Об утверждений Правил проведения раздельных сходов местного сообщества города Форт-Шевченко и сел, сельского округа Тупкараганского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласы мен ауылдарының, ауылдық округтің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласы мен ауылдарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Түпқараған ауданының әкімі Т.Асауов 11 сәуір 2014 жыл
Басқа 3. Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласы мен ауылдарының, ауылдық округтің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасы
Түпқараған аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі №20/146 шешімімен бекітілген Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласы мен ауылдарының, ауылдық округтің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасы
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ереже
1-тарау. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және қала, ауыл, ауылдық округ, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – қала, ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
Тармақ 7
7. Қала, ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді аудандық маңызы бар қала, ауыл және ауылдық округ әкімі ұйымдастырады. Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында қаланың, ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы қалада, ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Түпқараған аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол аудандық маңызы бар қала, ауыл және ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.
Тарау 3. 3. Бөлек жиындарды шақыру және әзірлеу тәртібі
3. Бөлек жиындарды шақыру және әзірлеу тәртібі
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды қаланың, ауылдың әкiмі шақырады. Аудан әкiмінің бөлек жиынды өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге жол беріледі.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиынның шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен оны өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тарау 4. 4. Бөлек жиындарды өткізу және шешім қабылдау тәртібі
4. Бөлек жиындарды өткізу және шешім қабылдау тәртібі
Тармақ 9
9. Қала, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді қала, ауыл әкiмі ұйымдастырады.
Тармақ 10
10. Бөлек жиынды ашудың алдында оған қатысуға құқығы бар қала, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындар мен шақырылғандарды тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Бөлек жиын оған тиісті қала, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының кемінде он пайызы қатысқанда өтті деп есептеледі.
Тармақ 12
12. Бөлек жиынды қала, ауыл әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Қала, ауыл әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады. Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
Тармақ 13
13. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол қала, ауыл әкімінің аппаратына беріледі.
Тармақ 14
14. Бөлек жиынның шешімі, егер оған бөлек жиынға қатысушылардың жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
Тарау 5. 5. Қаланың, ауылдардың жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін қала, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі
5. Қаланың, ауылдардың жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін қала, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі
Тармақ 15
15. Қаланың, ауылдардың жергілікті қоғамдастығының жиындарына қатысу үшін қала, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны қала, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй сайлаушылардың бір пайызы негізінде анықталады.
Тармақ 16
16. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиынға қатысушылардың ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.