Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовой ставки налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салықтың базалық ставкасын ұлғайту туралы Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 386-бабының 3-тармағына сәйкес Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес автотұрақтар (паркингтер) санаттары белгіленсін және Ақсу қаласының елді мекендерінде автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкасы ұлғайтылсын.
Тармақ 2
2. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге базалық салық ставкаларын есептеу кезінде, қолданылатын жақын жатқан елді мекен болып Ақсу қаласы айқындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Автотұрақтар (паркингтер) санаттары және Ақсу қаласы елді мекендерінің автотұрақтары (паркингтері) үшін бөлінген жерлерге салық салу үшін салықтың базалық ставкасы
Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 230/31 шешіміне қосымша Автотұрақтар (паркингтер) санаттары және Ақсу қаласы елді мекендерінің автотұрақтары (паркингтері) үшін бөлінген жерлерге салық салу үшін салықтың базалық ставкасы Рет № Автотұрақтардың (паркингтің) түрлері Автотұрақтардың (паркингтің) санаты Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, Ақсу қаласының жерлеріне бір шаршы метр үшін салынатын базалық салық ставкасы (теңге) Базалық ставканы ұлғайту мөлшері Ұлғаю мөлшерін есепке ала отырып (теңге), автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Ақсу қаласының жерлеріне базалық салық ставкасы 1 Жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер) 1 санаты 8,20 10 82,00 2 Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер) 2 санаты 8,20 10 82,00