О совершенствовании порядка выплаты и доставки пенсий и пособий Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу мен жеткiзу тәртiбiн жетiлдiру туралы 📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 26.04.1999 № 473 қаулысымен. Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу мен жеткiзу тәртiбiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. 1996 жылдың 1 қарашасынан бастап зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеудi ұйымдастыру жөнiндегi қызметке тариф Қазақстан Республикасының Зейнетақы қоры қаражатынан төленетiн төлем сомаларының 0,6 процентiнен аспайтын мөлшерде белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi мен оның жергiлiктi жерлердегi органдары 1996 жылдың 1 қарашасынан бастап зейнетақыларды төлеу мен жеткiзудi тiкелей жүзеге асыратын мекеменi белгiленген тариф пен зейнеткерлерге сапалы қызмет көрсету шарттары бойынша таңдап алсын.
Тармақ 3
3. 1996 жылдың 1 қарашасынан бастап Республика Үкiметiнiң қоса берiлiп отырған Тiзбеге сәйкес шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
Басқа 4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылдың 1 қарашасынан бастап күшi жойылған шешiмдерiнiң Т I З Б Е С I
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 қыркүйектегi N 1149 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылдың 1 қарашасынан бастап күшi жойылған шешiмдерiнiң Т I З Б Е С I
Тармақ 1
1."Зейнетақы мен жәрдемақы төлеудi жақсарту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 қаңтардағы N 34 қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 2, 16-құжат).
Тармақ 2
2. " Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 қаңтардағы N 34 қаулысына өзгерту енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 25 мамырдағы N 560 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 23, 243-құжат).
Тармақ 3
3."Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына қаржы жинауды жақсарту және зейнетақылар мен жәрдемақылардың төленуiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 28 қарашадағы N 1600 қаулысының 4-тармағының үшiншi абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 36, 467-құжат).
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 қаңтардағы N 34 қаулысына өзгерту енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 маусымдағы N 714 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 27, 231-құжат).