Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества Ушаковского сельского округа Карасуского района Костанайской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысы Қарасу ауданы Ушаков ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қарасу ауданы Ушаков ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қарасу ауданы Ушаков ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Қостанай облысы Қарасу ауданы Ушаков ауылдық округінің әкімі _________________ Ғ. Әбділдина
Басқа 4. Қостанай облысы Қарасу ауданы Ушаков ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Қарасу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 201 шешіміне қосымша Қостанай облысы Қарасу ауданы Ушаков ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы Елді мекеннің атауы Өкілдерінің саны (адам) Ушаков ауылының тұрғындары үшін 5 Панфилов ауылының тұрғындары үшін 2 Заря ауылының тұрғындары үшін 3
Басқа 5. Қостанай облысы Қарасу ауданы Ушаков ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары
Қарасу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 201 шешімімен бекітілген Қостанай облысы Қарасу ауданы Ушаков ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қостанай облысы Қарасу ауданы Ушаков ауылдық округінің (бұдан әрі - Ушаков ауылдық округі) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Ушаков ауылдық округі тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Ушаков ауылдық округінің аумағы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тарау 2. 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жиынды Ушаков ауылдық округінің әкімі шақырады. Қарасу ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тармақ 5
5. Ушаков ауылдық округінің шегінде бөлек жиынды өткізуді Ушаков ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Ушаков ауылдық округінің тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды Ушаков ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Ушаков ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады. Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Ушаков ауылдық округінің тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қарасу аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Ушаков ауылдық округінің тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Ушаков ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.