Об утверждении положения о специальной комиссии Күшін жойған
Басқа 0
Арнайы комиссия туралы ереженi бекiту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына, «Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 8615 «Арнайы комиссия туралы үлгілік ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2013 жылғы 22 шiлдедегi № 325-Ө-М бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған арнайы комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Арнайы комиссия туралы ереже
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2014 жылғы « 14 » сәуірдегі
№ 104 қаулысымен
бекiтiлген
Арнайы комиссия туралы ереже
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы арнайы комиссия туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекiтiлген Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларына (бұдан әрi – Үлгiлiк қағидалар) және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 8615 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2013 жылғы 22 шiлдедегi № 325-Ө-М бұйрығымен бекітілген Арнайы комиссия туралы үлгілік ережеге (бұдан әрі – Үлгілік ереже) сәйкес әзiрлендi және өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау жөнiндегi арнайы комиссияның мәртебесi мен өкiлеттiгiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
Тармақша 1
1) уәкiлеттi орган – әлеуметтiк көмек көрсетудi жүзеге асыратын жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы;
Тармақша 2
2) арнайы комиссия – (бұдан әрi – Комиссия) өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасылардың) өтiнiшiн қарау бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия.
Тармақ 3
3. Комиссия аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағында тұрақты жұмыс iстейтiн алқалы орган болып табылады. Комиссия өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әдiлдiк қағидаттарында ұйымдастырады.
Тармақ 4
4. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
Тармақ 5
5. Комиссияның қызметiн бақылауды аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң әлеуметтiк қорғау мәселелерiне жетекшiлiк ететiн орынбасары жүзеге асырады.
Бөлім 2. 2. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары
2. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары
Тармақ 6
6. Комиссияның негізгі міндеті Үлгілік қағидалардың 9-тармағы негізінде жергілікті өкілді органдар бекітетін азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесіне сәйкес азаматтардың әлеуметтік көмекке мұқтаждығын және өмірлік қиын жағдайлар туындаған кезде берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін айқындау болып табылады.
Тармақ 7
7. Комиссияның негізгі функциясы әрбір жекелеген жағдайда әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсете отырып, Үлгілік ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығару болып табылады.
Бөлім 3. 3. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
3. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 8
8. Комиссия өз қызметiн өтеусiз негiзде жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Комиссияның құрамына жергiлiктi атқарушы органдардың мүдделi құрылымдық бөлiмшелерiнiң, оның iшiнде ұйымдардың және бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қорғау уәкiлеттi органдарының өкiлдерi, құқық қорғау органдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң қызметкерлерi кiредi.
Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерiнен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы жетi адамнан кем болмауға тиiс.
Тармақ 10
10. Аудан (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмiнiң әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөнiндегi орынбасары Төраға болып табылады.
Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және Комиссияға осы ережеде жүктелген мiндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етедi.
Тармақ 11
11. Уәкiлеттi орган – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Комиссия хатшысының мiндетi осы бөлiмнiң маманына жүктеледi.
Тармақ 12
12. Комиссия уәкiлеттi органнан құжаттардың толық пакетiн алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттарды қарайды және ашық дауыс беру арқылы әлеуметтiк көмек көрсетудiң қажеттiгi туралы шешiм шығарады.
Тармақ 13
13. Комиссияның шешiмдерi оның құрамы жалпы санының үштен екiсi болған кезде заңды болады.
Тармақ 14
14. Комиссияның шешiмi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия мүшелерiнiң жалпы санының басым көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешушi болып саналады.
Тармақ 15
15. Комиссия қабылдаған шешiм осы Ереженiң 12-тармағында көрсетiлген қорытынды нысанында және мерзiмде ресiмделедi, уәкiлеттi органға берiледi.
Оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерi көрсетiледi.
Тармақ 16
16. Комиссия әлеуметтiк көмек мөлшерiн айқындау кезiнде жергiлiктi өкiлдi органдар бекiткен әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларын басшылыққа алады.