Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей сел, улиц, многоквартирных жилых домов для участия в сходе местного сообщества на территории Курчумского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Күршім ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын анықтау Қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Күршім ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау Қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Күршім ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау Қағидалары 1. Жалпы ережелер
Күршім аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 17-20 шешімімен бекітілген Күршім ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау Қағидалары 1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы, Күршім ауданының аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң Қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң үлгi қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзiрлендi және Күршім ауданының аумағындағы ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үйлердің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Күршім ауданының аумағында ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлердің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тармақ 2. 2. Бөлек жиындарды өткiзу тәртiбi
2. Бөлек жиындарды өткiзу тәртiбi
Тармақ 3
3. Бөлек жиынды Күршім ауданының ауылдық округтерінің әкімдері шақырады. Күршім ауданы әкімінің жергiлiктi қоғамдастық жиынын өткiзуге оң шешiмi бар болған жағдайда бөлек жиынды өткiзуге болады.
Тармақ 4
4. Жергiлiктi қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткiзiлетiн күнге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей хабардар етiледi.
Тармақ 5
5. Ауылдар, көшелер, көппәтерлi тұрғын үйлер шегiнде бөлек жиынды өткiзудi ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиiстi ауылдың, көшенiң, көппәтерлi тұрғын үйдiң қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тiркеу жүргiзiледi.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды ауылдық округ әкімі, немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға ашады. Ауылдық округ әкімі немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады. Бөлек жиынның хаттамасын рәсiмдеу үшiн ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын 100 тұрғынға 4 өкіл сандық құрамында бөлек жиынға қатысушылар ұсынады. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбiр кандидатура бойынша дербес жүргiзiледi. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледi.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргiзiледi, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны ауылдық округ әкiмiнiң аппаратына бередi.
Басқа 15. Күршім ауданының аумағында жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер өкілдерінің кандидатураларының сандық құрамы
Күршім ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларына қосымша Күршім ауданының аумағында жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер өкілдерінің кандидатураларының сандық құрамы