О закреплении за центром подготовки и обучения населения Актюбинского областного управления по чрезвычайным ситуациям учебно-материальной базы по гражданской обороне и чрезвычайным ситуациям Күшін жойған
Басқа 0
Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың оқыту-үйрету орталығына азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша оқу-материалдық базасын бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - орындалу мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты – Ақтөбе облыстық әкімдігінің 28.09.2006 № 14-5/2253 хаты.
Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңдарын, Премьер-Министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комитеті төрағасының 1996 жылғы 17 сәуірдегі № 16 бұйрығын, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 30 қыркүйектегі «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселесіне халықты және мамандарды оқыту жүйесін құру шаралары туралы» № 969 қаулысын орындау мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Басшылар құрамын оқыту сапасын жақсарту, Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар шараларын іс жүзіне асыру үшін Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасына төтенше жағдайлар жөніндегі тірек нысандары ретінде мына мекемелер бекітілсін:
«АЗХС» ашық акционерлік қоғамы (А. А. Химич), «Ақтөбе ТЭЦ» жабық акционерлік қоғамы (В. Л. Чемоданов), «Сласти Ақтөбе» акционерлік қоғамы (С.Қ.Төрежанов), Ақтөбе облыстық телерадио кешені (Е. А. Қалиев), Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясы (К. К. Жолмұхамедов), Ақтөбе қаласының № 20, 2, 16 орта мектептері.
Тармақ 2
2. Тірек нысандары басшылары 2000 жылдың 30-желтоқсанына дейін өз мекемелерін азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мәселесіне оқытуға әзір болуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы осы шаруашылық нысандарына Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөнінде тірек пункттерін жабдықтауға әдістемелік көмек көрсетсін.
Тармақ 4
4. Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма бастығы басшылық құрамды осы нысандарда оқыту кестесін тірек нысандары азаматтық қорғаныс бастықтарымен келісе отырып бекітсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары В. В. Супрунға жүктелсін.