Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей улиц для участия в сходе местного сообщества села Соколовка Соколовского сельского округа Кызылжарского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Соколов ауылдық округінің Соколовка ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелердің тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3 бабының 6-тармағына және «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Соколов ауылдық округінің Соколовка ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Соколов ауылдық округінің Соколовка ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл көшелердің тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданының
Соколов ауылдық округінің әкімі
Ә. Сейітов
23 сәуір 2014 жылы
Басқа 4
Солтүстік Қазақстан облысының
Қызылжар аудандық мәслихатының
2014 жылғы 22 сәуірдегі
№ 26/16 шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Соколов ауылдық округінің Соколовка ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысатын көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекен көшелердің атауы
Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл көшелердің тұрғындар өкілдерінің саны (адамдар)
Береговая
22
Шухова
7
Абай
26
Комсомольская
8
Октябрьская
6
Целинная
6
Трудовая
9
Интернациональная
3
Мир
4
Гайдар
21
Автодор
3
Заречная
3
40 лет Победы
3
Приишимская
6
Киров
13
Степная
3
Первомайская
4
Пионерская
21
Строительная
10
Молодежная
11
Сибирская
4
Лесная
3
Березовая
5
Озерная
22
Басқа 5
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық мәслихатының
2014 жылғы 22 сәуірдегі
№ 26/16 шешімімен бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Соколов ауылдық округі Соколовка ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Соколов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Соколов ауылдық округі Соколовка ауылы көше тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Соколов ауылдық округі Соколовка ауылы көше тұрғындары аумағында тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастықтың жиынына (бұдан әрі – бөлек жиын) қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тарау 2. 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Соколов ауылдық округінің әкімі шақырады.
Жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық «Қызылжар» және «Маяк» газеттері немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тармақ 5
5. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Соколов ауылдық округі Соколовка ауылы көшелер шегінде бөлек жиынды өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Соколов ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Соколов ауылдық округі Соколовка ауылы көшелер қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Соколов ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Соколов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Соколов ауылдық округі Соколовка ауылы көшелер өкілдерінің кандидатураларын Қызылжар ауданы мәслихаты бекіткен тұрғындары сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Соколов ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.