыру жөнiнде салалық және салааралық iс-қимыл жоспарларын әзiрлеудi және олардың атқарылуын ұйымдастыруды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) өз құзыретi саласында ұйымдарға әлеуеттi инвесторларды тартуға және инвестициялық жобаларды iске асыруға жәрдемдеседi;
Тармақша 5
5) елдiң отын-энергетика кешенiн дамытудың стратегиялық жоспарларын әзiрлейдi;
Тармақша 6
6) отын-энергетика теңгерiмiн әзiрлейдi және оның iске асырылуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 7
7) энергия үнемдеу, энергия көздерiнiң толымды және дәстүрлi емес көздерiн пайдалану саласында мемлекеттiк саясатты әзiрлеудi ұйымдастырады және iске асырады;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерделеу, пайдалану және қорғау саласындағы қатынастарды мемлекеттiк реттеудi жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) атқарушы органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауы туралы заңнаманы және жер қойнауын пайдаланудың белгiленген тәртiбiн, соның iшiнде тиiстi бақылаушы органдармен олардың құзыретi шегiнде өзара әрекеттесе отырып, келiсiм-шарт ережелерiнiң орындалуын, берiлген лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операцияларды жүргiзуге құқық беру үшiн кен орындары мен аумақтар тiзбесiн, сондай-ақ мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып, келiсiм-шарт жобасының экономикалық үлгісi мен салық салу жүйесiн қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушылармен келiсiм-шарттар жасасу үшiн шектеулi өлшемдердi бекітуге дайындайды;
Тармақша 11
11) инвестициялық бағдарламалар конкурстарын ұйымдастырады және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге құқықтар беру жөнінде келіссөздер жүргізеді;
Тармақша 12
12) жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттар бойынша кеңесшiлердi ірiктеу үшiн тендерлер ұйымдастырады;
Тармақша 13
13) жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттар дайындауды және жасасуды жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) жер қойнауын пайдаланушылармен жасалатын келiсiм-шарттардың өндiрiстiк-техникалық және экономикалық сараптамасын жасауды ұйымдастырады және оған қатысады;
Тармақша 15
15) жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған келiсiм-шарттарды сақтауды, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығын кепілдікке салу шарттарының тiркелуiн жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) жер қойнауын пайдалану саласындағы өнiмдi бөлу туралы келiсiмдерде мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi;
Тармақша 17
17) көмiрсутегiн өндiру, тасымалдау және қайта өңдеу мониторингiн, мұнай өнiмдерiн сатуды жүзеге асырады;
Тармақша 18
18) мұнай операцияларын жүргізуге, соның ішінде мұнай, газ және газ конденсаты кен орындарын әзiрлеуге, мұнай мен газдың жер асты қоймаларын пайдалануға, көмiрсутегі шикiзатының толықтай алынуына бақылауды қамтамасыз етедi;
Тармақша 19
19) әлемдiк өнеркәсiпте қабылданған стандарттарға негiзделген мұнай операцияларын жүргізудiң мейлiнше тиiмдi әдiстерi мен технологияларының қолданылуын бақылайды;
Тармақша 20
20) бас құбыр өткiзгіштерiн техникалық пайдалануды, олардың қауiпсiздiгi мен пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 20-1
20-1) магистральды мұнай құбырларымен мұнай мен газ тасымалдауға, кейiннен оларды сақтауға және көлiктiң басқа түрлерiне қотарып құюға байланысты мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы объектiлерiнiң құрылысы үшiн жерге орналастыру жобаларын келiсудi және жер учаскесiн бөлуге қажеттi қорытындылар берудi жүзеге асырады;
Тармақша 20-2
20-2) магистральды мұнай құбырларымен мұнай мен газ тасымалдауға, кейiннен оларды сақтауға және көлiктiң басқа түрлерiне қотарып құюға байланысты мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы объектiлерiн жоспарлау, жобалау, салу мәселелерi бойынша, сондай-ақ мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымының бар объектiлерiн пайдалану мәселелерi бойынша құрылыс қызметi саласында реттеудi, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қатысады;
Тармақша 20-3
20-3) газды жеткізумен, тасымалдаумен, сақтаумен және сатумен байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады; <*>
Тармақша 21
21) жер қойнауын пайдалану мәселелерi бойынша шетелдiк және отандық инвестициялар ағындарының қозғалысына талдау жүргiзедi, оларды тартудың және ынталандырудың әлемдiк тәжiрибесiн зерделейдi және қорытады;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын жақсартуға, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiруге бағытталған, сондай-ақ халықаралық инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жөнiндегi ұсыныстарды дайындауға қатысады;
Тармақша 23
23) республикада және шет елдерде тiкелей инвестициялар тарту жөнiндегi инвестициялық конференциялар, семинарлар, көрмелер мен басқа да тұсаукесерлiк шаралар өткiзудi қоса алғанда, жарнамалық-ақпараттық жұмыстарға қатысады;
Тармақша 24
24) өз құзыретi саласында инвестицияларды қолдау жөнiнде инвесторлармен, шетелдiк ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 25
25) тарифтiк және тарифтiк емес реттеу әдiстерiмен сыртқы экономикалық қызметтi реттеуге қатысады;
Тармақша 26
26) мемлекеттiк активтердi тиiмдi басқару саясатын әзiрлеуге және оның атқарылуын ұйымдастыруға қатысады;
Тармақша 27
27) өз қызметi саласында республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органы болады; <*>
Тармақша 28
28) республикалық меншiктi жекешелендiру процесiне, оның iшiнде жоспарланатын қаржы жылында жекешелендiруге жататын объектiлердi белгiлеуге, республикалық меншiк объектiлерiн сатуға қатысады;
Тармақша 29
29) Үкiметтiң шешiмдерi бойынша Министрлiк құзыретi саласында қызметтi жүзеге асырушы заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттiк үлестерi мен пакеттерiн иелену және пайдалану жөнiндегі қызметті жүзеге асырады;
Тармақша 30
30) өз қызметi саласында энергетикада, көлiкте, сондай-ақ өнеркәсiпте баға және тариф саясатын қалыптастыруға қатысады;
Тармақша 31
31) өз құзыретi саласында сыртқы және iшкi тауар рыноктарындағы конъюнктураны зерделейдi және экспорт пен импорт құрылымдарын жетiлдiру, өнiм экспорты мен импортын реттеу және шектеу жөнiнде ұсыныстар енгізедi;
Тармақша 32
32) өз құзыретi саласында қызмет түрлерiн лицензиялауды және лицензиаттардың лицензия шарттарын орындауын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 33
33) өз құзыретi шегiнде толлингтiк операцияларға сараптама жүргізедi;
Тармақша 34
34) электр энергетикасы кешенiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн және дамуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 35
35) энергия ұйымдарының күзгі-қысқы кезеңдегi жұмысқа дайындалуын ұйымдастырады;
Тармақша 36
36) өз құзыретi саласында өнеркәсiпте игеру үшiн ғылыми-техникалық зерттеулердiң жай-күйiне және даму барысына талдау жүргiзедi, технологиялық сараптаманы жүзеге асырады;
Тармақша 37
37) өз құзыретi саласында конкурстық негізде қолданбалы ғылыми-техникалық зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыруды жүзеге асырады;
Тармақша 38
38) өз құзыретi саласында ақпараттандыру жөнiндегі бағдарламаларды әзiрлейді және орындалуын ұйымдастырады;
Тармақша 39
39) инновациялық кәсiпкерлiкке қолдау көрсетедi, өз құзыретi саласында ғылымды қажетсiнетiн шағын және орта бизнестiң дамуына көмектеседi;
Тармақша 40
40)
Тармақша 41
41) бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының объектілерін тиiмдi пайдалану жөнiнде iс-шараларды әзiрлеу мен iске асыруды үйлестiредi;
Тармақша 42
42) Жердi қашықтан зерттеу ғарыштық техникасы мен технологияларын қолдана отырып, жер қойнауын зерделеу және аймақтық геология, салалық геоақпараттық жүйе жасау саласында бағдарламалар әзiрлейдi және iске асырады;
Тармақша 43
43) атом энергиясын қауiпсiз пайдалану саласында мемлекеттік саясатты iске асырады;
Тармақша 44
44) ядролық қаруды таратпау және атом энергиясын қауiпсiз пайдалану режимiн қамтамасыз етумен байланысты қызметтi жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы басқа ұйымдарының Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiкпен (АТЭХАГ) және басқа да тиiстi халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылын жүзеге асырады және үйлестiредi;
Тармақша 45
45) өз қызметi саласында заңнаманы қолдану тәжiрибесiн талдайды және қорытады, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын дайындауға қатысады, өз құзыретi шегiнде нормативтiк-құқықтық кесiмдер қабылдайды;
Тармақша 46
46) республикалық бюджетті әзiрлеуге қатысады;
Тармақша 47
47) Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзiне жүктелген өзге де қызметтi жүзеге асырады.
📌 Ескерту. 11-тармақ 20-1, 20-2-тармақшалармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.04.02. N 390 қаулысымен.
Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.20. N 1040 қаулысымен.
Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.08.26. N 866
қаулысымен.
Ескерту. 11-тармақ 20-3-тармақшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.01.27. N 88 қаулысымен .
Тармақ 12
12. Министрлiк заңнамада белгіленген тәртiппен және өз құзыретi шегінде:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан ақпарат сұратуға;
Тармақша 2
2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға олар қабылдаған кесiмдердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 3
3) нормативтiк құқықтық кесiмдер шығаруға;
Тармақша 4
4) лицензиялауды жүзеге асыруға;
Тармақша 5
5) жер қойнауын тиiмдi пайдалану және қорғау жөнiндегi талаптарды бұзушыларды жауапкершiлiкке тарту бойынша шаралар қабылдауға;
Тармақша 6
6) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi келiсiм-шарт ережелерiнiң орындалмауына байланысты жұмыстарды тоқтата тұру туралы хабарламалар жiберуге және осы қызметтi тоқтату туралы ұсыныс енгiзуге;
Тармақша 7
7) мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдар мамандарын, сондай-ақ шетелдiк және жергiлiктi сарапшылар мен мамандарды жұмысқа тартуға;
Тармақша 8
8) ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 9
9) халықаралық шарттар (келiсiмдер) жасасу бойынша ұсыныстар енгiзуге, шет елдердiң тиiстi ведомстволарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдiк заңды тұлғалармен келiссөздер жүргiзуге, шарттар (келiсiмдер) жасасуға;
Тармақша 9-1
9-1) Жер қойнауын пайдалану саласындағы өнiм бөлу туралы келiсiмдерде көзделген мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнің атынан кепiлдiктер беруге.
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
📌 Ескерту. 12-тармақ 9-1)-тармақшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.05.03. N 598 қаулысымен.
Ескерту. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.02. N 390 қаулысымен.
Тарау 3. 3. МИНИСТРЛIКТIҢ МҮЛКI
3. МИНИСТРЛIКТIҢ МҮЛКI
Тармақ 13
13. Министрлiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
Тармақ 14
14. Министрлiктiң мүлкi республикалық меншiкке жатады. Министрлiктiң мүлкi оған мемлекет берген мүлік есебiнен қалыптасады әрi негiзгі және айналымдағы қаражаттардан, сондай-ақ құны Министрлiктiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктерден тұрады.
Тармақ 15
15. Министрлiк өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқылы емес.
Министрлiкке республиканың заңнамасымен белгiленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
Тарау 4. 4. МИНИСТРЛIК ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ
4. МИНИСТРЛIК ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Тармақ 16
16. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Министр басқарады.
Министрдiң Қазақстан Республикасының Yкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
Тармақ 17
17. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз қызметiнiң жүзеге асырылуына дербес жауапкершiлiкте болады.
Тармақ 18
18. Министр осы мақсатта мына өкiлеттiктердi жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) өз орынбасарларының және Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгілейдi;
Тармақша 2
2) заңнамаға сәйкес министрлiк қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) бұйрықтарға қол қояды;
Тармақша 4
4) ведомстволарды қоспағанда Министрлiктiң құрылымын, сондай-ақ құрылымдық бөлiмшелер туралы ережелердi бекiтедi;
Тармақша 5
5) Министрлiктi мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бiлдiреді;
Тармақша 6
6) заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік қызметкерлеріне тәртіптік жазалар береді және оларды көтермелейді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Министр жанынан құрамында Министр, оның орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелер басшылары бар консультативтік-кеңесші орган - алқа құрылады.
Алқаның сан және жеке құрамы мен ол туралы ережені Министр бекітеді.
Тарау 5. 5. МИНИСТРЛІКТІ ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ
5. МИНИСТРЛІКТІ ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ
Тармақ 20
20. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгінiң қарамағындағы ұйымдардың ТIЗБЕСI Мемлекеттiк мекемелер
Қазақстан Республикасы
Yкiметінің
2001 жылғы 25 қаңтардағы
N 133 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгінiң қарамағындағы ұйымдардың ТIЗБЕСI Мемлекеттiк мекемелер
Тармақ 1
1.
Тармақ 2
2. Мұнай-газ өнеркәсiбiнiң оқу орталығы
Тармақ 3
3.
Тармақ 3-1
3-1. "Мұнай-газ капиталы" мемлекеттік мекемесі
Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы
Тармақ 5
5.
Тармақ 6
6. Уранкенiштарату
Тармақ 7
7. Алып тасталды - ҚРҮ-ң 2001.03.29. N 402 қаулысымен.
Тармақ 8
8.
Тармақ 9
9.
Тармақ 10
10. Алып тасталды - ҚРҮ-ң 2002.07.19. N 807 қаулысымен.
Тармақ 11
11. Алып тасталды - ҚРҮ-ң 2002.07.09. N 751 қаулысымен.
Тармақ 12
12. Алып тасталды - ҚРҮ-ң 2002.05.06. N 498 қаулысымен.
Тармақ 13
13. "Алматыэнерго" Алматы энергетика жүйесi
Тармақ 14
14. "Қарағандыэнерго" Қарағанды энергетика жүйесi
Тармақ 15
15. "Қазақстанэнерго" ұлттық электр энергетика жүйесi
Тармақ 16
16. Маңғышлақ атом энергетикасы комбинаты
Тармақ 17
17. Қарағандышахтатарату
Тармақ 18
18. Өндiрiстiк-пайдаланушы кәсiпорын
Тармақ 19
19. Алып тасталды - ҚРҮ-ң 2001.08.03. N 1025 қаулысымен.
Тармақ 20
20.
📌 ЕСКЕРТУ. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.28. N 887 қаулысымен.
Ескерту. 3,5,9-жолдар алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.09.12. N 996 қаулысымен.
Ескерту. 8,20-жолдар алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.09.20. N 1040 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 3-1-жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.03.13. N 240 қаулысымен.
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2001 жылғы 25 қаңтардағы
133 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi" бөлiмiнде реттік нөмiрi 3-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi" бөлiмiнде реттiк нөмiрлерi 29, 30а-жолдар алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгі" бөлiмi мына мазмұндағы реттiк нөмiрi 106а-2-жолмен толықтырылсын:
"106а-2 "Кентаукенiштарату"
республикалық мемлекеттік
кәсiпорны (шаруашылық Оңтүстiк Қазақстан
жүргiзу құқығында) облысы, Кентау қаласы";
мына мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрi 106а-3-жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар
министрлiгiнiң Аэроғарыш комитетi
106а-3 "Инфракос" республикалық
мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық
жүргiзу құқығында) Байқоңыр қаласы";
мына мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрi 106а-4-жолмен
толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық
ресурстар министрлiгiнiң Геология және жер қойнауын қорғау комитеті
106а-4 "Мамандандырылған
гравиметрикалық кәсіпорын"
республикалық мемлекеттік
кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу Алматы облысы,
Тармақша құқығында
құқығында) Iле ауданы";
"Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнің Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау жөнiндегі комитетi" бөлiмiнің тақырыбындағы ", индустрия және сауда" деген сөздер "және минералдық ресурстар" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Тармақтың күші жойды - ҚР Үкіметінің 2002.09.12. N 995 қаулысымен.
Тармақ 3
3. Тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1106 қаулысымен .
Тармақ 4
4. Тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1108 қаулысымен .